Басты бет / «Қыз бала денсаулығы - ұлт денсаулығы» тақырыбында дәріс өтті
«Қыз бала денсаулығы - ұлт денсаулығы» тақырыбында дәріс өтті

17.02.2023 күні «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ «Денсаулық апталығы» аясында акт залда Астана қ. №5 емхананың гинеколог дәрігері Баркаева Гүлмайра Туребекқызы «Қыз бала  денсаулығы - ұлт денсаулығы» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

Дәрістің мақсаты - репродуктивті денсаулықты сақтауға және нығайтуға ықпал ететін қыздардың гигиеналық және рухани мәдениетін тәрбиелеу.

Гинеколог дәрігер Баркаева Г.Т. қыз балаларға ағзадағы болатын өзгерістер, жыныстық жетілу кезеңдері туралы толық түсіндіріп қана қоймай, ерте жастағы жүктілік пен жеке гигиенаны сақтағанда, жұқпалы аурулардың алдын алғанда ғана, әр қыз бала өз денсаулығына және болашағына үлкен көмегін тигізеді деді.

Ашық әңгімелесудің соңында қыз балалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қызықты бейнематериалдар көрсетілді.