Білім алушылар контингенті

Бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылар контингенті 2022-2023 оқу жылының 1 қазанында 11194 адамды құрады, оның ішінде:

- бакалавриат бойынша -  10641 адамды құрады, соның ішінде: қазақ бөлімінде 7182 адам білім алуда. Мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алатын студенттер саны - 7687 адам (72,2% - студенттердің жалпы санынан), соның ішінде қазақ бөлімінде – 5697 (74,1% - мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқитын студенттердің жалпы санынан) адам. Шет ел студенттерінің контингенті 115 адамды құрады;

- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша оқитындар- 553 адам, оның ішінде магистратура бойынша - 396, PhD докторантура бойынша - 157. Мемлекеттік білім гранты негізінде білім алушылар саны – 469 адам, оның ішінде магистратура бойынша – 317 адам, докторантура бойынша – 152 адам, бұл жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жалпы контингентінің 84,8%  құрады. Магистратура және PhD докторантура мамандықтары бойынша оқыту күндізгі оқу нысаны шеңберінде, үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) жүзеге асырылады.

3 жылдағы деректер талдауына сүйенсек, білім берудің барлық деңгейлері бойынша білім алушылардың контингенті (1- кесте) 2020 жылдан бастап орта есеппен 12% азайды. Бірақ бұл ретте білім беру гранты бойынша білім алушылар контингенті 18% өскен.

Қазақ тіліндегі білім алушылар үлесі 2020 жылдан бастап 2,2% азайды.

Контингент қозғалысы. Студенттер қозғалысы СМЖ 02.2040-2022  «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыстар беру тәртібі туралы Ереже» бойынша әртүрлі себептермен оқудан шығарылуына, басқа ЖОО ауысуына, оқуға қайта қабылдануына, қайта оқуға қалдырылуына және академиялық демалыс берілуіне сәйкес жүргізіледі.