Бітіруші түлектер

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде жас мамандардың тағы бір тобы білікті жас маман атанды. Университет құрылғаннан бастап білім деңгейін өзінің басты сапасы ретінде жоғары көтерді және жастарды таңдап алған мамандығымен ұлттық дәстүр шеңберінде адалдыққа тәрбиелеп, оқу үдерісіне сәйкес дайындауда.

Болашақ түлектер университет қабырғасында техникалық, ауылшаруашылық және әлеуметтік–экономикалық мамандықтар бойынша қажетті білім алуда. Бұл оларға ары қарай тәжірибелік қызметтегі функционалдық міндеттерін сауатты және тиімді іске асыруға, жаңа техниканы игеруге, жаңа білім алуға мүмкіндік береді.

Университет өзінің 65 жыл қызметінде ауыл шаруашылығына және экономиканың басқа салаларына 79370 маман мен бакалаврларды дайындап шығарды. Сонымен қатар, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі ашылғаннан бастап 4221 адам магистр дипломын алды. Демек, университет бойынша жалпы түлек саны 83591 адамды құрады.

Тұтас алғанда, университетте 2021–2022 оқу жылы 36 бакалавриат мамандығы және мамандық біліктілігі бойынша 2644 студент (соның ішінде: күндізгі оқыту бөлімі бойынша – 2553 (соның ішінде үздік үлгеріммен- 379), күндізгі-қашықтықтан оқыту бөлімі бойынша – 91 (соның ішінде үздік үлгеріммен- 1) бітірді. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім түлектері профильді және ғылыми -педагогикалық бағытта 33 мамандық бойынша 321 магистр оқу бітірді және мамандық бойынша 29 PhD докторы. 2021-2022 оқу жылында 7 адам магистр дипломына куәлік алды.

Барлық бітірушілер санын алғанда, мамандар мен бакалаврларды дайындау бағыттары бойынша оқу бітірген түлектердің ішінде ең жоғарғы көрсеткіш «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыты бойынша – 37,5% жуық және магистратура – 36,8% құрайды.

2022 жылғы қорытынды бойынша факультеттер арасында (647 бакалавр және  магистр) техникалық факультетінің түлектер саны басым.

Университетті аяқтағандардың ішінен 380 (14,4%) адам үздік диплом алды. Ең жоғары пайызбен үздік диплом алған жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің  cтуденттері – 21,6%.

 

Жеке үлгідегі дипломдардын сипаттамасы