Басты бет / Университет / Студенттік өмір / «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістер» тақырыбында онлайн кездесу
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістер» тақырыбында онлайн кездесу

2021 жылғы 9-12 қарашада Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен ҚазАТУ - дың 1 курс студенттері үшін емтихан сессиясының басталуына байланысты ZOOM қосымшасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістер» тақырыбында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің ІІБ офицері Мағзұм Арсланбекпен онлайн-кездесу өткізді.

Бұл іс-шара таза адал жолмен жүруді, өз мемлекетіне адал қызмет етуді үйрету мақсатында өткізілді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мәліметтер беріліп, бейнеролик көрсетілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

Кездесу соңында студенттік ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша ұсыныстар берілді.