Басты бет / Университет / Студенттік өмір / Профессор Джо Гю Юн мырзамен кездесу өтті
Профессор Джо Гю Юн мырзамен кездесу өтті

2021 жылдың  3  желтоқсаны  күні сағат 15.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Халықаралық зияткерлікті дамыту институтының директоры, Корея Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару инновациялық оқыту бағдарламаларын жасаушы, MIND халықаралық «Tomorrow» журналының журналисі, профессор Джо Гю Юнмен «Ойлау қабілеті» тақырыбында кураторлармен дәрісі өтті. 
Кездесуде профессор Джо Гю Юн ойлау қабілетін дамытудың маңыздылығы жайлы талдады.
Профессор Джо Гю Юн өз сөзінде жеке тұлғаны зияткерлік бағытта толыққанды қалыптастыру үшін 6 негізгі құндылық насихатталды және  олардың бірі «Ойлау қабілеті» екенін түсіндірді.

Кездесу соңында университетіміздің оқытушы кураторлары сұрақтар қойып, алғыстарын білдірді.