2021 жылдың 30 қарашасы күні сағат 16.00-де Жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Қазіргі жастардың құқықтық сауаттылығы» тақырыбында ішкі істер департаментінің өкілі инспектор полиция капитаны Е.Қ.Кабдулланов және діни проблемаларды зерттеу орталығының маманы гуманитарлық ғылымдарының магистрі О.В.Синяковпен ZOOM қосымшасы арқылы әр факультеттің 1-5 курс аралығындағы топ басшыларымен (старосталар) кездесу өтті.
Кездесу барысында студент жастарға қазіргі уақытта студенттердің арасында және жалпы қоғамдық орындарда жиі орын алып жататын құқық бұзушылық түрлеріне сипаттама беріп, нақты деректер келтіріп, олар үшін жауапкершілікке тарту және алдын-алу жолдары туралы ақпараттар берілді.
Сонымен қатар дін атын жамылған деструктивті діни ағымдардың қоғам үшін қауіпті екендігін ескертіп, дәстүрлі ислам мен дін атын жамылған деструктивті ағымдар арасындағы діни-теологиялық айырмашылықтарын және олардан сақтану жолдарын атап көрсетті. Қандай уағызшыларды тыңдауға болмайтыны мен қандай діни әдебиеттерді оқымау керектігін айтып өтті.
Студент жастар құзіретті органдардың мамандарына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алып, ашық пікір алмасу алаңы өтті.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.