2021 жылдың 10 желтоқсаны күні жастар саясаты департаментінің ұйымдастыуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай Республикамыздағы жоғары оқу орындарының белсенді студеттерінің қатысуымен «Тәуелсіздік-тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты студент жастардың дәстүрлі ІХ республикалық патриоттық форумы өтті
Салтанатты кездесуге Басқарма төрағасының жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Құсайынова Жайнагүл Айтмағанбетқызы, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы, Тастемір Ақұлан Өсерұлы, Қазақстан студенттер Альянсының атқарушы директоры Теңгебаев Азат Ержігітұлы, "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" Жастар қанаты Елордалық филиалының Төрағасының бірінші орынбасары Мағзұм Арсланбек, Талғатұлы мен Мүгедек және жетім балалар қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекбаев Самат қатысты.
Сондай-ақ, форумға Алматы, Қарағанды және Көкшетау, Атырау, Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарының белсенді студенттері мен Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары қатысты.
Атап өтетін болсақ: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Қарағанды медицина университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.С.Нарикбаев КазГЮУ университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттері қатысып, жалындаған жастардың ойы анық және серпінді, баяндама тақырыптары өзекті болды. Белсенді жастар Тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтары екенін, Тәуелсіздіктің қазақ еліне қалай келгенін және бұл Тәуелсіздік қазақ елінің теңдесі жоқ байлығы екенін айтты. Баяндамышылар ерекше жалын беріп, жастар жүректерінен шыққан өлең жолдарын паш етті.
Форумның қорытындысында мемлекетіміздің тәуелсіздігі тарихын насихаттайтын іс-шараларға әрдайым қатысуға және белсенділік көрсетуге шақырған үндеу қабылданды.
Форумның соңы «Атамекен» әнімен аяқталды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.