Басты бет / ППС / Әбдірахманов Сарсенбай Қадырұлы
Әбдірахманов Сарсенбай Қадырұлы

Әбдірахманов Сарсенбай Қадырұлы

 

 

Ветеринария ғылымдарының докторы,профессор

Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің деканы

Кабинет: 8317

Тел: +7(7172) 436-867

е-mail: s.abdrakhmanov@kazatu.edu.kz

 

Ғылыми зерттеу салалары

Ветеринарлық вирусология, микробиология, эпизоотология, микотоксикология және иммунологиямен микология, жануарлардың инфекциялық ауруларын болжамдау және індеттік мониторинг кезінде АКТ-ды қолдану.

Оқытатын пәндері

Індеттану және инфекциялық аурулар, Ветеринариядағы  менеджмент, Ветеринарлық препараттарды стандарттау және сертификаттау, Індеттік мониторинг және ветеринарлық шараларды ұйымдастыру.

Негізгі зерттеу бағыттары

Негізгі ғылыми мүдделері профилактикалық және диагностикалық ветеринариялық препараттарды құрастыру, эпизоотологиялық мониторинг, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалана отырып, инфекциялық аурулардың қатерін саралау және болжамдау, сонымен қатар республиканың ветеринария саласына ғылыми-педагогикалық мамандар дайындау ісімен байланысқан. 

Ағымдағы зерттеу жобалары

2014-2020 жж. аралығында басымды ғылыми бағыттар бойынша бюджеттік тақырыптардың ғылыми жетекшісі болды: 

- «Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық (эпизоотологиялық) жағдайды мониторинг және болжау әдістері мен тәсілдерін жетілдіру», 2012-2014 жж., 212 МБҚ бағдарламасы, ҚР АШМ (16,5 млн. тг.);

- «ГАЖ-технологияларды қолдана отырып, әлеуметтік маңызы бар инфекцияларды тиімді мониторингілеу, бағалау және болжаудың ғылыми негіздерін әзірлеу», 055 ҚР БҒМ бағдарламасы, 2012-2014 жж. (16,5 млн. тг.);

- 249 «Агроөнеркәсіптік кешен және табиғатты пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша: «Жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулары кезіндегі биологиялық қауіпсіздік санаттары бойынша ҚР аумағын аймақтандыру», 2015-2017 жж. (24 млн. теңге).

2018-2020 жж. «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» басымдығы бойынша: Ветеринарлық салауаттылықты және тамақ қауіпсіздігін ғылыми қамтамасыз ету, «Қазақ ғылыми-зерттеу мал дәрігерлік институты» ЖШС, «Қазақстан Республикасының аумағындағы ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасы және шошқаның африкалық обасы бойынша эпизоотиялық жағдайдың мониторингі» тапсырмасыныңжетекшісі.

ҚР БҒМ және TEMPUS 055 бағдарламасы бойынша 6 жобаның орындаушысы:

«Ірі қара малда кампилобактериоз қоздырғышын экспресс-анықтау және саралау үшін иммунохроматографиялық тест әзірлеу». 1831 / ГФ4, 2015-2017 жж.

«Жылқы сақауын диагностикалау кезінде Streptoccus equi анықтау үшін ПТР тест-жүйесін әзірлеу», ГҚ, ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК, 2018ж.

АР05135550 «Молекулалық-генетикалық әдістерді қолдана отырып орталық және Солтүстік Қазақстанда ірі қара малдың криптоспоридиозын эпидемиологиялық бағалау», 2018-2020 жж.

«Ірі қара малдың ет және сүт өнімділігін арттыру үшін ресурс үнемдеуші азық қоспаларын әзірлеу және өндіріске енгізу», 5108/ГФ4, 2017 ж .

АР05132303 «Щучье-Бурабай курорттық аймағының экологиялық жағдайы мәселелері және ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды әзірлеу», 2018-2020 жж.

 «Ресей мен Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі, өндіру, дәстүрлі тамақ өнімдерінің маркетингі бойынша магистрлік бағдарламаларды әзірлеу және енгізу» (PDS-менеджері, 544132-TEMPUS-1-2013-1-FR-TEMPUS-JPCR, 2013-2017 жж.).

Халықаралық жоба KZ-35 «Қазақстандағы шошқа обасының жоғары патогенді вирустарының мониторингі (HPSFV)". Жоба АҚШ пен ҚР арасындағы 1995 жылғы 3 қазандағы үкіметаралық келісімге сәйкес АҚШ қауіптерін азайту жөніндегі Агенттікке (DTRA) беру үшін әзірленді.

«Қытай мен Қазақстан үшін өзекті трансшекаралық жануарлар ауруларының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі бірлескен зерттеулер және 2021-2023 жылдарға арналған «Бір белдеу, бір жол» технологиялық ынтымақтастық платформасын құру» халықаралық ғылыми жобасы, жоба нөмірі – 2020YFE0203400.

Отандық және шетелдік қызметкерлер

  • Сұлтанов А. а., ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, «ҚазҒЗИ» бас директоры;
  • Андрес Максимилиано Перез, DVM, профессор және Минесота университеті жанындағы Ветеринарлық медицина колледжі, жануарларды Ғаламдық қорғау және тамақ қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісінің өкілеттігін атқарушы;
  • Пол Р. Торгерсон, профессор, доктор, Цюрих университетінің эпидемиология секциясының меңгерушісі, Швейцария; 
  • Коренной Федор Игоревич, ғылыми қызметкер, Ресей Федерациясы Жануарлар денсаулығын қорғау Федералдық орталығы (ФГБУ ВНИИЗЖ);
  • Бу Джигау, PhD докторы, Харбин ветеринарлық ғылыми-зерттеу институты, ҚХР.
  • Тадеуш Якубовский, Варшава жаратылыстану ғылымдары университетінің ветеринария ғылымдарының докторы, Польша;

Профессордың жетекшілігіндегі магистранттары мен докторанттары

С.Әбдірахмановтың жетекшілігімен 3 кандидаттық, 3 PhD және 31 магистрлік диссертациялар қорғалды, 4 докторант пен 2 магистрантқа ғылыми жетекшілік етуде.

Білімі

1984-1991 жж.

Целиноград ауылшаруашылық институты.Ветеринарлық факультет.

1992-1999 жж.

Биологиялыққауіпсіздікпроблемаларыныңғылыми-зерттеуинститутындағы аспирантура (Жамбыл облысы, Гвардейский кенті).

1999-2009 жж.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ және Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтындағы докторантура

Еңбек өтілі

1984-1985жж.

Көкшетауоблысының, Володарауданының, «Сырымбет» совхозындажұмысшы

1985-1987жж.

КеңесАрмиясықатарындақызметету

1991-1992жж.

Ветеринарлық санитария кафедрасында ассистент

1992-1999жж.

Биологиялыққауіпсіздікпроблемаларыныңғылыми-зерттеуинститутындааға лаборант, кішіғылымиқызметкер, ғылымиқызметкер, аға ғылыми қызметкер.

1999-2003жж.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің, ветеринариялық санитария кафедрасының аға оқытушысы.

2003-2004жж.

С.Сейфуллинатындағы ҚАТУ-нің, Ветеринариялық санитария кафедрасыныңдоценті.

2004-2018 жж.

Ветеринарлық санитария кафедрасының меңгерушісі.

2018-қ.у.д.

Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің деканы

Марапаттаулар, құрмет грамоталары

  • «С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ 55 жыл» медалі, 2012
  • «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» – 2007 және 2012 жж.
  • «ҚазАТУ үздік оқытушысы-2014» дипломы
  • «ҚазАТУ-дың үздік кафедра меңгерушісі-2014» дипломы
  • ҚР БҒМ Құрмет грамотасы, 2016 ж.
  • ҚР АШМ Құрмет грамотасы, 2016 ж.
  • С.Сейфуллин ҚАТУ дипломы «Университеті кошбасшысы-2016».
  • ҚР АШМ құрмет грамотасы, 2021.
  • Жылдың үздік деканы, 2021 (ҚР БҒМ)

Біліктілікті арттыру

- ХЭБ «Жануарлар денсаулығын қамтамасыз ету» аймақтық семинары 2009 ж.;

- «BSL-3 биоқауіпсіздік негіздері», ҚР АШМ ҒӘО, Стамбул қ., Түркия; 

- «Ветеринарлық пәндерді оқу кезінде кредиттік оқыту технологиясы», Гиссен университеті, (Германия), 2012 ж.;

- «ТЖ болжаудың заманауи әдістері», «Сirad» аграрлық зерттеулер орталығы 2013ж., (Монпелье қ., Франция);

- «ГАЖ-технология негіздері. Эпидемиологиялық қадағалауда ГАЖ қолдану» «Алматы қаласы М.Айқымбаева атындағы Қазақстан карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» РМҚК, Алматы қ., 14.09.2013 ж.;

- Arc GIS Dektop I: Getting Started with GIS, v.10.0; Arc GIS Dektop II: Tools and Functionality, v.10.0; ArcGIS Dektop III: GIS Workflows and Analysis , v.10.0 Қазақстан ГАЖ орталығында, Астана қ., 8-14. 10. 2013 ж.;

- 9th International Symposium on Geospatial Health Basel, Switzerland September 5-6, 2015;

- 4th Global Conference in Veterinary Education implementing OIE guidelines to ensure the excellence of the veterinary profession «Learning today, preserving our future», held in Bangkok (Thailand) on 22-24 June 2016

Республикалық және жақын шетелдік кездесулер

- РФ және Украинаның жетекші ғылыми мекемелерінде (РГАУ-ТСХА ат.Тимирязев, Бүкілресейлік эксперименталдық ветеринария институты (ВИЭВ), Мәскеу қ., Бүкілресейлік ветеринарлық Микробиология және вирусология институты (ВНИИВВиМ), Покров қ.;

- Харьков қаласындағы Украин эксперименталды және клиникалық ветеринария институты, шошқа шаруашылығы институты. Сондай-ақ ҚР ғылыми мекемелерінде (НИИПББ, ҚазҰАУ).

- Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 80 жылдығына және Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының 20-жылдығына арналған «Қазақстандағы ақпараттандырудың жағдайы, мәселелері және міндеттері» атты үшінші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Алматы, 2014.

- «Денсаулық сақтаудағы геоақпараттық жүйелер: мәліметтер, талдау, шешімдер» бүкілресейлік конференция, Санкт-Петербург қ., 2015.

- ISOCARD 4-ші конференциясы «Жібек жолының түйелері: тұрақты даму үшін камелидтерді зерттеу». Алматы, 2015.

- «Ветеринарлық салауаттылықты қамтамасыз етуде ғылым мен тәжірибенің интеграциясы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Алматы, 2015.

- Үшінші Халықаралық «Қымыз-2015» форумы.

- Профессор Н.Т. Қадыровтың туғанына 100 жыл толуына орай «ХХІ ғасырдағы Ветеринария: мәселелері, шешудің әдістері және жолдары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (2016).

- Краснодар Ветеринарлық ғылыми-зерттеу институтының 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (22-23 маусым 2016 ж).

- Ғылым мен білім берудегі ArcGIS, Ресей мен ТМД елдеріндегі ESRI пайдаланушылардың Халықаралық конференциясы. Мәскеу қ. (2014, 2016 жж.).

- «Жас ғалымдар - АӨК ғылымы мен тәжірибесі» ғылым жылына арналған жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, Витебск, 2017.

- «Health Geography: XII International Symposium of Geospatial Health», «Practical Geography and XXI Century Challenges».

- Зоотехния және ветеринария бойынша Краснодар ғылыми орталығы мекемесінің 50-жылдығына арналған «Ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі мен денсаулығын арттырудың ғылыми негіздері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, 5 мамыр 2019 ж.

Халықаралық кездесулер

- «Жануарлар денсаулығын қамтамасыз ету» МЭБ аймақтық семинары Стамбул қ., Түркия (2009 ж.).

- Геокеңістіктік Денсаулық сақтау бойынша GnosisGis (Italy) халықаралық ұйымының мүшесі (2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін).

- 9th International Symposium on Geospatial Health Basel, Switzerland (5-6 of September 2015).

- 4th OIE Global conference on veterinary education. Bangkok. Thailand (22-24 of June 2016).

- Training programme on Epidemiology from May 29 th 2017 to June 8 th 2017, EcoleNationaleVeterinaire de Toulouse, France.

- The practice of innovation OS*16. Cascais, Portugal (26-28 of October 2016).

- The Practice of  Innovationсonference. EuFMD European Commission for the Control of  Foot-and-Mouth Disease – FAO (26-28 of October, 2016).

- 2nd International Congress Expo on Biotechnology and Bioenginiering, in Valencia, Spain (25-27 of September, 2017).

- 3rd International Conference on One Medicine One Science «iCOMOS 2018 Science and Policy at the Interface of Environment, Agriculture, and Medicine» University of  Minnesota. Twin Cities (April of 29 to 2 of May, 2018).

- 15th International Symposium of Veterinary Epidemiology on Economics (ISVEE) Chiang Mai, Thailand (12-16 of November, 2018).

- Vetsuisse Public Health conference, at the University of Zurich, Switzerland (29 of November 2018).

- 87 МЭБ Бас сессиясы, Париж, 28.05.2019- 3.06.2019 г.

- GEOVET 2019. UC Davis USA. (8-10 of October, 2019)

Ғылыми басылымдары

С.Әбдірахмановтың Хирш индексі 5 құрайды. Осы уақыт аралығында өнертабысқа 19 авторлық куәлік алынды: «ГАЖ-технологияларды қолдану арқылы эпизоотиялық ошақты визуализациялау тәсілі», 26.12.2014 ж. Өтінім 2014/1911. 1; «Сүттегі ацетон денелерін анықтау тәсілі» пайдалы модельге Патент, № 2016/0550.2 Өтінім 15.06.2017, бюл. № 11; «Балдағы терістетілген қанттың жиынтық құрамын анықтау тәсілі», 27.08.2018 бюл.№ 32.5 патент WoS базасына енгізілген.

250-ден астам ғылыми еңбектердің авторы. Ұсынылған бағыттар бойынша аса маңыздылары:

  1. Rabies in Kazakhstan. PLOS Neglected tropical diseases Published:August 3, 2016 http://dx.doi.org/10.1371/journal.pntd.0004889.  PLoSNegl  Trop Dis 10(8): e0004889. doi:10.1371/journal.pntd.0004889, (Q1).
  2. Maximum entropy modeling risk of antrax in the Republic of Kazakhstan. PreventiveVeterinaryMedicine, http://dx.doi.org/10.1016/j.prevetmed.2017.06.003 0167-5877/© 2017 Elsevier B.V. All rights reserved. 2017,(Q1).
  3. Spatio-temporal analysis and visualisationof  theantrax epidemic situation in livestock in Kazakhstan over the period 1933-2016; Geospatial Health 2017; volume 12:589, 316-324 pp.doi:10.4081/gh.2017; 12:589, (Q3).
  4. Spatiotemporal analysis of foot-and-mouth disease outbreaks  in the Republic of Kazakhstan, 1955 – 2013. Transboundary  and Emergency  Dis. 2018; 00:1–11. https://doi.org/10.1111/tbed.12864. 2018, (Q1).
  5. Comparison of spatiotemporal patterns of historic natural Anthrax outbreaks in Minnesota and Kazakhstan.PLoS One. 2019 May 17;14(5):e0217144. doi: 10.1371/journal.pone.0217144.2019,(Q2)..
  6. Risk for African Swine Fever Introduction Into Kazakhstan.
  7. Mapping the risks of the spread of peste des petits ruminants in the Republic of Kazakhstan. TransboundaryandEmergingDiseases. DOI10.1111/tbed.14237, 2021,  (Q1).

Ғылыми жұмыстардың нәтижелері бойынша 3 монография баспадан шықты: Эпизоотология және Қазақстандағы сібір жарасының қауіп-қатерін бағалау. Монография.– Астана: ҚазАТУ баспасы, 2018. - 181 б. Қазақстандағы құтырудың эпизоотологиясы. Монография. – Астана: ҚазАТУ баспасы, 2018. – 172 б. Using of guantative epidemiology methods in the risk assessment, LLP «Yedinyy tsentr 75», 2019.