Басты бет / ППС / Айтаханов Қуаныш Айтаханұлы
Айтаханов Қуаныш Айтаханұлы

Айтаханов Қуаныш Айтаханұлы

 

Экономика ғылымдарының докторы, профессор м.а,

Маркетинг және сервис кафедрасының профессоры

Кабинет 1429, тел. +7(7172)39-82-08

E-mail: k.ajtakhanov@kazatu.kz

 

Ғылыми қызығушылықтар  саласы

Экономика ғылымдары

Оқытатын пәндері

Азық- түлік  маркетингі, АӨК-ні маркетингі.

Білімі

1965-1970жж. Скрябин атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Мәскеу Малдәрігерлік Академиясы

1997ж.     Экономика ғылымдарының кандидаты

2009ж.     Экономика ғылымдарының докторы. Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының академигі (толық мүшесі).             

Еңбек өтілі

1970-1973 жж. –Бәйдібек (Алғабас) ауданының «XXII партсъезд» атындағы кеңшардың бас мал дәрігері;

1973-2005 жж.- облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, облыстық комсомол комитетінің екінші хатшысы; Қазығұрт (бұрынғы Ленин) аудандық партия комитетінің екінші хатшысы; Шардара, Қазығұрт аудандық кеңестері атқару комитетінің төрағасы; облыстық агроөнеркәсіп комитеті төрағасының бірінші орынбасары; Арыс қалалық партия комитетінің бipiнші хатшысы; қалалық Кеңестің төрағасы; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; Созақ, Сайрам, Отырар  аудандарының  әкімі.

1973-1990 жж.- Оңтүстік Қазақстан облыстық Кеңесінің депутаты, Шардара, Қазығұрт, Арыс аудандық Кеңестерінің депутаты;

1990-2004 жж.- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің он екінші шақырылымының депутаты;

2005 -2017 жж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты;

2017ж. қ.у. - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, «Маркетинг және сервис» кафедрасының  профессоры

Марапаттары, құрмет грамоталары

  • «Парасат», «Құрмет», «Құрмет белгіci» "Содружество" ордендер.
  • «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10, 20, 25 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10, 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл»,  «Қазақстан Республикасының Парламентінің 10 жылдығы», «Астана», «Астанаға 10 жыл», «Тың игеруге 50, 60 жыл», «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясының кеңесінің медалі», «Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту үшін» медальдары.  
  • Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты және арнайы «Барыс» белгісі,  2007 ж.
  • Парламент Сенатының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының Құрмет грамоталары
  • Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Құрметті мүшесі атағы, 2017 ж.
  • мемлекеттік тілді насихаттау мен оны өмірге ендірудегі қайраткерлігі үшін «Ана тілі» айрықша белгісі
  • Оңтүстік Қазақстан облысының Кұрметті азаматы.
  • Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың алғыс хаты, 2019 ж.

Біліктілікті көтеру

  • «Оқытудың кредиттік жүесі» біліктілікті көтеру курсы, С.Сейфуллин атындағы ҚазМАУ, 2005ж.
  • «Современные технологии в образовании. Методы дистанционного обучения» біліктілікті арттыру курсы, С.Сейфуллин атындағы ҚазАУ, 2009ж.
  • «Теория игр в экономике и менеджменте» біліктілікті арттыру курсы, Еуразия Ұлттық университеті, 2016ж.

Басылымдары:

«Ел мерейі жолында», «Сөз сұраймын», «Елге қызмет – басты міндет»  «Қызмет еттім халқыма» т.б. оншақты  кітаптардың авторы.

80-ден астам ғылыми еңбектер мен оқу-әдістемелік құралдар, олардың ішінде:

  1. Государственное регулирование развития сельского хозяйства РК, 2008ж. Монография. 422 бет.

  2. Государственное регулирование развития сельского хозяйства. Оқулық, 2010 ж.

  3. Проблемы Государственный  поддержки сельского хозяйства. «Проблемы  агрорынка» Журналы, 2016 ж.

  4. Совершенствования законодательства РК по государственному регулированию АПК, № 1.(50) Санкт-Петербург 2017  ж.

  5. Текущее состояние и перспективы развития перерабатывающей промышленности Республики Казахстан. Аналитик № 2,2018 ж.

  6. Кооперация- басты бағыт. Агрорынок жаршысы. 2.2019 ж

  7. Суармалы жерлерді тиімді пайдалану қажет, 2019 ж

  8. Ауылды қолдау –даму кепілі. 2020 ж