![]() |
Философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент) Кабинет 5101, тел. 87754567126 E-mail: k.baybusenov@kazatu.edu.kz |
Ғылыми қызығушылықтар саласы
Өсімдік қорғау және карантин, фитосанитарлық мониторинг және болжамдар әдістемесі, пестицидтерді және биопрепараттарды сынау
Оқытатын пәндері
Ауылшаруашылығы энтомологиясы, Энтомология және фитопатология, Ауылшаруашылығындағы ГАЖ технологиялары, Зиянды ағзалар экологиясы, Өсімдік қорғаудағы сандық технологиялар
Зерттеулердің негізгі бағыттары
Ауылшаруашылығы дақылдарының зиянкестерін фитосанитарлық бақылаудағы заманауи технологиялар, пестицидтерді және биопрепараттарды сынау жұмыстары бойынша зерттеулер
Ағымдағы зерттеу жобалары
ҚР ҒЖБМ Ғылым Комитеті қаржыландыратын ғылыми жобалар:
- 2024-2026 жж. арналған AP22784639 «Машиналық оқыту алгоритмдері мен ГАЖ-технологиялары негізінде Қазақстанда зиянды саяқ шегірткелер популяциясын фитосанитариялық болжам беруінің модельдерін әзірлеу» жобасы;
ҚР АШМ тапсырысы бойынша жүргізілетін келісім-шарт ғылыми-зерттеу жұмыстары :
- 0125РКД0155 «"ФМРус" ЖШС үшін Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтердің тіркеу (ұсақ мөлтектік және өндірістік) сынақтарын жүргізу»; - 0125РКД0162 «"Астана-Нан" ЖШС үшін Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтердің тіркеу (ұсақ мөлтектік және өндірістік) сынақтарын жүргізу»;
- 0125РКД0151 «"Первая Агрохимическая Компания" ЖШС үшін Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтердің тіркеу (ұсақ мөлтектік және өндірістік) сынақтарын жүргізу».
Білімі
2006–2010 жж. – бакалавриат: «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ, Агрономия факультеті, мамандығы 5В080100 – «Агрономия».
2010–2012 жж. – магистратура: «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ, Агрономия факультеті, Мамандығы 6М080100 – «Агрономия».
2012–2015 жж. – докторантура: «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ, философия докторы (PhD), Өсімдік шаруашылығы технологиялары факультеті; Мамандығы 6D081100 – «Өсімдіктерді қорғау және карантин».
Еңбек өтілі
2015–2016 жж. – С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-дың Өсімдіктерді қорғау және карантин кафедрасының оқытушысы.
2016–2022 жж. – С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-дың Өсімдіктерді қорғау және карантин кафедрасының аға оқытушысы.
2022–2025 жж. – С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-дың Биология, өсімдіктерді қорғау және карантин кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
2025 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін – С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-дың Ауыл және орман шаруашылығы институтының қауымдастырылған профессоры.
Марапаттары, құрмет грамоталары
2020 ж. – Қазақстан Республикасының жас ғалымдарына арналған мемлекеттік стипендияның иегері.
2021 ж. – Аграрлық ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің NASEC грамотасымен марапатталған.
Біліктілікті көтеру
– «Өсімдіктерді интегралды қорғау (Integrated Pest Management)», Анкара университеті, Түркия, 2023 ж., 36 сағат.
– «Зиянды саяқ шегірткелер мен үйірлі шегірткелердің санын бақылаужәне олардың миграциясын болжаудың озық технологиялары», Шэньчжэнь озық технологиялар институттары, Қытай, 2025 ж., 72 сағат.
Басылымдары
40 тан астам ғылыми еңбектерінің авторы. Зерттеу бағыты бойынша соңғы жылдардағы негізгі басылымдар:
1. Kurmet Baibussenov, Aigul Bekbaeva, Valery Azhbenov, Amageldy Sarbaev and Svetlana Yatsyuk. Investigation of Factors Influencing the Reproduction of Non-Gregarious Locust Pests in Northern Kazakhstan to Substantiate the Forecast of their Number and Planning of Protective Measures // OnLine Journal of Biological Sciences. - 2021. – Vol. 21 (1). – P. 144-153. URL https://www.thescipub.com/pdf/ojbsci.2021.144.153.pdf (Scopus procentile_43).
2. Kurmet Baibussenov, Aigul Bekbaeva, Valery Azhbenov. Simulation of Favorable Habitats for Non-Gregarious Locust Pests in North Kazakhstan Based on Satellite Data for Preventive Measures // Journal of Ecological Engineering. - 2022. – Vol. – 23 (7). – P. 299–311. URL http://www.jeeng.net/pdf-150043-76071?filename=Simulation%20of%20Favorable.pdf (Scopus procentile_51).
3. K. Baibussenov, A. Ismailova, A. Uspanov, and S. Topayev. Environmental factors’ influence on the diamondback moth (Plutella
Xylostella L.) Population dynamics on cruciferous crops // SABRAO Journal of Breeding and Genetics. – 2023. - 55 (6) 0-0. DOI http://doi.org/10.54910/sabrao2023.55.6.
4. Azhbenov, V., Shamuratov, D., Niyazbekov, Z., Dinassilov, A., Arystangulov, S., Baibussenov, K., Bashkarayev, N., & Zhumagaliyev, A. Localized biopesticide application using UAVs for the control of migratory locusts in Kazakhstan // Organic Farming. -2024. - Issue 10(3). - P. 175-184. https://doi.org/10.56578/of100302
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.
