Басты бет / ППС / Балджи Юрий Александрович
Балджи Юрий Александрович

Балджи Юрий Александрович

 

Ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор

Кабинет: 8415А

E-mail: yu.balji@kazatu.edu.kz

ORCID: 0000-0002-5006-3224

Scopus Author ID: 57204942823

Researcher ID WoS: C-6504-2017

 

Ғылыми мүдделерін қолдану аясы

Ветеринария, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі, ветеринариялық-санитариялық сараптау, экструдирленген азықтар мен азық қоспалары, фитобиотиктер және фитогениктер

 

Оқытатын пәндері

Мал және құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау,

Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі,

Патенттеу және зияткерлік меншікті қорғау.

 

Негізгі зерттеу бағыттары

Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалауға арналған тәсілдер мен тест жиынтықтарын әзірлеу,

Мал өнімділігін арттыру, мал шаруашылығы өнімдерінің сапалы және қауіпсіз болуын қамтамасыз ету мақсатында экструдцияланған жемдерді, фитогендік жем қоспаларын әзірлеу және өндіруру.

Жануарлардың желін үрпілерін емдеуге арналған фитобиотикалық препараттарды әзірлеу.

Ара ауруларының алдын алу және емдеу, сондай-ақ олардың өнімділігін арттыру үшін биологиялық препараттарды әзірлеу.

 

Ғылыми жобалар

1) «Ірі қара малдың ет және сүт өнімділігін арттыру үшін ресурс үнемдейтін азық қоспаларын әзірлеу және өндіріске енгізу» жобасының жетекшісі, ҚР БҒМ ГҚ 2015-2017 жж.

2) «Тағам өнімдерінде жалғандылықты және бөгде қоспаларды анықтау әдістерін және тест жиынтықтарын әзірлеу» жобасының жетекшісі, ҚР БҒМ ГҚ 2015-2017 жж.

3) «Ірі қара малдың өнімділігін арттыру үшін ресурс үнемдейтін азық қоспаларын өндіруді ұйымдастыру" ҒҒТЗН коммерцияландыру жобасының жетекшісі, ҚР БҒМ ГҚ 2018-2022 жж.

4) «Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалай отырып, жануарлардың өнімділігін арттыру үшін полифункционалды азық қоспаларын әзірлеу және өндіріске енгізу" жобасының жетекшісі, ҚР БҒМ ГҚ 2020-2022 жж.

5) «Спирттік және сойыс қалдықтары негізінде экструдталған құрама жем өндіру» ҒҒТҚН DP 21681750 коммерцияландыру жобасының ғылыми кеңесшісі, ҚР БҒМ ГҚ 2023-2025 жж.

6) «Сүт сапасы мен қауіпсіздігін бағалай отырып, жануарлар маститтерінің алдын алу және емдеу үшін фитогениктер мен фитобиотиктерді әзірлеу және енгізу "жобасының жетекшісі, ҚР БҒМ МФ 2024-2026 жж.

7) Жас ғалым жобасының ғылыми кеңесшісі, «Құрамында сорттық емес картоп бар экструдталған жемді қолдану кезінде мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау» ҚР БҒМ ГҚ 2023-2025 жж.

8) "Жоғары қоректік, жеңіл сіңімді және табиғи өсімдік компоненттерін қолдана отырып, қайта өсірудің сапалы және қауіпсіз өнімдерін алу үшін байытылған жемшөпті әзірлеу" жобасының ғылыми кеңесшісі, ҚР БҒМ МФ 2022-2024 жж.

Аға ғылыми қызметкер ретінде 2006-2008, 2009-2011 және 2012-2014 жылдары жеті 042 және 056 БНҚ ғылыми-зерттеу жобаларының негізгі орындаушыларының бірі болды.

 

БНҚ және ГҚ бағдарламалары бойынша жобалардағы бас ғылыми қызметкер:

1) «Ветеринарлық әл-ауқат пен тағам қауіпсіздігін ғылыми қамтамасыз ету», 2018-2020 жж.

2) «Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін бейімделген ресурс-энергия үнемдейтін және цифрлық технологияларды қолдану негізінде сүтті мал шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және өсімін молайту технологияларын әзірлеу", 2021-2023 жж.

3) «Аналитикалық бақылау әдістерін әзірлеу және тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу", 2021-2023 жж.

4) «Картопты фитопатогендерден жемшөп қоспасын өндіру арқылы қорғау құралы ретінде саңырауқұлақ сығындылары мен пайдаланылған субстраттарды тиімді пайдалану технологиясын әзірлеу», 2023-2025 жж.

2014-2017 жылдары TEMPUS халықаралық «Ресей мен Қазақстанда тамақ қауіпсіздігі, дәстүрлі тамақ өнімдерін өндіру, маркетинг бойынша магистрлік бағдарламаларды әзірлеу және енгізу» жобасының орындаушысы болды.

 

Шет елдік және отандық  серіктестер

Поляков В.В. – химия ғылымдарының докторы, М. Козыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университет профессоры, Петропавл қ., Қазақстан.

Шантыз А.Х. – ветеринария ғылымдарының докторы, ФМЖББМ «Кубан МАУ» профессоры, Краснодар, РФ.

Galia Zamaratskaia – Ph.D, Швеция аграрлық ғылымдар университетінің қауымдастырылғын профессоры (SLU), Уппсала, Швеция.

Jan Wiśniewski – Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті PhD, Варшава қ., Польша.

Martin Knicky – Ph.D, Швеция ғылыми-зерттеу институты, Уппсала, Швеция.

Aleko Kalandia-биология ғылымдарының докторы, PhD, Batumi Shota Rustaveli State University профессоры, Батуми қ., Грузия.

Morteza Yousefi – Ph.D, RUDN University, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы.

Lei Luo – Ph.D, Chongqing University профессоры, Чунцин қ., Қытай.

Yonghong Zhou – Ph.D, Chongqing University қауымдастырылған профессоры, Чунцин қ., Қытай.

 

Жетекшілігіндегі магистрант және докторанттар

Ю.А. Балджинің жетекшілігімен 46 дипломдық жұмыс, 13 магистрлік диссертация қорғалды, 3 докторантқа ғылыми жетекшілік жүргізілуде.

 

Білімі

1994-1998 жж.

Ақмола агро-техникалық колледжі.

Мамандығы: «Ветеринария».

1998-2003 жж.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлы университеті

Мамандығы: «Ветеринарлық-санитарлық дәрігер».

2003-2006 жж.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінде аспирантура.

 

Еңбек өтілі

1994-1998 жж.

Ақмола агро-техникалық колледж студенті

Акмола қ.

1998 ж.

ӨК «Родинада»  ветеринарлық санитар

Целиноградский р-он, Акмолинская обл.

1998-2003 жж.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің студенті

Астана қ.

2003 ж.

С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ Ветеринариялық санитария кафедрасының ассистенті

Астана қ.

2003-2006 жж.

С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ аспиранты

Астана қ.

2007-2010 жж.

С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ Ветеринариялық санитария кафедрасының ассистенті

Астана қ.

2010-2012 жж.

С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ Ветеринариялық санитария кафедрасының доценті м.а. 

Астана қ.

2012-2023 жж.

С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ Ветеринариялық санитария кафедрасының доценті

Астана қ.

2018 ж.

С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ Ветеринариялық санитария кафедрасының меңгерушісі

Астана қ.

2018-

«NFT-KATU» ЖШС бас директоры

Астана қ.

2023-

С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ Ветеринариялық санитария кафедрасының профессоры м.а. 

Астана қ.

2025-

«Жануарлар ғылымы және ветеринария» институтының   профессоры

Астана қ.

 

Марапаттар, құрмет грамоталары

1. ҚР дарынды жас ғалымдар мемлекеттік шәкіртақы иегері, 2010 ж.

2. ҚР «ЖОО үздік оқытушысы» мелекеттік грант иегері, 2011 ж.

3. ҚР дарынды жас ғалымдар мемлекеттік шәкіртақы иегері, 2014 ж.

4. ҚР АШМ Құрмет грамотасы, 2015 ж.

5. «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ 60 жыл» арналған төс белгі, 2017.

6. «ҚР еңбек сіңірген өнертапқышы» құрмет атағы, 2019.

7. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ құрмет грамотасы, 2021.

8. «ЖОО үздік оқытушысы» атағы, 2022 ж.

9. ҚАТУ ат. С Сейфуллин Түлектер клубының дипломы, "Ғалым инноватор" номинациясының жеңімпазы, 2024.

 

Біліктіліктi арттыру

– 2009 ж. «Новосибирск мемлекеттік аграрлық университеті» ФМУ ЖББ, РФ, «Ауыл шаруашылығы білімін тарату және технологияларды енгізу жүйесінің генезисі» тақырыбы бойынша тағылымдама.

– 2012 ж. "DesFa" дезинфекциялық компаниясы, Олденбург қ., Германия, «Заманауи дезинфекция», «Gsagri», «Fleming + Wendeln GmbH & Co. KG», «Азық қоспалары» тақырыбы бойынша тағылымдама.

– 2015 ж. Гродно мемлекеттік аграрлық университеті, Гродно қ., Беларусь Республикасы, бас қызметкерлер мен мамандардың тағылымдамасы.

– 2016 ж. Н. Э. Бауман атындағы Қазан мемлекеттік ветеринарлық медицина академиясы, Қазан қ., РФ, «ВСС практикалық әдістері мен ғылымның соңғы жетістіктері негізінде оқу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру» тақырыбы бойынша тағылымдама.

– 2016 ж. Краснодар ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты, Краснодар қ., РФ, «Ветеринариялық фармакология» тақырыбы бойынша тағылымдама.

– 2016 ж. Қытайдың органикалық сертификаттау инспекторының сертификаты (CCAA).

– 2017 ж. «ISO 22000 халықаралық стандарты: тамақ қауіпсіздігі менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу және жетілдіру» тақырыбында HACCP бойынша оқыту.

– 2017 ж. «Органикалық өндіріс саласында қазақстандық сарапшы-аудиторларды оқыту» тақырыбында семинар.

– 2017 ж. «Қытайдағы органикалық өнімдерді сертификаттау жөніндегі органды аккредиттеуге қойылатын талаптар» және «Қытайдағы органикалық өнімдерді сертификаттауға қойылатын талаптар» тақырыбындағы семинар.

– 2018 ж. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ және «Жасыл экономика және G-Global дамыту Коалициясы» Заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп «Германиялық-қазақстандық аграрлық-саяси диалог» жобасы аясында «Қазақстанда органикалық өнімдерді өндіру және сертификаттау жүйесін дамыту» тақырыбындағы семинар.

– 2019 ж. «Ешкі сүтіне негізделген балалар тағамы өнімдерін өндіру» тақырыбында семинар, Атамекен ҚР ҰКП.

– 2019 ж. «Құрама жем өндірісінің инновациялық технологиялары» тақырыбында семинар, Атамекен ҚР ҰКП.

– 2019 ж. «Технологияларды коммерцияландыру-ғылым мен бизнесті интеграциялау құралы» халықаралық форумына қатысушының сертификаты, «Ғылым қоры» АҚ.

– 2019 ж. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі жобаларды гранттық қаржыландыруды іске асырудың практикалық аспектілері» тақырыбында семинар, «Ғылым қоры» АҚ.

– 2020 IELTS сертификаты, 4,5.

– 2020 ж. «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша семинар.

- 2022 ж. «Мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық бақылау» біліктілігін арттыру туралы куәлік, Қазан қ.

- 2023 ж. Швецияның ауылшаруашылық ғылымдары университеті (SLU), «Research and innovations for enhancing animal and poultry food safety» тақырыбындағы біліктілікті арттыру сертификаты.

- 2023 ж. LTD BioLogica, микробиология, иммунология, биохимия, биотехнология, азық-түлік сапасы және қауіпсіздігі бойынша зертханалық курстың жазғы мектебінде оқу сертификаты. Грузия Республикасы, Тбилиси қ.

- 2023 ж. "Хема" ЖШҚ келесі тақырыптар бойынша ұйымдастырған тағылымдама: «Астық өңдеу өнімдеріндегі микотоксиндерді анықтау, микробтық трансглютаминаза ферментінің, құрғақ сүттің, тағамдағы аллергендердің құрамын анықтау, құстардың жұқпалы ауруларына антиденелерді анықтау бойынша ИФА әдісін оқыту».

- 2024 жылы Грузия Техникалық Университетінің (Батыс Грузия аймақтық хроматография орталығы / Western Georgia Regional Chromatographic Center) «BIOMEDI» ғылыми-білім беру орталығында «International training courses to microbiological, biochemical, immunological methods in biotechnological, molecular genetic, scientific research of plant protection, veterinary expertise and food safety» тақырыбында тағылымдама. Грузия Республикасы, Тбилиси қаласы.

- 2024 ж. Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы, Ташкент химия-технологиялық университетінде және Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінде «Ет, сүт және балық өнімдерінің технологиясы мен сапасын бақылау» тақырыбында тағылымдама.

- 2025 ж. Грузия Республикасы, Батуми қаласындағы Батыс Грузия аймақтық хроматография орталығында «Өсімдіктер мен саңырауқұлақтар сығындыларының химиялық құрамын анықтау: талдау әдістері және қолдану перспективалары» тақырыбында тағылымдамадан өту.

- 2025 ж. Қытай Халық Республикасы, Чунцин қаласындағы Оңтүстік-Батыс университетінде «Жануарлардың өнімділігін арттыру және қауіпсіз мал шаруашылығы өнімдерін қамтамасыз ету үшін ветеринарияда фитобиотиктерді қолдану: "Бір денсаулық" жүйесіндегі фитобиотиктер – жануарлар, адамдар, қоршаған орта» тақырыбында тағылымдамадан өту.

 

Республикалық және халықаралық кездесулер  

- 2012 ж. РХДУ., Мәскеу қ., РФ.

- 2012 ж. Сельджук университеті, Конья қ., Түркия.

- 2016 ж. Санкт-Петербург мемлекеттік ветеринарлық академиясы, Санкт-Петербург қ., РФ.

- 2016 ж. Иллинойс университеті, Пердью университеті, АҚШ, АҚШ-тың жоғары оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындарында «Жоғары білім және еңбек ресурстарын дайындау» тақырыбы бойынша тағылымдама.

- 2021 ж. І Петр атындағы Воронеж мемлекеттік аграрлық университеті.

- 2022 ж. Н.Э.Бауман атындағы Қазан мемлекеттік ветеринарлық медицина академиясы.

- 2023 ж. Швеция ауылшаруашылық ғылымдары университеті (SLU), Упсала.

- 2024 ж. Грузия техникалық университетіндегі «BIOMEDI» ғылыми-білім беру орталығы, Тбилиси қ.

- 2025 ж. Батыс Грузия аймақтық хроматография орталығы, Батуми қ.

- 2025 ж. Оңтүстік-Батыс университеті, Қытай, Чунцин қ.

 

Басылымдары

260-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбектің, оның ішінде 5 монография және 64 өнертабыстың авторы. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:

  1. Балджи Ю.А., Шейко Ю.Н., Коржикенова Н.О., Исмагулова Г.Т. Ресурсосберегающие кормовые добавки для повышения продуктивности крупного рогатого скота. Монография. – Астана: Полиграфия «Проспект печати», 2018. –  142 с.
  2. Балджи Ю.А., Адильбеков Ж.Ш. Современные аспекты контроля качества и безопасности пищевых продуктов. Монография. – Санкт-Петербург: Лань, 2019. – 216 с. https://e.lanbook.com/book/116370
  3. Балджи Ю.А., Султанаева Л.З., Исабекова С.А., Шантыз А.Х., Майер Е.Г. Экструдированные кормовые биодобавки для повышения качества и безопасности продуктов животноводства: монография, – Астана: НАО «КАТУ им. С.Сейфуллина», ТОО «Дәме». 2022. -200 с.
  4. Балджи Ю.А., Адильбеков Ж.Ш. Современные аспекты контроля качества и безопасности пищевых продуктов. Монография. – Астана: Жаркын Ко, 2-е изд. 2025. – 280 с.
  5. Yu. Balji, Zh. Adilbekov, Yu. Scheiko, S. Seidenova, G. Ismagulova, G. Zamaratskaia. A rapid and sensitive method to determine potassium permanganate in meat. Journal fur Verbraucherschutz und Lebensmittelsicherheit. June 2019, Volume 14, Issue 2, pp 167–172. ISSN:1661-5751. https://doi.org/10.1007/s00003-018-1202-9  (WoS IF-1.4, Q3, Процентиль 53).
  6. Yu. Balji, M. Knicky, G. Zamaratskaia. Perspectives and safety of horsemeat consumption. International Journal of Food Science & Technology (IJFST). Special Issue: Recent Advances in Meat Products Quality & Safety Improvement and Assurance. Volume 55, Issue3. March 2020. Pages 942-952. https://doi.org/10.1111/ijfs.14390. ISSN:0950-5423 E-ISSN:1365-2621  11 с. (WoS IF-3.713) Q2. Процентиль 74).
  7. V. Akhmetova, Yu. Balji, Y. Kandalina, A. Iskineyeva, A. Mukhamejanova, A. Baspakova, Y. Uzakov, K. Issayeva, G. Zamaratskaia. Self-reported consumption frequency of meat and fish products among young adults in Kazakhstan. Nutrition and Health. ISSN:0260-1060. https://doi.org/10.1177/02601060221114230. (WoS IF-1.9, Q1, Процентиль 75).
  8. L. Sultanayeva, Yu. Balji, V. Korotkiy, A. Shantyz, S. Issabekova, A. Borovskiy, Y. Maier, G. Abakanova. The Effect of Extruded Feed Additives with Balsamic Poplar Buds on Productivity of Dairy Goats. International Journal of Veterinary Science. P-ISSN: 2304-3075. 2023, 12(1): 114-119. http://www.ijvets.com/volume-12-no-1-2023/ (Q1, Процентиль 76).
  9. L. Sultanayeva, S. Karkehabadi, G. Zamaratskaia, Yu. Balji. Tannins and flavonoids as feed additives in the diet of ruminants to improve performance and quality of the derived products. A review. Bulgarian Journal of Agricultural Science, 29 (No 3) 2023, 522–530. P-ISSN 1310-0351. https://journal.agrojournal.org/page/en/details.php?article_id=4288 (WoS – Q4, IF-0.4, Scopus Q3, Процентиль 41).
  10. Z. Adilbekov, H. Ghafarifarsani, Yu. Balji, Zh. Koshekbay, M. Yousefi. Plant-based materials as protective agents against nanoparticle-induced toxicity, with emphasis on fish: a mechanistic review. J. Aquaculture International. 2025, 33(6), 490. https://doi.org/10.1007/s10499-025-02140-3 (Scopus Q2, Процентиль 65).
  11. Способ определения перманганата калия в мясе и индикаторы для его осуществления. Евразийский патент №030191. Дата выдачи: 31.07.2018. Бюлл. №7. (WoS, Derwent Innovations Index).
  12. Соттық ветеринариялық-санитариялық сараптау. Учебник. Издательство КАТУ им. С.Сейфуллина, Астана, 2017. 313 б.
  13. Балджи Ю.А., Мусагиева Д.К., Замаратская Г., Мустафина Р.Х., Исмагулова Г.Т., Султанаева Л.З., Поляков В.В. Способ обработки инкубационных яиц. Патент РК на изобретение №37205. Бюлл. №16 от 18.04.2025. (WoS, Derwent Innovations Index).
  14. Балджи Ю.А., Исмагулова Г.Т., Майер Е.Г., Төлендиев Ж.Е. Способ приготовления экструдированного комбикорма с несортовым картофелем и фитогениками. Патент РК на изобретение №37445. Бюлл. №30 от 25.07.2025. (WoS, Derwent Innovations Index).