Басты бет / ППС / Бейсембина Бибигуль
Бейсембина Бибигуль

Бейсембина Бибигуль

 

6D080100 – «Агрономия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), аға оқытушы
5114-кабинет, ұялы телефон: +7 707 112 38 81
E-mail: b.beisembina@kazatu.edu.kz

 

Ғылыми қызығушылықтар саласы

Өсімдік шаруашылығы, ауылшаруашылық биотехнологиясы, өсімдіктерді қорғау

Оқытатын пәндері

Биотехнология, өсімдіктер иммунитеті, микробиология және вирусология, өсімдік жасушалары мен ұлпаларының культурасы

Зерттеулердің негізгі бағыттары

  1. Картоптың вирустық ауруларын анықтауға арналған отандық диагностикалық тест-жүйелер (ИФА, ИХА) әзірленді.
  2. Солтүстік және Орталық Қазақстанның картоп шаруашылықтарында вируссыз отырғызу материалы тұқым шаруашылығына енгізілді.
  3. PVY штаммдарының таралуы зерттеліп, секвенирлеу және филогенетикалық талдау жүргізілді, вирустың қазақстандық изоляттарының жергілікті рекомбинантты штаммдары анықталып, GenBank дерекқорына енгізілді.
  4. Картоп сорттарының PVY, PVX, фитофтороз және нематодаларға төзімділігі зерттеліп, фитопатогендерге экстремалды төзімділік гендері бар сорттар анықталды.
  5. Селекциялық жетістікке №1129 патент картоп Ред Роуз алынды, Hu Baigeng, Хасанов В.Т., Сидорик А.И., Бейсембина Б., Әжімахан М.Ә., Бабаханов С.К., Таскулова А.М., Сулейман М.Ә., Маханова М.М. Қазақстан Республикасы / өтініш беруші және патент иеленуші – «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ (KZ); «Leling Xisen Potato Industry Group Company Limited» (CN). – өтінім №2021/059.4; берілген күні 24.12.2021, жарияланған күні 05.04.2024, Бюл. №14.
  6. Бейсембина Б., Хасанов В.Т., Сидорик А.И., Әжімахан М.Ә. Өсімдіктерді инокуляциялау және картоптың Y және X вирустарын жинақтау әдісі. Өнертабысқа №37292 патент, Қазақстан Республикасы / өтініш беруші және патент иеленуші – «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ (KZ); – өтінім №2023/0824.1; берілген күні 06.12.2023, жарияланған күні 06.06.2025.
  7. Вирусқа төзімді «Силк Роуз» және ерте пісетін «Есіл» картоп сорттары шығарылып, 2025 жылы ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РММ-не тапсырылды.
  8.  

Ағымдағы зерттеу жобалары

AP23485559 «Солтүстік Қазақстан үшін түрлі-түсті жұмсағы бар картоп: сорттар мен гибридтерді іріктеу, биологияландырылған қорғау технологиясын әзірлеу» жобасының жетекші ғылыми қызметкері, ҚР ҒЖБМ 217 бюджеттік бағдарламасы (2024–2026 жж.).

Білімі

2010–2014 жж. – «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, бакалавриат, 5В081100 – «Өсімдіктер қорғау және карантин»;
2014–2016 жж. – «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, магистратура, 6М081100 – «Өсімдіктер қорғау және карантин»;
2016–2019 жж. – «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті», агрономия факультеті, докторантура, 6D080100 – «Агрономия».

Еңбек өтілі

2013–2014 жж. – «Картоптың вирустық ауруларын диагностикалауға арналған экспресс-тест әзірлеу» ғылыми жобасының лаборанты;
2015–2017 жж. – «Картоп вирустарының отандық штаммдары банкін құру» жобасының ғылыми қызметкері;
2018–2019 жж. – «Солтүстік және Орталық Қазақстан үшін вируссыз тұқым шаруашылығына жоғары өнімді шетелдік картоп сорттарын трансферттеу» жобасының аға ғылыми қызметкері;
2021–2024 жж. – «ҚХР мен Қазақстан Республикасының генетикалық ресурстары негізінде перспективалы картоп желілерін құру» халықаралық бағдарламасының аға ғылыми қызметкері;
2022–2024 жж. – AP14870270 жобасының жетекшісі;
2022 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Өсімдік шаруашылығы» БББ аға оқытушысы;
2023–2025 жж. – AP19676907 жобасының орындаушысы;
2024 ж. – AP23485559 жобасының жетекші ғылыми қызметкері.

Марапаттары

2013 ж. – ҚР ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының І дәрежелі дипломы;
2013 ж. – республикалық пәндік олимпиаданың ІІ дәрежелі дипломы;
2013 ж. – «Сейфуллин оқулары – 9» конференциясының үздік баяндамасы;
2014 ж. – «Сейфуллин оқулары – 10» конференциясының ІІ дәрежелі дипломы;
2021 ж. – «ТМД-ның үздік жас ғалымы» төсбелгісі.

Біліктілікті арттыру

2023 ж. – «Қазіргі заманғы молекулалық-биологиялық әдістер», Алматы, 72 сағат;
2024 ж. – «Биологиялық ғылым мен оқытудың өзекті мәселелері», Қарағанды, 72 сағат;
2024 ж. – «Инклюзивті кәсіби білім беру», Астана, 72 сағат.

Басылымдары

1. V. Khassanov, B. Beisembina, A. Shevtsov, A. Amirgazin, S. Vologin, A.Karasev. Occurrence of Three Recombinant Strains of Potato Virus Y in Potato in Kazakhstan // Plant Disease. Published by The American Phytopathological Society / Vol. 104, No. 1 - January 2020. – Р. 297. https://doi.org/10.1094/PDIS-03-19-0573-PDN (Q1)

2. Azhimakhan M., Beisembina B., Kapytina A., Kerimbek N., Gritsenko D., Lv Dianqiu, Baigeng Hu., Khassanov, V. Genetic and Biological signature of Potato Virus X circulating in Kazakhstan // Caspian Journal of Environmental Sciences. - Vol. 21, No. 5, Special Issue 2023. – P. 1151-1157. 10.22124/CJES.2023.7403 - Percentile 59.

3. Adilbayeva, K.; Moisseyev, R.; Kolchenko, M.; Kenzhebekova, R.; Khassanov, V.; Beisembina, B, M.; Tokbergenova, Z.; Sharipova, D.; Krasavin, V. Genetic Evaluation of Kazakhstani Potato Germplasm for Pathogen and Pest Resistance Using DNA Markers // Agronomy 2024, 14, 1923. https://doi.org/10.3390/ agronomy14091923 - Percentile 84.

4. Azhimakhan M., Khassanov, V., Vologin, B. Hu, Zh. Tokbergenova, A. Amirgazin, A. Shevtsov, Beisembina, B. Detection of Molecular Markers of Potato Virus X Resistance Genes in the Potato Gene Pool of Kazakhstan \\ International Journal of Agriculture and Biosciences. - 2025. - 14(2) – Р. 201-208. DOI 10.47278/journal.ijab/2024.208 Percentile 67.