Басты бет / ППС / Дұламбаев Төлеген Ағыбайұлы
Дұламбаев Төлеген Ағыбайұлы

Дұламбаев Төлеген Ағыбайұлы

 

   

Отставкадағы полковник,
әскери кафедра бастығы
211 кабинет, тел. +7(7172)39-38-49
E-mail:  t.dulambaev@kazatu.edu.kz

Ғылыми қызығушылықтар саласы
Запастағы офицерлерді оқытып, үйретілген мобилизациялық қор ретінде сапалы түрде дайындау, студенттерді әскери-патриоттық тәрбиелеу 

Оқытатын пәндері
Жалпы тактика, тактикалық дайындық 

Білімі   
1975-1979 жж. Омск жоғары танктік командалық училищесі, «танк әскерлерінің командалық тактикасы» мамандығы
2000-2003 жж. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы, «командалық-штабтық, жедел-тактикалық» мамандығы

Еңбек өтілі
1979-1982 жж.  Танк дивизиясы танк полкінің танк взводының командирі
1982-1985 жж. Танк дивизиясы танк полкінің штаб бастығының көмекшісі
1985-1990 жж. Танк дивизиясы танк полкі штаб бастығының жасақ жинау жұмысы бойынша аға көмекшісі
1990-1992 жж. Танк дивизиясы штабты ұйымдастыру-жасақ жинау және құру бөлімі бастығының аға көмекшісі
1992 ж. Танк дивизиясы штабты ұйымдастыру-жасақ жинау және құру бөлімі бастығының орынбасары
1992-1995 жж. Армия корпусы басқармасы штабты ұйымдастыру - жасақ жинау және құру бөлімі бастығының орынбасары
1995-1996 жж. Ұйымдастыру-жасақ жинау және құру бөлімі бастығы - армия корпусының ұйымдастыру-жасақ жинау жұмысы бойынша штаб бастығының орынбасары
1996-1997 жж. Армия корпусы штабының ұйымдастыру-жасақ жинау және құру бөлімі бастығының орынбасары
1997-2000 жж. Ұйымдастыру- жасақ жинау және құру бөлімі бастығы - армия корпусының ұйымдастыру- жасақ жинау жұмысы бойынша штаб бастығының орынбасары
2000 ж. Штаб бастығының ұйымдастыру- жасақ жинау жұмысы бойынша орынбасары - армия корпусы штабының ұйымдастыру- жасақ жинау және құру   бөлімінің бастығы
2000-2002 жж. Шығыс әскери округі Басқармасы штаб бастығының орынбасары
2002 ж. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру және жасақ жинау жұмысы жөніндегі департаментінің басқарма бастығының орынбасары – жасақ жинау басқармасы жасақ жинау бөлімінің бастығы
2002-2003 жж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру және жасақ жинау жұмысы жөніндегі департаментінің жасақ жинау басқармасы жасақ жинау бөлімінің бастығы - басқарма бастығының орынбасары
2003-2007 жж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ұйымдастыру және жасақ жинау жұмысы жөніндегі департаменті бастығының орынбасары
2007-2008 жж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің Ұйымдастыру және жасақ жинау жұмысы жөніндегі департаменті бастығының орынбасары
2008-2009 жж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ұйымдастыру және жасақ жинау жұмысы жөніндегі департаменті бастығының орынбасары
2009-2013 жж. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлықтағы әскерлер бас қолбасшысы басқармасы бас штабының бас ұйымдастыру - жасақ жинау басқармасының бастығы – бас штаб бастығының орынбасары
2014 ж. бастап осы уақытқа дейін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті әскери кафедрасының бастығы

Марапаттары, құрмет грамоталары
- «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» медалі
- «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» медалі
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі
- I дәрежелі «Әскери қызметтегі ерекшелігі үшін» медалі
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
- «10 жыл Астана» медалі
- II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі
- «Мінсіз қызметі үшін» медалі
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалі
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» медалі
- «ЖӘБО 90 жыл» медалі
- «Әскери басқарма жергілікті органдарының ардагері» естелік белгісі
- «Әскери басқарманың жергілікті органдарына 85 жыл» естелік белгісі
- «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына 20 жыл естелік белгісі
- «Республикалық ұланға 15 жыл» төсбелгісі
- II дәрежелі «Айбын» ордені
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Штаб бастықтары комитеті төрағасының грамотасы 
- ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының грамотасы
- «Қазақстанның әскери патриоттық клубтары одағы» Корпоративтік қорының алғыс хаты. 

Біліктілікті көтеру
Мамандардың біліктілігін арттыруды даярлау және қайта даярлау бойынша  курстары, 2014ж. 
Оқытушы-профессорлар құрамының біліктілік арттыру курсы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы атындағы ұлттық қорғаныс университеті, 2020ж. 

Басылымдары   
1. Т.А. Дуламбаев, К.Д. Досумов, Т.Б. Пернебаев «Боевое применение мотострелковых подразделений, частей, соединений на БМП» / оқу құралы, 2014 ж.  
2. Т.А. Дуламбаев, Б.Ж. Касымканов, Е.М. Китапов, Д.Б. Нурмагамбетов «Организация технического обслуживания и хранения БТ и ВТ» / оқу құралы, 2015 ж. 
3. Т.А. Дуламбаев, К.Д. Ергалиев, А.А. Сухинин «Правила дорожного движения и вождение военной автомобильной техники» / оқу құралы,  2015 ж. 
4. Учебное пособие «Радиационная, химическая, биологическая защита войск» Т.А.Дуламбаев, Д.К.Досумов, Б.Ж.Касымканов,Т.Б. Пернебаев,  2016г.
5. Т.А.Дуламбаев, Д.К.Досумов, Б.Ж.Касымканов, Т.Б. Пернебаев, «Әскерлердің радиациялық, химиялық, биологиялық корғанысы » 2016ж.
6. Т.А.Дуламбаев, С.Әлтайұлы, М.Б.Турмухамбетов «Азық-түлік қызметінің техникалық құралдары» пәні бойынша Азық-түлік қызметінің техникалық құралдарын және мүлкін есептен шығару бойынша тәжірибелік сабақ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулық», 2019ж.
7. Т.А.Дуламбаев, К.Д.Ергалиев, Б.Ж.Алдабергенов «Әскери автомобиль техникасын жөндеу» /оқу құралы, 2019ж.
8. Т.А.Дуламбаев, Н.С.Машанова, М.Б.Тұрмұхамбетов «Ас мәзірін құру әдісі»/ оқу құралы, 2019ж.
9. Т.А.Дуламбаев, Б.Ж.Алдаберген, М.Б.Турмухамбетов, «ҚР ҚК азық-түлік қызметі техникасын пайдалану және жөндеуді ұйымдастыру ережелері»,  2021ж.