Басты бет / ППС / Карагойшин Жасхайыр Мухангалиевич
Карагойшин Жасхайыр Мухангалиевич

Карагойшин Жасхайыр Мухангалиевич

 

Биология ғылымдарының кандидаты,

«Аңшылықтану және балық

шаруашылығы» кафедрасының аға оқытушысы

Кабинет №8115, тел. +8 (777) 862-46-55

Е – mail: zh.karagoishin@kazatu.edu.kz

 

Ғылыми  зерттеу  саласы

Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, сақтау, тиімді пайдалану, экологиясымен таралуы.

Оқытылатын пәндері

Териология

Орнитология

Зоогеография

Білімі  

1989 - 1994 жж. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты, «Жаратылыстану және география» факультеті,  «География  және биология»  мамандығының студенті

1996 - 1999 жж. ҚР Білім және ғылым министрлігі, Зология және жануарлар генофонды институты, аспиранты күндізгі бөлім.

Еңбек өтілі 

1985 жылы жоғары оқу орнына түсуге жолы болмаған бозбала ауылға келіп, Ата таяғын ұстап еңбек жолын шопандықтан бастайды.

1994 жылы Орал қаласы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты «Зоология  және биологияны оқыту әдістемесі» кафедрасына оқытушы болып қалдырылды (қазіргі М.Өтемісов  атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті).

2001 жылы университеттің кәсіподақ ұйымының төрағасы.

2002 жылы «Зоология және Экология» кафедрасының меңгерушісі.

2004 жылы «Жаратылыстану» факультетінің деканы.

2009 жылы «Жаратылыстану-математикалық» факультетінің деканы.

2011 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

2011 жыл қыркүйек айынан бастап Жалпы биология және геномика кафедрасының аға оқытушысы,  2012 жылдан кафедра доценті м.а.

2012-2014 оқу жылынан бастап  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жоспарлау және оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы.

2013-2017 оқу жылынан Жалпы биология және геномика кафедрасының доценті м.а.

2017 жыл қыркүйек айынан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы.

2021-2023 жылдары «Аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының меңшгерушісі.

Ғылыми дәрежесі:

1996-1999 жылдарыАлматы қаласы, ҚР БҒМ Зоология институты териология лабораториясында 03.00.08. – Зоология мамандығы бойынша аспирантурада оқып (күндізгі бөлім), биология ғылымдарының докторы, профессор А.Б.Бекеновтың ғылыми жетекшілігімен 2000 жылы 7 сәуірде «Батыс Қазақстанда таралған құндыздың (Castor fiber L, 1756 ) экологиясы және халық шаруашылығындағы маңызы»тақырыбында кандидаттық диссертациясын табысты қорғады.

Білімін жетілдіруі:

2013 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сапа менеджмент  жүйесін жетілдіру МС ИСО 9004:2009. №13.075.38. 20.09.2013ж.

2014 ж. Астана қаласы «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» «Менеджмент знаний в образовательном процессе». г.Астана.

2019 ж. РФ. А.А. Ижевский атындағы Иркутск мемлекеттік аграрлық университеті

Ғылымдағы жетістіктері:

2004 ж. Англия. Кембридж университетіндегі Халықаралық Биографиялық орталықтың тірі ағзаларды зерттеуші бағытындағы сыйлықтың иегері.

2008 ж. Астана қаласында өткен «Жаңашыл оқытушылар» форумына қатысып, 27.10-03.11 аралығында ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Түркия Республикасы Анталия  қаласына демалуға барды.

Батыс Қазақстан облысында «Бөкейорда» табиғи мемлекеттік резерватын (2010-2013 жылдар) ұйымдастырушысы, зоолог-ғалым.

2000-2010 жылдар бойы Қазақстан бойынша ұйымдастырылатын Ақбөкенді(Saiga tatarica) көктемгі санақ жұмыстарына қатысушы.

2010 жыл  15 мамыр мен 4 маусым аралығында «Петербург академигі П.С.Палластың XVIII ғасырдағы экспедиясы маршрутымен» ұйымдастырылған Батыс Қазақстан өлкесі бойынша біріккен Ресей-Қазақстан кешенді ғылыми-тарихи экспедицияға қатысушы.

2013 жылы 24 шілде мен 5 тамыз аралығында Қытай Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы(СУАР) мен Қырғызстан Республикасы аумағында «Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойынша» Қашқарияға жасалған ғылыми-танымдық экспедицияның мүшесі, биолог-маман.

Ғылыми кадрларды даярлауы:

Ж.М.Қарағойшиннің ғылыми жетекшілігімен 21 магистрлік диссертация қорғалды (Бисенғалиева А., Рамазанова А., Тапишев М., Абекешев А., Бегилов Т., Мукашева Н., Нармандах Ж., Касымова Л., Зақбек А., Сейдахметов Н., Амирова А., Косымбетова Ш, Еркінбек А., Мұқтар М., Макенбанв М., КаримоваА., Айтмағамбетқызы Г., Сейтова Қ., Иванов К., Аясов Н., Аясова Л.Ж. ) қазіргі кезде 1 магистрант ғылыми жұмыстарын жасауда.

Ғылыми конференцияларға қатысуы:

2009 жылы  Алматы қаласы, Зоология институты ұйымдастырған  «Тероифауна Казахстана и сопредельных территорий» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына;

2016 жылы Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен «Қазақстан және оған шектес аумақтардағы биоалуантүрлікті табиғатта және коллекцияларда сақтау»  атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына

Марапаттары:

2006 жылы  ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындаған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

2007 жылы 17 қыркүйекте  ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен «ҚР-ның білім беру ісінің  құрметті қызметкері» кеуде белгісімен марапатталды. 

2015 жылы  ЕНУ ректорының Құрмет грамотасы

2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты

2023 жылы ҚР Экология және табиғат ресурстары министрінің төс белгісімен (Экология саласының үздігі)

Ғылыми еңбектері:

Батыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі оқулығы (қазақша, орысша), Растение и животные Приуралья(монография), Зоогеография, Орман аңдарының биологиясы, Кәсіптік аңдар биологиясы (оқу құралы) және 50-тан аса ғылыми мақалалардың авторы, соның ішінде 5 мақала шет елде (Қытай, Болгария, Германия, Монғолия, Ресей) шыққан.