Басты бет / ППС / Мауина Гулалем Мырзалиевна
Мауина Гулалем Мырзалиевна

Мауина Гулалем Мырзалиевна

 

Техника және технологиялар магистрі, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының ассистенті

Кабинет 2415

E-mail: g.m.mauina@kazatu.edu.kz

Ғылыми қызығушылықтар саласы

Ақпараттық жүйелер мен технологиялар.

 

Оқытатын пәндері

Нейрондық желілер негіздері;

Желілік операциялық жүйелер;

Бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды әзірлеу және талдау.

 

Білімі

- 2002-2007 жж. – «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, Астана қ., мамандығы: 370140 – «Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері», инженер - жүйе технигі.

– 2007-2009 жж. - «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, Астана қ., мамандығы: 6N070300 – «Ақпараттық жүйелер», техника және технология магистрі.

- 2018-2021 жж. - Нұр-Сұлтан қ., «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ-да 6D070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша докторантурада білім алды.

 

 Еңбек өтілі

-2007-2012 жылдары – «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, Ғылым және инновациялық қызмет Департаментінің, ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы, Астана қ-сы.

- 2012-2018 жылдары - Ғылым және инновациялық қызмет Департаментінің ғылыми-техникалық бағдарламаларды жоспарлау және ұйымдастыру маманы, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, Астана қ-сы.

-2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының ассистенті, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ, Нұр-Сұлтан қ-сы.

 

Марапаттар

  • «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ 55 жыл» медалі, 2012
  •  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет граммотасы, 2012
  • С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ректоры тарапынан Алғыс хат, 2013

 

Қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу

1. 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде орындалатын «Терең реттелетін, ресурс-және энергия үнемдейтін асинхронды электр жетегі бар көп тарақты тарау аппараттарында жүнді өңдеу процесінің сапасын арттыру» жобасы, кіші ғылыми қызметкер;

2. ҚР АШМ 267 бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде орындалатын «Солтүстік Қазақстан облысында «демонстрациялық шаруашылықтар» (полигондар) принципі бойынша, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде дәл егін шаруашылығының технологияларын трансферттеу және бейімдеу», кіші ғылыми қызметкер.

 

Біліктілік көтеру

- «Thomson Reuters Scientific & Scholarly Resesrch» семинары, С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ, 2012

- «Технопарктермен технологиялық бизнес-инкубациялау үдерістерін басқару» бағдарламасы аясындағы семинар, «Тұран-Профи «Халықаралық кәсіби академиясы»» біліктілікті арттыру институты, 2012

- «Антиплагиат.ВУЗ жүйесінде ғылыми және оқу мәтіндерін көшіріп алу» вебинары, «Антиплагиат» АҚ, 2021

 

Басылымдар

10-нан астам ғылыми еңбектердің авторы.

Ұсынылған бағыттар бойынша ең маңыздылары:

- Солтүстік Қазақстанның агрокәсіпорындары үшін басқарушылық шешімдерді таңдаудың эвристикалық тәсілі // С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Ғылым хабаршысы. - 2020, - №4, - 170-192 б.;

- Солтүстік Қазақстанның аграрлық кәсіпорындары үшін басқарушылық шешімдер қабылдаудың тұжырымдамалары мен модельдері // С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Ғылым хабаршысы. - 2020, - №4 - 192-202 б.;

- Еxpert-statistical method of management decision support for agricultural enterprises of Northern Kazakhstan // Journal of Theoretical and Applied Information Technology, Vol 99, 30 July 2021, Issue 12, Р. 3071-3083;

- «Kazagro Choice шешімдерді қабылдауды қолдаудың ақпараттық-талдамалық жүйесі» (KazAgro Choice ЖДҚ АТЖ) атты ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәлік.