Басты бет / ППС / Рысбекова Айман Бөкенқызы
Рысбекова Айман Бөкенқызы

Рысбекова Айман Бөкенқызы

 

Биология ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор
Кабинет 5213, тел. +7 (7172)38-02-32
E-mail: a.rysbekova@kazatu.edu.kz

Ғылыми қызығушылықтар саласы
Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы, генетика, өсімдіктер селекциясы, молекулалық биология

Оқытатын пәндері
Молекулалық және клеткалық биология, өсімдіктер физиологиясы төзімділігінің негіздері, биоинформатика

Зерттеулердің негізгі бағыттары
Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және селекциясы, молекулалық биология

Ағымдағы зерттеу жобалары
AP14870014 «Жаңа отандық құрғақшылыққа төзімді сорттарды жасауда тары дақылдарының селекциялық-генетикалық зерттеулерінде ДНҚ технологияларын қолдану» (2022-2024).

Білімі
1999-2003 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология факультеті. Биология мамандығының бакалавры
2003-2005 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология факультеті. Биология магистрі
2005-2007 жж. Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы мамандығы бойынша аспирантурасы.

Еңбек өтілі
2003-2005 жж. №162 орта мектебінің валеология пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы
2005 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, молекулалық биология және генетика кафедрасының аға лаборанты
2007 ж. Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының аға лаборанты
2007-2008 жж. Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының кіші ғылыми қызметкері
2008-2010 жж. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушысы
2009-2011 жж. Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының ғылыми қызметкері
2012-2015 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, молекулалық биология және генетика кафедрасының аға оқытушысы
2011-2015 жж. Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері
2016 ж. Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері
2016 ж. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы
2018 ж. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры 

Марапаттары, құрмет грамоталары
ҚР Президентінің Халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері, 2012 ж.
ҚР БжҒМ жас талантты ғалымдарға арналған стипендия иегері, 2015 ж.

Біліктілікті көтеру
2023 – «Профилирование ДНК культуры проса с использованием фрагментного анализа» (КНР)

Басылымдары
55-тен аса ғылыми еңбектердің және 7 өнер табыстың авторы. Ұсынылған бағыттар бойынша ең маңыздылары:
1.    Irina Zhirnova, Aiman Rysbekova, Elmira Dyussibayeva, Aiym Zhakenova, Bekzak Amantaev, Yin-Gang Hu, Bai-Li Feng, and Zhazira Zhunusbayeva Pre-breeding for waxy proso millet by phenotyping and marker-assisted selection // Chilean Journal of Agricultural Research 81(4) October-December 2021. P.518-526.
2.    Pengfang Qiao, Xuan Li, Dezheng Liu, Shan Lu, Lei Zhi, Aiman Rysbekova, Liang Chen,•Yin‑gang Hu Mining novel genomic regions and candidate genes of heading and flowering dates in bread wheat by SNP‑ and haplotype‑based GWAS /Mol Breeding (2023) 43:76. https://doi.org/10.1007/s11032-023-01422-z
3.    Meisam Zargar, Elmira Dyussibayeva, Aidyn Orazov, Aiym Zeinullina, Irina Zhirnova, Gulzat Yessenbekova and Aiman Rysbekova Microsatellite-Based Genetic Diversity Analysis and Population Structure of Proso Millet (Panicum miliaceum L.) in Kazakhstan / Agronomy 2023, 13, 2514. https://doi.org/10.3390/agronomy13102514. (Процентиль-79).
4.    -A. Zeinullina, M. Zargar, A. Orazov, I. Zhirnova, G.Yessenbekova, L. Zotova, A. Rysbekova, Y.G. Hu Agro-Morphological Traits and Molecular Diversity of Proso Millet (Panicum miliaceum L.) Affected by Various Colchicine Treatments / Agronomy (2023), 13, 2973. 20. (Процентиль-79).