Басты бет / ППС / Сарсикеев Ермек Жасланұлы
Сарсикеев Ермек Жасланұлы

Сарсикеев Ермек Жасланұлы

 

PhD докторы, қауымдастырылған профессор, "Электр жабдықтарын пайдалану"
кафедрасының меңгерушісі
Кабинет 1232, 8(7172) 31-74-89 

E-mail: e.sarsikeev@kazatu.kz;  sarsikeyev.ermek@yandex.ru

Ғылыми саласы

Кіші және жаңартылатын энергия, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, технологиялық процестерді модельдеу және басқару.

Оқытатын пәндері

  1. Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару жүйелері.
  2. Жобалық және ғылыми жұмыс.

Негізгі зерттеу бағыттары

  • Электрлік, магниттік, механикалық және разрядтық процестерді модельдеу.
  • Технологиялық процестерді басқарудың зияткерлік жүйелерін әзірлеу.
  • Энергия үнемдеу және электрмен жабдықтау жүйелерінің энергия тиімділігін арттыру.

Зерттеу жобалары    

  • AP19679083 «Автономды тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету тиімділігін арттыру үшін когенерациялық типтегі баламалы энергия көздерінің тәжірибелік үлгілерін әзірлеу», 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру, жетекші.
  • AP19679359 «Жылу энергетикалық жабдықтың қыздыру бетінде қақ түзілуін азайту үшін техникалық суды магниттік өңдеу жүйесін әзірлеу», 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру, орындаушы.
  • AP09058149 «Темір-бетон бұйымдары мен қатты қалдықтардың электр разрядты бұзылуын оларды өңдеу мен кәдеге жаратудың мобильді кешенін әзірлеу үшін зерттеу», 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру", жетекші.
  • AP09058186 «Электрэнергияны электрлік тораптарда тарату және жіберу кезінде оның косымша шығындарын анықтайтын әдістемені және компьютерлік бағдарламаны әзірлеу»,  2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру", орындаушы.
  • 1261/ГФ4 "қатты материалдардың бөлінуі мен бұзылуының электр разрядты технологияларын дамыту үшін конденсацияланған ортаға электржарылғыш әсерді зерттеу", 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру, орындаушы.
  • Ресейдің іргелі зерттеулер қорының № 14-08-90106 "автономды тұтынушыларды электрмен жабдықтау үшін микрогидроэлектростанцияны басқару жүйелерін зерттеу және әзірлеу" тақырыбындағы гранты, 2014-2015 жж., орындаушы.
  • 2011-2012 жылдары "жаңартылатын энергетикалық автономды электр қондырғыларына арналған буферлік электр энергиясын сақтаудың гибридті жүйелері" тақырыбындағы федералды мақсатты бағдарлама, орындаушы.
  • "Гибридті жел-дизель қондырғыларына негізделген интеллектуалды автономды электрмен жабдықтау жүйелері" тақырыбындағы федералды мақсатты бағдарлама, 2010-2012 жж., орындаушы.
     

Жетекшілік ететін магистранттары мен докторанттары

  • Сафиулин Ильгиз, магистрант, зерттеу тақырыбы «Жоғары жылдамдықты дәл электр жетектері үшін жасанды нейрондық желілер негізінде басқару алгоритмдерін жасау».
  • Ансабекова Гулбакыт, докторант, зерттеу тақырыбы «Нейро-анық емес технологиялар негізінде электр жүйелері объектілерінің қорғанысы және автоматикасы үшін интеллектуалды басқару жүйелерін әзірлеу».
  • Амир Ерлан, докторант, зерттеу тақырыбы «Жайылым ресурсын бақылаудың және ІҚМ бағуды басқарудың зияткерлік жүйесін әзірлеу».
  • Бузаева Адема, докторант, зерттеу тақырыбы «Компьютерлік көруді қолдана отырып, көшеттерді шүйілту үшін мехатрондық модульді әзірлеу».
  • Ауезханов Дархан, докторант, зерттеу тақырыбы «Толқындық және оптикалық әдістерді қолдана отырып, жемістер мен көкөністердің сұрыптау автоматты жүйесін жасау».
  • Аңсапов Арыстанбек, докторант, зерттеу тақырыбы «Ауыл шаруашылығы тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз ету үшін термоакустикалық түрлендіргіш негізінде баламалы когенерациялық энергия көзін әзірлеу».

Білімі:

2004 - 2008 жж.

Электр энергетика мамандығы бойынша бакалавры, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті.

2008 - 2010 жж.

Электр энергетика мамандығы бойынша техника мен технологияларының магистрі, Томск политехникалық университеті.

2008 - 2010 жж.

Жоғары мектебінің оқытушы, Томск политехникалық университеті.
2015 ж.

6D071800 – «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, Астана қ., Қазақстан.

2024 ж.

«20200-Электротехника, электроника, ақпараттық технологиялар» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессоры (доцент), Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті, Астана қ., Қазақстан.

Еңбек өтілі

01.07.2006 - 30.06.2007 жж.    лаборант, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
01.09.2009 - 31.08.2015 жж.    ассистент, аға оқытушысы, Томск политехникалық университеті
01.09.2015 - 03.09.2017 жж.    С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің "Электрмен жабдықтау" кафедрасының аға оқытушысы
04.09.2017 ж. - қаз.уақ.    С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің "Электр жабдықтарын пайдалану" кафедрасының меңгерушісі

Марапаттар

  • «Томск политехникалық университетіне  қосқан үлесі үшін» қола медалі, Томбы, Ресей, 2010 ж.
  • Томск политехникалық университетінің үздік оқытушысы, Томск, Ресей, 2013 ж.
  • Томск политехникалық университетінің  Құрмет галереясы, Томск, Ресей, 2014 ж.
  • Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Құрмет грамотасы, 2021 ж., Астана, Қазақстан.
  • Жас талантты ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаты, 2022 ж., Астана, Қазақстан.
  • «Құрметті энергетик» төсбелгісі, ҚР Энергетика министрлігі,  2023 ж., Астана, Қазақстан.

Біліктілікті арттыру

  • «Жоғары білім берудегі қашықтықтан білім беру технологиялары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 72 сағат, 14.12.2020 ж.
  • «Басқарушыларға арналған білім беру ұйымын басқару» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 72 сағат, 30.10.2020 ж.
  • «Энергетикалық жүйелердің жұмыс режимдерін және диагностикасын оңтайландыру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы, Инновациялық Еуразия университеті, 72 сағат, 21.11.2022 ж.
  • Тағылымдама «Электр разрядтық технологиялар және жоғары вольтты жабдықтар», Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті, 72 сағат, 14.10.2023 ж.
  • «VR технологиялары және интерактивті контентті құру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы, Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті, 144 сағат, 20.11.2023 ж.

Басылымдары

100-ден астам ғылыми және әдістемелік жұмыстардың авторы:
1) Mekhtiyev A, Neshina Y, Alkina A, Yugay V, Kalytka V, Sarsikeyev Y, Kirichenko L. Developing an Intelligent Fiber-Optic System for Monitoring Reinforced Concrete Foundation Structure Damage // Applied Sciences. 2023; 13(21):11987. https://doi.org/10.3390/app132111987.
2) Gulbakyt Ansabekova, Yermek Sarsikeyev, Zhubanyshbai Abdimuratov, Nurbol Appakov, Zhanybek Kaliyev, Anara Umurzakova, Nurbanu Sarbassova, Assel Zhumatova. Development of intelligent protection and automation control systems using fuzzy logic elements // International Journal of Electrical and Computer Engineering (IJECE) Vol. 14, No. 1, February 2024, pp. 556~565, DOI: 10.11591/ijece.v14i1.pp556-565.
3) Taran, N., Kaverin, V., Sarsikeyev, Y., Bulatbayev, F., Titkov, V. Experimental Investigation on the Effect of the Electrochemical Corrosion on Destruction of Metal Fastening Elements of Portal Type Supports // International Review of Electrical Engineering, 2023, 18(2), pp. 119–127, DOI 10.15866/iree.v18i2.23286, Scopus, 2022 General Energy,  percentile 51.
4) Ruslan A. Ufa, Vladimir E. Rudnik, Yermek Zh. Sarsikeyev, Yana Yu. Malkova, Gulbakyt N. Ansabekova. Application of generating units based on renewable energy sources for damping oscillations in the power system // Energy Reports, Vol. 9, Supp. 9, September 2023, 302-311 pp. https://doi.org/10.1016/j.egyr.2023.05.269, Scopus, 2022 General Energy,  percentile 68.
5) Ibrayeva, Gulnara; Bulatbayeva, Yuliyaa; Sarsikeyev, Yermek. Building an Adaptive Hybrid Model for Short-Term Prediction of Power Consumption Using a Neural Network // Eastern-European Journal of Enterprise Technologies, 2022, DOI: 10.15587/1729-4061.2022.254477, Scopus, 2022, Electrical and Electronic Engineering, percentile 36.
6) Akhmetbayev, D.S., Aubakir, D.A., Sarsikeyev, Y.Z., (...), Suleimenov, A.T., Tokasheva, M.S. Document Development of topological method for calculating current distribution coefficients in complex power networks // Results in Physics (2017), Vol. 7, p. 1644-1649. 

Фотогалереясы