Басты бет / ППС / Төлеген Хаметұлы Сматаев
Төлеген Хаметұлы Сматаев

Төлеген Хаметұлы Сматаев

 

Лингвистика ғылымның магистрі,

«Қазақ және орыс тілдері кафедрасының»

аға оқытушысы

Кабинет 2618

E-mail: t.smataev@kazatu.edu.kz

Ғылыми қызығушылық саласы:

Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Кәсіби қазақ тілі, Мемлекеттік тілде іс жүргізу.

Оқытатын пәндері:

Қазақ тілі

Негізгі зерттеу бағыттары:

Қазақ тілін деңгейлеп оқыту мәселелері

Білімі: жоғары

1990-1994 жж. – Павлодар педагогикалық институты. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы.

2001-2004 жж. – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Лингвистика (қазақ тілі) ғылымының магистрі.

Еңбек өтілі:

1994-2012 жж. – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы.

2012-2016 жж. – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология және тарих факультетінің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары.

2016-2022 жж. – ҚР БжҒМ «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығында (қазіргі атауы: «Республикалық ғылыми-практикалық Білім мазмұнының сараптау орталығы» ШЖҚ РМҚК) жетекші сарапшы.

2022 жылдан бастап «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ, қазақ және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы.

Марапаттар:

2010 ж. – Омбы мемлекеттік университетінде Қазақ тілі және мәдениеті орталығы қызметін ұйымдастырып, Ресей-Қазақстан елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің ректоры В.И. Струниннің Алғыс хаты.

2012 ж. – Ағарту ісіндегі ерен еңбегі мен кәсіби міндеттерін атқаруда көрсеткен жауапкершілігі мен белсенділігі үшін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректорының Алғыс хаты.

2013 ж. – Жоғары оқу орнының қалыптасуына, студенттер жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беру ісіне қосқан қомақты үлесі үшін ПМПИ ректорының Құрмет грамотасы.

2013 ж. – Алтай мемлекеттік педагогикалық акадамиясы (Барнаул қ., РФ) мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты арасындағы өзара ынтымақтастығы және студенттер ғылымының дамуы мен қолдауы үшін берілген Алғыс хаты.

2015 ж. – Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу барысында көрсеткен білікті де кәсіби шеберлігі мен жоғары жауапкершілігі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қ.Әбдиевтің Алғыс хаты.

2015 ж. – Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына, жоғары және орта оқу орындарына жоғары білікті педагог кадрларын даярлауға, институттың қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ПМПИ ректорының Құрмет грамотасы.

2017 ж. – Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін Министр Е.Сағадиевтің Алғыс хаты.

2019 ж. – Көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін ҚР Білім және ғылым министрі

А. Аймағамбетовтің Алғыс хаты.

2020 ж. – Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің Құрмет грамотасы.

2021 ж. – Білім беру жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі және салалық кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан салалық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы А. Мұқашеваның Құрмет грамотасы.

2021 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» РҒПО-ның 15 жылдығына орай оқулықтар сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Орталық директоры Ғ. Бейсембаевтің Құрмет грамотасы.

2021 ж. – Білім беру жүйесіндегі көпжылғы адал еңбегі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі шығармашылық жетістіктері және әлеуметтік әріптестіктің нығаюына қолдау көрсетіп, кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамотасы мен «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» Төсбелгісі.

Республикалық және халықаралық кездесулер:

2014 ж. – «Образование: без национальных границ» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысқаны үшін Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясының ректоры И.Р. Лазаренконың сертификаты.

Біліктілік көтеру:

2012 ж. – «Қашықтықтан оқытудың педагогикалық және ақпаратты-коммуникациялық технологиялары» атты 72 сағаттық арнайы курсының сертификаты;

2012 ж. – «Когнитивті лингвистикадағы жаңа парадигмалар мен жаңа шешімдер» тақырыбындағы (72 сағат) ғылыми стажировкасына қатысқан сертификат;

2014 ж. – Алматы қаласындағы «Өрлеу» Қазақстан Республикасының ЖОО педагогикалық мамандарының біліктілігін арттыру курсының  (240 сағат) сертификаты;

2014 ж. – РФ Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясында өткен «Образование: без национальных границ» семинарына қатысқан сертификаты;

2014 ж. – Ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған «Thomson Reuters», «Elsevier Sciencedirect and Scopus» семинарларының сертификаттары;

2014 ж. – «12 жылдық мектеп жағдайында педагог кадрларды жұмысқа даярлау» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік онлайн-семинарына қатысқан сертификаты;

2015 ж. – «Студенттердің оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологиясы» тақырыбындағы трениенг курсына қатысқан сертификаты;

2015 ж. – «Көшбасшылықты дамыту стратегиясы» тақырыбындағы трениенг-семинарының сертификаты;

2016 ж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Элеонора Дүйсенованың басшылығымен өткізілген «Техногенді әлемнің электронды мәтіні: нені оқыту және қалай оқыту» атты семинарының сертификаты;

2016 ж. – «Жаңа тәсілдемелер және инновациялық білім беру тәжірибелері» (72 сағат) курсының сертификаты;

2016 ж. – «Елбасының бес институционалдық реформасы» тақырыбы бойынша өткізілген «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингісінің сертификаты;

2016 ж. – «Үш тілді білім беру: ұлттық және халықаралық тәжірибе» тәжірибелік семинарының сертификаты;

2017 ж. – «Заманауи ақпараттық-білім беру ортасы: дәстүр және инновация» тәжірибелік семинарының сертификаты;

2017 ж. – «Worlddidac Astana 2017» V Білім және кәсіби даярлауға арналған «Заманауи білім беру ақпараттық ортасы: дәстүр және инновация» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының сертификаты;

2018 ж. – «Білім беру ресурстарын жаңғырту: тәжірибе және болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының сертификаты;

2018 ж. – «Тілдік білімді бағалау: теориясы мен әдістемесі» тақырыбында өткізілген ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларын әзірлеушілері мен сарапшыларына арналған біліктілікті арттыру курсының сертификаты;

2018 ж. – «Оқулықтың жаңа моделін әзірлеудің тиімді технологиялары» тақырыбындағы Республикалық оқыту семинарына қатысқан сертификаты;

2019 ж. – «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» латын графикасына оқытудың тренерлік курсы (72 сағат), тренерлік сертификат;

2020 ж. – «Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға арналған стратегиялар» тақырыбындағы семинар;

2020 ж. –  «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» - сабақ құрылымы, әдістері, бағалау мен жоспарлаудың баламалары оқытудың жаңартылған бағдарламасы бойынша 72 сағаттан тұратын курс;

2021 ж. – «Оқу әдебиетіне қойылатын психолингвистикалық талаптар және оқулық мәтінінің этномәдени сипатын бағалау» тақырыбындағы вебинарға қатысқаны үшін сертификат;

2021 ж. – «Халықаралық тәжірибені қолдана отырып оқулықтар мен электрондық оқулықтарды бағалау тренингін» сәтті аяқтағанын расталған (7 модуль) сертификат;

2021 ж. – Тренерлерді даярлау бойынша онлайн курстан өткені туралы сертификат;

2022 ж. – «Сандық сауаттылық: цифрлық платформаларды сабақ барысында тиімді пайдалану» тақырыбында өткізілген (72 сағаттық) біліктілікті арттыру курсынан сертификат.

Басылымдар:

40-тан астам ғылыми-әдістемелік мақалалары жарияланды.

1) Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Іс жүргізу. /Т.Х.Сматаев. –Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2007. –144 б.

2) Іс қағаздарын жүргізу: Мемлекеттік тілде іс жүргізу  пәнінен  студенттерге арналған оқу құралы. /Т.Х.Сматаев. – Павлодар:  Кереку, 2010. – 61 б.

3) Дәстүр – дәріс: қазақ тілі пәнінен студенттерге  арналған  оқу құралы. /Т.Х.Сматаев. –  Павлодар: Кереку, 2010. –85 б.

4) Кәсіби қазақ тілі. Биология, география, экология, туризм мамандықтарының студенттеріне арналаған оқу құралы. /Т.Х.Сматаев. –  Павлодар: Кереку, 2012. – 101 б.

5) Кәсіби қазақ тілі: биология, география, химия мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. /Т.Х.Сматаев. – Павлодар: ПМПИ баспасы, 2013. – 100 б.

 

Мақалалар:

 

1. Мемлекеттік және шет тілдерін оқытуға кәсіби бағытталған тәсіл. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция: Ғылым, білім, өндіріс және көліктегі перспективалық инновациялар. – Украина: Одесса, 2013 ж.

2. Мемлекеттік және шет тілдерін кәсіби бағдарланған оқыту туралы мәселе.  SWorld ғылыми еңбектер жинағы. – 4-шығарылымы. 34-том. – Одесса: Куприенко СВ, 2013. -98 б.

3. Ұлттық тіл халық мәдениетінің феномені ретінде. «Тарихи-мәдени кеңістіктегі тұлғаның рөлі (башқұрт халқының ұлттық батыры, импровизатор ақын Салават Юлаевтың 260 жылдығына)»  атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. (Уфа қ., 3-5 маусым 2014 ж.)

4. «Қазақстан өзінің жарқын болашағын жаңа біліммен байланыстырады. «Жаһандану жағдайындағы заманауи гуманитарлық білімнің өзекті мәселелері» философия ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Ф.Зағыпаровтың 80 жасқа толуына орай арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция. Павлодар қ., ПМПИ. 2015 ж.

5. Қазіргі білім берудегі жаңаша бағыттар. «Башқұртстан мен Ресейдегі ағартушылықтың даму кезеңдері мен ерекшеліктері: филологиялық, философиялық, тарихи-мәдени, педагогикалық және құқықтық аспектілер» (көрнекті башқұрт ағартушысы Мұхаметсалим Уметбаевтың туғанына 175 жыл), Уфа қ., Башқұртстан. 2016 ж.

6. Қазiргi білім беру жүйесiндегi жаңаша бағыттар. «Заманауи ақпараттық-білім беру ортасы: дәстүр және инновация» = «Современная информационно-образовательная среда: традиции и инновации» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Астана: «Оқулық» РҒПО, 2017 ж.

7. Тіл үйретуде жиілік сөздікті қолдану. «Открытая школа» республикалық ақпараттық-әдістемелік журнал №08 (169) қазан, 2017 ж. ISSN 1729-5351

8. Қазақ тілді емес мектептерге арналған қазақ тілі оқулығына қойылатын талаптар. «Заманауи ақпараттық-білім беру ортасы: дәстүр және инновация» = «Современная информационно-образовательная среда: традиции и инновации» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Астана: «Оқулық» РҒПО, 2017 ж.

9. Латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Білім беру ресурстарын жаңғырту: тәжірибе және болашағы  = Модернизация образовательных ресурсов: опыт и перспективы = Modernization of educational resources: experience and perspectives тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары/ -Астана: «Оқулық» РҒПО, 2018 ж.

10. Оқу процесінде мәтінді түсіну мен түсіндірудің маңызы. Білім беру ресурстарын жаңғырту: тәжірибе және болашағы  = Модернизация образовательных ресурсов: опыт и перспективы = Modernization of educational resources: experience and perspectives тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары/ -Астана: «Оқулық» РҒПО, 2018 ж.

11. Концепт тіл мен таным сабақтастығына негізделген когнитивтік бағыттың негізгі бірлігі ретінде. Білім беру ресурстарын жетілдіру: тәжірибе және болашағы   = Модернизация образовательных ресурсов: опыт и перспективы = Modernization of educational resources: experience and perspectives тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары /- Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 ж.

12. Қазақстанның солтүстік өңірі қаламгерлерінің тілі (Ұжымдық монография). – Нұр-Сұлтан: «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ баспасы», 2022. -139 б.