Басты бет / ППС / Сұлтанов Өмірзақ Сембайұлы
Сұлтанов Өмірзақ Сембайұлы

Сұлтанов Өмірзақ Сембайұлы

 

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент.

8215 кабинет. Тел. 8 777 138 18 63

Е-mail:o.sultanov@kazatu.kz

Ғылыми қызығушылықтар саласы

Қой шаруашылығы

Жылқы шаруашылығы

Оқытатын пәндері

Қой шаруашылығы, қой еті және жүнін өндіру технологиясы

Жылқы шаруашылығы, қымыз және ет өндіру технологиясы

Мал шаруашылығы бойынша семинар

Жетекшілік ететін магистранттары мен докторанттары

Білімі

1970 - 1975 жж. Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институты, мамандығы «ғалым - зоотехник»

1983 - 1986 жж. Москваның К.А.Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясы қой шаруашылығы кафедрасының аспиранты

Еңбек өтілі

1975-1977 жж. – Көкпекті ауданындағы «Үлгілі-малшы» совхозында зоотехник – селекционер және №3 фермасында  зоотехник

1977-1980 жж. – Семей облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының зоотехнигі

1980-1983 жж. – Қазақтың қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының Солтүстік - Шығыс бөлімінің (Семей) кіші ғылыми қызметкері

1983-1986 жж. - Мәскеудің К.А.Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясының қой шаруашылығы кафедрасының аспиранты

1986-1988 жж. – Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтының қой шаруашылығы кафедрасының ассистенті

1988-1993 жж. – Қазақтың қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының Солтүстік - Шығыс бөлімінің жетекші, бас маманы

1993-1996 жж. – Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтында ассистент, аға оқытушы

1996– 2000 жж. – Мемлекеттік қаржы институтында  аға оқытушы, доцент, қазақ тілінде оқыту факультетінің деканы

2000 – 2003 жж. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері, доцент.

2003 - 2004 жж. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Экономика» кафедрасының меңгерушісі

2005 – 2014 жж. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, профессоры міндетін атқарушы

2014 ж. қарашасынан С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу кафедрасының» доценті

Марапаттары, құрмет грамоталары

2007 ж.  – Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері

2008 ж. - С. Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты  

2011 ж. – ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың Алғысы

2012  ж. – «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері

2013 ж. – Шәкәрім атындағы СМУ - нің  «Шәкәрім», К.А.Тимирязев ат. Ресей аграрлық университетінің (Москва) «К.А.Тимирязев» және «А.В.Чаянов» атындағы медальдарымен марапатталды.

2019 ж. – К.А.Тимирязев ат. Ресей аграрлық университетінің (Москва) «Е.Ф.Лискун» атындағы медальмен марапатталды.

Республикалық және халықаралық кездесулер

  1. «Сүтті және етті ірі қара шаруашылығындағы селекциялық процестерді басқару» тақырыбындағы қысқа мерзімдік біліктілік жетілдіру курсы. «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми инновациялық орталығы» ЖШС Бас директоры, а.ш.ғ.к. А.К. Сағынбаев, 2016 ж.
  2. «Жылқы шаруашылығындағы селекциялық-асылдандыру жұмыстары: жылқы тұқымдарын шығару мен жетілдірудің заманауи әдістері» тақырыбындағы ашық дәріс. «Қазақ тұлпары» ЖШС Бас директоры, а.ш.ғ.д.  Н.А. Кикебаев, 2016 ж.
  3. «Мүйізді ірі қараны бонитировкалау» тақырыбындағы республикалық семинар. РМШАО «Асыл түлік»» АҚ басқарма төрағасы, а.ш.ғ.к. Ә.С. Шәмшідін, 2016ж.
  4. «Қазақстандағы сүтті ірі қара мал шаруашылығының жағдайы» тақырыбындағы республикалық семинар. Сүтті ірі қара мал шаруашылығы бойынша Республикалық палата төрағасы, а.ш.ғ.д., профессор К.Е. Елемесов, 2016ж.
  5. «Мал шаруашылығының әлемдік жетістіктері» тақырыбындағы халықаралық семинар. PhD, профессор Дэвид Ричард Арни - Эстония, "Life of science" Тарту  Университеті, 2014ж.
  6. «Livestock production and processing technology» тақырыбында біліктілік жетілдіру курсы. PhD, профессор Жөкен Ануашұлы – Қытай, Синьцзян аграрлық университеті, 2015ж.
  7. «Польшадағы сүтті ірі қара шаруашылығы жағдайы» тақырыбындағы халықаралық семинар. PhD, профессор Мажена Займа – Польша, Краков ауылшаруашылық университеті, 2014ж.

Біліктілікті көтеру

  1. Strategic management and strategic planning. Питсбург университет, СГУ им. Шакарима г.Семей, - Desember 17.
  2. «Оқытудың инновациялық технологиялары: теория мен тәжірибесі». – СГУ им. Шакарима г.Семей, 26.10.2013, № 142.
  3. «Семинар Tomson Reuters Scientific &Scholary Research». – СГУ им. Шакарима г.Семей, 26.04.2013.
  4. «Жылқылардың асыл тұқымды құндылықтарын бағалауды жүргізу, ұйымдастыру (бонитировкалау). Жылқы шаруашылығындағы өсіру технологиясы» . – Қостанай АШҒЗИ, БТО «Қостанай», 19.06.2015, №156-К-157.
  5. «Қаракөл шаруашылығындағы технология және селекция. Асыл тұқымды қаракөл және құйрықты қылшық жүнді қойлардың зоотехникалық есебін автоматтандыру. Биязы жүнді қой шаруашылығындағы селекциялық асылдандыру жұмыстарының мәні». – «Оңтүстік – Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, БТО «Тассай», 5.08.2015, № 22.
  6. «Қой жүнін бағалаудың физика-техникалық әдістері» атты біліктілікті жоғарылату курсы (36 сағ.) Мәскеудің К.А.Тимирязев атындағы МАША - Ресей аграрлық университеті. - 3-7.12.2018.

         Басылымдар 

    293 жұмыстың авторы, соның ішінде 3 монография, 4 авторлық куәлік және 20 оқу құралы. Ұсынылған бағыттардағы ең маңыздылары:

  1. Продуктивность и биологические особенности овец породы прекос и их помесей с баранами северокавказской и куйбышевской пород: Монография. - Москва: ФГБОУ ВПО МГАУ, 2014. – 116 б.
  2. Шет елден әкелінген етті ірі қара малдарының өнімділігі // Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы». – Семей, - № 1. - 254 – 259 - б.
  3. Ә.Бөкейхан және қазақ баспасөзіндегі экономика тақырыбы // Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына арналған «Әлихан Бөкейхан және тәуелсіздік мұраты» атты халықаралық конференция, Астана, 2016. – 123 – 129 б.
  4. Ешкі шаруашылығы: сүт, ет, жүн және түбіт өндіру технологиясы. Практикум. - Астана: КАТУ имени С.Сейфуллин, 2016. – 188 б.
  5. Технология производства саумала (парного кобыльего молока) в сухом виде //  "Коневодство и конный спорт". – 2020. - № 1. – С.11-13.
  6. Алихан Букейханов об овцеводстве Степного края // "Овцы, козы, шерстяное дело ". – 2020. - № 2.  С.17 -19.
  7. Породные ресурсы овец Казахстана и их использование // Доклады ТСХА: Сборник статей. Вып. 292. Ч. IV / М.: Издательство РГАУ-МСХА, 2020. – С.297-301.
  8. «Тұлпар» ат спорты клубындағы желісті жылқы тұқымдарының зоотехникалық сипаттамасы // С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ҒЫЛЫМ ЖАРШЫСЫ (пәнаралық). - Нұр-Сұлтан, 2020. - № 2(105). - 23-29-б.
  9. Полиморфизм ДНК–маркеров мясосальных пород овец Казахстана по генам гормона роста (gh2) и инсулиноподобного фактора роста 1(igf-1) // С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ҒЫЛЫМ ЖАРШЫСЫ (пәнаралық) Нұр-Сұлтан 2020. - № 2(105). – 52 – 58 - б.
  10. Весовой и линейный рост молодняка зааненских коз в условиях Акмолинской области // "Овцы, козы, шерстяное дело ". – 2021. - № 1. - С. 18-20.
  11. Символы овец и коз в геральдике // "Овцы, козы, шерстяное дело ". – 2021. - № 1. - С. 48-51.
  12. Ә.Н.Бөкейханның білімге көзқарасы  // «Әлихан Бөкейхан – қазақ елі мен жерінің тұтастық рәмізі» халықар. ғыл.-практ. онлайн конф. материалдары. 3.03. 2021– Нұр-Сұлтан: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы, 2021. – 314 б. (219-227)
  13. Профессор Б. Х. Садықовтың Қазақстанның жылқы шаруашылығы тарихындағы еңбегінің кейбір қырлары // «Қазақстан мен шет елдердегі өнімді жылқы шаруашылығының жағдайы мен даму перспективалары» : Халықар. ғыл.- тәж. конф. материалдары. – Павлодар: Торайғыров университеті, 2021. - 90 - 94 - б.