Главная / Образовательные программы / Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығы
Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығы

Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығы

5В080700 – «ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДЫҒЫ»

Біліктілігі - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры

Оқыту мерзімі - 4 жыл

Оқыту түрі - күндізгі

4-ші пән - география

Білімді қолдану аумағы

Қазіргі кезде Республикамызға ландшафттық сәулет объектілерін пайдалану және салу, саябақтар мен жасыл желектерді қайта құру, орманды күтіп-баптау кесулері туралы орман шаруашылық және орман орналастыру жұмыстарын бақылау, қорғаныш орман өсіруді жобалау бойынша жұмыстарды орындауды және ұйымдастыруды жасай алатын ландшафтты дизайнерлерге, көгалдандырушы мамандарға сұраныстар арта түсуде. «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығының ауыл шаруашылығы бакалавры орман шаруашылығы проблемаларын шешуде алдыңғы қатарлы ғылыми әдістерді және техникалық құралдарды қолданады.

Кәсіби дағдылар

Ауыл шаруашылығы бакалавры қала аумақтарын және елді мекендерді көгалдандыру, ландшафтты жобалау, сәндік өсімдіктерді өсіру, саябақтарды және жасыл желектерді қайта құру, орман ресурстарын қорғау және есепке алу бойынша дағдылары, орман пайдалану, орман көшетжайының жобаларын дайындау, қорғаныш және көгалдандыру орман алқаптары жұмыстарын орындау бойынша тәжірибелік дағдылар және терең теориялық білім алуына мүмкіндік береді.

Мамандардың жұмысқа орналасу перспективалары – ғылыми зерттеу институттар, мемлекеттік және жекеменшік орман шаруашылығы мекемелері, орта кәсіби оқу орындарына; орманшы, орманшының көмекшісі, орман күзету және қорғау инженері, флорист, ландшафт дизайнері.

Білім беру бағдарламасы

«Ландшафттық дизайн және көгалдандыру» және «Қорғаныш орман өсіру» бағыттары бойынша оқу бағдарламалары орман шаруашылығы ісі бойынша, орман ботаникасы, дендрология, орман тану, орманшылық, екпе орман, орман шаруашылығын құру, орман таксациясы, орман қорғау және т.б. курстармен негізделеді. «Орман екпелері селекциясы» пәні бойынша дуалды білім беру «Республикалық селекциялық орталығының Солтүстік филалы» РМК Щучинск қаласында жүргізіледі.

«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығының студенттері жобалар конкурстарынан, Халықаралық және Республикалық олимпиадалардан жүлделі орындарға ие.

2014-2015 оқу жылында аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің   рейтингі бойынша «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы ҚР ЖОО арасынан 1 орынды иеленді.

Орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасы

Байланыстар

«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі Боранбай Жұмағұл Таңатқанұлы

Тел: 8 (7172) 31-02-14, +7-771-470-65-65, Е-mail: zhumagul.81@mail.ru


6М080700 - ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДЫҒЫ

Біліктілігі - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі

Оқу мерзімі - 2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт),1,5 жыл (бейінді бағыт)

Оқыту түрі - күндізгі

Білімді қолдану аумағы

Түлектер орман шаруашылығы бойынша әртүрлі салаларда, көгалдандыру және елді мекенді абаттандыру жұмыстарында, коммерциялық орманшылық бағытында, қорғаныш орман өсіруде, ЕҚТА және биоресурстарды дамыту саласындағы менеджментте; ғылыми-зерттеу институттарында, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мекемелерінде, жобалау-өндірістік шаралары бойынша  орман шаруашылығы және табиғатты пайдалануды басқару ұйымдарында  өз білімдерін қолдана алады.

Кәсіби дағдылар

Түлектер  екпе орман инженері, орманшы, орманшы көмекшісі, орманды қорғау және күзету бойынша инженері болып және сондай-ақ  орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында оқытушы; ғылыми-зерттеу институттарында  ғылыми қызметкер, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарда, қорықтарда, биоалуантүрлілікті сақтау саласы бойынша басқармаларда кәсіби қызмет атқара алады.

Білім беру бағдарламасы

Магистратураның білім беру бағдарлама негізі базалық міндетті және бейіндік таңдау бойынша пәндерден тұрады. Білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің және өсіп келе жатқан мамандардың орманды күту бойынша орман шаруашылық жұмыстары және орман құруды бақылау, қорғаныш орман өсіру және орманды қайта қалпына келтіру, орманды сақтау, көгалдандыру және орманды молықтыру бойынша жобаларды жүзеге асыруға және дайындауға қабілетті.        Білім беру бағдарламалары көптілді принцип бойынша жасалған. Магистранттар жақын және алыс шетелдік жоғарғы оқу орындарында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндіктеріне ие. Орман шаруашылығы саласы бойынша ғылыми жобаларды жүзеге асыруға және дайындауға қатысады. Магистаруараны тәмәмдағаннан кейін докторантурада білімдерін жалғастыра алады.

Орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасы

Байланыстар

«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі Боранбай Жұмағұл Таңатқанұлы

Тел: 8 (7172) 31-02-14, +7-771-470-65-65, Е-mail: zhumagul.81@mail.ru


6D080700 - ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДЫҒЫ

Біліктілігі - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша философия докторы

Оқу мерзімі - 3 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Оқыту түрі - күндізгі

Білімді қолдану аумағы

Докторантура түлектері мынадай салаларда және аумақтарда: жоғары оқу орындарында, ғылыми зертханаларда, ғылыми-зерттеу институттарында, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, акционерлік қоғамдарда, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде жұмыс істей алады.

Кәсіби дағдылар

Түлектер әртүрлі ғылыми теориялар мен идеяларды бағалап және  салыстыруда; зерттеу нәтижелерін жоспарлау және болжау; конференция, семинар және халықаралық ғылыми форумдарға қатысу; ғылыми зерттеу процестерін жүзеге асыру, үйлестіру және жобалау; халықаралық және отандық ғылыми жобаларға, іс-шараларға қатысу; ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметі шығармашылыққа жатады;  ғылымды ашуда және дайындауда зияткерлік меншік құқығын қорғау; шет тілдерін еркін сөйлеуі керек. Философия докторы жоғары оқу орынарында оқу-тәрбие процесін ұймдастыра алу керек.

Білім беру бағдарламасы

Докторантураның «Орман ресурстарын жандандыру» білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері: қызметі толық және сапалы ғылыми-педагогикалық білім беру, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру, орман шаруашылығы саласында докторанттың терең теориялық, тәжірибелік және жеке дайындығы; орман шаруашылығы салаларын дамыту үшін докторанттарға ең маңызды және тұрақты білімді қамтамасыз ету; зерттеу және басқару қызметтері жоғары кәсіби мамандарды дайындауда жүзеге асады; әртүрлі деңгейдегі ғылыми іс-шараларға қатысуда ықпал ету дағдысын игеру.

Докторанттар шет елдердің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарында және ғылыми-зерттеу институттарында тағылымдамадан өтіп, оқуларын жалғастыруға мүмкіндіктер жасалған.

PhD дәрежесін алған жас ғалым біздің елде, сонымен қатар дүние жүзінде де жоғары бәсекеге ие.

Орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасы 

 

Байланыстар

«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі Боранбай Жұмағұл Таңатқанұлы

Тел: 8 (7172) 31-02-14, +7-771-470-65-65, Е-mail: zhumagul.81@mail.ru