С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Егіншілік кафедрасында орман шаруашылығы саласындағы мамандарды даярлау 2001 жылдан басталды. «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедрасы «Экология және орман шаруашылығы», «Өсімдік шаруашылығы», «Агрохимия және топырақтану» кафедраларының қайта құрылуы негізінде 2012 жылы құрылды.
«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедрасы
Орман шаруашылығы саласында оқыту және ғылыми-зерттеулер жүргізу кафедра қызметінің негізгі бағыттары болып табылады. Кафедра В079- «Орман шаруашылығы» БББ-тобы, 6B08302 - «Ландшафты дизайн және көгалдандыру» және 6B08303- «Қорғаныш орман өсіру», М133- «Орман шаруашылығы» БББ-тобы, 7M08301 – «Орман бақ шаруашылығы» (2 ж.), D133 - «Орман шаруашылығы» БББ-тобы, 8D08301- «Орман ресурстарын тұрақты басқару» білім беру бағдарламалары бойынша түлектерді дайындайды.
Кафедрада профессор-оқытушылар құрамы 23 қызметкер, оның ішінде 2 ғылым докторы, 5 PhD доктор және 7 ғылым кандидаты бар. Кафедраның ғылыми дәрежелену деңгейі 56,5 % - ды – құрайды. Кафедра меңгерушісі Абжанов Талғат Сағидоллаұлы болып табылады. 2013 жылы Д.Н.Сарсекова, ал 2014 жылы аға оқытушы Н.Б.Казангапова ҚР БжҒМ «ЖОО арасындағы үздік оқытушы» грантын жеңіп алды. Соңғы үш жылда 10 оқытушы шетелдік тағылымдамадан өтіп келді
2013 жылдан бері 6М080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша көптілді оқыту басталды, 2015 жылдан бастап кафедрада 6D080700-«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша 4 оқытушы ағылшын тілінде сабақтар жүргізеді. 2019 жылдан 6В08302 –«Ландшафты дизайн және көгалдандыру», 6В08303- «Қорғаныш орман өсіру» бастап білім беру бағдарламалары бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сабақтар жүргізіле бастады.
Кафедра құрамында университеттің Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультетінде қазіргі заманғы 3 оқу зертханасы: дендрология, орманшылық, орман тұқым ісі және Щучинск қаласындағы «Сарыарқа» ОӨҒК 2 зертхана жұмыс істейді: таксациялық, орман орналастыру және екпе орман зертханалары бар.
Кафедрада ҚР БЖҒМ гранттық қаржыландыру аясында 2018-2020 жылдарға арналған келесідей жобалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуде: «Астана қаласымен қала маңындағы аймақтардың жасыл желектерінің күйін ландшафттық-экологиялық бағалау, көгалдандыру жүйесін оңтайландыру» және «Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстанның негізгі орман түзуші ағаш түрлерінің микоризалық макромицеттері». Жоба жетекшісі а.ш.ғ.д., профессор Д.Н. Сарсекова; 2016-2018 жж. Қытайдағы экология және география ғылым Академия институтымен бірлесе отырып, "Достық Саябағы" қазақстандық-қытайлық жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Кафедра ғылыми-зерттеу мекемелер мен жақын және алыс шетелдердің жоғарғы оқу орындарымен атап айтқанда, жаратылыстану ғылымдары Варшава университеті және Краков ауыл шаруашылығы университеті (Польша), Кастамон университеті (Түркия), жаратылыстану ғылымдары Чехия университеті (Чехия), Стамбул университеті (Түркия), Гёттинген университеті (Германия), Карадениз техникалық универитеті (Трабзон, Түркия), Джорджия университеті (АҚШ), Трибхуван университеті Орман институты (Непал) және басқа да жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен тығыз байланысты жұмыс жасайды.
Практика базасы кафедрада білім алушыларға арналған пәндер бойынша 120-ке жуық мекемелер мен кәсіпорындар бар. 2023-2024 жылдары зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының деректері бойынша, бакалавриат түлектерді жұмысқа орналастыру, білім беру бағдарламалары бойынша 6В08302 –«Ландшафты дизайн және көгалдандыру» 93 %-ды, ал 6В08303- «Қорғаныш орман өсіру» 91- %-ді, магистратура – 100%, докторантура -100 % құрады.
2024 жылғы 27 ақпанда 6В08302 - Ландшафтты дизайн және көгалдандыру және 6В08303 - Қорғаныш орман өсіру білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған, «Орман питомникалық ісі» пәнінен «Астана қаласына арналған ағаш және бұта түрлері» тақырыбында орман шаруашылығының білікті маманы, «KazGreen-city» ЖШС директоры А.Б.Айдаболовпен проблемалық дәріс өткізілді.
Біздің түлектер ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінде, орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы Қазақ ҒЗИ, «Астана-көгалдандыру құрылыс» ЖШС, «Жасыл жер», РМҚ «Жасыл Аймақ» және басқа да ұйымдарда жұмыс істейді.
Кафедраны PhD доктор, аға оқытушы Абжанов Талгат Сағидуллаұлы басқарады.
Өзіндік бір мамандық ретінде қалыптасу жолы бар: 2011 жылы агрономия факультетінде орман шаруашылығы мамандарының дайындығы басталды. Осы жыл аралығында мамандық атауы бірнеше рет өзгертіліп отырды: 2011 жылы бұл мамандық 4515-«Орман және саябақ шаруашылығы», 2004 жылы 050807-«Орман шаруашылығы ісі», 2010 жылы 5В080700-«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» (бакалавр), 2008 6М080700-«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» магистратура, 2013 жылдан бастап осы мамандық бойынша PhD докторанттарын оқыта бастады. Бастапқыда агрономия факультетінде орман шаруашылығы мамандарын шығару «Егін шаруашылығы» содан кейін «Экология және орман шаруашылығы», ал 2012 жылы жаңа «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедрасы ашылды. 2012 жылы «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедрасы «Егін шаруашылығы», «Агроэкология және агрохимия», «Экология және орман шаруашылығы» кафедраларынан біртіндеп дами түсті.
1960 жылдан 2012 жылдар аралығында «Егін шаруашылығы», «Экология және орман шаруашылығы» кафедраларының меңгерушілері болып ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Лев Сергей Роктанэн, а.ш.ғ.к., доцент Алексей Васильевич Иванников, Ренат Хазеевич Карипов, Асқар Оралұлы Амралин, а.ш.ғ.к., доцент Жұмағұлов Игілік Иманғалиұлы, т.ғ.к., доцент Масенов К.Б. болды. Қазіргі таңда кафедраның меңгерушісі а.ш.ғ.д., профессор және АМА корреспондент мүшесі Сарсекова Дани Нұрғисақызы болып отыр. 2005 жылы Астана қаласы әлеуметтік-экономикалық дамуы және қала құрылысының дамуына байланысты Н.Ә.Назарбаев орман шаруашылығы мамандарын дайындау қажеттілігін түсініп, ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақ агротехникалық университетінде орман шаруашылығы кафедрасын құруды бұйырды.
Орман шаруашылығы мамандарының тәжірибелік дайындығын жақсарту мақсатында 20016 жылы Щучинск қаласында орман шаруашылығы ҒЗ-нің негізінде «Сарыарқа» оқу-ғылыми-өндірістік кешені құрылды. Ол қазіргі заманға сай құрылғылар мен компьютер сыныбымен жабдықталған. 1-2-курс аралығындағы оқу үрдісі Астана қаласында, ал 3-4 курсының оқу үрдісі Щучинск қаласында оқу-ғылыми-өндірістік кешенінде өтеді.
2008 жылдан кафедрада «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандықтары бойынша магистранттар дайындалды, ал 2013 жылдан бері магистратурада көптілді оқыту бағдарламасы жүргізілуде (қазақша, орысша, ағылшынша). 2013 жылы 5В080700-«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандықтарына «Ландшафтты дизайн және көгалдандыру» және «Қорғаныш орман өсіру» екі бағдарламалар бойынша бакалавр дайындайды. 2013 жылы С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ 6D080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша РhD докторларды дайындауда лицензиясын алды. «Орман және саябақ шаруашылығы», «Орман шаруашылығы ісі», 5В080700-«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандықтары бойынша 2001 жылдан бері орман шаруашылығы саласында 450-дей мамандар шығарылды.
АҚШ-тан профессордың сапары
2022 жылдың 5-9 желтоқсан аралығында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультетіне АҚШ-тың Джорджия университеттерінің жүйесіне кіретін, Тифтон қаласындағы Абрахам Болдуин колледжінің профессоры, қазіргі уақытта Fulbright бағдарламасының аға стипендиаты, Непалдағы Трибхуван университеті, Орман институтында жұмыс атқарып жүрген, Эндрю Иган келді.
Сапар мақсаты – орман шаруашылығы саласында дәрістер оқу, АҚШ, Непал және Қазақстан ғалымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Университет басшылығынан Профессор Эндрю Иганды Басқарма төрағасының стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Е.Н.Нысанбаев, Басқарма төрағасының ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары И.Т.Токбергенов қабылдады. Әңгімелесу барысында ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық мәселелері, Джорджия университеттері жүйесімен және Непалдың Трибхуван университетінің Орман институтымен өзара ынтыматастық туралы меморандумға қол қою мәселелері талқыланды.
Сапар барысында профессор Эндрю Иган «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедрасының қызметкерлерімен кездесті, кафедраның магистранттары, докторанттары және профессорлық-оқытушылық құрамы үшін келесі тақырыптарда дәріс оқыды: орман шаруашылығын басқарудың озық тәжірибелері, орман шаруашылығы жұмыстарының өзара әрекеттесуі, орман шаруашылығы және орман ортасы, орман және су айдындарын қалпына келтірудің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық аспектілері. Сонымен қатар «АҚШ пен Непалдағы орман шаруашылығы» тақырыбында кәсіби ауызша ағылшын тілі клубының отырысы өтті.
Профессор Эндрю Иган, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және қоршаған ортаны қорғау комитеті ұйымдастырған, Астана қаласының Ботаникалық бағы базасында «Орман шаруашылығының дамуы мен мәселелері, АҚШ пен Қазақстанда кадрларды даярлау» атты дөңгелек үстелге қатысты. «Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және қоршаған ортаны қорғау комитеті», Астана қаласының Ботаникалық бағы, «Жасыл Аймақ» РМК, сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және қоршаған орта факультетінің деканы Сарсекова Д.Н., орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі Боранбай Ж.Т., кафедра доценті Тоқтасынов Ж.Н., факультеттің халықаралық ынтымақтастық үйлестірушісі Китайбекова С.О. және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан, АҚШ және Непалдағы орман шаруашылығын дамыту және мамандарды даярлау мәселелерін талқылап, соңында Ботаникалық бақтағы жылыжайларға экскурсия жасалынды.
Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультетінде дәріс оқу
Шет тілдері кафедрасындағы Семинар, ҚР салт-дәстүрлерімен танысу
Ботаникалық бақтағы дөңгелек үстел
"Сарыарқа" ОӨҒК, "Бурабай"ұлттық паркі
2016-2019 жылдары SUSDEV «Тұрақты даму үшін өмір бойы оқыту» жобасы жүзеге асырылды. Жоба әртүрлі мақсатты топтардың жасыл дағдыларын дамытуға ықпал ететін және өмір сапасымен тығыз байланысты үш түрлі бағыт (экология, тамақ өнімдері ғылымы және жер ресурстарын басқару) үшін үздіксіз білім беру бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған.
Бұл жобаның мақсаты жоғары оқу орындарының тұрақты дамудағы рөлін күшейту болып табылады. Индустрия мен қоғамның дамуы, серіктес елдерде ұлттық жасыл саясатты қолдау және өмір бойы білім алу арқылы жасыл мәдениетті насихаттау. Жобаның мақсаты түрлі мақсатты топтар мен дағды деңгейлері үшін жасыл дағдыларды ынталандыру модульдерін жасау; мақсатты топтардың білім беру ресурстарының ашылуын қамтамасыз ету; жасыл мәдениетті және үздіксіз білім беруді оқытушылар құрамын, сыртқы мүдделі тараптарды және мемлекеттік басқаруды оқыту арқылы жетілдіру; білім мен жұмыста «жасыл дағдылардың» маңыздылығын арттыру.
Жобаның үйлестірушісі - Варшава өмір туралы ғылымдар университеті. Бағдарлама нәтижесінде жұмыс берушілерге арналған магистрлік бағдарлама бойынша курстар дайындалып, Щучинск қаласында «Жасыл дағдылар орталығы» ашылды
Академиялық ұтқырлық аясында шетелдік ғалымдар (Аким Доренбуш - Германиядан - Михель Засада және Кшиштов Бетковский - Польшадан, Людек Шишек - Чехиядан, Альфас Плюра - Литва, Ольга Вайшля - Ресей, Сезгин Аян - Түркия, Александр Ташев - Болгариядан) келіп мамандық бойынша 3-4 курс студенттеріне сабақ өткізді.
2019 жылғы 17-29 маусымда Щучинск қаласында «Priorities of Forest Science and innovation for youth» VI Халықаралық жазғы мектеп өтті, оған Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан жоғары оқу орындарының 29 студенті, магистранттары мен докторанттары қатысты, Қазақстанның ЖОО: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, С.Торайғыров атындағы ПМУ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Жәңгірхан атындағы БҚУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ және шақырылған ғалымдардан ауылшаруашылық ғылымдарының докторы С.Меншиков (Екатеринбург, Ресей) және О.Султангазиев (Австрияның BOKU университетінің, К.Скрябин атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің түлегі).
"Орман ресурстары және орман шаруашылығы" мамандығының студенттері университетте және факультетте жүргізілетін барлық іс-шараларға оқытушылармен бірлесе отырып, белсенді қатысады (мемлекеттік мерекелер, спорттық жарыстар, құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және діни экстремизмнің алдын алу).
Студенттер үшін кәсіпті мамандармен мекеме басшыларымен кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Студенттер бірнеше рет ҚР Президенті және "Нұр Отан", "Жас Отан" ХДП өкілдерімен кездесті.
Аталған мамандық студенттері жыл сайын күзде Астана қаласы жасыл белдеуінде ағаштар отырғызуға белсенді қатысады, бұл, өз кезегінде, болашақ мамандарды еңбекке баулуға және табиғатқа деген махаббат қана емес, табиғатты қорғауға дағдыланады. Көптеген біздің студенттер ғылыми жұмыстарға қызығушылықпен айналысады. Осы мақсатта "Жас орманшы" (Щучинск қ.) үйірмесіне студенттер белсенді қатысады.
Қоғамдық-саяси, патриоттық және құқықтық тәрбие кураторлық сағаттар өткізіледі, жыл сайын "Қазақстан-2050 Стратегиясы" және Президент жолдауы талқыланады.
Жыл сайын 1-курс студенттері тәрбиелік іс-шаралар аясында өлкетану және атаулы мұражайларға (ҚР Тұңғыш Президентінің музейі, С. Сейфуллин мұражайы және т. б.) барады, ой-өрісін кеңейту мақсатында мамандық бойынша Щучинск, Көкшетау қалаларындағы ұлттық саябақтар мен қорықтарға барады. Студенттік жастар ұйымы (ЖІК) және ЖОО-ның ТЖ жөніндегі директордың орынбасары, деканаттың қолдауымен студенттер концерттер, кездесулер, кештер ұйымдастырады.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін көркем сөз үйірмесі, көркемөнерпаздар үйірмесі, музыкалық үйірме және пікір-сайыс клубы жұмыс істейді.
КАФЕДРАНЫҢ АТАУЫ |
Мамандықтың атауы |
Студенттің атауы |
Алған орны |
Өткізілген орны |
||
2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫ |
||||||
ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ |
5В080700 -«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» |
|
2 |
Республикалық студенттік пәндік олимпиада ҚР БҒМ,ҚазҰАУ |
||
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫ |
||||||
ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ |
5В080700 -«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» |
Базарбаев Адлет Айбекович |
3 |
Республикалық студенттік пәндік олимпиада ҚР БҒМ,ҚазҰАУ |
||
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫ |
||||||
ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ |
5В080700 -«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» |
|
2 |
Республикалық студенттік пәндік олимпиада ҚР БҒМ,ҚазҰАУ |
||
ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ |
5В080700 -«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» |
Билялова Дарина Калитаевна |
2 |
Республикалық студенттік пәндік олимпиада ҚР БҒМ,ҚазҰАУ |
||
ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ |
5В080700 -«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» |
Жахан Жаснұр Ерланұлы |
2 |
Республикалық студенттік пәндік олимпиада ҚР БҒМ,ҚазҰАУ |
||
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫ |
||||||
ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ |
В079 Орман шаруашылығы 6В08302 Ландшафтты дизайн және көгалдандыру |
Қамшыбек Нұрбибі Мадиқызы |
3 |
Республикалық студенттік пәндік олимпиада ҚР БҒМ,ҚазҰАЗУ |
010000, Қазақстан Республикасы,Астана қаласы,
Жеңіс даңғылы 62а,
Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеті,
7 ғимарат (Әскери кафедра)
тел.: +7 (7172) 31-02-14
e-mail: taka...777@mail.ru