Главная / Образовательные программы / Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

Мамандық атауы: 5В080400-«Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»

Біліктілік: 5В080400-«Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры

Оқу мерзімі: 4 жыл

Оқу түрі: күндізгі ішкі

4 пән: биология

Білімді қолдану өрісі: Балық шаруашылығы мамандарының практикалық және ғылыми-зерттеушілік қызметі табиғи және жасанды суларда гидробионттарды зерттеуге және балық шаруашылығын тиімді жүргізуге, бағалы және кәсіптік балық түрлері мен азықтық объектілерді көбейту биотехникасына бағытталған.

Түлектердің кәсіптік қызметін іске асыра алатын мекемелер  ҚР АШМинистрлігіндегі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті; облыстық, райондық аумақтық инспекциялар; балық өсіру шаруашылықтары; балық аулау ұйымдары мен кәсіпорындары; ғылыми-зерттеу институттары; табиғат қорғау ұйымдары; балық өңдеу кәсіпорындары.  

 Дағыланудың қысқаша сипаттамасы: Мамандық түлектері сәйкесті технологиялар бойынша гидробионттарды кәсіптік аулаумен айналыса алады, селекциялық асыл - тұқымды жұмыстарды ұйымдастырады, бүкіл типті балық өсіру кәсіпорындарында жұмыс истеуге дағдыланады, гидробионттардың түрлік құрамын зерттеуін, гидробионттардың биологиялық ерекшеліктерін таралуын мен жүйелеуін біледі,   балықтардың залалдану көзі мен жолдарын анықтайды, Қазақстанның ішкі суаттарында балық және басқа су биоқорықтары жағдайына мониторинг жасап қорғау мен кәсіптік аулау ұйымдастырады.  

Кәсіптік қызметінің бағыттарына кіретіндері меншіктіктің барлық түрлерінің балық аулау кәсіпорындарында, балық питомниктерінде, уылдырық шашу - өсіру шаруашылықтарында өндірістік іс әрекет жүргізу, табиғи суаттарында балық өсіру жұмыстарын ұйымдастыру, балық шаруашылықтық қолдану мақсатымен суаттарға сараптамалық баға беру, балық пен омыртқасыздарды жерсіндіру, су биоқорығын ұтымды қолдану үшін қорғау және бақылау жұмыстар кешені.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Бағдарлама толық сапалы кәсіптік білім алуды қамтамасыз етеді, тәжірибе жүргізудің барлық кезеңдерінде студенттердің өзіндік ізденіс-зерттеушілік іс әрекетіне жағдай жасайды, балықтарды тауарлы өсіру, индустриальды балық өсіру, балықтарды қолдан өсіру, азықтандыру және қоректену, гидроқұрылғылар, тоған шаруашылығын құрастыру мен қолдану сұрақтары бойынша студенттерге терең теориялық білім мен тәжірибелік дағылануға мүмкіндік береді.

 АРТА ұлттық рейтингісінде бағдарламаның 2015 жылдағы орны - 2 орын

Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасы

Эдвайзерлермен байланыс:

Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі Нарбаев С.

Тел.: +7(717) 2-29-76-33, Е-mail: narbaev_serik@mail.ru

-----------------------------------------------------------------------------------------------

Мамандық атауы: 6М080400-«Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»

Біліктілік: 6М080400-«Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы магистрі

Оқу мерзімі: 2 жыл

Оқу түрі: күндізгі ішкі

Білімді қолдану өрісі: Жоғарғы және орта арнайы білім беретін оқу орындары; ғылыми-зертеу институттары; ғылыми-өндірістік; ауыл шаруашылығы; табиғатты қорғау; жобалы; сараптамалы; әкімшілік мекемелері. Табиғи және қолдан жасалған суаттар экожүйелері, гидробионттар; гидробионттарды қолдан көбейту және өсіру технологиялық үдерістері, аквакультура кәсіпорындарының құрал -жабдықтары.

Түлектердің кәсіптік қызметін іске асыра алатын мекемелер  Облыстық, райондық аумақтық инспекциялар; балық өсіру шаруашылықтары; балық аулау ұйымдары мен кәсіпорындары; ғылыми-зерттеу институттары; табиғат қорғау ұйымдары; балық өңдеу кәсіпорындары.  

Дағыланудың қысқаша сипаттамасы: Мамандық түлектері сәйкесті технологиялар бойынша гидробионттарды кәсіптік аулаумен айналыса алады, селекциялық асыл - тұқымды жұмыстарды ұйымдастырады, бүкіл типті балық өсіру кәсіпорындарында жұмыс истеуге дағдыланады, гидробионттардың түрлік құрамын зерттеуін, гидробионттардың биологиялық ерекшеліктерін таралуын мен жүйелеуін біледі,   балықтардың залалдану көзі мен жолдарын анықтайды, Қазақстанның ішкі суаттарында балық және басқа су биоқорықтары жағдайына мониторинг жасап қорғау мен кәсіптік аулау ұйымдастырады.  

Кәсіптік қызметінің бағыттарына кіретіндері меншіктіктің барлық түрлерінің балық аулау кәсіпорындарында, балық питомниктерінде, уылдырық шашу - өсіру шаруашылықтарында өндірістік іс әрекет жүргізу, табиғи суаттарында балық өсіру жұмыстарын ұйымдастыру, балық шаруашылықтық қолдану мақсатымен суаттарға сараптамалық баға беру, балық пен омыртқасыздарды жерсіндіру, су биоқорығын ұтымды қолдану үшін қорғау және бақылау жұмыстар кешені.

Бағдарламаның қысқа мазмұны: Бағдарлама білім беру үдерісінің мақсатын, күтілген нәтижесін, мазмұнын іске асыру жағдайы және технологиясын, осы мамандық бойынша түлекті дайындау сапасына бағалауды регламенттейді және оған кіретіндері: оқу жоспары, оқыту пәндерінің (модульдері) жұмыс бағдарламалары және білім алушыларды дайындау сапасын қамтитын басқа материалдар,  сонымен қатар оқу және өндірістік практика бағдарламалары, календарлы оқу тізбегі және сәйкесті білім беру технологияны іске асыруын қамтитын әдістемелік материалдар.

Бағдарлама толық сапалы кәсіптік білім алуды қамтамасыз етеді, тәжірибе жүргізудің барлық кезеңдерінде магистранттардың өзіндік ізденіс-зерттеушілік іс әрекетіне жағдай жасайды, балықтарды тауарлы өсіру, индустриальды балық өсіру, балықтарды қолдан өсіру, азықтандыру және қоректену, гидроқұрылғылар, тоған шаруашылығын құрастыру мен қолдану сұрақтары бойынша магистранттарға терең теориялық білім мен тәжірибелік дағылануға мүмкіндік береді.

АРТА ұлттық рейтингісінде бағдарламаның 2015 жылдағы орны - 2 орын

Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасы

Эдвайзерлермен байланыс: Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі Нарбаев С.

Тел.: +7(717) 2-29-76-33, e-mail: narbaev_serik@mail.ru