Басты бет / Факультеттер және кафедралар / Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасы
Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасы

Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасы

 

«Аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасы 2001 жылы құрылды. Мамандарды даярлау 6В08301 – «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» және 6В08401– «Аквакультура және су биоресурстары», 7М08401- «Интенсивті балық шаруашылығы», 7М08301-«Табиғи биоресурстарды тиімді пайдалану», «Жабайы табиғат» білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

2001-2004 жж. кафедра меңгерушісі а.ш.ғ.к, доцент Ж.К.Құржықаев, 2007-2014жж., 2018-2021жж. в.ғ.к., доцент Қ.Н.Сыздықов, 2014-2018 жж. а.ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор С.Н.Нарбаев, 2021-2023 жж. б.ғ.к., аға оқытушы Ж.М.Қарағойшин қызметін атқарды.

Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі міндетін биология ғылымдарының кандидаты, PhD, қауымдастырылған профессор Гульжан Аманжоловна Аубакирова атқарады.

Кафедраның штаттық құрамы 12 оқытушыдан тұрады, 1 биология ғылымдарының докторы, 2 доктор PhD, 6 ғылым кандидаты,  3 ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі. 

Кафедра қызметкерлерінің ішінен 4 оқытушы

«ҚР жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері:

  • 2006 ж. – Арынова Райхан Ахметовна, биология ғылымдарының докторы, доцент
  • 2006 ж. – Карагойшин Жасхайыр Мухангалиевич, биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • 2011 ж. – Бекеева Саулемай Айдаровна, биология ғылымдарының кандидаты, доцент
  • 2020 ж. – Аубакирова Гульжан Аманжоловна, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

Оқу процесінде оқытудың инновациялық формалары мен әдістері қолданылады («Тоған шаруашылығы» - а.ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.С.Асылбекова; «Ихтиология» - б.ғ.к., қауым.профессор м.а. Г.К Баринова; «Сәндік балық шаруашылығы » - в.ғ.к., доцент К.Н.Сыздыков, «Ғылыми зерттеу әдістері» - б.ғ.д., доцент Р.А.Арынова; «Балықтарды қоректендіру», - а.ш.ғ.к., қауым.профессор С.Н.Нарбаев – іскерлік ойындар, үстел жаттығулар, білім беруші тапсырмалар, түрлі сабақтар өткізілуі барысындағы компьютерлік бағдарламалар).

Өткізілетін сабақтар сапасын жақсарту мақсатында ашық сабақтар кестесі, өндірістен жетекші дәріскерлер шақырту, сабақтарға өзара қатысу кестесі құрылған.

Оқу процесінде материалдық база ретінде: AiLand океанариумы, "Балық шаруашылығы" ҒӨО, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының аңшылық шаруашылықтары мен балық питомниктері.  

    

  

  

  

  

     



Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының тарихы

«Аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасы 2001 жылы құрылды. Кафедра меңгерушісі болып доцент Куржықаев Жұмағазы Күзембайұлы тағайындалды.

Кафедраның қалыптасуы мен  жұмыстың өркендеуіне а.ш.ғ. к., доцент Григорьев Борис Николаевич және аға оқытушы Джаманбаев Танатар Дарынбекович үлкен үлес қосты. Кафедра меңгерушісі Ж. К. Құржықаевтың басшылығымен олар мамандықтардың жұмыс жоспарларын, оқу-әдістемелік кешендер мен материалдық-техникалық базаны және білім алушылардың бірінші контингентін қалыптастырды. Григорьев Борис Николаевич пен Жаманбаев Танатар Дарынбекұлы кафедраның жас педагогикалық құрамының тәлімгерлері болды.

Григорьев Борис Николаевич

а.ш.ғ.к., доцент

Джаманбаев Танатар Дарынбекович

Аға оқытушы

Балық шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды үйлестіру үшін және балық шаруашылығын өркендетуге бағытталған басты ғылыми ізденістерге қатысу, сондайақ оқытушылар құрамының біліктілігін көтеру және оқу үдерісін жетілдіру мақсатында ҚР «Ғылым» туралы Заңының 10 бабына сәйкес университет жанынан ғылыми бөлім ашуға болатындығына сүйене отырып «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма Төрағасының 2010. 07. 10 берілген бұйрығымен «Балық шаруашылығы» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.

Кафедра басқа елдердің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста.  2001 жылы Иркутск  мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясымен (Ресей); 2002 жылы  профессор Б.М. Житков атындағы Бүкілресейлік аңшылықтану және аң шаруашылығы ҒЗ институтымен және Вятка мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясымен бірлесе жұмыс істеу жөнінде шарт жасалды. 2008 жылы Астрахань мемлекеттік техникалық университетінің  аквакультура  және су биоресурстары кафедрасымен бірлесіп жұмыс  атқару жөнінде шарт жасалды.

Кафедра қызметкерлері біліктіліктерін жоғарлату мақсатында Киров қаласына Вятка ауыл шаруашылығы академиясына (Ресей), 2011 жылы ФАО–ның «Әлемнің үшінші елдерінде аквакультураны дамыту» бағдарламасы аясында Туркияда; 2012 жылы Қытайдың Уси қаласындағы «Тұщы су балық шаруашылығы ҒЗ орталығында»; (РФ) Астрахань МТУ-де біліктіліктерін көтеріп келді.  Біздің мамандықтардың түлектері Республикамыздың түпкір-түпкірінде жемісті еңбек етіп келеді. Р. Нұрғалиев, А. Бақиянов, С. Болож, Б. Исахаев сияқтыкафедра түлектері  әр түлі комитеттерде қызмет атқарып жатыр. Р Нұрғалиев Францияның Сорбон университетінің магистратурасын оқып бітірген болса, 6М080300-«Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығы оқыған магистрант Оленик Иван Викторович Польша елі, Краков ауылшаруашылық университетіне 2014 жылғы қазанның 1-нен 2015 жылғы қаңтардың 31-не дейін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыды. 2015 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін кафедраның аға оқытушысы Ж.Б. Қуанчалеев Жапония мемлекеті, Обихиро қаласын «Ауыл шаруашылығындағы информациялық және коммуникациялық технологиялар» тақырыбында өткен тренингке қатысты. 2016  жылы Ж.Б. Қуанчалеев аквакультура саласында тәжірибе алмасу мақсатында Финляндия Республикасы, Куопио қаласына жіберілді.

2016 жылдың 05-20 желтоқсан аралығында кафедраның аға оқытушылары Г.А. Аубакирова және А. Т. Жапарова "Аквакультураны дамыту бойынша үшінші мемлдекеттерді оқыту курсы" тренинг-бағдарламасы бойынша Түркия мемлекетіне барып келді.

2019 жылы кафедраның аға оқытушысы Ж.М. Қарағойшин "Аңшылықтану мен аң шаруашылығының өзекті мәселелері" тақырыбында біліктілігін арттыру мақсатында Иркутск қаласы (РФ), А.А.Ежевский атындағы Иркутск мемлекеттік аграрлық университетіне барып келді.

2019 жылдың маусым айында кафедраның қауымдастырылған профессоры Г.А. Аубакирова Қытай балық шаруашылығы ғылымдары академиясында "Аквакультураның жаңа объектілерін өсіру" тақырыбында ғылыми тағылымдамадан өтті.

2021 жылдың 30 тамызынан 12 қыркүйегіне дейін М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде "Балықтардағы әдеттегі, краниологиялық және анатомиялық белгілердің өзгергіштігі" тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру мақсатында РФ-ға барды. 2021 жылғы 1-15 қараша аралығында РҒА су және экологиялық проблемалар институтының Новосибирск филиалында ғылыми тағылымдамадан өтті. 2021 жылдың 28 маусымы мен 7 шілдесі аралығында Ресей Федерациясына барып, Новосибирск мемлекеттік университетінде "Судың гидрохимиялық режимі және артемияны жинау және өңдеу әдістері" тақырыбында біліктілігін арттырды.

2023 жылдың 6-10 қараша аралығында кафедраның қауымдастырылған профессорлары Асылбекова А.С. және Баринова Г. К. "Қазақстанның бағалы балық түрлерінің репродуктивті жасушаларының криобанкін құру" жобасы аясында Бүкілресейлік балық шаруашылығы және океанография ғылыми-зерттеу институты (ВНИРО) Санкт-Петербург филиалында тәжірибеден өтті.

Кафедрада 2020-2023 Ж. Ж. мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын екі жоба бойынша жұмыс жүргізілуде: "Сумен жабдықтаудың тұйық циклы бар қондырғыда көксерке жасанды өсімін молайтудың биотехникалық тәсілдерін әзірлеу", "Қазақстанның бағалы балық түрлерінің репродуктивті жасушаларының криобанкін құру".

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Балық шаруашылығы саласында орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру, балық шаруашылығын дамытудың басым бағыттарын орындауға қатысу, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, оқу процесін жетілдіру мақсатында және университет жанынан ғылыми бөлімшелер құруды регламенттейтін "Ғылым туралы" ҚР Заңының 10-бабын Басшылыққа ала отырып, " С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" АҚ Басқарма төрағасының бұйрығымен. "№ 577 07.10. 2010 жылы "Балық шаруашылығы" ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.

"Балық шаруашылығы" ҒЗО балық шаруашылығы саласындағы іргелі және қолданбалы ғылымдардың дамуын ұйымдастыратын және үйлестіретін ғылыми-зерттеу бөлімшесі болып табылады.

"Балық шаруашылығы" ҒЗО мақсаты - ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын және балық өсіру, балық аулау және аквамәдениеттің неғұрлым өзекті бағыттарын дамыту басымдықтарын айқындау; ғылым мен практиканы интеграциялау және білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау проблемасының оңтайлы шешімін іздестіру; конкурстық негізде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен орындалатын ғылыми бағдарламаларды қалыптастыру бойынша "Балық шаруашылығы" ҒЗО-ның ұқсас жоғары оқу орындарымен және ҒЗИ-мен қызметін үйлестіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

  

Өзінің күнделікті қызметінде "Балық шаруашылығы" ҒЗО мынадай міндеттерді іске асырады:

- балық шаруашылығы саласында ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және енгізу жұмыстарын орындау;

- балық шаруашылығы саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің басым және маңызды бағыттары бойынша конкурстарға, сондай-ақ халықаралық жобаларға қатысу;

- Қазақстан Республикасы балық шаруашылығының өзекті мәселелері бойынша инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу;

- республикалық ғылыми тапсырмалар мен халықаралық бағдарламалардың жобаларын іске асыру үшін кафедралардың жетекші ғалымдары мен ұқсас ғылыми ұйымдар, сондай-ақ магистранттар қатарынан шығармашылық ұжымдарды қалыптастыру;

- ғылыми зерттеулердің бағдарламалары мен әдістемелерін қалыптастыруға қатысу және тақырыптарды жауапты орындаушылардың олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;

- жоғарыда көрсетілген облыстарда өңірлердің кәсіпорындары үшін кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

- су айдындарында биологиялық негіздеме жүргізу

  

"Балық шаруашылығы" ҒЗО құрамына келесі ғылыми бөлімшелер кіреді:

- гидробиология және ихтиология зертханасы;

- шағын өндіру цехы; - сәндік балық өсіру зертханасы;

- "Дударай" оқу-өндірістік аңшылық-балық аулау шаруашылығы.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін "Балық шаруашылығы" ғылыми - зерттеу орталығының директоры – в. ғ. к., доцент Сыздықов к. Н., зертхана меңгерушісі Куанчелеев Ж. Б., ғылыми қызметкерлер Мусин С. Е., Аубакирова Г. А., Мусина А. Д., Асылбекова А.С., Баринова Г.К.

Қазіргі уақытта "Балық шаруашылығы" ҒЗО қызметкерлерімен ғылыми-зерттеу жұмыстары және тақырыптар бойынша жобалар жүргізілуде:

  1. «Сумен жабдықтаудың тұйықталған циклі бар қондырғыда (ТСЖҚ) көксеркенің жасанды өсімін молайтудың биотехникалық тәсілдерін әзірлеу» қаржыландырудың жалпы көлемі 18,2 млн теңгені құрайды. Жоба жетекшісі: Сыздықов қ.Н.
  2. «Қазақстан құнды балықтарының репродуктивті жасушаларының криобанкін құру» қаржыландырудың жалпы көлемі 17,5 млн теңгені құрайды. Жоба жетекшісі: Асылбекова А.С.
  3. «Қазақстанның балық өсіру кәсіпорындары жағдайында австралиялық қызылқысқышты шаяндарды (АККР) өсірудің индустриялық технологияларын әзірлеу және енгізу» қаржыландырудың жалпы көлемі 14,7 млн теңгені құрайды. Жоба жетекшісі: Мусин С.Е.
Халық-аралық ынтымақтастық

Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасы Жапонияның Обихоро қаласындағы халықаралық ынтымақтастық агенттігі, Варшава университетінің  жаратылыстану кафедрасы (Польша), Краков университеті (Польша), Путра университеті (Малайзия);  Батыс Венгрия Университеті (Венгрия); Шығыс Финляндия Университеті (Финляндия); Вятск Мемлекеттік Ауыл шаруашылық академиясы (Ресей), Иркутскі  Мемлекеттік Аграрлық университеті, Новосібірск мемлекеттік аграрлық университеті (Ресей) бірлесіп жұмыс жасауда.

Шетел ғалымдарының дәрістері:

  1. Энни Кристианус, Путра университеті (Малайзия), 2013 ж.
  2. Мариан Бжижовски, Варшава жаратылыстану университеті профессоры (Польша), 2014 ж.
  3. Андраш Нахлик, Батыс Венгрия университетің ректор орынбасары (Венгрия), 2014 ж.
  4. Рейн Кортет, Шығыс Финляндия Университетінің кафедра меңгерушісі (Финляндия).
  5. Томас Поликар, Ческе-Будеёвицедегі (Чехия) Оңтүстік Чехия университетінің қауымдастырылған профессоры, 2021 ж.

  

2022 жылы Қ.И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетімен магистранттарға ғылыми тағылымдамадан өту бойынша меморандум жасалды.

2022 жылдан бастап Самара мемлекеттік аграрлық университетімен ғылыми нәтижелерді жариялау жұмыстары жүргізілуде:

1) Арынова Р.А., Байгенжинов К.А., Муслимов Н.Ж. Значение жирнокислотного состава рапсового и льняного масел при переработке в пищевой промышленности // Современное производство с.-х. сырья и продуктов питания: состояние, проблемы и перспективы развития: сборник науч. трудов. Кинель: ИБЦ Самарского ГАУ, 2022. - С. 3-9.

2) Арынова Р. А., Байгенжинов К.А., Муслимов Н. Ж. Исследование рапсового и льняного масел в сравнительном аспекте при промышленной переработке // Современное производство с.-х. сырья и продуктов питания: состояние, проблемы и перспективы развития: сборник науч. трудов. Кинель: ИБЦ Самарского ГАУ, 2022. - С.9-12.

2024 ж. кафедра студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту, аквакультура және аң шаруашылығы саласындағы оқу жоспарларымен алмасу бойынша А.А. Ежевский атындағы Иркутск мемлекеттік аграрлық университетімен келісім жасалуда.

Конференция Иркутск – ректордың проф. Арынова Р.А. дипломды марапаттау Иркутск мемлекеттік аграрлық университетінде студенттік конференция Проф. Арынова Р.А. ИрМАУ-дағы емтихандарында

 

Оқу таксидермия аудиториясындағы қасқыр терілері Иркутск таксидермия мұражайының галереясы Ангара жағасында Арынова Р.А. ИрМАУ қызметкерлерімен

 

проф. Арынова Р.А.

Таксидермия мұражайында

Магистранттардың Байкалдағы ғылыми тәжрибесі проф Р.А. Арынованың ИрМАУдағы бос уақытында

Халықаралық конференцияларға қатысу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде:

1. Арынова Р.А., Сагнаева Ж.Б. Проблемы изучения охотоведческой терминологии // Сб. матер. Национ. конф. с междун. участием «Охрана и рациональное использование животных и растительных ресурсов». - Cекция 2: Проблемы отраслевого образования и науки. - 26 мая 2023 г. – Иркутск: ФГБОУ ВО Иркутский ГАУ имени А.А. Ежевского, 2023. – С. 36-43.

2. Арынова Р.А., Сулейменова А.К., Султанахмет О.М. Мониторинг адаптированных диких животных в государственных национальных природных парках Карагандинской области // Сб. матер. Национ. конф. с междун. участием «Охрана и рациональное использование животных и растительных ресурсов». - Секция 3: Технологические, правовые и организационно-экономические вопросы охотничьего хозяйства. - 26 мая 2023 г. - Иркутск: ФГБОУ ВО Иркутский ГАУ    имени А.А. Ежевского, 2023. – С.96-103.

3. Арынова Р.А., Янин О.И. Миграция и численность косуль (Сapreolus  pygargus P.) в охотничьих хозяйствах Акмолинской области // Сб. матер. Национ. конф. с междун. участием «Охрана и рациональное использование животных и растительных ресурсов». - Секция 4: Биология и охрана диких животных. - 26 мая 2023 г. - Иркутск: ФГБОУ ВО Иркутский ГАУ имени А.А. Ежевского, 2023. – С.17-23.

4. Арынова Р.А., Карагойшин Ж.М. Подкормка диких животных в зимний период и её хранение // Секция 3: Технологические, правовые и организационно-экономические вопросы охотничьего хозяйства. - 26 мая 2023 г. - Иркутск: ФГБОУ ВО Иркутский ГАУ    имени А.А. Ежевского, 2023. – С.91-96.

5. Арынова Р.А. Роль иностранного языка в трехступенчатом академическом образовании. Доклад Международной конференции «Актуальные вопросы образования». – 5-6 октября 2023 г.

6. Sagnaeva Zh.B., Arynova R.A. Pedagogical and psychological formation of communicative competencies in mastering the English to Hunting – 1. Global challenges and trends in the development of the education system // Independent agency for accreditation and rating - VII Central Asian International Forum on Quality Assurance in Education: "Sustainable Future" education – quality and competitiveness: historical perspective, realities and priorities" – 6-7 October 2023. – Аstana city, 2023.

2023 жылдың 26 ​​қараша мен 4 желтоқсан аралығында Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының қызметкерлері Сыздықов Қуаныш Нығманұлы мен Қуанчалеев Жақсығали Батырғалиұлы Чехия Республикасында, Будовице қаласында, Оңтүстік Будовице университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама «Тұйық циклді сумен жабдықтау (ТЖ) қондырғысында көксерке балықтарын жасанды жолмен көбейтудің биотехникалық әдістерін қарастыру» ғылыми-зерттеу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды. Тәжірибе барысында аквакультура объектілерін – еуропалық көксерке, нәлім, оңғақ, бахтах, таймень, хариус, еуропалық жайын және сәндік тұқы балықтарын жасанды өсірудің технологиялық процестерімен және тоған шаруашылығы, бахтах шаруашылығы, аквапоника шаруашылығын аралап, жұмысымен танысты. Бірлескен ғылыми іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында «Балық шаруашылығы» ғылыми-зерттеу орталығы мен Оңтүстік Будовице университетінің аквакультура зертханаларының бірлескен жұмысы туралы, сондай-ақ «Аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының докторанттардың ғылыми тағылымдамадан өтуі бойынша меморандумдар жасалды.

      

Сыздықов Қ.Н. және Қуанчалеев Ж.Б. Чехияда аквакультура объектілерін жасанды өсірудің технологиялық процестерімен танысты

2023 жылдың 6 қарашасы мен 10 қарашасы аралығында кафедраның қауымдастырылған профессорлары Асылбекова А.С. және Баринова Г.К. "Қазақстанның бағалы балық түрлерінің репродуктивті жасушаларының криобанкін құру" жобасы аясында Бүкілресейлік балық шаруашылығы және океанография ғылыми-зерттеу институты (ВНИРО) Санкт-Петербург филиалында тәжірибеден өтті.

Асылбекова А.С. және Баринова Г.К. Бүкілресейлік балық шаруашылығы және океанография ғылыми-зерттеу институты (ВНИРО) Санкт-Петербург филиалында балықтарды өсіру бойынша ғылыми құжаттамамен танысу Асылбекова А.С. және Баринова Г.К. Бүкілресейлік балық шаруашылығы және океанография ғылыми-зерттеу институты (ВНИРО) Санкт-Петербург филиалында балық шаруашылығында жаңа технологиялары мен әдістерін меңгеру Бос уақытыңызда ежелгі Санкт-Петербург қаласының ең әдемі жерлеріне бармау қателік болар еді – Асылбеков А.С. және Баринова Г.К. янтарь бөлмесінде

 

Кафедра меңгерушісі, PhD, Аубакирова Г.А. Қытайдың балық шаруашылығы академиясында балық өсіру әдістерін меңгеру үшін тағылымдамадан өтті Аквакультураны дамыту бойынша оқу бағдарламасы – кафедра меңгерушісі, PhD, Аубакирова Г.А. балықтарды өсіру бойынша біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында Түркияда
Студенттік өмірі

Жыл сайын кураторлардың жетекшілерімен студенттер С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ мұражайы, С. Сейфуллин мұражайы, алғашқы Президент мұражайы, және қаланың басқа да мәдени орындарын (көрмелер, театрлар) тамашалайды. Факультет және кафедра деңгейінде мемлекеттік мерекелер қарсаңында студенттерге арналған кештіктер ұйымдастырылады.Студенттер университеттің «Менің университетім» газеті, стенділер, сайттар арқылы жүріліп жатқан шаралар туралы хабарландырылады.

 

Университетте жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс істейді. Студенттік жастар ұйымы (СЖО) және студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдары (студенттер деканаты) қатарлы ұйымдар С. Сейфуллин атындағы  Қазақ агротехникалық университеті құрылғаннан бастап жұмыс істеуде. Тәрбиелік сипаттағы жоспарлы іс-шараларға студенттердің тартылуы 95% құрайды.

 

«Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығының студенттері республикалық «Қансонар» аңшылық шаруашылығы қоғамдық бірлестіктері қауымдастығынан жүргізілетін ұлттық қазақ тазысының асыл тұқымдық байқауына қатыстырылды.

 

Жыл сайын тәрбиелік мақсатта «Балық шаруашылығы» мамандығының студенттері Майбалық питомнигінен алынған жас тұқыбалықтарының санын көбейту үшін Есіл өзеніне жіберу шараларына қатыстырылады.

Пәндік олимпиадалар бойынша ақпарат

Жыл сайын кафедра студенттері «Сейфуллин оқулары» республикалық конференцияда ғылыми баяндамалар жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының базалық жоғары оқу орындарында өтетін пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Сонымен қатар студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда студенттердің ғылыми әлеуеті жеткілікті жүзеге асырылуда.

ХІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы ҚазҰАУ (Алматы):

2019 жыл. 2 орын – Калиева Анель, 3 орын – Омралинов Артем (05080400 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау), 2 орын – Орынбасар Нұргүл, 3 орын – Мендібаева Лаура (05080300-Аңшылықтану және аң шаруашылығы).

ХIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы ҚазҰАУ (Алматы):

2020 жыл. 2 орын – Смаилова Камила, 3 орын – Стожков Руслан (05080400-Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау), 3 орын – Қайыпов Ғасыржан, Сайлаубек Батырбек (05080300-Аңшылықтану және аң шаруашылығы).

ХIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы ҚазҰАЗУ (Алматы):

2021 жыл. 3 орын - Ергешов Жанболат, Ермек Бекнұр (6В08301-«Аңшылықтану және аң шаруашылығы» БББ); 2 орын - Жамал Улжан, 3 орын - Келесбай Гулайхан, Сатбек Ансар (05080400-Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау).

ХV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы ҚазҰАЗУ (Алматы):

2022 жыл. 2 орын - Абдулов Фархат,  3 орын - Ергешов Жанболат, Благодарственное письмо - Ермек Бекнұр (6В08301-«Аңшылықтану және аң шаруашылығы» БББ); 2 орын - Тайырқызы Мира,  3 орын – Орынбакова Айман, Жолдыбай Айкерім (6В08401 – «Аквакультура және су биоресурстары» БББ).

ХVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы ҚазҰАЗУ (Алматы):

2023 жыл. 2 орын - Нағашығалиқызы Інжу, 3 орын - Отарбаева Жансая (6В08401 – «Аквакультура және су биоресурстары» БББ);  Санақбек Айбек Нұрланұлы – 2 орын, Аманов Данияр Ерденович – 3 орын, Әлмұхан Әсет – Алғыс хат (6В08301-«Аңшылықтану және аң шаруашылығы» БББ).

 

 

Байланыстар

010019,  Қазахстан Республикасы, Астана қ,

Армандастар көшесі-2 Б, Интернациональный кенті

тел.: +7 (7172) 297-633

e-mail:  hunting-fishing@kazatu.kz

Элективті пәндер каталогы

Бакалавриат

6B052 Қоршаған орта

6B05201 Табиғат пайдалану

6B05202  Агроэкология

6B083 Орман шаруашылығы

6B083 Орман шаруашылығы

6В08301 "Аңшылықтану және аң шаруашылығы"

6B084 Балық шаруашылығы


Магистратура 

7M083 Орман шаруашылығы

7M083 Орман шаруашылығы

7М08304 Табиғи биоресурстарын тиімді пайдалану

7M084 Балық шаруашылығы

Құжаттар
6В08301 "Аңшылықтану және аң шаруашылығы" білім беру бағдарламасы
"Табиғат биоресурстарын тиімді пайдалану" - магистратура 2021 ж.
"Жабайы табиғат" білім бері бағдарламасы - докторантура 2021 ж.
2024-2028 жылдарына арналған 7М08401 "Интенсивті балық шаруашылығы" білім беру бағдарламасын дамыту жоспары
2024-2028 жылдарына арналған 6В08401 "Аквакультура су биоресурстары" Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары
7М08304 - "Табиғи биоресурстарды тиімді пайдалану" білім беру бағдарламаның 2024-2028 оқу жылдарына даму жоспары
6В08301 -"Аңшылықтану және аң шаруашылығы" білім беру бағдарламаның 2024-2028 оқу жылдарына даму жоспары
8D08302- "Жабайы табиғат" білім беру бағдарламаның 2024-2028 оқу жылдарына даму жоспары
Элективті пәндер каталогы 7М08304 "Табиғи биоресурстарын тиімді пайдалану" (2023)
ЭПК 7М08401 Интенсивті балық шаруашылығы
ЭПК 6В08401 Аквакультура және су биоресурстары
Элективті пәндер каталогы 6В08301 "Аңшылықтану және аң шаруашылығы"
5В080400-« Аквакультура және су биоресурстары» білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы куәлік
7М08401 "Интенсивті балық шаруашылығы" білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы куәлік
6B08301-«Аңшылықтану және аң шаруашылығы» білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы куәлік
8D08302 "Жабайы табиғат" білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы куәлік
7M08304-«Табиғат биоресурстарын тиімді пайдалану» білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы куәлік
М08401 « Интенсивті балық шаруашылығы» білім беру бағдарламасы
6В08401 «Аквакультура және су биоресурстары» білім беру бағдарламасы