Есеп және аудит

Есеп және аудит

МАМАНДЫҚ АТАУЫ: 5В050800 - "Есеп және аудит".

Біліктілік: 5В050800 - «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры.

Оқу мерзімі: 4 жыл.

Оқу нысаны: күндізгі.

4-пән: география.

Білімді қолдану облысының қысқаша сипаттамасы

Қазіргі уақытта бухгалтер мамандығы – экономика мен қаржы саласындағы сұранысы жоғары кәсіптердің бірі. Есеп және аудит саласындағы бакалаврларды оқыту бухгалтерлік есеп пен есептілік аясындағы ақпараттардың қалыптасуының нақты қағидалары мен ережелерін түсінетін, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік аудитін жүргізудің заманауи дағдыларын меңгерген білікті бухгалтерлер мен аудиторларды дайындауға бағытталған. 

Аталған мамандық  бойынша білім алу барысында студенттер қаржылық, басқару және салық есебін ұйымдастыру, қаржылық есептілікті дайындау, қаржылық есептілікті талдау мен оның аудиті облысындағы ғылыми және тәжірибелік білімдерді игереді.

Мамандықтың артықшылықтары:

  • жұмысқа орналасудағы кең мүмкіншіліктер;
  • ақысы жоғары, тұрақты жұмыс орны; ­
  • мансап жолындағы жақсы мүмкіншіліктер.

Қазіргі уақытта бухгалтердің міндеттері өзгеріске ұшырап, ол шешуі тиісті міндеттер аясы да кеңеюде. Бухгалтер шаруашылық іс-әрекеттерін бухгалтерлік есеп шоттарына тіркейтін техникалық санақшыдан ұйым экономикасын тиімді басқаруға ықпал ететін тиімді есеп саясатын дайындайтын және жүзеге асыратын шығармашылық тұлғаға айналды.

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы

Аталған мамандық бойынша экономика және бизнес бакалаврлары ұйымдастыру-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар мен экономиканың  түрлі  салалары кәсіпорындарында шаруашылық үрдістері туралы ақпараттарды жинаудың, өңдеу мен ақпаратты ұсынудың заманауи әдістерін меңгерген, қаржылық есептілікті дайындау мен оны талдау дағдысын игерген, тәжірибеде қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен аудитті жүргізудің әртүрлі бағдарламаларын меңгерген білікті мамандар.

Еңбек нарығындағы мамандардың қандай да бір артықшылығына қарамастан, осы саладағы білікті мамандарға әрқашан да, барлық жерде сұраныс бар, себебі бірде бір ұйым тиянақты жолға қойылған бухгалтерлік есепсіз қалыпты әрекет ете алмайды. Коммерциялық және коммерциялық емес жаңа құрылымдардың тіркелуіне орай, бухгалтерлерге де сұраныс өсіп отырады. «Есеп және аудит» мамандығының түлектері қазақстандық және халықаралық компанияларда, ұлттық және жеке компанияларда, қаржы саласында бухгалтер, қаржылық кеңесші, қаржылық директор, аудитор, менеджер, қаржылық сарапшы қызметін атқара алады. Бухгалтерлік есептің қағидаларын жетік білу жеке бизнесті басқаруда да көмектеседі.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны

Бағдарламаның негізін модульдік оқыту жүйесі құрайды. Мамандықтың модульдік білім бағдарламасы екі бағытты (білім бағдарламалары) қамтиды: 1. Экономиканың нақты секторындағы есеп және аудит. 2. Мемлекеттік сектордағы есеп және аудит.

Негізгі модульдер – тілдік және зерттеушілік модуль, әлеуметтік-құқықтық модуль, заманауи ақпараттық технологиялар модулі, базалық экономикалық модуль, басқарушылық модуль, кәсіптік модуль. Бағдарлама шеңберінде оқу курстары шеберлік кластарымен, топтық жобалармен және компаниялардағы дәрістермен қатар жүреді. Оқу үрдісінде нақты шаруашылық субъектілерінің деректері негізінде талдау мен аудитті жүргізу, қаржылық, салықтық, басқарушылық және басқа да есептіліктерді дайындау дағдыларын дамытуға ықпал ететін тәжірибелік сабақтарға негізгі назар бөлінеді.

Бағдарламаның Аккредитация және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (АРТА) ұлттық рейтингіндегі орны 6

Есеп және аудит кафедрасы

 

 Қосымша сұрақтар бойынша хабарласауға болатын эдвайзердің немесе басқа тұлғаның деректері: Байдақов Асылбек Қанайұлы, кафедра меңгерушісі, 87013418125, a_baidakov@mail.ru

-------------------------------------------------------------------------------------------------

МАМАНДЫҚ АТАУЫ: 6М050800 - "Есеп және аудит".

Біліктілік: 6М050800 - «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика  ғылымдарының магистрі.

Оқу мерзімі: 2 жыл.

Оқу нысаны: күндізгі.

Білімді қолдану облысының қысқаша сипаттамасы

Есеп және аудит саласындағы магистрларды дайындау бухгалтерлік есеп, қолданбалы қаржылық-экономикалық талдау мен аудит, қазақстандық бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға бейімделуі, басқару тәжірибесіне басқару есебінің заманауи әдістерін ендіру облысындағы білімдерді терең меңгерген және жоғары оқу орнындағы педагогика мен психология, жоғары оқу орнында сабақ беру тәжірибесі бар, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу білігі бар білікті мамандарды дайындауға бағытталған.

Бағдарламаның стратегиялық мақсаты ­­— бағдарлама түлектеріне кәсіби аядағы жеке мақсаттарын: шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде басқару шешімдерін қабылдауға қажетті қаржылық ақпарат ағынын еркін меңгерген    жоғары білікті талдамашы, бухгалтер, қаржылық менеджер, аудитор, кеңес беруші  деңгейлеріне  қол жеткізуге көмектесу.

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы

6М050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика  ғылымдарының магистрінің ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу мен педагогикалық қызметті жүзеге асыру дағдысы бар,  ол шаруашылық үрдістері туралы ақпараттарды жинаудың, өңдеу мен ақпаратты ұсынудың заманауи әдістерін меңгерген, тәжірибеде қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен аудитті жүргізудің әртүрлі бағдарламаларын игерген. Ол салық салу облысын кәсіби меңгерген, кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық үрдістерін талдау негізінде оны дамыту бойынша негізделген шешімдер қабылдай алады. Жалпы алғанда, бухгалтерлік есеп пен аудит облысындағы магистрлер қаржылық-экономикалық қатынастарды ұтымды ұйымдастырып, кәсіпорынның қаржылық қызығушылықтарын қорғай алады.

Түлектер ­- 6М050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика  ғылымдарының магистрлері түрлі деңгейдегі мемлекеттік және аймақтық құрылымдарда, консалтингтік және аудиторлық фирмаларда, банктер, инвестициялық және сақтандыру компанияларында, ғылыми ұйымдар мен институттарда, білім беру мекемелерінде кәсіпорын басшысы, бас бухгалтер, қаржылық директор, сыртқы не ішкі аудитор, қаржылық кеңес беруші, ғылыми қызметкер қызметін атқарады.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны

Білім бағдарламасы пәндерді оқытудың модульдік жүйесі негізінде құрастырылған және жалпы мәдени, тілдік және кәсіби біліктерді қамтитын 7 модульді қамтиды.

Мамандарды дайындаудың заманауи талаптарын ескере отырып, бағдарлама түлектерге басқару есебі мен талдауының құралдарын терең меңгертуге бағытталған. Осы бағытқа  жұмыс берушілердің үлкен қызығушылығын және Қазақстандағы халықаралық кәсіби институттармен байланысты ұйымдармен бірлесе әрекет етудің мүмкіншіліктерін ескере отырып, бағдарламада тиісті курстарды ғылыми семинарларда оқытуға үлкен назар аударылады. Осыған байланысты "Есеп және аудит" білім бағдарламасында "кәсіптендіру пәндері"  түсінігі "Есеп және есептілік", "Басқарушылық және стратегиялық есеп", "Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары", "Аудиттің халықаралық стандарттары", "Салықтық аудит", "Қаржылық және инвестициялық талдау" секілді модульдермен байланысты.

Оқу үрдісінде алған білімдер магистрдің Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы белгілеген кәсіби біліктілік деңгейіндегі кәсіби білім  деңгейіне қол жеткізуіне ықпал етеді.  

Бағдарламаның Аккредитация және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (АРТА) ұлттық рейтингіндегі орны 3

Есеп және аудит кафедрасы

Қосымша сұрақтар бойынша хабарласауға болатын эдвайзердің немесе басқа тұлғаның деректері: Байдақов Асылбек Қанайұлы, кафедра меңгерушісі, 87013418125, a_baidakov@mail.ru

-------------------------------------------------------------------------------------------------

МАМАНДЫҚ АТАУЫ: 6D050800 "Есеп және аудит".

Біліктілік: 6D050800 "Есеп және аудит" мамандығы бойынша философия докторы
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу нысаны: күндізгі

Білімді қолдану облысының қысқаша сипаттамасы
6D050800 - «Есеп және аудит» мамандығы бойынша философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытқа ие және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылым салалары үшін іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен  есеп және аудит бағыты бойынша пәндерді терең оқытуды қарастырады.

Аталған мамандық бойынша докторанттарды оқыту жоғары оқу орнындағы педагогика мен психология, жоғары оқу орнында сабақ беру әдістемесі аясындағы білімдерді терең меңгерген, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу дағдысы бар және бухгалтерлік есеп пен аудит саласынан кәсіби білімі бар білікті мамандарды дайындауға бағытталған.

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы

PhD бағдарламасы инновациялық білім беру ортасында білім беруді және Қазақстан ғылымы мен білімінің оза дамуына өз үлестерін қоса алатын болашақ ғалымдардың кәсіби және зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыруды көздейді.

 6D050800 - «Есеп және аудит» мамандығы бойынша философия докторы әртүрлі ғылыми идеялар мен теорияларды сыни тұрғыда талдау, бағалау және салыстыру; ғылыми қызметте талдау және эксперимент жүргізу; халықаралық ғылыми форумдарда, конференциялар мен семинарларда шешендік өнер және көпшілік алдында сөйлеу; ғылыми зерттеулер процестерін жоспарлау, үйлестіру және іске асыру; таңдап алынған ғылыми әдістердің нәтижелілігін көрсете білу; шет тілінде еркін сөйлесу дағдысын меңгерген.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны

Докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім мазмұнын анықтайтын екі компонентті қамтиды: білім және ғылым компоненттері.

Докторантураның білім беру бағдарламасында:
1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын теориялық оқыту;
2) докторанттардың практикалық даярлығы: кәсіби, практика ғылыми тағылымдамалар түрлері;
3) докторлық диссертацияның орындалуын қамтитын ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы;
4) аралық және қорытынды аттестаттау қамтылады.

Докторанттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін оқу барысында тиісті қызмет салалары бойынша ғылыми ұйымдарда, сондай-ақ шетелде міндетті түрде ғылыми тағылымдамадан өту қарастырылады.

Есеп және аудит кафедрасы

Қосымша сұрақтар бойынша хабарласауға болатын эдвайзердің немесе басқа тұлғаның деректері: Т.А.Ж., қызметі, тел., e-mail Байдақов Асылбек Қанайұлы, кафедра меңгерушісі, 87013418125, a_baidakov@mail.ru