Басты бет / Факультеттер және кафедралар / Алманова Жанна Сарсимбайқызы
Алманова Жанна Сарсимбайқызы

Алманова Жанна Сарсимбайқызы

 

PhD доктор, ХАББА академигі,
Топырақтану және агрохимия кафедрасының аға оқытушысы
Каб. 5113, тел.+7(7172) 31-13-08
E-mail: zh.almanova@kazatu.kz, almanova44@mail.ru

 

 

 

Ғылыми қызығушылықтар саласы

Жер, топырақ және ландшафттық карта жасауды агроэкологиялық бағалау, ауыл шаруашылығындағы геоақпараттық технологиялар, бейімделген ландшафттық егіншілік жүйесін және агротехнологияларды дамыту, дәл егіншілік жүйесінде топырақ құнарлығын агрохимиялық бағалау

Оқытатын пәндері

Топырақ құнарлығын реттеудің теориялық негіздері, агротопырақтану мен агрохимиядағы цифрлық технологиялар, өсімдік шаруашылығындағы цифрлық технологиялар, топырақ картографиясы, ландшафттану және т.б.

Зерттеудің негізгі бағыттары

Агротопырақтану, агрохимия, жерді агроэкологиялық бағалау, бейімделген ландшафттық егіншілік жүйелерін жобалау және агротехнологиялар, топырақ биогеохимиясы, дәл егіншілік, биогеохимиялық көміртегі ағындары және т.б.

Зерттеу жобалары

2020-2022 жж. ЕО Еразмус + NICOPA "New and Innovative Courses for Precision Agriculture" жоба орындаушысы

2021-2023 жж. ҚР АШМ БМҚ №4П-1/21 (10.09.21 ж. бастап, №16-2) «Ауыл шаруашылығы алқаптарының агроэкологиялық жағдайын антропогендік факторлардың әсерінен бағалау және Қостанай облысының дала және құрғақ дала аймақтарының топырақтары мен егіншілік жүйелерінің ластану дәрежесін анықтау» бағдарлама жоба жетекшісі

2021-2023 жж. ҚР АШМ БМҚ «Smart Agriculture» бағдарламасы бойынша топырақтану және агрохимия тобының жетекшісі.

2020-2023 жж. топырақты агроэкологиялық бағалау, агрохимиялық талдау және дәл егін шаруашылығы бойынша 15-тен астам шаруашылық келісім-шарттық жұмыстардың жетекшісі.

Білімі

2005-2010 жж. – Орынбор мемлекеттік университеті: Топырақтану (бакалавр).

2010-2012 жж. – К.А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті МАА: Агротопырақтану және агрохимия (магистратура).

2014-2017 жж. – С.Сейфуллин атындағы КазАТУ: Топырақтану және агрохимия (докторантура).

Еңбек өтілі

2010-2012 жж. – Топырақтану маманы «Агрокультура» ЖШС, Мәскеу қ.

2013-2019 жж. – С.Сейфуллин атындағы КазАТУ топырақтану және агрохимия кафедрасының ассистенті.

09.2019-11.2019 жж. – С.Сейфуллин атындағы КазАТЗУ топырақтану және агрохимия кафедрасының аға оқытушысы.

2020-2024 жж. – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ топырақтану және агрохимия кафедрасының меңгерушісі.

2024 ж. бері – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ топырақтану және агрохимия кафедрасының аға оқытушысы.

Біліктілікті арттыру

  • 2021 ж. - «Бейімделген ландшафттық шаруашылықтың технологиясы» Халықаралық аграрлық білім академиясы Мәскеу қ. 72 сағат Сертификат № 000069.

  • 2021 ж. - Сертификат №00103 «Университет 4.0 цифрлық трансформация», 72 сағат RB, SKLAD білім беру онлайн платформасы. Жоғары мектеп республикалық институты. Беларусь Республикасы.

  • 29.04.-6.06.2022 Сертификат №04693, «Бау-бақша өсімдіктерінің қоректенуі. Жылыжайда көкөніс өсіру» 72 сағат. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, Нұр-Сұлтан қ.

  • 2022 ж. - «Антропогендік факторлардың әсерінен ауыл шаруашылығы алқаптарының агроэкологиялық жай-күйін бағалау және Қостанай облысының дала және құрғақ дала аймақтары топырақтары мен егіншілік жүйелерінің ластану дәрежесін анықтау», «В.В. Докучаев ат. топырақ институты» практикумы. Мәскеу қ.

  • 2022 ж. - тәжірибе "Assessment of agroecological condition of agricultural lands from the impact of anthropogenic factor and determination of the degree of soil pollution and agricultural systems of steppe and dry steppe zones of Kostanay region", Лейбниц атындағы топырақ институты, Ганновер қ., Германия

  • 2023 ж. - тәжірибе "Completed a research internship at the agricultural technology company Agrocares", Вагенингенг қ., Нидерланды

Жарияланымдары

40-тан астам ғылыми еңбектердің авторы. Ең маңыздылары:

  1. Zh.S. Almanova, S.O. Kenzhegulova, A.А. Kashkarov, G.R. Kekilbaeva, Y.B. Ussalinov, D.Y. Serzhan, A.T. Zhakenova, G.A. Zvyagin. Changes in Soil Fertility Indicators after Long-Term Agricultural use in Northern Kazakhstan// International Journal of Design & Nature and Ecodynamics. 2023.

  2. Zh.S. Almanova, S.O. Kenzhegulova, A.A. Kashkarov, A.Zh. Nazarova, A.T. Zhakenova. The impact of agricultural use on the fertility rates of the ordinary black soils of Kostanay region//Вестник науки Казахского агротехнического университета им. С.Сейфуллина.-2022.-вып.1.-№ 4(115).-С.194-202. https://doi.org/ 10.51452/kazatu.2022.4.1260

  3. Кенжегулова С.О., Алманова Ж.С., Кекілбаева Г.Р., Касипхан А., Төлеуов Ә.Ө. Қостанай облысы жағдайындағы ауылшаруашылығы қолданысындағы топырақтардың кейбір құнарлылық көрсеткіштерінің өзгерісі// Вестник науки Казахского агротехнического университета им. С.Сейфуллина.- 2022.-вып.1.- № 4(115).-С.215-223. https:// doi.org/ 10.51452/kazatu.2022.4.1248

  4. Алманова Ж.С., Кенжегулова С.О., Кашкаров А.А. Современное состояние показателей плодородия почв Костанайской области// «Глобальная наука и инновация 2022: центральная Азия». December 2022. вып.2.- № 4(18). Астана -С. 36.