Басты бет / Факультеттер және кафедралар / Гуманитарлық факультет
Гуманитарлық факультет

Гуманитарлық факультет

 

Гуманитарлық факультет алғаш рет 1990 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Ғылыми кеңесінің шешімімен ұйымдастырылды.

Факультет миссиясы – С.Сейфуллин ат. ҚАТУ-да білім алатын болашақ мамандардың жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлға болып қалыптасуына қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы үлес қосу.

Факультет қызметі – философиялық көзқарасы бар, өз халқының тарихын білетін, салт-дәстүрін құрметтейтін, бірнеше тілді меңгерген мамандарды тәрбиелеуде ерекше орын алатын гуманитарлық пәндерді оқыту. 

Гуманитарлық факультеттің профессор-оқытушылар құрамында 97 жоғары білікті маман бар, соның ішінде 5 ғылым докторы, 34 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы, 45 магистр.

10 оқытушы – «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

1 оқытушы – «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері.

7 – түрлі ведомстволық наградалар мен грамоталарға ие болды, 4 – сабақты ағылшын тілінде жүргізеді.

Факультетте оқу үдерісін қамтамасыз ету және ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған 1 зертхана, 4 компьютерлік сынып, 1 лингафон кабинеті бар.

2019-2020 жж. Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті, Городовиков ат. Қалмақ мемлекеттік университеті сияқты жоғары оқу орындарымен бірлескен ғылыми-инновациялық қызмет туралы келісімдер жасалды. Қазіргі таңда Ташкент мемлекеттік аграрлық университетімен жасалған келісім бар.

Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың перспективалық мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Қазіргі уақытта факультетте 4 кафедра бар:

қазақ және орыс тілдері кафедрасы,

шетел тілдері кафедрасы,

Қазақстан тарихы кафедрасы,

философия кафедрасы.

2021 жылдың 25 наурызында университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен Шетел тілдері кафедрасы гуманитарлық факультеттің құрамына енді.

Факультет басшылығы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды сапалы даярлауды көздейді. Ғылыми қызметті кеңейту, ақпараттық технология инновацияларын оқу үдерісіне енгізу кафедралардың негізгі басымдығы болып табылады.

Факультет оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын белсенді жүргізеді. Факультеттің даму барысында келесідей  дәстүрлер қалыптасты: оқытушылар жыл сайын студенттерге Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларына, тақырыптық мерекелерге арналған ашық дәрістер өткізеді; «Тілдер апталығы»; ғылыми студенттік конференциялар, Нұр-Сұлтан Философтар қауымдастығының отырыстары өткізіліп тұрады. Факультетте жыл сайын Республикалық жас ақындар мүшәйрасын өткізу дәстүрге айналған.

Рухани-адамгершілік тәрбиені жүзеге асыру бірнеше аспектілер бойынша жүзеге асырылады.

- мәдени-тарихи (ұлттық тарих пен мәдениет үлгілеріне негізделген);

- моральдық-эстетикалық (адам және қоғам, оның өмірінің мақсаты, әлемдік дәстүрлі діндердің адамгершілік құндылықтары туралы ілімдер, салауатты өмір салтын насихаттау аясында);

- этномәдени (мемлекеттік және орыс тілдерін, ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруге негізделген).

Гуманитарлық факультет – қарқынды дамып келе жатқан құрылым. Факультеттің қызықты өткені мен лайықты бүгіні және жарқын болашағы бар, өйткені гуманитарлық ғылымдар тұрақты басымдықтары мен құндылықтары бар қазіргі қоғамның рухани және мәдени әлеуетінің өлшемі болып қала береді.

2019 жылдан бастап гуманитарлық факультеттің деканы филология ғылымдарының кандидаты Аяпбергенов Б.К. болып табылады.

2023 жылдың 22 желтоқсанынан бастап гуманитарлық факультетінің деканы философия ғылымдарының кандидаты Кульжанова Жулдизай Тимеркановна



Факультет тарихы

Гуманитарлық факультет алғаш рет 1990 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Ғылыми кеңесінің шешімімен ұйымдастырылды. 2003 жылы факультет қайта құрылып, оның кафедралары Компьютерлік жүйелер және кәсіптік оқыту факультетінің құрамына енді. 

2006 жылы жоғарыда аталған факультет құрамынан қоғамдық гуманитарлық пәндер кафедралары шығарылып, Гуманитарлық кафедралар бөлімі болып құрылды. Университеттің Ғылыми кеңесінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі шешімімен (№1 хаттама) Гуманитарлық кафедралар бөлімінің негізінде гуманитарлық факультет құрылды (19.10.2011 ж. № 596 бұйрық).

Факультет құрамында философия, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс және неміс тілдері, ағылшын және француз тілдері, дене шынықтыру кафедралары болды.

Агротехникалық университетте Гуманитарлық факультеттің ашылуына қоғамдағы нарықтық қатынастар, экономикалық тұрақсыздық, саяси қиындықтар, халық өміріндегі жаңа әлеуметтік-тарихи бетбұрыстың қазіргі кезеңінде және адамдық негіздердің барған сайын жойылуы негіз болды. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесінің рухани-адамгершілік оқыту мен тәрбиелік функцияларына бағытталған гуманитарлық ғылымдардың рөлі бұрынғыдан да өзекті бола түсті.

Гуманитарлық ғылымдар – адамды оның рухани, психикалық, адамгершілік, мәдени және әлеуметтік қызметі саласында зерттейтін пәндер. Факультет миссиясы – С.Сейфуллин ат. ҚАТУ-да білім алатын болашақ мамандардың жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлға болып қалыптасуына қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы үлес қосу. 

Осы жылдар ішінде факультет декандары: ф.ғ.к., доцент С.А. Михнова (1990-1993 жж.), т.ғ.к., доцент Н.Ж. Агубаев (1993-1996 жж.), ф.ғ.к., доцент Г.О. Галымжанова (1996-1998 жж.), ф.ғ.д., профессор Т.К. Бурбаев (1998-1999 жж.), С.Б. Касымова (2002-2003 жж.) болды; 2003-2006 жж. – факультет КЖжКО құрамында болды, декандар – ф-м.ғ.к. Ж.К. Абельдина,  ф.ғ.к., доцент А.Ш. Альбекова (2006-2009 жж.), ф.ғ.к. Н.К. Носиева  (2009-2011 жж.), ф.ғ.д., доцент Ж.А. Құсайынова (2011-2012 жж.), ф.ғ.к. А.Н. Насыритдинова (2012-2013 жж.). т.ғ.к. Х.А. Аубакирова  (2013-2019 жж.) болды.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап гуманитарлық факультеттің деканы филология ғылымдарының кандидаты Аяпбергенов Булат Кабиденович болып табылады.

Факультетте 4 кафедра бар: философия, Қазақстан тарихы, қазақ және орыс тілдері, шет тілдері. Гуманитарлық факультеттің кафедралары университеттің барлық мамандықтары бойынша сабақтар жүргізеді.

Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет

Факультет үш бағыт бойынша ғылыми-инновациялық қызметті жүзеге асырады: ғылыми-теориялық конференциялар мен ғылыми-әдістемелік семинарларды ұйымдастыру, әлеуметтік-саяси, рухани-мәдени шараларға қатысу, соның ішінде қазіргі қоғамда үштілділікті дамыту; ғылыми жобалар мен біліктілікті арттыру курстары бойынша жұмыс жасау; кафедраның профессор-оқытушылар құрамының халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуы, ғылыми журналдарда мақалалар жариялау, өзекті мәселелер бойынша монографиялар дайындау және басып шығару, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алу.

Факультетте келесідей ғылыми бағыттар қалыптасты:

  • Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды зерттеу (тарих ғылымдарының докторы, профессор Ғ.А.Алпыспаева);

  • лингвомәдениеттану мәселелерін прагматикалық аспектіде дамыту (филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Ө. Туксаитова);

  • Қазақстан топонимиясын зерттеу (филология ғылымдарының докторы, профессор м.а. С.Қ.Иманбердиева);

  • мәдениетаралық коммуникация саласындағы зерттеулер (ф.ғ.к., доцент А.Ш. Альбекова);

  • қазақстандық мемлекеттіліктің 19 ғасырдағы даму мәселелерін әзірлеу (т.ғ.к., доцент Х.А. Аубакирова);

  • Халықтың қартаюы жаһандық проблема ретінде: Қазақстан Республикасындағы егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасы (ф.ғ.д., профессор А.Қ.Абдина);

  • техногендік шындықтың қазіргі қоғам менталитетіне әсері (гуманитарлық зерттеулерді талдау) (филос.ғ.к., қауымд. профессор м.а. Ж.Т. Кульжанова);

  • Жастарды ұлттық өнер және спорт түрлеріне дайындау мақсатында жыл сайынғы «РУХАНИ МҰРА» жазғы мектебін ұйымдастыру арқылы дәстүрлі мәдениет элементтерін насихаттау (философия ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. М.К.Какимжанова);

  • қазіргі  Қазақстан жастарының әлеуметтік-мәдени портреті және ұлттық-мемлекеттік бірегейлігі (филос.ғ.к., қауымд. профессор м.а. Х.С.Абдильдина);

  • қоғамның рухани жаңғыруының мұрасы мен бастауы ретіндегі ұлттық мәдениет саласындағы зерттеулер (ф.ғ.к, доцент К.Х. Рахимжанов, М.К.Акошева);

  • жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып, тілдерді оқытудың заманауи әдістемесі мен әдістері саласындағы зерттеулер (п.ғ.к., қауымд. профессор А.Ш.Тлеулесова);

  • 20-30 жылдардағы Қазақстандағы балалардың панасыздығы мен өлімін зерттеу (т.ғ.к., қауымд. профессор м.а. К.В. Джумагалиева).

Факультетте «Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар: 20 ғасырдың басы – 1930 жылдардың соңы» тақырыбында қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіледі (жетекші:  тарих ғылымдарының докторы, профессор Ғ.А.Алпыспаева; орындаушылар: т.ғ.к. К.Ж Нұрбай., т.ғ.к. Ш.Н.Саяхимова., философия магистрі Зейнуллина Ж.Р. және Байгошкарова М.И.). Сондай-ақ 2021-2022 жылдарға арналған Эразмус+ қаржыландырылатын білім беру жобасы аясында «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсетуді дамыту» тақырыбында зерттеу жүргізілуде (жетекші: п.ғ.к. Мейрамова С.А., орындаушы: Омаров С.К.).

Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы диссертациялық кеңестердің мүшелері (Аубакирова Х.А., Нұрбай Қ.Ж., Бекмаганбетов Ө.Ж., Джумагалиева К.В., Акошева М.К., Тлеулесова А.Ш.), сондай-ақ сарапшылары (Алпыспаева Г.А. – профессор және қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алуға үміткерлердің өтініштерін сараптау жөніндегі сарапшы; Габдулина А.Ж. – АРТА сыртқы сарапшысы; Амангелді А.А. – ҚАЗТЕСТ сарапшысы) болып табылады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары оқу-тәрбие үдерісінің жалғасы және оның тереңдетілуі, соған сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлаудың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

СҒЗЖ оқу үдерісінің бір бөлігі ретінде студенттермен бірге реферат, зерттеу элементтері бар ғылыми жұмыстар түрінде жүргізіледі. Факультетте «Атамекен» және «Мәңгілік ел» ғылыми студенттік үйірмелері жұмыс істейді, олардың жұмысы студенттердің азаматтық белсенділігін дамытуға, олардың саяси ой-өрісін кеңейтуге, этномәдени білім мен тәрбие беруге ықпал етеді.

Байланыс

№ 2 корпус, 2601-каб. – деканат

Гуманитарлық факультет деканы :  философия ғылымдарының кандидаты Кульжанова Жулдизай Тимеркановна

телефон: 8(7172) 38-33-97

электрондық адрес – gumfak_kazatu@mail.ru

қабылдау уақыты: 14.00-16.00

Деканат хатшысы – Кожимова Амангуль Аскарбековна

Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі:  Алиакбарова Айнур Пернебековна

телефон 8(7172) 38-23-30, каб. 2702

Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі: п.ғ.к. қауымдастырылған профессор – Тлеулесова Ардақ Шайкеновна

телефон 8(7172) 38-97-15, каб. 2602

Философия кафедрасының меңгерушісі: философия ғылымдарының кандидаты  – Какимжанова Маргарита Кабдуллаевна

телефон (87172) 38-40-01, каб. 2714

Шет тілдері кафедрасының меңгерушісі: педагогика  ғылымдарының  кандидаты –  Утеубаева Эльмира Айтказиевна

телефон (87172) 38-40-04, каб. 2607