Басты бет / Факультеттер және кафедралар / Қазақ және орыс тілдері кафедрасы
Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

 

Қазақстандық қоғамның қазіргі жағдайы жоғарғы білім алдында жаңа міндеттерді қоюда.  Жоғарғы  білім жүйесі тек ғана білімді адамды емес, сонымен қатар өз елінің азаматын, патриотын дайындауға міндетті.  Осы орайда гуманитарлық білімнің рөлі өте зор, ол адамның дүниетанымын қалыптастырады. Қазіргі таңда гуманитарлық білімүлкен сұранысқа ие.Қазіргі қоғамның мәні коммуникативтік тәжірибенің қажеттілігінде, сұхбаттың мүмкіндіктерінің көбеюінде деуге болады. Гуманитарлық білім тарихпен де, экономикамен де, лингвистикамен де, психологиямен де байланысты.

Қазақ және орыс тілдері кафедрасының тарихы 1990 жылдан басталады. Дәл сол жылы Целиноград ауылшаруашылық институтында алғаш рет қазақ тілі кафедрасы ұйымдастырылған болатын.

Содан кейін,  2012 жылы, екі кафедра – 1) қазақ тілі кафедрасы мен 2) орыс және неміс тілдері кафедрасы –  бір қазақ және орыс тілдері кафедрасы болып құрылды. 

2019 ж. бастап кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.к., қаyымдастырылған профессор А.Ш. Тлеулесова  атқарады.

Осы қысқа мерзімде маңызды ұйыдастырушылық жұмыс жүргізіліп, оқытудың сапалы оқу-әлістемелік базасы дайындалды. Кафедра басшылығы өзі үлгі болып, кафедраның ғылыми әлеуетін нығайтуда. 

Қазір кафедраның педагогикалық құрамының тәжірибесі мол және ғылымға жаңа-жаңа қадам басқан ұстаздардан тұрады. Олар кафедраның, факультеттің гуманитарлық білімінің дамуына зор үлесін қосуда.

Әр жылдарда кафедраның қалыптасуы мен дамуына бар күшін салған оқытушылардың ішінде Тлеулесова А.Ш., Аяпбергенов Б.К., Туксаитова Р.О.,  Иманбердиева С.К., Акошева М.К.,  Ахметова Б.З., Нуржанова А.С., Кукенова Г.А., Альбекова А.Ш., Кажгалиева А.М., Акажанова А.А., Курманова З.К., Абикенов М.Т., Бәлкен Т.Қ., Сматаев Т.Х.

Кафедраның дамуында оқытушылардың  Ғылым академияларында корреспондент-мүшелігі де ықпалын тигізеді. Халықаралық және Республикалық ғылым академиялары өз қатарында  ғылымның әртүрлі саласында аса көрнекті ғалымдарды біріктіреді. Мысалы, корреспондент-мүшелер ф.ғ.к.Б.К. Аяпбергенов (МАДЮТиК),  ф.ғ.к.,  проф. М.К.Акошева (ҚР ПҒА).

Ғалымдар, жалпы ғылыми ұйымдар еңбектерінің сандық көрсеткіші Хирш индексі болып саналады. Хирш индексі жарияланымдар саны мен соларға сілтеме жасау санына негізделетіні мәлім.  Қазіргі күні Хирш индексіне (SCOPUS)  кафедраның мына оқытушылары ие: Тлеулесова А.Ш., Ахметова Б.З.,Акошева М.К., Аяпбергенов Б.К., Иманбердиева С.К., Туксаитова Р.О.,Курманова З.К., Альбекова А.Ш. Кафедраның оқытушылары әр жылдарда ҚР БжҒМ «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» атағына ие болған. Оқытушылардың құрамында Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік премияның лауреаттары  да еңбек етуде.

Кафедраның ғылыми дәрежелігінің деңгейі 80% құрайды.

Оқытушылар құрамындағы жоғары буынның өкілдері өз тәжірибесі мен білімін аса үлкен шеберлікпен болашақ ғалымдарға беруде:  аға оқытушылар А.М. Кажгалиева, А.А.Акажанова, емтихандарды сәттілікпен тапсырып, грант негізінде Қазақстанның әртүрлі жоғарғы оқу орындарындағы PhD докторантурасына түсіп, оқуын аяқтады. 

 



КАФЕДРА ТАРИХЫ

Қазақ және орыс тілдері кафедрасының тарихы 1990 жылдан басталады. Дәл сол жылы Целиноград ауылшаруашылық институтында алғаш рет қазақ тілі кафедрасы ұйымдастырылған болатын.

Әлем тілдері кафедрасы бөлініп, 2008 жылы орыс және неміс тілдері кафедрасы ашылды. Содан кейін,  2012 жылы, екі кафедра – қазақ тілі кафедрасы мен орыс және неміс тілдері кафедрасы –  бір қазақ және орыс тілдері кафедрасы болып құрылды. 

Кафедра құрылған кезден бастап 2004 жылға дейін меңгеруші қызметін А.Қожахметқызы атқарды.

2008-2011 жылдары кафедраны филология ғылымдарының докторы, профессор Туксаитова Р.О. басқарды.  

Кейінгі жылдары кафедраны ф.ғ.к. доцент Ә.Ш. Әлбекова, аға оқытушы Қ.Ж. Серғазина, ф.ғ.к.  Н.К. Насиева, ф.ғ.к.  С.К. Кенжемұратова, ф.ғ.к. Б.К. Аяпбергенов басқарды.

2019 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.к., қаyымдастырылған профессор А.Ш. Тлеулесова  атқарады.

Осы қысқа мерзімде маңызды ұйыдастырушылық жұмыс жүргізіліп, «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Кәсіби қазақ тілі», «Кәсіби орыс тілі» пәндердің сапалы оқу-әдістемелік базасы дайындалды.  Кафедра басшылығы өзі үлгі болып, кафедраның ғылыми әлеуетін нығайтуда. 

Қазіргi кезде кафедраның педагогикалық құрамының тәжірибесі мол және ғылымға жаңа-жаңа қадам басқан ұстаздардан тұрады. Олар кафедраның, факультеттің гуманитарлық білімінің дамуына зор үлесін қосуда.

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС

Кафедраның оқу-материалдық базасы замануи талаптарға сай келеді.

Кафедраның 6 аудиториясы, олардың екеуі – компьютерлік, 5 кабинетте проекторлар орнатылған.

Кафедраның оқытушылары жүйелі түрде білім беру сапасын жоғарылату мақсатымен оқытудың замануи  технологиялары мен интерактивтік әдістерін қолдануда.

Қашықтықтан оқытуд үдерісінде ZOOM, Google Meet, WhatsApp, Facebook Messenger,   Kahootсервистері белсенді   қолдануда. 

Он (10) кредитке (300 c.) арналған жаңа типтік бағдарлама негізінде  қазақ/орыс тілдерінен А1,А2, В1, В2, С1 деңгейі бойынша жаңадан ПОӘК материалы құрастырылған. Сөйтіп, 2019-2020 оқу жылынан бастап стyденттер жаңа типтік бағдарлама негізінде  жасалған және семестрлерге бейімделген жұмыс бағдарламалары бойынша оқытылады.

«Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Кәсіби қазақ тілі», «Кәсіби орыс тілі»  пәндері бойынша оқу әдебиеттерімен студенттер 100% қамтамасыз етілген. 

Бекітілген жоспарға сәйкес, жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде кафедрада оқу-әдістемелік семинарлар өткізіледі (жауапты ф.ғ.к. Г.А. Кyкенова).  Семинарларда білім беру сапасын жоғарылату (барлық топтарда да, көптілді  топтарда да),  интерактивтік әдістерді қолдану, өзара сабаққа қатысу, ашық сабақ беру сияқты мәселелер кеңінен талқылауға салынады.

Кафедрада Қазақстанның және Ресей ғалымдарының жоғары бағалауына ие болған оқу құралдары құрастырылған, олардың ішінде :

Оқу құралдары, оқулықтар:

Нуржанова А.С. Казахский язык. Уровень С1. Рекомендовано РУМС при КазНУ им.аль-Фараби, 2018;

Туксаитова Р.О. Русский язык для экономических специальностей. 2016.

Альбекова А.Ш., Омарова Г.Т. Русский язык (биологи). 2016. 170 с.;

Кукенова Г.А., Омарова Г.Т. Русский язык (архитектура). 2017. 165 с.;

Курманова З.К., Рахимжанов К.Х., Акошева М.К. Русский язык. 2018.129 с.;

Туксаитова Р.О. Русский язык и культура речи. 2018.168 с.;

Тлеулесова А.Ш. Казахский язык. 2019.145 с.

Акошева М.К. Русский язык. 1 триместр. 2020.140 с.

Курманова З.К. Русский язык. 3 триместр. 2020.135 с.

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Кафедраның ПОҚ Қазақстан мен шетелде өтетін ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар жұмысына белсенділікпен қатысуда. Оқытушылардың ғылыи еңбектері БжҒМ Комитеті ұсынған журналдарда, конференция материалдарында жарияланады.

Кафедра оқытушылары А.Ш.Тлеулесова, Иманбердиева С.К., Аяпбергенов Б.К., М.К.Акошева, Б.З. Ахметова, З.К.Курманова, А.Ш.Альбекова, Т.Ж. Токсанбаева, А.А. Амангельды және т.б. оқытушылардың ғылыми жұмыстары   Scopus пен Web of Science базаларына кіретін ғылыми жұрналдарда жарияланған.

Кафедраның оқытушылық құрамы ғылыми жоба конкурстарына жүйелі түрде қатысып,  ғылыми жобалар бойынша жұмыс жүргізеді:

  • 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша конкурс   (1 жоба, ғылыми жетекшісі ф.ғ.д. Иманбердиева С.К.);
  • 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша конкурс   (1 жоба, ғылыми жетекшісі ф.ғ.к. Ахметова Б.З., орындаушылары Тлеулесова А.Ш., Акошева М.К., Алдабергенова А.С.).

2019-2021 оқу  жылдарында  «Солтүстік Қазақстан жазушылары шығармаларының тілдік ерекшеліктері» атты ізденушілік тақырыбында ПОҚ жұмысын аяқтады.   Осы тақырып шеңберінде оқытушылардың ғылыми жұмыстары Қазақстанның, шет елдерінің жетекші ғылыми журналдарында жарияланды.  Жоба тақырыбы бойынш ғылыми мақалалар жинағы баспадан шықты.

2022-2025 жылдарға жоспарланған «Лингвоэкология және сөйлеу мәдениеті» атты ізденушілік жоба тақырыбы бойынша жұмыс жүргізілуде.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАРЛАР

2019 жылдан бастап халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарлар,  Республикалық олимпиадалар, Республикалық жас ақындар жыр мүшәйрасын өткізу дәстүрге айналды. Мысалы,

2020 ж. 14 қаңтарында кафедра «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп Абайдың   175-жылдығына арналған «Абай – ақын, ойшыл, аудармашы» атты ғылыми семинар өткізді. 

2020 жылдың 4 маусымында  қазақ және орыс тілдері  кафедрасының меңгерушісі   А.Ш. Тлеулесованың ғылыми жетекшілігімен  шетелдік және республикалық ғалымдардың қатысуымен ZOOM платформасында әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Білім беру үдерісінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану бойынша отандық және шетелдік ғалым-әдіскерлермен тәжірибе алмасты.

Семинарға профессор Х. Жылқыайдар, Хобда университетінің Өлгей қ. филиалының ректоры,  Г. М.Набиуллина, Башқұрт МПУ профессоры, У. Т. Абдуллаева, Ташкент агротехникалық университетінің тіл  кафедрасының меңгерушісі, Байшев университеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Ж.А. Исина,  Павлодар МПУ профессоры М.А. Кененбаева сынды ғалымдар баяндама жасады

2020  ж. 23 желтоқсанында қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқыту: ұйымдастыру, басқару және моделдері» //«Distance learning: organization, management and models» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинардың мақсаты: Халықаралық және отандық ғалым-әдіскерлердің қатысуымен қашықтықтан оқыту курстарын әзірлеу әдістемесін сипаттау шеңберін талқылау.  Семинарға шетел мемлекеттерінен, атап айтсақ, Ташкент Аграрлық университетінен Рахимова Н.К., Самандарова Г.И.; РФ, Башқұртстан, Ұлттық білім беру ресурстық орталығынан   Давлетшина М.С.;  Монғолия, Ховда университетінің Баян-Өлгей   бөлімшесінің директоры Жылқыайдарқызы Қ.,  Өзбекстан республикасы, Қарақалпақстанның Әжінияз ат. Нөкіс МПИ-дан  Торткулбаева Т. А. сияқты тәжірибелі ғалымдар қатысып, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және оны іске асыруға байланысты  тәжірибелерін ортаға салды.  

Семинарға қазақстандық ғалымдар да аса белсенділікпен қатысты, олардың ішінде С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті, М.Оспанов ат.Батыс-Қазақстан  медицина университеті және т.б..    

2024 жылғы 19 қаңтарда шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату және тәжірибе алмасу мақсатында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-дың қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты профессорларының қатысуымен «Тілдерді оқыту әдістемесінің заманауи парадигмалары» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарды университетіміздің академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорыЖ.С. Жүргенов, гуманитарлық факультет деканы Ж.Т. Кульжанова мен қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі А.Ш.Тлеулесова салтанатты түрде ашты.  Іс-шарада Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының (Қарақалпақстан)  ғалымдары  Х.К. Алламбергенов, Т.А.Торткулбаева, Г.Ж. Алламуратова тілді оқытудың жаңа технологияларын қазақ, қарақалпақ және ағылшын тілдерін оқытуда тиімді пайдалану әдістемесі және т.б.тақырыптарда баяндама жасады.  

Семинарда қазақ және орыс тілдері кафедрасының ғалымдары ф.ғ.к. М.Т.Әбікенов, ф.ғ.к. Б.З. Ахметова өз тәжірибелерімен белсенді бөлісті.  

Семинар соңында қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Ш. Тлеулесова   ғылыми іс-шаралар мен ғылыми ынтымақтастық жөніндегі меморандумның маңыздылығын атап өтіп, тәжірибесімен бөліскен қонақтарды алғыс хатпен марапаттады.

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІ БОЙЫНША РЕСУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАР

2020 жылдың 14 ақпанында қазақ және орыс тілдерінен   республикамыздың оқушылары арасында   республикалық деңгейде олимпиада өткізілді.  Олимпиада 2 тyр бойы өтті. Кафедра меңгерушісі Тлеулесова А.Ш. олимпиада бағдарламасында оқушылардың білімге деген талпынысын байқаумен   қатар оларды университетпен таныстыруды жоспарлаған. Бұл жұмыс сонымен қатар кәсіби бағыттағы жұмыстың бір түрі ретінде қарастырылды.    .

Олимпиадаға Нұр-Сұлтан, Павлодар, Ұарағанды, Қостанай, Көкшетау, Арқалық, Екібастұз, Степногорск қалаларынан 130-дан астам оқушы қатысты. Жеңімпаздар грамота мен сертификаттармен арапатталды. 

2021-2022, 2022-2023 оқу жылдары қазақ және орыс тілдерінен Ақмола облысының оқушылары арасында қазақ және орыс тілдерінен олимпиада өткізілді.  Олимпиада 2 тyр бойы өтті. Бір ерекшелігі – оқушылар тек бір регион Ақмола облысынан қатысқан. Сөйтіп, оқушылар нақты бір аймақта қалай дайындалатыны байқалады.  Олимпиада бағдарламасында оқушылардың білімге деген талпынысын байқаумен қатар оларды университетпен - оқу корпустарымен, зертханаларымен, кітапханаларымен - таныстыру жоспарланған.

Олимпиада жұмысы алдағы оқу жылдарына да жоспарланған.

Қазақ және орыс тілдерінен студенттер мен оқушылар арасында университеттік және республикалық деңгейде олимпиадалар жүйелі түрде өткізіледі. 

Студенттермен өткізілетін тәрбие жұмысы

Студенттермен патриоттық бағыттағы тәрбие жұмысы  дөңгелек үстел, әңгіме, ашық дәрістер, диспуттар сияқты шаралар арқылы өткізіледі.

ЖОО студенттерінің арасында Республикалық жас ақындар жыр мүшәйрасын өткізу дәстүрі 2019 жылдан басталған.

2019 жылдың қараша айында І Республикалық жас ақындардың  жыр мүшәйрасы өткізілсе,  ІІ республикалық жас ақындардың  жыр мүшәйрасы  2020 жылдың қараша айында өткізілді.  «Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін...» атты  ІІ республикалық жас ақындардың  жыр мүшәйрасы  Сəкен Сейфуллиннің 126 жылдығы мен Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына арналған болатын.

Мүшайраға еліміздің жоғары оқу орындарының талантты, өлең жазып, қаламын ұштап жүрген елу студентінен өтінім қабылданып, талпыныс білдірген жас ақындардың өлеңдерін Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Жұмағали Қоғабай, С.Сейфуллин мұражайының қызметкері, ақын Мұқият Қойшыбай және Әдебиет порталының редакторы, ақын Арман Шеризат сараптамадан өткізіп, өз бағаларын берді.

2021 жылдың 5 қарашасында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті мен Гуманитарлық факультеттің қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Сәкен Сейфуллиннің 127 жылдығына арналған «Ұлы дала үні» атты ІІІ республикалық  жас ақындар жыр мүшәйрасы өтті.

Кафедра ұжымы студенттермен аса белсенділікпен тәрбие жұмысын өткізеді. Жыл сайын оқытушылар «Тәуелсіздік күні», «Наурыз», «Жеңіс күні», «Ата заң күні» сияқты ресми мемлекеттік мерекелер қарсаңында тақырыбы, көлемі, сипаты мен бағыты жағынан әртүрлі тәрбие сағаттарын – кураторлық сағаттар, дәріс сағаттары және т.б. шараларды -  өткізеді, олардың негізгі тақырыптары:  «Конституция – елдің негізгі заңы», «Тәуелсіздік жолында», «Жеңіс күні», «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері».

2022-2023 жылдары кафедра оқытушылары Президент К.К. Тоқаевтың бағдарламалық мақалаларының шеңберінде студенттер жатақханаларында насихаттау мақсатында  дәрістер өткізуде; сонымен қатар, мына тақырыптарда ашық шаралар өткізілді: «Толеранттылық – болашақ ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің маңызды факторы» атты дөңгелек үстел (Р.О. Туксаитова, Г.Т. Омарова, А.Ш.  Альбекова), «Тіл – ортақ байлық» атты тәрбие сағаты (Ж.М.Тулеужанова, А.Акажанова), Тіл аптасы шеңберінде «Білгіштер» іскер ойыны (Г.А. Кукенова),   «Тіл – халық байлығы» атты тәрбие сағаты (Г.Т. Омарова, А.С. Алдабергенова) «Бiлiм – болашаққа апарар жол» (Т.Қ. Бәлкен, З.К. Курманова) және т.б.

2023-2024 оқу жылы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың   Қазақстан халқына Жолдаулары  шеңберінде мына тақырыптарда тәрбие сағаттарын өткізу жоспарланып отыр: «Заман талабына сай тиімді мемлекет» (А.Ш.Тлеулесова), «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» (А.Ш. Нуржанова,М.К.Акошева), «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» (Т.Қ. Бәлкен, З.К.Курманова) т.б.

Жыл сайын 1 курс студенттерінің белсенді қатысуымен қазақ және орыс тілдерінен университеттік пән олимпиадаларын өткізу дәстүрге айналған.

Кафедраның жоспарына сәйкес ПОҚ студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына ғылыми жетекшілік етеді.

Университеттің барлық факультеттерінің студенттері жыл сайынғы «Сейфуллин оқулары»  атты ғылыми конференцияның секциялық отырыстары жұмысына баяндамалармен белсенді қатысады, ғылыми жетекшілікті кафедра оқытушылары атқарады.

Оқу жылы барысында yниверситеттің әртүрлі факyльтеттерінің студенттік топтарында кафедра оқытушылары    аса белсенділікпен кураторлық жұмысты атқарады.

Кураторлардың жұмысы ЖОО-ның «Академиялық топтың кураторы жөнінде» атты ережесіне сәйкес өткізіледі. Кураторлық сағаттарды өткізуде елдің өзекті мәселелері туралы ақпараттық-аналитикалық материалдар қолданылады, сондай-ақ, білім сапасы мен сабаққа қатысу мәселелері үнемі бақылауда болады.

Кафедраның негізінде әртүрлі клубтар ашылған. Ағымдағы оқу жылы клубтар жұмысын жалғастырyда. Клубтар әртүрлі бағытта жұмысын атқарады: «Дарынды жастар» (жетекшілері Бәлкен Т.Қ., Абикенов М.Т ),  «Руханият» (жетекшісі Т.Ж. Токсанбаева).  Клуб жұмысының шеңберінде әртүрлі  тақырыптарда шаралар өткізіледі:  дебаттар, конкурстар, дөңгелек үстелдер және т.б. тәрбие шаралары.

Қазіргі таңда кафедра ұжымы негізгі жұмысын студенттердің білім сапасын жоғарылату бағытында өткізеді, құрылымдық жағынан әртүрлі болатын қазақ және орыс тілдерін салғастырмалы-типологиялық зерттеу, аударманың теориясы мен практикасы, мәдениетаралық коммуникация жәнет.б. мәселелері бойынша белсенді жұмыс атқарады. Осының барлығын кафедрада, жалпы айтқанда, факультетте де гуманитарлық білімнің жоғары деңгейде болуының дәлелі деп санауға болады.