Басты бет / Факультеты и кафедры / «Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобы
«Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобы

«Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобы

 

2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап оқу үрдісін одан әрі оңтайландыру аясында «Аграрлық техника және технология», «Техникалық механика» және «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедралары біріктірілді. Қайта құрылымдау нәтижесінде «Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобы құрылды. Оның жетекшісі болып техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қаспақов Есеналы Жақсылықұлы тағайындалды.

Білім беру бағдарламалары тобының профессор-оқытушылар құрамы 56 оқытушыдан тұрады. Олардың ішінде: 8 ғылым докторы, 26 ғылым кандидаты, 10 аға оқытушы, 9 PhD докторы және 3 магистр-оқытушы бар. Ғылым докторларының ішінде профессорлар Д.З. Есхожин, М.А. Адуов және Н.В. Костюченков ҚР АШҒА-ның толық мүшелері, ал профессор С.О. Нукешев — ҚазҰЖҒА және ҚР ҰҒА толық мүшесі.

Білім беру бағдарламалары тобы ғалымдарының жоғары ғылыми жетістіктері түрлі қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдары тарапынан жоғары бағаланған.

«Жылдың үздік оқытушысы» атағына ие болғандар:

Есхожин Д.З. (2009 ж.);

Адуов М.А. (2006, 2010 жж.);

Нөкешев С.О. (2007, 2011 жж.);

Шеров К.Т. (2021 ж.);

Искаков Р.М. (2020 ж.);

Кокаева Г.А. (2022 ж.);

Ахметов Е.С. (2024 ж.).

БББ тобының оқытушылары Есхожин Д.З., Адуов М.А., Нөкешев С.О. және Ахметов Е.С. Қазақстанның үздік 50 оқытушысының қатарына кіреді.

Сондай-ақ, профессор С.О. Нөкешев:

Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері (2015, 2020 жж.);

«Үздік ғылыми қызметкер» мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2021 ж.);

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағының иегері (2016 ж.);

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен марапатталған (2017 ж.).

Озық білімді енгізу және тарату, сондай-ақ оқыту сапасын арттыру мақсатында кафедра оқытушылары Түркия, Болгария, Германия, Корея Республикасы, Өзбекстан, Қытай, АҚШ, Польша, Беларусь және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарында шетелдік тағылымдамалардан өтеді.

БББ тобы қызметінің негізгі бағыттары:

- экономиканы цифрландыру және технологиялық жаңғырту жағдайында жұмыс істей алатын, теориялық және практикалық даярлығы жоғары бәсекеге қабілетті мамандар даярлау;

- аграрлық техника, технологиялар және механикалық инженерия саласында озық ғылыми зерттеулер жүргізу;

- болашақ мамандардың агротехника және машина жасау саласындағы кәсіби құзыреттерін дамыту.

«Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалар тобы магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізуге лицензия қосымшасына ие. Бұл бакалавриат түлектеріне білім алуды келесі деңгейлерде жалғастыруға мүмкіндік береді.

Үштілді оқыту аясында БББ тобы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды:

«Агроинженерия»:https://kazatu.edu.kz/edu-program/agroinzeneria-bakalavriat,https://kazatu.edu.kz/edu-program/agroinzeneria-magistratura, https://kazatu.edu.kz/edu-program/agroinzeneria-magistratura_20211207063121, https://kazatu.edu.kz/edu-program/agroinzeneria-doktorantura.

«Механика және металл өңдеу»: https://kazatu.edu.kz/edu-program/mehaniceskaa-inzeneria-bakalavriat, https://kazatu.edu.kz/edu-program/mehaniceskaa-inzeneria-doktorantura_20210819093202, https://kazatu.edu.kz/edu-program/mehaniceskaa-inzeneria-doktorantura

 

Білім деңгейі, білім беру бағдарламасы және құзыреттер

Білім деңгейі

Білім беру саласы

Дайындық бағыты

Білім беру бағдарламалар тобы

Құзыреттер

Оқу мерзімі

Бакалавриат

6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурс-тар

6B087 Агроинженерия

B183 Агроинженерия

6B08701 «Агроинженерия» білім беру бағдарламасы бойынша Ауыл шаруашылығы бакалавры

4 жыл

 

 

 

6В07104-«Технологиялық машиналар және жабдықтар» білім беру бағдарламасы бойынша Техники және технология бакалавры

6В07

Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

6В071

Инженерия

Және

 инженерлік іс

В064

Механика және  металл өңдеу

6В070105-«Механикалық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша Техника және технологиялар бакалавры

Магистратура

7M08 Ауыл шаруашылығы және биоресурс-тар

7M087 Агроинженерия

M136 Аграрлық техника және технологиялар

7M08701«Дәл егіншілік» білім беру бағдарламасы бойынша Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі

 

 

 

 

 

2 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

2 жыл

7M08 Ауыл шаруашылығы және биоресурс-тар

7M087 Агроинженерия

M136 Аграрлық техника және технологиялар

7M08702 «Агроинженерия» білім беру бағдарламасы бойынша Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі

7М07

Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

7М071

Инженерия және инженерлік іс

М103

Механика және  металл өңдеу

7М07106-«Механикалық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша Техника ғылымдарының магистрі

Докторантура

8D08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

8D087 Агроинженерия

D136 Автокөлік құралдары

8D08701 Агроинженерия білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторы

3 жыл

 

8D07

Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

8D071

Инженерия және инженерлік іс

D103

Механика және металл өңдеу

8D07105-«Механикалық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша PhDдокторы

 

Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы

«Агроинженерия» білім беру бағдарламасының түлегі өсімдік шаруашылығы үрдістерін механикаландыруға және автоматтандыруға бағытталған ауыл шаруашылығы техникасы мен технологияларын жобалау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және сынау саласында кәсіби қызмет атқарады.

Білімді қолдану саласы топырақ өңдеу және себу машиналарының жұмыс органдарын әзірлеу мен жетілдіруді, зертханалық және далалық сынақтар жүргізуді, машина-трактор агрегаттарының тиімділігі мен сенімділігін бағалауды, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенде ресурс үнемдейтін және экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізуді қамтиды.

«Технологиялық машиналар және жабдықтар» / «Механикалық инженерия» білім беру бағдарламасының түлегі білім беру бағдарламасы пәндерін меңгеру барысында алған білімін ауыл шаруашылығы машина жасау саласында қолданады. Ол технологиялық үрдістердегі бұзушылықтардың себептерін талдайды, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар әзірлейді және өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Экономиканы индустрияландыру және цифрландыру жағдайындағы еңбек нарығының қажеттіліктері, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, мамандар даярлауға жаңа талаптар қояды. Бұл білім беруді әртараптандыруды және сапасын арттыруды көздейді. Осыған байланысты білім беру бағдарламаларын іске асыру техника және технологиялар бакалаврларын даярлаудың зерттеушілік және іргелі құрамдастарын күшейтуге бағытталған. Бұл білім беру бағдарламаларын жетекші шетелдік университеттермен үйлестіру арқылы жүзеге асырылады.

 

Кәсіби қызмет объектілері

«Агроинженерия» бағыты бойынша

Кәсіби қызмет объектілері ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыруды, автоматтандыруды және цифрландыруды қамтамасыз ететін агроөнеркәсіптік кешеннің техникалық құралдары, технологиялық үрдістері және өндірістік жүйелері болып табылады.

Негізгі объектілерге мыналар жатады:

ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары: тракторлар, өздігінен жүретін және тіркемелі машиналар, топырақ өңдеуге, егіс егуге, егісті күтіп-баптауға, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын енгізуге, өнім жинауға және өнімді жинаудан кейінгі өңдеуге арналған агрегаттар мен кешендер;

жобалауға, жаңғыртуға, сынауға және пайдалану сипаттамаларын бағалауға жататын машиналардың жұмыс органдары мен тораптары, олардың конструкциялық элементтері;

машина-трактор агрегаттары мен машина парктері, оларды жинақтау, баптау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету үрдістері;

өсімдік шаруашылығы өнімдерін механикаландырылған өндірудің технологиялық үрдістері;

жұмыс органдарының топырақпен өзара әрекеттесуін зерттеуге, тарту, энергетикалық және агротехникалық көрсеткіштерді анықтауға арналған сынақ, зертханалық және диагностикалық қондырғылар;

техникалық қызмет көрсету, жөндеу және техниканы сақтау жүйелері;

механикаландыру және автоматтандыру құралдары, гидравликалық, пневматикалық, электрлік және электрондық басқару жүйелерінің элементтері;

ресурс үнемдейтін және экологиялық қауіпсіз технологиялар;

ауыл шаруашылығы үрдістерін мониторингтеу және басқарудың ақпараттық-цифрлық жүйелері.

«Инженерлік іс» бағыты бойынша

Кәсіби қызмет объектілері агроөнеркәсіптік кешен және қайта өңдеу өндірістері салалары, мемлекеттік басқару органдары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар, машина жасау зауыттары, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары, сондай-ақ бақылау-сынақ зертханалары болып табылады.

Негізгі объектілерге мыналар жатады:

машина жасау өндірісінің объектілері, технологиялық жабдықтар, құрал-сайман техникасы, технологиялық жарақтар және автоматтандыру құралдары;

технологиялық жабдықтарды әзірлеу және жобалау;

өндірістік және технологиялық үрдістер, жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу;

өнім сапасын ақпараттық, метрологиялық, диагностикалық және басқарушылық қамтамасыз ету жүйелері;

машина жасау бұйымдарын сынау және сапасын бақылау әдістері мен құралдары;

нормативтік-техникалық құжаттама, стандарттау және сертификаттау жүйелері.

Бәсекелік артықшылықтар және даму

«Агроинженерия» және «Технологиялық машиналар және жабдықтар» білім беру бағдарламаларының бәсекелік артықшылықтары Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі рейтингінің нәтижелерімен расталады: соңғы үш жыл бойы аталған бағдарламалар Қазақстан Республикасында 1-орын алып келеді.

Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП рейтингі нәтижелері бойынша білім беру бағдарламалары тұрақты түрде жетекші орындарға ие болып, даярлау бағыты бойынша елдегі үздік бағдарламалар қатарына кіреді.

Сонымен қатар, «Агроинженерия» бағыты бойынша білім беру бағдарламасы АСИИН агенттігінде 6 жыл мерзімге аккредиттелген. Бұл даярлау сапасының жоғары деңгейін және білім беру бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды.

Дэвис қаласындағы Калифорния университетінің жетекші ғалымдарының ұсынысы бойынша Агроинженерия платформасы құрылды. Оның құрамына заманауи СБҚ (ЧПУ) станоктарымен жабдықталған «Металл өңдеу және дәнекерлеу өндірістік-эксперименттік цехы» және «Конструкторлық бюро» кіреді.

Университет АҚШ, Канада, Германия, Қытай, Корея Республикасы, Польша, Болгария, Малайзия, Түркия, Беларусь және Ресей Федерациясының ғылыми және өндірістік серіктестерімен тұрақты халықаралық байланыстарды дамытып келеді.

БББ тобы оқытушылары жақын және алыс шетелдердің жетекші ғылыми орталықтарымен белсенді ынтымақтастық жасайды. CLAAS концернімен (Германия), Шыңжаң техникалық университетімен (ҚХР), Хоэнхайм университетімен (Германия), София химия-технологиялық және металлургия университетімен (Болгария), Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетімен, Бүкілресейлік ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-зерттеу институтымен, сондай-ақ Мичурин мемлекеттік аграрлық университетімен, Орынбор мемлекеттік университетімен, Оңтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетімен, Қорған мемлекеттік университетімен және Челябі мемлекеттік агроинженерлік академиясымен шығармашылық және ғылыми ынтымақтастық туралы шарттар жасалған.

Оқу-материалдық база

Оқу процесін, зертханалық-практикалық сабақтарды және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін БББ тобында университеттің №3 және №4 оқу корпустарында орналасқан, заманауи стендтермен және ауыл шаруашылығы техникасының үлгілерімен жабдықталған 17 мамандандырылған оқу зертханасы, сондай-ақ 6 компьютерлік сынып бар. Сонымен қатар 4 мамандандырылған орталық жұмыс істейді.

 

http://kazatu.edu.kz/assets/i/img/att-10.jpg
«Тракторлар мен автомобильдер-1» Қазақстан-Беларусь инженерлік кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы 3522, МТЗ-80Х, МТЗ-1221 тракторларының қолданыстағы макеттерімен және топырақ арнасымен жабдықталған. Мұнда «Доңғалақты және шынжыр табанды машиналардың құрылысының негіздері» және «Тракторлар мен автомобильдер-1» пәндері бойынша сабақтар өткізіледі
Ауыл шаруашылығы техникасы павильоны ауыл шаруашылығы техникаларымен жабдықталған
3106-аудитория — Қазақстан-Германия дәлме-дәл егіншілік орталығы EASYTrolleys параллель жүргізу жүйесінің моделімен және оқу стендтерімен жабдықталған.
4103-аудитория — «3D визуализация» зертханасы тракторлар мен комбайндардың құрылымын, жұмыс істеу қағидатын және ауыл шаруашылығы техникасының гирожүйелерін көрсететін 3D-анимациялық модельдермен жабдықталған. Сонымен қатар зертханада CLAAS JAGUAR комбайнының моделі сияқты интерактивті стендтер ұсынылған, бұл аталған машинаның жұмысын тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді.
4105 және 31011 зертханалары сиыр саууға арналған заманауи электрондық жабдықтармен, стендтермен және ірі азықтарды ұсақтауға арналған ұсатқышпен жабдықталған.
Металл өңдеу және дәнекерлеу өндірістік-эксперименттік цехы, слесарлық шеберхана металл өңдеу, дәнекерлеу және слесарлық жұмыстар бойынша практикалық оқыту мен дағдыларды қалыптастыруға арналған CNC металл кесу станоктарымен және дәнекерлеу жабдықтарымен жабдықталған.
Робототехника және мехатроника зертханасы робототехникалық және мехатрондық жүйелер саласында практикалық оқытуға, әзірлеуге және дағдыларды пысықтауға арналған.
Пәндер бойынша зертхана: машина бөлшектері, механизмдер мен машиналар теориясы, материалдар кедергісі, механизмдерді автоматтандырылған жобалау және инженерлік механика пәндері бойынша сабақтарға арналған
Топырақ арнасы зертханалық тәжірибелер жүргізуге арналған. Ол ауыл шаруашылығы машиналарының жұмыс органдарының топырақпен өзара әрекеттесуін бақыланатын, далалық жағдайларға барынша жақын ортада зерттеуге арналған зертханалық қондырғылармен жабдықталған

 

С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ кәсіптік практика базаларының тізімі

Кәсіпорынның / ұйымның атауы

Заңды мекенжайы

1

«А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС

Ақмола обл., Шортанды ауданы, Научный кенті, Александр Бараев көшесі, 15

2

«Казрост» ЖШС

Астана қ., Алаш тас жолы, 18/1

3

«Шахтерское» ЖШС

Қарағанды обл., Нұра ауданы, Шахтерское ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 15

4

«ШОРТАНБАЙ-2019» ЖШС

Ақмола обл., Атбасар ауданы, Сочинское ауылы, Бейбітшілік көшесі, 21

5

«Агромашхолдинг KZ» АҚ

Қостанай обл., Қостанай қ., Промышленная көшесі, 41-ғимарат

6

«Спектр-ТС» ЖШС

Астана қ., Бақтыораз Бейсекбаев көшесі, 23

7

«Қаратомар» ЖШС

СҚО, Тайынша ауданы, Теңдік ауылы

8

«АсылТұқым» ЖШС

Ақмола обл., Целиноград ауданы, Ақжар ауылы, есептік квартал 047, құрылыс 82

9

«Жалғас-Агро» ЖШС

Ақмола обл., Ерейментау ауданы, Майлан ауылы, Яков Киселев көшесі, 13-үй

10

«Журавлевка–1» ЖШС

Ақмола обл., Бұланды ауданы, Капитоновка ауылы, Достық көшесі, 50

11

«Агро Олдиви» ЖШС

Ақмола обл., Есіл ауданы, Бузулук ауылы, Батырхан Шүкенов көшесі, 15

12

«Акселеу» ЖШС

СҚО, Ғ. Мүсірепов ауданы, Ковыльное ауылы, Школьная көшесі, 30

13

«СТ Агро» ЖШС

Астана қ., Нұра ауданы, Қорғалжын тас жолы, 74

14

«ЕРМАН» ШҚ

Ақмола обл., Біржан сал ауданы, Макинка ауылы, Чкалов көшесі, 103

15

«Жамышев» ШҚ

Ақмола обл., Есіл ауданы, Ақсай ауылы

16

«Единый Консолидирующий Центр» ЖШС

Астана қ., Байырқұм көшесі, 13

17

«Запчасть ЖД» ЖШС

Астана қ., Жақанша Досмұхамедұлы көшесі, 14/1

18

«Kazakhstan Paramount Engineering» ЖШС

Астана қ., Буйрат көшесі, 20

 

Жетістіктер

Ғылыми-зерттеу міндеттерін орындау, білім беру бағдарламаларын жаңарту, сондай-ақ оқу, өндірістік, дипломалды және зерттеу практикаларын ұйымдастыру және тәжірибе алмасу аясында БББ тобы оқытушылары жетекші кәсіпорындармен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Олардың қатарында: «Агромашхолдинг» АҚ, «Ақмола-Феникс» АҚ, «Астана Зеленстрой» АҚ, «Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Қостанай ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Ақкөл ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «Агроцентр Астана» ЖШС, «Агрофирма Родина» ЖШС, «Шахтерское» ЖШС, «Agrosmart Technologies» ЖШС, «TNK» ЖШС, «Казрост» ЖШС, «Спектр ТС» ЖШС, «Запчасть ЖД» ЖШС, «Ауыл шаруашылығы машина жасауы конструкторлық бюросы» ЖШС, «Казахстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС бар.

«А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Agrosmart Technologies» ЖШС және «КазРост» ЖШС базасында дуальды оқыту филиалы құрылды. Онда 6В08701 — «Агроинженерия» білім беру бағдарламасы бойынша көшпелі практикалық сабақтар өткізіледі.

«2,5+1+0,5» бағдарламасын іске асыру, дуальды оқыту жүйесін енгізу және практикаға бағытталған даярлықты дамыту аясында 6B07104 — «Технологиялық машиналар және жабдықтар» білім беру бағдарламасының 3–4 курс білім алушылары практикалық даярлықтан өтеді:

· 2025 жылғы қаңтардан бастап 14 студент - «Kazakhstan Paramount Engineering» ЖШС-де;

· 2025 жылғы қыркүйектен бастап 15 студент - «Единый консолидирующий центр» ЖШС-де.

   

   



«Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобының тарихы

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті 1957 жылдан бері Қазақстанда аграрлық салаға инженер мамандарды даярлайтын алғашқы оқу орны.

Факультет тарихы мен қол жеткізген жетістіктері оның ұжымдарының көпжылдық жемісті еңбегінің нәтижесі болып табылады.

«Ауыл шаруашылығы және астық өңдеу машиналары» кафедрасы техникалық факультеттің ең алғашқы кафедраларының бірі. Ол 1957 жылғы қазанда құрылып, бастапқыда «Ауыл шаруашылығы машиналары» деп аталды.

Кафедраның ұйымдастырушысы және 1961–1975 жылдардағы алғашқы меңгерушісі аға оқытушы Николай Борисович Бок болды. Кейін ол техника ғылымдарының докторы, профессор, 140-тан астам ғылыми еңбектің және 40 өнертабыстың авторы атанды. Оның жетекшілігімен И.С. Таирян, О.А. Черемисинов, Б.Н. Гурин, Д.З. Есхожин, О.Ф. Безлер, Б.П. Раков, Л.Н. Гончарова, А.И. Нуждов, В.А. Путилин, М.А. Адуов, О.М. Кошанов, А.И. Шнайдер және К.С. Жусупов кандидаттық диссертацияларын қорғады.

Әр жылдары кафедраны төмендегі ғалымдар басқарды:

Бок Н.Б., т.ғ.д., профессор (1961–1975 жж.);

Черемисинов О.А., т.ғ.к., доцент (1975–1990 жж.);

Нуждов А.И., т.ғ.к., доцент (1990–1996 жж.);

Адуов М.А., т.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі (1996–2014 жж.).

Профессор Н.Б. Боктың көптеген теориялық әзірлемелері оқулықтарға, оқу құралдарына және анықтамалық басылымдарға енгізілді.

Аталған кезеңде кафедрада ауыл шаруашылығы машиналары, машина-трактор паркін пайдалану, механизмдер мен машиналар теориясы, ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру және электрлендіру пәндері оқытылды. 1960 жылдардың соңында кафедра құрамынан «Мал шаруашылығы фермаларын механикаландыру» кафедрасы бөлініп шықты.

1985–1999 жылдары кафедра инженерлік-педагогикалық факультеттің құрамында болып, бітіртуші кафедра қызметін атқарды. 1997 жылдан бастап кафедра мына бағыттар бойынша мамандар даярлай бастады:

5В072800 - «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»;
5В080600 - «Аграрлық техника және технология».

Даярлау бағыттарының кеңеюіне байланысты кафедра атауы «Ауыл шаруашылығы және астық өңдеу машиналары» болып өзгерді.

Әр жылдары кафедрада оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын келесі оқытушылар жүргізді:

Александров В.А., Безлер О.Ф., Белов Д.П., Гаар В.В., Гришин А.Н., Добровольский С.В., Доценко В.М., Есхожин К.Д., Жусупов К.С., Ильясов Д.Т., Корниенко Н.И., Кошанов О.М., Кузьмин Г.П., Муращенко В.И., Новаковский Л.А., Нуждов А.И., Падалко С.П., Пилюгин Н.Д., Путилин В.А., Раков Б.П., Ролич Н.М., Саковцев В.С., Сапаров О.С., Скачков Ф.М., Салмин Ю.А., Филиппова Р.Е., Чернышев Н.А., Черемисинов О.А., Шиянов Н.И., Шнайдер А.И., Штетингер А.А., Сидикова Р.А., Тілеуова К.А., Баскина А.Г., Жазықбаева Ж.М., Қаспақов Е.Ж., Құнапьянова Р.Н., Төлегенов Т.К.

2014–2015 жылдардағы қайта ұйымдастыру кезеңінде кафедра меңгерушісінің міндетін:

Есхожин К.Д., т.ғ.к., профессор;

Әбілмажинов Е.Т., т.ғ.д., профессор атқарды.

«Техникалық механика» кафедрасы

«Техникалық механика» кафедрасы 1958 жылғы 22 наурызда ұйымдастырылды. Оны институттың алғашқы директоры, техника ғылымдарының кандидаты Т.Г. Духов басқарды.

1959 жылғы сәуірде кафедра екіге бөлінді:

«Техникалық механика және сызу» кафедрасы(меңгерушісі - т.ғ.к. Л.Н. Куперштох);

«Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру» кафедрасы (меңгерушісі - аға оқытушы Н.Б. Бок).

1959 жылғы шілдеде «Металдар технологиясы және машиналарды жөндеу» кафедрасы құрылып, оны т.ғ.к. Т.Г. Духов басқарды.

1961 жылғы қазанда «Техникалық механика және сызу» кафедрасы қайтадан екі кафедраға бөлінді:

«Сызба геометрия және графика» кафедрасы (меңгерушісі - Л.Н. Куперштох);
«Материалдар кедергісі және машина бөлшектері» кафедрасы (меңгерушісі - доцент А.А. Плисученко).

«Сызба геометрия және графика» кафедрасын:

 1961–1976 жылдары Куперштох Л.М.;

 1976–1987 жылдары Есхожин Д.З.;

 1987–1997 жылдары Нұрғалиев Т.К. басқарды.

Әр жылдары кафедрада Нұрғалиев Т.К., Есхожин Д.З., Федоров А.К., Науменко В.Г., Кириленко А.П., Мосунов В.И., Фабрицкая Л.Ф., Тужилкин И.В., Шаламова В.А., Токушев М.К., Мартыч С.П., Бондар А.И., Самойлов Ю.И., Желнина Л.Н., Адуов М.А. жұмыс істеді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары екі бағыт бойынша жүргізілді:

1977 жылға дейін - «Жоғары мектеп мәселесі» бағыты бойынша;

кейін - «Топырақ қорғау технологиясы жағдайында машиналардың жұмыс органдарын жетілдіру» тақырыбы бойынша.

1977 жылдан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінен мемлекеттік қаржыландыру және шаруашылық келісімшарттар негізінде жүргізілді.

Ғылыми жұмыстың нәтижелері бойынша: 7 кандидаттық диссертация қорғалды (Байтлесов К., Адуов М.А, Гончарова Л.Н., Нургалиев Т.К., Нукешев С.О., Сыздыков Ж.А., Ахметов Е.С.);

40-тан астам өнертабысқа авторлық куәлік алынды;

200-ден астам ғылыми мақала жарияланды;

50-ден астам әдістемелік әзірлеме шығарылды;

20-дан астам оқулық және 20 оқу құралы дайындалды.

Студенттер жыл сайын ғылыми конференцияларда 20–25 баяндама жасап, олардың жартысына жуығы жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар екі ғылыми жұмыс республикалық конкурстардың, ал бір жұмыс одақтық деңгейдегі байқаудың жеңімпазы атанды. Кафедра оқытушылары КСРО-ның жетекші жоғары оқу орындарында – Мәскеу мемлекеттік университетінде (ММУ), Мәскеу сәулет институтында (МАРХИ), Киев және Томск политехникалық институттарында тағылымдамадан өтті.

Механикаландыру факультетінің түлектері Қазақстан мен жақын шетелдердің халық шаруашылығы салаларында жетекші қызметтер атқарды. Олардың қатарында Социалистік Еңбек Ері В.К. Скрыль, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Н.В. Геллерт, КСРО ІІМ МАИ бастығы Б.А. Коряковцев, сондай-ақ өңірлер мен ірі кәсіпорындардың басшылары В.К. Гартман, А.К. Бөлекбаев, С.В. Кулагин, Р. Кирибаев, В.Н. Ряснов, Ж.Е. Нұркенов, И.А. Сауэр, Г.Г. Прокоп, В.И. Старунов және басқа да көптеген мамандар болды, сонымен қатар факультет түлектері арасында 100-ден астам кеңшар директорлары мен әкімшілік басшылары еңбек етті.

Факультет жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауда да елеулі жетістіктерге жетті. Оның түлектері арасында ғылым докторлары мен профессорлар Д.З. Есхожин, М.А. Адуов, Н.В. Костюченков, С.О. Нөкешев, Ю.А. Цой, Д.И. Журкович, К.К. Абуов, М.Г. Дегтярев, Ю.А. Меновщиков, сонымен қатар факультет 40-тан астам ғылым кандидаты мен доцентті даярлады, олардың қатарында О.А. Черемисинова, Ю.А. Левицкий, К.А. Қойшыбаев, Т.К. Нұрғалиев, В.А. Бабушкин, А.И. Шнайдер және О.С. Сапаров.

 

«Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасы

«Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасы 1959 жылғы шілдеде ашылған «Металдар технологиясы және машиналарды жөндеу» кафедрасының базасында құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты Т.Г. Духов болды.

1962 жылы кафедра екі дербес:«Металдар технологиясы», «Машиналарды жөндеу» кафедраларына бөлінді.

Әр жылдары «Металдар технологиясы» кафедрасына:

1962–1963 жылдары Бердников Б.Ф.;

1963–1991 жылдары Губский Г.И.;

1969–1979 жылдары т.ғ.к.Дименштейн Л.М.;

1979–1995 жылдары т.ғ.к., профессор Дегтярев М.Г.;

1991–1993 жылдары т.ғ.к. Александров В.А. жетекшілік жасады.

«Машиналарды жөндеу» кафедрасын:

1962–1976 жылдары Духов Т.Г.;

1964–1966 жылдары Селянко С.В., Медведев В.А., Музычук А.М.;

1976–1983 жылдары т.ғ.к. Левицкий Ю.А.;

1985–1999 жылдары т.ғ.к., доцент Бабушкин В.А.басқарды.

1996 жылғы қазанда «Машиналарды жөндеу» және «Металдар технологиясы» кафедралары қайта біріктіріліп, «Металдар технологиясы және машиналарды жөндеу» кафедрасы құрылды. 2000 жылы кафедра атауы «Машина жасау» кафедрасы болып өзгерді.

2010 жылы «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша бакалавриаттың енгізілуіне байланысты кафедра қазіргі атауын алды.

Әр жылдары кафедраны:

1999 жылы Оспан А.Ж.;

2000 жылы т.ғ.д. Мурзағалиев К.Г.;

2000-2013 жылдары т.ғ.к., доцент Гришин А.Н.;

2013-2015 жылдары т.ғ.к., доцент Сексенбаева Р.Б.;

2015 жылы т.ғ.к., доцентТұрсынбаева А.К.;

2015-2016 жылдары т.ғ.д., профессор Қанлыбаев О.С.;

2016-2025 жылдары Үсербаев М.Т. басқарды.

Әр жылдары кафедрада Духов Т.Г., Кондратьев В.Я., Шляхтич В.Е., Гаар В.В., Бабушкин А.А., Бергазденов А.Д., Сатановский А.В., Иванченко А.В., Ким А.П., Хан А.М., Демиденко А.А., Гришин А.Н., Абраев С.А., Алпысов Ж.М., Макенов М.К., Мұқашева Н.А., Солодянкина Л.Г., Нұрланов Б.Ж., Сүлеймен Е.Б., Сыздықов О.С., Баржаксина Б.А., Хан В.А., Бабченко Л.А., Қошанов О.М., Сексенбаева Р.Б., Құсайынова К.Т., Мендалиева С.И., Түменов С.Н., Данияров Н.А., Тоғызбаева Б.Б., Тұрсынбаева А.К., Жалғасбеков А.З., Балабаев О.Т., Какимов У.Т., Никонова Т.Ю., Төлегенова А.С., Ғалимова Р.Ф., Сағитов А.А., Қасымханов Р.К., Смайлова Б.М., Абулхаиров Д.К., Аджанов А.У., Асқарова А.А., Болатова А.Б., Алкеев К.Н., Магавин С.Ш., Толбаев А.А., Кардавинов С.М., Бобеев А.Б., Өтеулов У.Т., Байшуғұлова Ш.К., Ержанова А.Е., Кокаева Г.А., Рамазанова Ж.М., Шеров К.Т., Шеров А.К., Нугманова Ф.Б., Бижанов А.Р., Искаков Р.М., Ахметов С.М., Қардыбай С., Шежау К., Менлен Д., Росал А., Митрофанова Е.А., Бердімұратова Д. жұмыс істеді.

2015 жылы университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен (ректордың 27 мамырдағы №265-Н бұйрығы негізінде) «Техникалық сервис», «Технологиялық процестерді механикаландыру» және «Ауыл шаруашылығы және астық өңдеу машиналары» кафедралары біріктіріліп, «Аграрлық техника және технология» кафедрасы құрылды.

2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап оқу процесін одан әрі оңтайландыру нәтижесінде «Аграрлық техника және технология», «Техникалық механика» және «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедралары біріктірілді. Нәтижесінде «Агроинженерия, механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламалары тобы құрылды.

«Материалдар кедергісі және машина бөлшектері» кафедрасы1961 жылы шілдеде құрылды. Әр жылдары кафедраны:

1961-1966 жылдары Плисученко А.А.;

1966-1969 жылдары т.ғ.к. Хван В.И.;

1969-1970 жылдары аға оқытушы Нұрғалиев Т.К.;

1970-1981 жылдары т.ғ.к. Гуревич В.М.;

1981-1992 жылдары т.ғ.к. Треблер А.М.;

1992-1997 жылдары т.ғ.к. Қойшубаев К.А. басқарды.

Әр жылдары кафедрада доценттер Қойшубаев К.А., Гуревич В.М., Треблер А.М., Бондаренко В.И., Гришин А.Н.; аға оқытушылар Сыздықов Ж.А., Филиппова Р.Е., Базилевская Е.Н., Заводнов В.С., Рудинский С.Г., Парфенов А.Г., Браймаер В.А., Воронкова Л.И., Назаренко Т.А.; ассистенттер Үскенбаев А.К., Жақыпов Г.Т., Бекішева А.Д., Баешев Б.Т.; лаборанттар Тихонюк Н.П., Когут В. жұмыс істеді.

Кафедра ауыл шаруашылығын механикаландыру, ауыл шаруашылығын электрлендіру және инженерлік-педагогикалық факультеттерінде материалдар кедергісі, машина бөлшектері, көтергіш-көлік машиналары, техникалық және теориялық механика пәндері бойынша оқу сабақтарын жүргізді.

Кафедрада жабдықтармен және көрнекі құралдармен қамтамасыз етілген төрт мамандандырылған зертхана болды. Зертханалық сабақтар кафедраның әдістемелік әзірлемелерімен қамтамасыз етілді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары ауыл шаруашылығы машиналарының сенімділігін арттыру және биомеханика бағыттары бойынша жүргізілді. Зерттеулердің негізгі бөлігі шаруашылық келісімшарттар негізінде орындалып, жекелеген нәтижелері Солтүстік Қазақстандағы кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы ұйымдарына енгізілді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша 7 кандидаттық диссертация, оның ішінде екеуі  (Бондаренко В.И. және Қойшубаев К.А.) - өндірістен қол үзбей қорғалды.

1997 жылы «Сызба геометрия және графика» кафедрасы мен «Материалдар кедергісі және машина бөлшектері» кафедрасы біріктіріліп, «Техникалық механика» кафедрасы құрылды.

Әр жылдары кафедраны:

1997-1999 жылдары т.ғ.к., доцент Нұрғалиев Т.К.;

2000-2012 т.ғ.к., доцент Горбунов Б.Н.;

к.т.н., профессор Ахметов Е.С., аға оқытушы PhD Токушев М.К..басқарды.

Кафедра құрамы: т.ғ.д., профессорлар Есхожин Д.З., Нөкешев С.О., Мусалимов Т.К.; т.ғ.к., доценттер Ахметов Е.С., Горбунов Б.Н.; т.ғ.к., аға оқытушылар Аубакиров Б.У., Сүйіндіков А.А., Мамырбаева И.К., Кубентаева Г.К.; PhD докторлар Жаксылықова З.С., Токушев М.К.; аға оқытушылар Бектегенова А.С., Мартыч С.П., Тлеумбетов К.М.; іс жүргізуші Сатыбалдина З.С.; аға зертханашы Шмер М.В.

«Машина-трактор паркін пайдалану» кафедрасы1962 жылы құрылды.

Әр жылдары кафедраны:

1962-1967 жылдары т.ғ.к., доцент Ворожцов И.П.;

1967-1969 жылдары т.ғ.к., доцент Костин В.Д.;

1969-1970 жылдары т.ғ.к., доцент Доценко В.М.;

1970-1973 жылдары т.ғ.к., доцент Разуваев А.А.;

1973-1975 жылдары т.ғ.к., доцент Егорушкин В.Е.;

1975-1991 жылдары т.ғ.к., доцент Сапаров О.С.;

1998-2000 жылдары т.ғ.д., профессор Костюченков Н.В. басқарды.

2000 жылы кафедра «Техникалық сервис» деп қайта аталды.

Кейінгі жылдары кафедраға:

2002-2004 жылдары доцент Могильченко В.И.;

2004-2014 жылдары т.ғ.д., профессор Костюченков Н.В. жетекшілік жасады.

2002-2004 жылдары профессор Н.В. Костюченков университеттің бірінші проректоры қызметін де атқарды.

Әр жылдары кафедрада Дегтярев М.А., Свешников В.В., Хижинский А.К., Тимошкин Н.И., Бондаренко В.И., Ким Д.Б., Киясов Д.Г., Приходько А.Е., Дукшта Л.А., Траксель А.А., Тұрсынов П., Жумкин Б., Рубан Л.А., Биктемиров М.К., Шульмейстр Ф.Ф., Путилин В.И., Гришин А.Н., Құсайынов О.Ф., Лысов П.П., Едресов Б.Ш., Носуль М.М., Белоус В.В., Горовой А.В., Ильясов М., Құттыбаев Е., Разуваева Л.И., Несіпжан К.С., Нурко Ж.А., Такеева С.Ю. жұмыс істеді.

Әр жылдары оқу шеберлері мен зертханашылар ретінде Ладошко Н.М., Лакисов В.Д., Белоусова Л.Н., Гузенко Ф.Ф., Воронцов И.И., Веремеенко В.И., Веремеенко А.И., Медьянов С.К., Бейсембаев Т.Н., Кушумбаев А.Б., Абдраманов Б.Н., Хайбулаев Е., Кезенбаева С.А., Кальбекова Г.К., Бильчаревич К.Н., Югай Р.Ф., Мазур Л.Г. еңбек етті.

«Технологиялық процестерді механикаландыру» кафедрасы1969жылғы сәуірде құрылды. Бұған дейін ол «Мал шаруашылығы фермаларын механикаландыру» деп аталды.

Әр жылдары кафедраны:

1969-1977 жылдарыт.ғ.к., доцент Завражнов А.И.;

1977-1982 жылдары т.ғ.к., доцент Барышников В.Ф.;

1982-1988 жылдары т.ғ.к., профессор Зейнуллин К.Ш.;

1988-1993 жылдары т.ғ.к., доцент Барышников В.Ф.;

1993-1994 жылдары т.ғ.к. Жданов А.А.;

1994-1995 жылдары т.ғ.к. Чернышов Ю.И.;

1995-1996 жылдары аға оқытушы Коровин В.В.;

1996-1999 доцент Скачков Ф.М.;

1999-2004 жылдары т.ғ.к., доцент Абдыров А.М.;

2004-2005 жылдары т.ғ.к., доцент Заичко Г.А.;

2005-2006 жылдары т.ғ.к., доцент, э.ғ.д., профессор Рустембаев Б.Е.;

2006-2015 жылдары т.ғ.к., доцент Заичко Г.А. басқарды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Білім министрінің 1997 жылғы 24 сәуірдегі №107 бұйрығына және университет Ғылыми кеңесінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы №3 хаттамалық шешіміне сәйкес кафедра құрамына «Тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасы енгізілді. Бұл кафедра 1995 жылғы қыркүйекте «Еңбекті қорғау» және «Азаматтық қорғаныс» кафедраларын біріктіру арқылы құрылған болатын.

Әр жылдары кафедрада Абилжанұлы Т.А., Рустембаев Б.Е., Киясов Д.Г., Шиянов Н.И., Зейнуллин К.Ш., Зуев Д.Н., Гроцкий Ф.Э., Цейтлер А.К., Жданов А.А., Чернявский А.И., Чернышов Ю.И., Барышников В.Ф., Горбунов М.А., Доценко В.М., Сағындық Т.Ж., Ғабдуллина М.Х., Естаев Б.З., Гантимурова Р.В., Коровин В.В., Қантарбаев А.А., Сейфуллина Г.К., Герингер Ю.Т., Мұқанова Б.Ш., Үргенішбеков М., Нөкешев С.О., Сухоставский В.В., Хамитов Н.С., Приходько А.А., Оспанова А.К., Алатаев А.А., Носуль М.М., Шеметай Е.Т. жұмыс істеді.

«Техникалық сервис» кафедрасының тарихы

«Техникалық сервис» кафедрасы 2000 жылы «Тракторлар және автомобильдер» кафедрасы мен «Машина-трактор паркін пайдалану» кафедрасының бірігуі нәтижесінде құрылды.

«Тракторлар және автомобильдер» кафедрасы1961 жылы құрылды.

Әр жылдары кафедраны:

1961–1962 жылдары доцент Завацкий Н.Г.;

1962 жылы т.ғ.к., доцент Ворожцов И.П.;

1963-1970 жылдары доцент Завацкий Н.Г.;

1970-1978 жылдары т.ғ.к., доцент Качканьян Р.А.;

1978-1982 жылдары т.ғ.к., доцент Чекемес Ю.Т.;

1982-1985 жылдары т.ғ.к., доцент Любарец В.А.;

1985-1991 жылдары т.ғ.к., доцент Вебер В.И.;

1991-1994 жылдары т.ғ.к., доцент Яковенко И.Ф.;

1994-1997 жылдары т.ғ.к., доцент Любарец В.А. басқарды.

Кафедраның қалыптасу кезеңінде бірқатар қызметкерлер аспирантураны сәтті аяқтап, кандидаттық диссертацияларын қорғады. Олардың қатарында Дзиговский В.Ф., Качканьян Р.А., Разуваев А.А., Фабрицкий А.А., Окунев А.Д., Яковенко И.Ф., Гаар В.В., Любарец В.А., Вебер В.И., Сапаров О.С., Костюченков Н.В., Чинжаров С.Ф., Костюченкова О.Н., Гуляренко А.А. болды.

Әр жылдары кафедрада Траксель А.А., Хлыстун Н.К., Хохлов С., Осадчий А., Медведь Л.П., Сагадеев Р.Н., Бейсекеев А.Б., Камбаров Е.Ж. жұмыс істеді.

Оқу шеберлері мен зертханашылар ретінде Кувшиников Н.Е., Близнюк Е.И., Железнов М.Г., Оноприенко В.С., Фрикель А.Л., Шереметьев А.П., Юденко В.К., Булгаков В.М., Климковская В.С., Окс А.Е., Кровец, Мельниченко В., Большаков В., Коробко В.С., Әділбеков С., Попов С., Стоян А., Лейхт Н. және басқалары еңбек етті.

2015 жылы 15 мамырдағы университет Ғылыми кеңесінің шешімі және ректордың 27 мамырдағы №265-Н бұйрығы негізінде үш кафедра: «Техникалық сервис», «Технологиялық процестерді механикаландыру» және «Ауыл шаруашылығы және астық өңдеу машиналары» кафедралары біріктірілді. Нәтижесінде «Аграрлық техника және технология» кафедрасы құрылып, оның құрамында кафедраның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан жоғары білікті мамандар жұмыс істеді.

2015 жылғы 15 мамырдан бастап кафедраны техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қаспақов Есеналы Жақсылықұлы басқарды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы

Абдешова Аида Асхатқызы

Әбілқайыров Дәрмен Каратайұлы

Адуов Мубарак Адуович

Акчурин Айсултан Анварович

Алайдарова Айнура Махсатовна

Асқаров Нұржан Құралұлы

Аубакиров Байбек Уватаевич

Ахметов Ержан Советұлы

Байшугулова Шырын Кадрменденовна

Бектегенова Алия Сарсенбаевна

Бөбеев Абай Баханұлы

Володя Кадирбек

Горбунов Борис Николаевич

Гришин Александр Николаевич

Ержанова Акбота Ермухамедовна

Есхожин Джадыгер Зарлықұлы

Есхожин Қайрат Джадыгерұлы

Жазықбаева Жазира Мейірханқызы

Жақсылықова Зияда Сапарғалиқызы

Заичко Григорий Анатольевич

Исенов Қазбек Ғалымтайұлы

Искаков Руслан Маратбекұлы

Қаиржанова Жайнагул Сакенқызы

Қаспаков Есеналы Жақсылықұлы

Кокаева Гульнара Айтикеновна

Косатбекова Динара Шадиярбековна

Костюченков Николай Васильевич

Кубентаева Гульмира Кусаинқызы

Қолбатыр Серік Әбдікәрімұлы

Магавин Сәбит Шәмелұлы

Мажитова Ләззат Ашарбекқызы

Мамедалиева Гүлназ Алиханқызы

Мамырбаева Индира Кадракымовна

Маханбет Талшын Әділбекқызы

Мендалиева Сауле Ильинична

Митрофанова Елена Анатольевна

Мусалимов Теміржан Кұмхаметұлы

Мұстафин Жасұлан Жарылқағанұлы

Нукешев Саяхат Оразович

Нұрғазиева Айғаным Еркінқызы

Оспанова Шынар Каирбаевна

Романенко Светлана Владимировна

Сагитов Алмат Ардакович

Сәден Динара Асқарқызы

Сапаров Ораз Сапарович

Секербек Аймангүл Мейрамқызы

Смаилова Бақытгүл Мерзоянқызы

Сүйіндіков Амантай Әбдіғалиұлы

Тлеубердин  Кайрат  Жумашевич

Тлеумбетов Қалдыбек Мирамбекұлы

Токушев Масгут Хаиржанович

Төлбаев Әбдікерім Әбеуұлы

Тулегенов Талгат Конысбаевич

Өсербаев Мұратбек Тұрарбекұлы

Утеулов Канат Тулекбергенович

Хан Валерий Анатольевич

Чернявский Александр Иванович

Шаханов Асанхан Андакулович

Шеров Кәрібек Тағайұлы

 

 

Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет

Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары басым ғылыми бағыт бойынша орындалады.

 «Дәнді дақылдарды өсірудің ылғал және ресурс үнемдейтін технологияларына арналған машиналар жүйесін әзірлеу және жетілдіру» ғылыми бағыты бойынша 2009 жылдан бастап профессор М.А. Адуовтың жетекшілігімен БББ тобы ғалымдары ҚР БҒМ, ҚР АШМ және басқа да ұйымдардың гранттары аясында 10-нан астам қаржыландырылатын жобаны іске асырды. Нәтижесінде машиналардың эксперименттік үлгілері әзірленді:

· топтық себу аппараты және сіңіргіш-таратқышы бар сепкіш;

· минералды тыңайтқыштарды бір мезгілде енгізе отырып, топырақты өңдеуге арналған құрал;

· минералды тыңайтқыштарды бір мезгілде енгізе отырып, дәнді дақылдардың тұқымдарын топырақ астына шашып себуге арналған сепкіш;

· ауыл шаруашылығы дақылдарын ылғал және ресурс үнемдейтін технология бойынша өсіру кезінде минералды тыңайтқыштарды бір мезгілде енгізе отырып, дәнді дақылдарды себуге арналған сепкіштің эксперименттік үлгісі;

· сусымайтын шөп тұқымдарын себудің технологиялық процесін басқаруға арналған интеллектуалды блогы бар сепкіш.

Дәлме-дәл егіншілік жүйесінде минералды тыңайтқыштарды топырақ ішіне саралап енгізуге арналған машиналарды әзірлеуде техника ғылымдарының докторы, профессор С.О. Нукешев елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Оның жетекшілігімен БББ тобы ғалымдары ҚР БҒМ, ҚР АШМ және басқа да ұйымдардың гранттары бойынша 13-тен астам қаржыландырылатын жобаны іске асырды. Нәтижесінде машиналардың эксперименттік үлгілері, технологиялар кешені және техникалық құралдар әзірленді:

· минералды тыңайтқыштарды топырақ ішіне енгізуге және себер алдындағы топырақ өңдеуге арналған машина;

· координаттық егіншілік жүйесінде минералды тыңайтқыштарды топырақ ішіне енгізуге арналған технология және машина;

· орталықтандырылған себу жүйесі бар минералды тыңайтқыштарды саралап қолдануға арналған автоматтандырылған культиватор-тыңайтқыш енгізгіш(ОП-8 базасында);

· минералды тыңайтқыштарды көлбеу-қабатты саралап енгізуге арналған чизель-тыңайтқыш енгізгіш;

· нөлдік топырақ өңдеу жағдайында минералды тыңайтқыштардың негізгі мөлшерін енгізуге арналған чизель-тыңайтқыш енгізгіш;

· қабылданған позициялау жүйесінде тұқым мен тыңайтқыштарды саралап қолданудың автоматтандырылған технологиялық процесін бақылау және басқару блогы мен бағдарламалық қамтамасыз ету;

· минералды тыңайтқыштарды топырақ ішіне үш қабатты саралап енгізу технологиясы және оны іске асыруға арналған тыңайтқыш енгізгіш;

· жабынды дақылдарға және шымға ауыл шаруашылығы дақылдарын тікелей саралап себуге, сондай-ақ тыңайтқыштарды бір мезгілде енгізуге арналған автоматтандырылған дән-тыңайтқыш-шөп сепкіші;

· NC–SU–2 (VRT)тыңайтқыштарды енгізуді саралап басқару және бақылау жүйесі;

· автономды бункері және тыңайтқыш мөлшерін саралау жүйесі бар чизель-тыңайтқыш енгізгіш.

Профессор Н.В. Костюченковтың жетекшілігімен келесі машиналардың эксперименттік үлгілері әзірленді:

· көлік агрегатын қолданбай, алқапты жинауға дайындауға және зерттеу жұмыстарын орындауға арналған агрегат;

· жұмыс органдарының қырыққабат өсімдігіне әсер ету күштерін осциллограммаға жазып тіркеуге мүмкіндік беретін қырыққабат өсімдігінің физикалық моделі және ультрадыбыстық тербелістер арқылы қырыққабат өзегінің серпімділік модулін анықтау әдістемесі;

· 14 және 20 кН тракторларымен агрегатталатын НКМ-1 аспалы қырыққабат жинау машинасы;

· қырыққабат қаудандарын тауарлық түрге дейін өңдеуге арналған үстелі бар қырыққабат жинау машинасы;

· шынжырлы кескіш аппараты бар шөп шапқыш.

Бұл әзірлемелердің барлығы Қазақстанның Солтүстік және Орталық өңірлеріндегі шаруашылық субъектілерінің алқаптарында сынақтан өткізілді.

Қазіргі уақытта кафедрада техника ғылымдарының докторлары, профессорлар М.А. Адуов, С.О. Нукешев, Н.В. Костюченков, К.Т. Шеров, сондай-ақ т.ғ.к. Г.А. Кокаева, Р.М. Искаков, PhD К.Г. Исенов және А.А. Сағитовтың жетекшілігімен ғылыми зерттеулер жүргізілуде.

2024-2026 жылдарға арналған құрылыс және өнеркәсіп министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің ғылыми негізделген технологияларын іске асыруды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен технологиялық жабдықтарды әзірлеу және жетілдіру» жобасы іске асырылуда.

Осы жоба аясында «Ұсақ тұқымды дақылдарға арналған құрамдастырылған топырақ өңдеу-себу машинасын әзірлеу» тақырыбы орындалуда. Жобаның жетекшісі - техника ғылымдарының докторы, профессор М.А. Адуов.

ҚР БҒМ 217 «Ғылымды дамыту» бағдарламасы, 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» кіші бағдарламасы аясында 2024-2026 жылдары «Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу кезінде аддитивті технологияларды пайдалану және процесті модельдеу мен эксперименттік зерттеу арқылы оңтайландыру» тақырыбы бойынша жоба іске асырылуда. Ғылыми консультант - техника ғылымдарының докторы, профессор К.Т. Шеров.

2025-2027 жылдарға арналған ғылыми грант аясында «Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын жабдық бөлшектеріне аса жоғары жылдамдықты доғалы металдандыру әдісімен тозуға төзімді жабын әзірлеу» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізілуде. Ғылыми жетекші - т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.А. Кокаева.

Жас ғалымдарға арналған «Жас Ғалым» ғылыми гранты бойынша 2024-2026 жылдары «Дәнді дақылдарға арналған кең алымды егіс кешендерінің автоматты басқару блогы бар орталық пневматикалық себу жүйесін әзірлеу» жобасы орындалуда. Жоба жетекшісі - PhD К.Г. Исенов.

Түлектердің жұмысқа орналасуы

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының 2025 жылғыдеректері бойынша «Агроинженерия» және «Технологиялық машиналар және жабдықтар» білім беру бағдарламалары түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші:

· бакалавриат — 83%;

· магистратура — 100%.

Түлектердің басым бөлігі даярлық бейіні бойынша жұмыс істейді және инженерлік, сондай-ақ басшылық лауазымдарда қызмет атқарады. Атап айтқанда:

· Жандильдин М. — «Шахтерское» ЖШС бас инженері;

· Есинбеков Ж., Ғалибеков Р. — «СТ Агро» ЖШС ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру мамандары;

· Браун А. — «Запчасть ЖД» ЖШС конструкторы және металл өңдеу орталығының операторы;

· Дүйсенов А. — 1-санатты конструктор;

· Ақылов Е.М., Нұрманов А.Е. — «Ауыл шаруашылығы машина жасауы конструкторлық бюросы» ЖШС конструкторлары;

· Минбаев Ж. — «Казахстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС бас маманы.

Жыл сайын білім беру бағдарламаларының түлектері С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде, сондай-ақ Германия мен Қытайдың жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында тиісті бағыттар бойынша магистратурада білімін жалғастырады.

Кадрлар даярлаумен қатар, БББ тобы ұжымы ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға және оның тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Техника ғылымдарының докторлары, профессорлар М.А. Адуов, С.О. Нукешев, Н.В. Костюченков, К.Т. Шеров, сондай-ақ т.ғ.к. Р.М. Искаков, Г.А. Кокаева, PhD К.Г. Исенов және А.А. Сағитов жетекшілік ететін зерттеу топтары мен ғылыми жобаларға БББ тобы оқытушылары, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар және студенттер белсенді қатысады.

Ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері өндіріске енгізіліп, диссертациялық зерттеулерде көрініс табуда. Жалпы алғанда, 3 докторлық, 9 кандидаттық және PhD дәрежесін алу үшін 15 диссертация қорғалды.

 

Халықаралық ынтымақтастық

Қазіргі заманғы шетелдік ауыл шаруашылығы техникасын зерделеу және пайдалану саласында серіктестік орнатылған.

Ташкент мемлекеттік техникалық университеті, Навои мемлекеттік тау-кен және технологиялар университеті, Ташкент химия-технология институты (Өзбекстан), сондай-ақ AGH Краков университеті (Польша) ғалымдарымен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіліп, ғылыми жарияланымдар дайындалуда.

Алдағы уақытта:

· Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен 7М07106 — «Механикалық инженерия» магистратура білім беру бағдарламасы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасын ашу;

· Ташкент мемлекеттік техникалық университеті немесе Навои мемлекеттік тау-кен және технологиялар университетімен 7М07106 — «Механикалық инженерия» магистратура білім беру бағдарламасы бойынша бірлескен білім беру бағдарламасын құру жоспарлануда.

БББ тобы оқытушылары шетелдерде біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2014 жылғы 1-13 маусым аралығында кафедраның аға оқытушысы И.К. Мамырбаева Ұлыбританияның Норвич қаласында тағылымдамадан өтті. 2014 жылғы 28 маусым мен 13 шілде аралығында кафедра профессоры Ы.А. Наби Германияның Дюссельдорф қаласындағы International Akademie für Management und Technologie университетінде тағылымдамадан өтті. 2015 жылы профессор С.О. Нукешев «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Лестер қаласында тағылымдамадан өтті. 2025 жылы т.ғ.к. М.Т. Үсербаев «Болашақ» бағдарламасы бойынша Германияның Бремен қаласында тағылымдамадан өтті. Профессорлар М.А. Адуов пен А.И. Чернявский Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетінде студенттер мен магистранттарға дәріс оқыды.

Қазіргі заманғы шетелдік ауыл шаруашылығы техникасының Қазақстан Республикасының аграрлық секторына кеңінен енгізілуі аграрлық бейіндегі университеттер алдына оны пайдалану және сервистік қызмет көрсету үшін инженерлік-техникалық кадрлар даярлау саласында жаңа міндеттер қойып отыр.

Осы өзекті мәселені шешу мақсатында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті CLAAS компаниясымен (Германия), JOHN DEERE компаниясының Қазақстандағы өкілі - «Евразия Групп» ЖШС-мен, Минск трактор зауытымен және «Dairymaster» компаниясымен ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер жасады.

CLAAS және JOHN DEERE фирмаларының өкілдері жыл сайын апталық семинарлар ұйымдастырады, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамын Дала күндеріне шақырады, оқытушылар үшін тренингтер өткізіп, «Агроинженерия» және «Технологиялық машиналар және жабдықтар» білім беру бағдарламаларының студенттері, магистранттары мен докторанттарына дәрістер оқиды.

Сонымен қатар аталған фирмалар интерактивті оқытуға арналған жабдықтар мен оқу материалдарын өтеусіз негізде ұсынады:

JOHN DEERE - JOHN DEERE 5080М тракторы, комбайн трансмиссиясы мен көпірлерінің қималары, сондай-ақ жеке аудиторияны жабдықтау.

Dairymaster - компьютерлік бағдарламамен жабдықталған сауу қондырғысы және студенттерді оқытуға арналған көрме стендтері.

CLAAS - интерактивті оқытуға арналған материалдар, оның ішінде:

· LEXION астық жинау комбайндарын, ARION және AXION тракторларын, JAGUAR сүрлем жинау комбайндарын жүргізуге арналған бағдарламалар;

· TELEMATICS қашықтан сервистік қызмет көрсету жүйесі, ол интернет арқылы барлық пайдалану деректері мен электр жүйелеріне қолжетімділік береді;

· CLAAS техникасына арналған көрнекі құралдар мен анимациялық бейнематериалдар;

· CLAAS фирмасының LEXION астық жинау комбайнының гибридті түрдегі бастыру-сепарациялау құрылғысының қолданыстағы макеті, ол APS тангенциалды бастыру жүйесі мен ROTO PLUS сепарациялау жүйесінің үйлесімінен тұрады;

· GPS PILOT параллель жүргізу жүйесіне арналған EASY басқару жүйесінің S7 және S10 мониторлары, олар шығынды азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.


2000 жылдан бастап CLAAS-Academy фирмасының ресми өкілі Сергей Бутов жыл сайын институтқа келіп, оқытушылармен зерттеу мүмкіндіктерін талқылау бойынша тренингтер өткізіп, БББ тобы студенттері, магистранттары мен докторанттарына дәрістер оқиды.

   

 

2009 жылдан бастап ҚАТУ Беларусь Республикасының 9 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатты.

2009 жылы Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес, техникалық факультеттің 5 оқытушысы біліктілікті арттыру курстарынан өтті, 45 магистрант ғылыми тағылымдамадан өтті.

2011 жылы Беларусь мемлекеттік университетімен, Брест мемлекеттік техникалық университетімен, Беларусь мемлекеттік технологиялық университетімен, Беларусь Ұлттық ғылым академиясының ауыл шаруашылығын механикаландыру жөніндегі ғылыми-практикалық орталығымен және Витебск «Құрмет белгісі» орденді мемлекеттік ветеринарлық медицина академиясымен ынтымақтастық туралы шарттар жасалды.

2013 жылдан бастап сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Технологиялық машиналар және жабдықтар» және «Аграрлық техника және технология» мамандықтарының 400-ден астам білім алушысы Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетінде семестрлік білім алды.

2013 жылы Беларусь мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясымен және Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университетімен ынтымақтастық туралы шарттар жасалды. Аталған шарттар аясында 25 магистрант Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

2013 жылы ҚАТУ базасында Қазақстан-Беларусь инженерлік кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы ашылды. Орталықтың негізгі міндеті -студенттерге жаңа беларусь техникасын оқыту және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын жаңадан келіп түсетін техникамен жұмыс істеуге қайта даярлау.

   

 

Орталықты жабдықтау үшін 2013 жылғы наурызда Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ҚАТУ-ға «Беларус-80Х» және «Беларус-3522» тракторларының қима макеттерін, сондай-ақ «Беларусь» сауда үйі ЖШС арқылы «Беларус-2022» қолданыстағы доңғалақты тракторын табыстады.

Шетелдік профессорларды шақыру бағдарламасы аясында БМАТУ-дың 4 оқытушысы ҚАТУ-да пәндер бойынша дәрістер оқыды. 2012 жылғы желтоқсанда БМАТУ профессоры, техника ғылымдарының докторы Владимир Николаевич Дашков «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің инновациялық энергия үнемдейтін технологияларын іске асыруға арналған прогрессивті техника» курсы бойынша дәріс оқыды.

2013 жылғы қазанда БМАТУ профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Николай Константинович Толочко «Агроөнеркәсіптік кешендегі нанотехнологиялар» курсы бойынша дәріс оқыды.

2015 жылы БМАТУ-дың екі профессоры - Леонид Михайлович Акулович және Леонид Ефимович Сергеев - «Технологиялық машиналар және жабдықтар» және «Аграрлық техника және технология» мамандықтарының білім алушыларына дәрістер оқыды.

Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіліп, оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу үшін бірлескен авторлық ұжымдар құрылды. Техниканың жұмыс органдарын, тораптары мен бөлшектерін жетілдіру бойынша дипломдық жобалар орындалады.

Ынтымақтастық нәтижесінде 4 оқулық, 6 оқу құралы, 40-тан астам ғылыми мақала жарияланып, 50-ден астам бірлескен патент алынды.

Техникалық факультет студенттерінен құралған команда алғаш рет Беларусь Республикасының кәсіпорындары шығаратын ауыл шаруашылығы техникасы бойынша аграрлық бейіндегі жоғары оқу орындары студенттері арасындағы халықаралық олимпиадаға қатысып, Беларусь, Ресей және Украина командалары арасында 2-орын иеленді. Бұл студенттердің беларусь ауыл шаруашылығы техникасына деген жоғары қызығушылығының айқын дәлелі болып табылады.

Халықаралық ынтымақтастық кафедра қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол кафедраның жұмысын танытып қана қоймай, заманауи білім беруді әлемдік көшбасшылар тәжірибесімен, озық үрдістермен және жаңа біліммен ұштастыруға мүмкіндік береді.

БББ тобының халықаралық ынтымақтастық саласындағы негізгі жұмыс бағыттары:

· халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту және нығайту, халықаралық және өңірлік ұйымдармен, шетелдік жоғары оқу орындарымен, қорлармен және бағдарламалармен өзара іс-қимылды жандандыру;

· шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы шарттар мен бағдарламалар әзірлеу кезінде оқытушылар мен білім алушылардың өзара алмасуын ұйымдастыру;

· отандық және шетелдік ғалымдарды дәріс оқуға, мастер-кластар өткізуге шақыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру аясында кафедраның 3–4 курс студенттері жыл сайын Германияның Линен қаласында «LOGO e.V», «AgrarKontakte» және «DEULA-Nienburg» бағдарламалары бойынша 6–7 айлық ауыл шаруашылығы практикасынан өтеді.

2024 жылы 9 студент практикадан өтті, оның ішінде 3 студент - «AgrarKontakte» бағдарламасы бойынша, 6 студент - «LOGO e.V» бағдарламасы бойынша.

2023 жылы 19 студент практикадан өтті, оның ішінде 7 студент - «LOGO e.V», 12 студент - «DEULA-Nienburg» бағдарламасы бойынша.

2025 жылы 9 студент практикадан өтті, оның ішінде 5 студент - «LOGO e.V», 4 студент - «DEULA-Nienburg» бағдарламасы бойынша.

https://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%9C%D0%9E/%D0%BC%D0%B5%D0%B6%D0%B4%20%D1%81%D0%BE%D1%82%D1%801.png https://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%9C%D0%9E/%D0%BC%D0%B5%D0%B6%D0%B4%20%D1%81%D0%BE%D1%82%D1%802(1).png

 

Шетелдік практика барысында студенттер ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарымен жұмыс істей отырып, алған теориялық білімдерін тәжірибеде бекітеді, кәсіби тәжірибе жинақтайды және білім деңгейін арттырады.

Сонымен қатар, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университеті арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында білім беру қызметтерін көрсету бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 2013–2020 жылдар аралығында барлығы 400 студент БМАТУ-да семестрлік білім алып, Минск трактор зауытында және Беларусь Республикасының Гомель қаласындағы «Гомсельмаш» ААҚ зауытында өндірістік практикадан өтті.

https://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%9C%D0%9E/%D0%BC%D0%B5%D0%B6%D0%B4%20%D1%81%D0%BE%D1%82%D1%803.png  https://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%9C%D0%9E/%D0%BC%D0%B5%D0%B6%D0%B4%20%D1%81%D0%BE%D1%82%D1%804.png

 

 

2009 жылдан бастап Қазақстанда «Шетелдік ғалымдарды қазақстандық жоғары оқу орындарына тарту» бағдарламасы іске асырылуда. Бұл бағдарлама оқытуды интернационалдандыруға, Болон процесі қағидаттарын белсенді енгізуге, университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, университеттің қоғамдағы тартымды имиджін қалыптастыруға, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың академиялық коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Аталған бағдарлама аясында кафедра жыл сайын жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарын дәріс оқуға, консультациялар мен семинарлар өткізуге, сондай-ақ докторанттардың ғылыми жетекшілері ретінде шақырады.

Шетелдік ғалымдарды тарту білім алушылардың құзыреттерін халықаралық білім беру тәсілі тұрғысынан жаңа білім мен оқыту әдістері арқылы дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мамандарды тарту профессор-оқытушылар құрамының кәсіби дамуына, түрлі академиялық және ғылыми мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетуге бағытталған.

Жыл сайын дәріс оқуға жетекші шетелдік және отандық ғалымдар мен мамандар шақырылады. Олардың қатарында: профессор Shrini K. Upadhyaya, University of California, Davis, АҚШ; профессор Peter Enders, Humboldt-Universität zu Berlin, Германия; CLAAS компаниясының астық жинау комбайндары бойынша бас конструкторы Thomas Barrelmeyer; сондай-ақ Hochschule Osnabrück, Германия профессорлары Hubert August Korte және Dieter Trautz бар.

Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетінің техника ғылымдарының докторлары, профессорлар Леонид Михайлович Акулович, Леонид Ефимович Сергеев және Владимир Николаевич Дашков 1-курс магистранттары мен 3–4 курс бакалавриат студенттеріне «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің инновациялық энергия үнемдейтін технологияларын іске асыруға арналған прогрессивті техника» курсы бойынша дәрістер оқыды.

Сондай-ақ дәріс оқыған ғалымдар қатарында Temel Sariyildiz, Kastamonu University, Түркия; Farah Saleena Taip, Universiti Putra Malaysia, Малайзия; Jacek Cieślik, Marcin Kot, Michał Bembenek, AGH University of Science and Technology, Польша; Димитър Петков Караиванов, University of Chemical Technology and Metallurgy, Болгария; және Артем Евгеньевич Артюхов, Сумы мемлекеттік университеті, Украина бар.

Жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олардың қатарында AGH Краков ғылым және технология университеті, Болгарияның Химия-технологиялық және металлургия университеті, Германияның Вайенштефан-Триздорф қолданбалы ғылымдар университеті, Калифорния университеті, Дэвис, АҚШ, Берлиндегі Гумбольдт университеті, Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университеті, Түркияның Кастамону университеті, Малайзияның Путра университеті және басқа да жоғары оқу орындары бар.

https://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%9C%D0%9E/%D0%BC%D0%B5%D0%B6%D0%B4%20%D1%81%D0%BE%D1%82%D1%805.png   https://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%9C%D0%9E/%D0%BC%D0%B5%D0%B6%D0%B4%20%D1%81%D0%BE%D1%82%D1%806.png

Студенттік өмір

Студенттермен тәрбие жұмысы сапалы маман даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Ол білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, қазіргі өмір жағдайында адамгершілік, мәдени және ғылыми құндылықтарды сақтау мен дамытуға, еңбек нарығында сындарлы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ университет пен кафедра дәстүрлерін қолдауға бағытталған.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер жүзеге асырылады:

· оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдай жасалады, студенттер мен академиялық топ кураторлары үшін бірлескен іс-шаралар өткізіледі;

· студенттердің өзіне және қоршаған ортаға оң көзқарасын қалыптастыру үшін жағдай жасалады, білім алушылардың ішкі әлемін тануға бағытталған тренингтер, викториналар, дөңгелек үстелдер өткізіледі;

· төменгі курс студенттерінің оқу процесіне сәтті бейімделуі қамтамасыз етіледі;

· дарынды студенттер анықталып, жан-жақты қолдау көрсетіледі, университеттің студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспары бойынша жұмыстар ұйымдастырылады;

· студенттердің қазіргі еңбек нарығына бейімделу деңгейі арттырылады;

· студенттердің әлеуметтік дамуындағы ауытқулардың алдын алу және оларды еңсеруге бағытталған іс-шаралар өткізіледі, студент жастардың сабақтан тыс қызметке белсенді қатысуы қамтамасыз етіледі;

· студенттік жатақханаларда тұруға және өз бетінше жұмыс істеуге қолайлы жағдайлар жасалады, бекітілген кестеге сәйкес академиялық топ кураторларының жатақханаларға баруы ұйымдастырылады.

Студенттер жыл сайын өткізілетін «Алғашқы студенттік күз», көктем мерекесі «Наурыз», көркемөнерпаздар байқауы, «Студенттік көктем», спартакиадалар сияқты іс-шараларға белсенді қатысады. Сонымен қатар пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болады.

Кураторлар өз кураторлық топтарымен бірге университет пен қала деңгейіндегі спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларына белсенді қатысады.

Кураторлардың академиялық топтармен жұмысының негізгі түрлері - кураторлық сағаттарда оқу мәселелері бойынша консультациялар өткізу. Кураторлар экскурсиялар, мерекелік кештер, студенттермен жеке жұмыс, сондай-ақ университет, қала және облыс деңгейінде өткізілетін іс-шараларға жастардың қатысуын ұйымдастырады.

Студенттер жеке оқу траекториясын, нақты пәндерді таңдау және оқу процесінің жалпы мәселелері бойынша эдвайзерден жеке қолдау мен кеңес алады.

https://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%9C%D0%9E/%D1%81%D1%82%D1%83%D0%B4%20%D0%B6%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D1%8C2.jpg    https://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%9C%D0%9E/%D1%81%D1%82%D1%83%D0%B4%20%D0%B6%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D1%8C4.jpg

 

Мамандық бойынша білім сапасын арттыру және студенттерді заманауи техника мен жаңа технологияларға тарту мақсатында жыл сайын «Машина бөлшектері», «Робототехника» және «Қазақстандағы John Deere техникасы» пәндері бойынша олимпиадалар өткізіледі. Мұндай олимпиадалар студенттердің заманауи техниканы меңгеруіне және теориялық білімді практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді.

Үздік студенттік жұмыстар университеттік және республикалық ғылыми жұмыстар конкурстарына ұсынылады. Аталған конкурстардың нәтижелері бойынша жүлделі орын алған көптеген студенттер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

https://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%B5%D1%85.%D0%BC%D0%B5%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0/01.jpghttps://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%B5%D1%85.%D0%BC%D0%B5%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0/04.jpghttps://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%B5%D1%85.%D0%BC%D0%B5%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0/02.jpg

2025–2026 оқу жылында Астана қаласының университеттері арасында жолдастық баскетбол турнирі өтті. Оған елорданың 6 үздік жоғары оқу орны қатысты.

А тобында NU, MNU, APEMS командалары, ал Б тобында KAZATU, ENU GOTEBELES және AITU командалары бақ сынасты.

Ойын қорытындысы бойынша біздің университеттің KAZATU командасы 1-орын иеленді. Команда құрамында 06-064-20-08 тобының 4-курс студенті Бакиров Мұхаммед болды.

https://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%9C%D0%9E/%D1%81%D1%82%D1%83%D0%B4%20%D0%B6%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D1%8C6.jpghttps://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%9C%D0%9E/%D1%81%D1%82%D1%83%D0%B4%20%D0%B6%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D1%8C5.jpg

 

Университет студенттері арасында Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған «Брейн-ринг» ойыны өтті. Ойынның мақсаты - студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті, адалдық мәдениетін, адамгершілік тәрбиені қалыптастыру және жастардың белсенділігін арттыру.

Бұл ойында техникалық факультеттің «A-TWO» командасы, Бекназар Волжскийдің жетекшілігімен, I орынды иеленді. Команда құрамында 1-курс студенттері: 06-064-23-06 тобының студенттері Ілес Жүсіпбек, Жақсылықова Шұғыла және Таңжарық Думан болды.

 

https://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%9C%D0%9E/%D1%81%D1%82%D1%83%D0%B4%20%D0%B6%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D1%8C7.jpg

 

06-064-21-07 тобының студенті Жұматаев Әли 2022 жылғы маусымда регби-7 бойынша ерлер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында, жоғары лигада, 3-орын алды.

https://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%9C%D0%9E/%D1%81%D1%82%D1%83%D0%B4%20%D0%B6%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D1%8C12.jpg https://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%9C%D0%9E/%D1%81%D1%82%D1%83%D0%B4%20%D0%B6%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D1%8C11.jpg

 

06-724-18-11 тобының студенті Аязов Амаль — «Астана» футбол клубының ойыншысы. Ол команда құрамында Қазақстан Премьер-лигасының күміс жүлдегері атанды.

https://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%9C%D0%9E/%D1%81%D1%82%D1%83%D0%B4%20%D0%B6%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D1%8C8.jpg

https://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%9C%D0%9E/%D1%81%D1%82%D1%83%D0%B4%20%D0%B6%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D1%8C9.jpg https://kazatu.edu.kz/webroot/js/kcfinder/upload/images/%D0%A2%D0%9C%D0%9E/%D1%81%D1%82%D1%83%D0%B4%20%D0%B6%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D1%8C14.jpg   

 

Пәндік олимпиадалар бойынша ақпарат

«Аграрлық техника және технология» мамандығының 3-4 курс студенттері жыл сайын Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының студенттерінің арасындағы пәндік олимпиадаларға қатысады.

2019 жылдың 18-19 сәуірі күндері Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде өткен XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға «Аграрлық техника және технология» мамандығының 3 және 4-курс студенттері А.Ж. Мирамов, Ә. Құрмақазы және М.Д. Тастанова қатысты. Олимпиада нәтижелері бойынша 2 дәрежелі дипломға А.Ж. Мирамов ие болды.

«Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша пәндік олимпиадалардың мақсаты студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі кездің ғылыми мәселелерін шешуге тарту және ғылыми қызметке қызығушылықтарын дамыту болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы «Джон Дир» техникасы» тақырыбындағы үздік студенттік жұмыс үшін:  

  • І орын -  Мирамов Аміржан Жақиянұлы, «Аграрлық  техника  және технология» мамандығы, 404-топтың студенті.
  • ІІ орын - Тастанова Маржан Дастанқызы,  «Аграрлық  техника  және технология» мамандығы, 303 топтың студенті.
  • ІІІ орын – Аринова Аягөз Санатқызы, «Аграрлық  техника  және технология» мамандығы, 402-топтың студенті.

2023 жылдың 20-23 сәуірі күндері Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға «Аграрлық техника және технология» мамандығының 3 және 4-курс студенттері қатысты: Өмірзақ Жалғас Қабиденұлы 2-орын. Жиенбай Нұрай Жаңабекқызы - 1 орын, Қындыбаева Самал Бақтиярқызы 2-3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Шақыртылған шет елдік оқытушылар

2015 жылдан бері техникалық факультеттің «Аграрлық техника және технология» кафедрасында «Шет елдік ғалымдарды ҚР жоғарғы оқу орындарына шақыру» бағдарламасының аясында келесі шет елдік ғалымдар бакалавриаттың, магистратураның және докторантураның пәндері бойынша дәріс оқыды және практикалық сабақтар жүргізді: Shrini K. Upadhyaya (UC Davis, АҚШ), Peter Enders (Берлиндегі Гумбольд университеті, Германия), Акулович Леонид Михайлович, Сергеев Леонид Ефимович (Беларусь Мемлекеттік аграрлық-техникалық университеті, Белоруссия), Dr. Temel Sariyildiz (Кастамону университеті, Туркия), Farah Saleena Taip (Путра университеті, Малайзия), Караиванов Димитър Петков (Химико-технологиялық және металлургиялық университет, Болгария).

«Аграрлық техника және технология» кафедрасының студенттері 2013 жылдан 2016 жыл аралығында «Гомсельмаш» ААҚ зауытының базасында (Белорусь республикасы) жыл сайынғы өндірістік тәжірибеден өтті, астық жинағыш техниканы құрастыруға қатысты, «Гомсельмаш» ӨБ өндірген техниканың үнемі ұйымдастырылатын көрмесіне қатысты, сонымен қатар оларды өндіру үрдісімен танысты.

2012 жылдың желтоқсанында техника ғылымдарының докторы, БМАТУ профессоры Дашков Владимир Николаевич 1 курс магистранттарына және 3, 4 курс бакалаврларына «Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің инновациялық энергия үнемдегіш технологияларын жүзеге асыруға арналған прогрессивті техника» курсы бойынша дәріс оқыды.

2013 жылдың қазанында физика-математика ғылымдарының докторы, БМАТУ профессоры Николай Константинович Толочко 3, 4 курс бакалаврларына «Агроөнеркәсіптік кешендегі нанотехнологиялар» курсы бойынша дәріс оқыды.

2015 жылы БМАТУ 2 профессоры: Акулович Леонид Михайлович және Сергеев Леонид Ефимович ҚАТУ бакалавр бойынша білім алушыларына 3,4 курста дәріс оқыды.

2017 жылдың 23 қазанымен 28 қазаны аралығында «Аграрлық техника және технология» кафедрасына: CLASS  фирмасының астық жинайтын комбайндарының бас конструкторы Thomas Barrelmeyer және Германия Федеративтік Республикасының Оснабрюк   қолданбалы ғылымдар университетінің профессорлары Hubert August Korte және Dieter Trautz дәріс оқу үшін шақыртылды.

Солармен бірге Оснабрюк университетінен 10 студент тәжірибе алмасу үшін еріп келді.

2018 жылы 24 қарашадан 23 желтоқсанға дейін «Өңдегіш машиналар мен жабдықтарды жасау мәселелері» курсы бойынша 1 курс магистранттары мен докторанттарына және В(6М/6D)072400 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының 3, 4 курс бакалаврларына Химико-технологиялық және мателлургиялық университетінің (Болгария) профессоры Караиванов Димитър Петков дәріс оқыды және практикалық сабақтар жүргізді.

2018 жылдың 19 қазанынан 2 қарашасына дейін «Аграрлық сектордағы заманауи ақпараттық технологиялар» курсы бойынша 1 курс магистранттары мен докторанттарына және 3, 4 курс бакалаврларына Познань қаласының (Польша) ауыл шаруашылық инженериясының өндірістік институтының топырақ өңдейтін және ауыл шаруашылық жинағыш машиналарын жасау және сынау бөлімінің аға сарапшысы Лукаш Ловинский дәріс оқыды және практикалық сабақтар жүргізді.

2022 жылдың сәуірінің 6-нан 14-і аралығында және 2023 жылдың 10-шы қазаны және 7-ші қарашасы аралығында Краков (Польша) қаласының AGH Ғылыми-техникалық университетінің механикалық инженерия және робототехника факультетінің Өндірістік жүйелер кафедрасының профессоры Michal Bembenek техникалық факультеттің білім беру бағдарламаларының бакалаврларына және магистранттарына дәріс оқыды, практикалық сабақтар жүргізді және техникалық факультеттің ПОҚ, докторанттарына консультация жүргізді.

Жыл сайын қыркүйек және желтоқсан айларында CLASS GRUP (Германия) компаниясының өкілі EEU ACADMY жобасының жетекшісі С.В. Бутов кафедраның ПОҚ-на екі апталық тренингтер өткізіп, 2-3 курс білім алушыларына дәріс оқиды.

Элективті пәндер каталогы

Бакалавриат

6B087 Агроинженерия

6B08701 Агроинженерия

6B071 Инженерия және инженерлік іс

6B07104  Технологиялық машиналар мен жабдықтар

 

Магистратура 

7М087 Агроинженерия

7М08702 Агроинженерия

7M071 Инженерия және инженерлік іс

7M07106 Механикалық инженерия

 

Докторантура 

8D087 Агроинженерия

8D08701 Агроинженерия

8D071 Инженерия және инженерлік іс

8D07105 Механикалық инженерия

Байланыстар

010000,  Қазақстан Республикасы,

Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62,

Бас кампус, №4  корпус 4303.

тел.: +7 (7172) 397-442,

Е-mail:  kaspakove@mail.ru

Жетістіктері

Кафедра негізінде Техникалық факультеттің жаңа корпусының аумағында орналасқан 3 халықаралық орталық жұмыс істейді: 

  • Қазақстан-Беларус кадрларды дайындау және қайта дайындау  орталығы
  • Қазақстан-Қытай  ауыл шаруашылығын механикаландыру орталығы
  • Қазақстан-Германия дәл егіншілік орталығы.

Қазақстан-Беларус орталығы 2013 жылы құрылды және оқыту саласындағы өз қызметін белсенді дамытуда. Орталықтың құрамына аспалы құралдар щлейфі бар Минск трактор зауытының тракторлары және бірлесіп жасалған комбайндар орналасқан техникаға арналған павильондар кіреді.

Первые учебные корпуса

Первые учебные корпуса

2014 жылдың қаңтарында 3 техника түрі жеткізілді:

  • ПР-Ф-145П  рулондық пресс-көтергіш
  • ПТ-165М Түкті пресс-көтергіш  
  • ИСРВ-12 азық ұсақтағыш-араластырғыш-таратқыш

Орталыққа арнап Минск трактор зауыты дайындаған МТЗ-3522 тракторының қимасы – оқу макеті алынды, сонымен қатар тәжірибелік сабақтар үшін мал шаруашылығын механикаландыру және азық дайындау бойынша екі зертхана құрылды.

Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығын механикаландырудың орталығы. 2014 жылдың 15 шілдесінде Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдарының Академиясы және Шыңжаң аграрлық университеті араларындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюдың ресми салтанаты өтті.

Сонымен қатар 3 техника түрі:

  • 4YZT-7 жүгері жинайтын комбайн

  • Тік фрезерлік культиватор 

  • Лазерлік   кесу станогы   

Первые учебные корпуса 

Первые учебные корпуса

Қазақстан-Германия  дәл егіншіліктің орталығы 2016 жылы құрылды.

         CLAAS фирмасы келесі оқу материалдарын тегін жеткізіп берді:

  • LEXION астық жинайтын комбайнын, ARION, AXION тракторларын, JAGUAR сүрлем жинайтын комбайнын жүргізу бағдарламаларын;
  • интернет арқылы барлық эксплуатациялық мәліметтерге және электрлік жүйелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін – TELEMATICS қашықтықтан қамту жүйесін;
  • CLAAS техникасы бойынша көрнекі құралдарды және анимациялық бейнематериалдарды;
  • CLAAS фирмасының LEXION астық жинайтын комбайнының гибридті түрінің бастырғыш-айырғыш құрылғысының макетін – ол екі тиімді технологияның үйленісуінен туындаған: APS тангенциалды бастыру жүйесі және ROTOPLUS айыру жүйесі;
  • жоғалуларды төмендетуге және өнімділікті арттыруға мүмкіндік беретін GPSPILOT параллельді жүргізу жүйесінің EASY басқару жүйесіне арналған S7 және S10 мониторлары.

Тәжірибелік сабақтарды жүргізу үшін «John Deere» және «Rostselmash» компаниялары зертханалар ашты. «John Deere» компаниясы оқыту үшін John Deere тракторын, қозғалтқышын (қимасы) және трансмиссиясын (қимасы) жеткізіп берді.    

Первые учебные корпуса

Первые учебные корпуса

Қазіргі күнде 2015-2017 жылдарға арналған қаржыландырылатын ҒЗЖ аясында бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру бойынша, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің «Егін шаруашылық өнімін өндіру, өңдеу, жүзеге асыруды дамытуға жағдай жасау» 255 бағдарламасы бойынша «Тыңайтқыштар мен тұқымдарды бөлектеп енгізетін аңыздық астық сепкіші» тақырыбында, сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымды дамыту» 2014 бағдарламасының «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» 102 қосымша бағдарламасы аясында «Құрамдастырылған сіңіргіштері бар сепкішті жасау» тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізуде. Жобалардың (жетекшісі т.ғ.д., профессор М.А.Адуов) зерттеу тобына кафедраның студенттері, магистранттары, докторанттары және жас ғалымдары белсенді қатысады.

Құжаттар
2024-2029 жылдарға арналған 7М08702-"Агроинженерия" білім беру бағдарламаларын дамыту жоспары
2024-2029 жылдарға арналған 8D08701 -"Агроинженерия" білім беру бағдарламаларын дамыту жоспары
2024-2029 жылдарға арналған 7М08701-"Дәл егіншілік" білім беру бағдарламаларын дамыту жоспары
2024-2029 жылдарға арналған 6В08701 -Агроинженерия білім беру бағдарламалары дамыту жоспары
«Аграрлық техника және технология» мамандығының білім беру бағдарламасын дамыту жоспары
5В080600 – «Аграрлық техника және технология» мамандығы модульдік білім беру бағдарламасы
6M080600 – «Аграрлық техника және технология» мамандығы модульдік білім беру бағдарламасы (магистратура)
Білім беру бағдарламасы 7M08701 - "Дәл егіншілік"
Білім беру бағдарламасы 7M08702 - "Агроинженерия"
Білім беру бағдарламасы "6B08701 Агроинженерия"
Білім беру бағдарламасы 8D08701 - "Агроинженерия"
«Агроинженерия» және «Дәл егіншілік» білім беру бағдарламаларының 2019-2025 жылдарына арналған даму жоспары
«Агроинженерия» білім беру бағдарламасы (бакалавр)
«Агроинженерия» білім беру бағдарламасы (магистратура)
«Агроинженерия» білім беру бағдарламасы (докторантура)
5В080600 – «Аграрлық техника және технология» мамандығының білім беру бағдарламасының спецификасы
6M5В080600 – «Аграрлық техника және технология» мамандығының білім беру бағдарламасының спецификасы
6D080600 – «Аграрлық техника және технология» мамандығының білім беру бағдарламасының спецификасы