«Орман шаруашылығы және қоршаған орта» білім беру бағдарламалары тобы қазіргі уақытта Ауыл және орман шаруашылығы институтының құрамына кіреді. 2025 жылы университет құрылымын қайта ұйымдастыру нәтижесінде аталған білім беру бағыттары жаңартылған институционалдық жүйеге біріктірілді. Бұл өз кезегінде кадрлық, ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетті күшейтуге мүмкіндік берді.
Ауыл және орман шаруашылығы институты құрамына бірігу білім беру үдерісінің пәнаралық сипатын кеңейтіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға және тәжірибеге бағытталған оқытуды жетілдіруге жол ашты. Оқу үдерісі орман шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және тұрақты даму салаларында заманауи кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
Білім беру бағдарламалар тобы қазіргі экологиялық сын-қатерлер жағдайында орман және табиғи экожүйелерді сақтау, қалпына келтіру және тиімді басқару міндеттерін шешуге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған.
2025 жылғы желтоқсан айынан бастап «Орман шаруашылығы және қоршаған орта» білім беру бағдарламалары тобының жетекшісі міндетін – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Боранбай Жұмағұл Танатқанұлы атқарады.

«Орман шаруашылығы және қоршаған орта» білім беру бағдарламалары тобы төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша түлектер шығарады:
Бакалавриат:
Магистратура:
Докторантура:
Оқыту үш тілде жүргізіледі.
Білім беру бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеуден өткен.
Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (НААР) деректері бойынша, 2025 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының мамандар даярлау бағыттары мен деңгейлері бойынша рейтингі нәтижесінде 6B08301 «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» білім беру бағдарламасы 1-орынды иеленді.
«Орман шаруашылығы» бағыты бойынша білім беру бағдарламалары үш жыл қатарынан ұлттық рейтингте 1-орынды иеленіп келеді.
2025 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша:
Аталған көрсеткіштерді жақсарту мақсатында білім алушылардың ғылыми мақалаларын жариялауын жүйелі түрде жандандыру, стартап-жобаларды іске асыру және әрбір білім беру бағдарламасы бойынша патенттер алу жұмыстарын күшейту жоспарлануда.
«Орман шаруашылығы және қоршаған орта» білім беру бағдарламалары тобы бойынша профессорлық-оқытушылық құрамның негізгі штатында 30 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 7-ішкі қосымша жұмыс істейтіндер, 5 — сыртқы қосымша жұмыс істейтіндер.
Олардың құрамында:
• 3 ғылым докторы (биология және ауыл шаруашылығы ғылымдары);
• 5 ғылым кандидаты (биология, ауыл шаруашылығы, география және педагогика салалары бойынша);
•4 философия докторы (PhD);
• 30 магистр дәрежесі бар оқытушы.
Білім беру бағдарламалары тобы бойынша ғылыми дәрежелілік көрсеткіші орта есеппен 65 %-ды құрайды. Бұл көрсеткіш профессорлық-оқытушылық құрамның жоғары ғылыми әлеуетін және ғылыми кадрлармен тұрақты қамтамасыз етілуін айғақтайды.
Білім беру бағдарламасын әзірлеу жоспары орман шаруашылығы мен экология саласындағы өндірістік міндеттерді шешуге қажетті теориялық білімді меңгеруді және кәсіби құзыреттерді дамытуды көздейді.

Мемлекеттік орман шаруашылығы бірлестігінің мүдделі тараптары болып орман шаруашылығы және экология саласындағы келесі кәсіпорындар табылады: «Жасыл аймақ» ЖШС, «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, А.Бөкейхан атындағы «ҚазОШАҒЗИ» ЖШС, «Республикалық орман тұқым шаруашылығы орталығы» РМҚК, «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС және «Қансонар» аңшылар мен аңшылық шаруашылықтарының республикалық қоғамдық бірлестіктер қауымдастығы.
Еуропалық университеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, циркулярлық экономика туралы хабардарлықты арттыру мақсатында қалдықтарды басқару бойынша бірлескен пәнаралық магистрлік білім беру бағдарламасын әзірлеу жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыс Erasmus+ «Серіктес елдерде қалдықтарды басқару бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеу және енгізу арқылы циркулярлық экономиканы дамыту (Unwaste)» жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Ғылым мен өндірістің тиісті салаларындағы инновациялар мен инновациялық технологиялар бойынша озық оқыту әдістерін зерделеуге арналған әдістемелік семинарлар ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Білім беру процесінде қолданылатын ең тиімді оқыту әдістерін таңдау мамандықтың ерекшелігі мен оқытылатын пәндердің мазмұнын ескере отырып жүзеге асырылады.
2025 жылы бакалавриат түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші – 89 %, магистратура түлектері – 100 %, докторантура түлектері – 100 %.
Орман шаруашылығы және қоршаған орта білім беру бағдарламалары тобы 2021 жылғы 30 сәуірде өз қызметін бастаған Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультетінің негізінде құрылды. Факультетте 2000-нан астам маман даярланды. Олардың көпшілігі Қазақстанның ғана емес, ТМД елдері мен алыс шетелдердің ұлттық экономикасында жетекші инженерлік-басқарушылық қызметтер атқаруда.
Факультет құрамында 3 кафедра болды:
Орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасы;
Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасы;
Экология кафедрасы
Орман шаруашылығы және экология саласы бойынша мамандар даярлау 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Астана қаласының айналасында жасыл белдеу құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес басталды. Қазіргі уақытта бұл аймақ жабайы жануарлардың мекендеу ортасына айналып, нағыз орман алқабы қалыптасты. Орман экологияның құрамдас бөлігі болғандықтан, осы бағыттарды біріктіріп маман даярлау қажеттілігі туындады.
Орман шаруашылығы мамандарын даярлау 2001 жылдан бастап агрономиялық факультетте жүзеге асырылды. Осы кезеңде мамандық атаулары жіктеуіштің өзгеруіне байланысты бірнеше рет өзгерді:
2001 ж. – 4515 «Орман және саябақ шаруашылығы»;
2004 ж. – 05807 «Орман шаруашылығы ісі»;
2010 ж. – 5В080700 «Орман ресурстары және орман өсіру»;
2008 ж. – 6М080700 «Орман ресурстары және орманшылық» (магистратура ашылды);
2013 ж. – осы мамандық бойынша PhD докторантура ашылды.
2019 жылы «Ландшафты дизайн және көгалдандыру», «Қорғаныш орман өсіру» білім беру бағдарламалары болып ашылды, 2024 жылы «Орман ресурстары және орманшылық» білім беру бағдарламасы жаңартылып қайта енгізілді.
Алғашында бітіруші кафедра ретінде «Егіншілік» кафедрасы жауапты болды, кейін «Экология және орман шаруашылығы» кафедрасы құрылып, 2012 жылы «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедрасы болып қайта құрылды.
2001–2012 жылдары кафедраларды әр жылдары: а.ш.ғ.к, А.О.Амралин, а.ш.ғ.к, И.И.Жұмағұлов, т.ғ.к., К.Б.Масенов, а.ш.ғ.д., Д.Н.Сарсекова, а.ш.ғ.к, Ж.Т.Боранбай, PhD, Т.С. Абжанов басқарды.
2005 жылы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен елорданы дамыту міндеттерін айқындау барысында Елбасы орман шаруашылығы мамандарын даярлаудың маңыздылығын атап өтіп, ҚР Білім және ғылым министрлігіне Қазақ агротехникалық университеті жанынан тиісті факультет ашуды тапсырды.
2006 жылы орман шаруашылығы мамандарының тәжірибелік даярлығын жетілдіру мақсатында Щучинск қаласындағы Орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты базасында заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған «Сарыарқа» оқу-ғылыми-өндірістік кешені пайдалануға берілді. 1–2 курс студенттері Астана қаласында, ал 3–4 курс студенттері «Сарыарқа» кешенінде білім алады.
2008 жылдан бастап кафедра магистранттар даярлауда. 2013 жылдан магистратурада оқыту көптілді бағдарлама (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) бойынша жүргізіледі.
2013 жылы университетке 6D080700 – «Орман ресурстары және орман өсіру» мамандығы бойынша PhD докторларын даярлау лицензиясы берілді.
2001 жылдан бері орман шаруашылығы саласында 450-ден астам маман даярланды.

Кафедраның тарихы 1980 жылы «Табиғатты қорғау» кафедрасының құрылуынан басталады. Алғашқы меңгерушісі – а.ш.ғ.д., профессор М.Е.Васильев. Кейін кафедра «Жер мелиорациясы және табиғатты қорғау» деп аталды. Әр жылдары кафедраны В.А.Вильмс, М.Б.Бедебаев, Н.И.Вумбальдт, М.Г.Чекаев басқарды.
1994 жылы кафедра таратылып, пәндер мен оқытушылар жерге орналастыру факультетіне ауыстырылды. 1995 жылы жер кадастры, кейін геодезия кафедрасымен біріктірілді.
2001 жылы «Агроэкология» мамандығы ашылып, «Агроэкология және агрохимия» кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушілері: б.ғ.д. В.К.Ажбенов, а.ш.ғ.д., профессор В.Г.Черненок, PhD, доцент Ұ.Ж.Байдүйсен.
2008 жылы б.ғ.д. А.П.Науанова кафедра меңгерушісі болып сайланды. 2008–2009 оқу жылында «Экология және орман шаруашылығы» кафедрасы құрылып, меңгерушісі И.И.Жұмағұлов болды.
Кейінгі жылдары кафедраны К.Б.Масенов, С.М.Күлжанова, Ұ.Ж.Байдүйсен басқарды. Одан кейінгі меңгерушілер:
г.ғ.к., С.М.Күлжанова (2013 ж.);
PhD, Г.Е.Саспугаева (2013–2015 жж.);
б.ғ.к., доцент Г.К.Сатыбалдиева (2015–2022 жж.);
б.ғ.к., Б.З.Жұмаділов (2022–2023 жж.).
б.ғ.к., доцент Г.К.Сатыбалдиева (2023–2025 жж.) жетекшілік етті;
Мамандар келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындалады:
6B05201 Табиғат пайдалану;
7M08307 Табиғи ресурстарды тұрақты басқару.

Кафедра 2001 жылы құрылды. Мамандар даярлау келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:
6В08301 – «Аңшылықтану және аң өсіру»;
6В08401 – «Аквакультура және су биоресурстары»;
7М08401 – «Интенсивті балық өсіру»;
7М08301 – «Табиғи биоресурстарды ұтымды пайдалану»;
8D08302 – «Жабайы табиғат».
2001–2007 жж. кафедраны а.ш.ғ.к., доцент Ж.К.Куржыкаев басқарды. Кейін әр жылдары в.ғ.к., доцент К.Н.Сыздықов, а.ш.ғ.к., қауым.професор С.Н.Нарбаев, б.ғ.к., доцент Ж.М. Қарагойшин, б.ғ.к., PhD, Г.А.Аубакирова жетекшілік етті.
2010 жылғы 7 қазанда университет жанынан «Балық шаруашылығы» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.
Кафедра шетелдік жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Ресейдің Иркутск мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясымен, Б.М. Житков атындағы Бүкілресейлік аңшылықтану және аң өсіру ҒЗИ-мен, Вятка ауыл шаруашылығы академиясымен, Астрахань мемлекеттік техникалық университетімен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалған.
Оқытушылар Түркиядағы ФАО семинарына, Қытайдағы тұщы су балық шаруашылығы ғылыми орталығына, Ресейдің жоғары оқу орындарына барып, біліктіліктерін арттырды.
Түлектеріміздің қатарында халықаралық деңгейде білім алған мамандар бар. Мысалы, Нұрғалиев Р. Франциядағы Сорбонна университетінің магистратурасын аяқтаған. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында магистранттар Польшада білім алды.

6B08301 Аңшылықтану және аң шаруашылығы білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы куәлік
7M08304 Табиғи биоресурстарын тиімді пайдалану білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы куәлік
7М080700 Орман ресурстары және орман шаруашылығы
8D08302 Жабайы табиғат білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы куәлік
2024 жылдың 2 қыркүйегінде «Экология» кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент Сатыбалдиева Гүлмира Қалмашқызы және «Экология» кафедрасының қаумдастырылған профессоры, б.ғ.к. Утарбаева Айжан Шарельевна «500 ғалым» халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Кастамону университетінде (Түркия) ғылыми тағылымдаманы бастады. Кафедра тағылымдама бағдарламасының сәтті жүзеге асуын және ЖОО арасындағы жемісті ынтымақтастықты тілейді.
.jpg)
.jpg)
.jpeg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
UnWaste - EU ERASMUS+618715-EPP-1-2020-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP «Әріптес елдерде айналмалы экономиканы дамыту арқылы «Қалдықтарды басқару» магистратура бағдарламасы әзірлеу және енгізу» халықаралық білім беру жобасы Қазақстан мен Өзбекстанның білім және ғылыми орталықтары арасындағы жемісті ынтымақтастыққа ықпал етеді.
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта» факультетінің «Экология» кафедрасында 2024 жылдың 2 мамыры мен 2 маусымы аралығында Ташкент университеті химия-технологиялық институтының өндірістік экология кафедрасының доценттері Юлдашев Алишер Әлімджанұлы және Ділшод Камилжанович Тұрсынов біліктілігін арттыру курстары өтуде.
Курс ағымдағы экологиялық мәселелер, климаттың өзгеруі мәселелері, айналмалы экономика шеңберінде табиғи ресурстар мен қалдықтарды тұрақты басқару, тұрақты болашақ үшін «жасыл» дағдыларды енгізу мәселелері бойынша зерттеу және тәжірибе алмасуды жоспарлайды.
3 мамырда шетелдік әріптестер «Экология» кафедрасының, «ОШ, ЖТ ж ҚО» факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ ғылыми зертханаларымен таныстырылды. Өзбекстаннан келген әріптестерімізге біліктілікті арттыру курстарын сәтті аяқтап, ұйымдарымыз арасындағы одан әрі жемісті ынтымақтастық тілейміз.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Пенсильвания штаты Университетінің (Монака, АҚШ) және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Тәжірибелі цифрлық жаһандық тарту» халықаралық білім беру жобасы
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің экология кафедрасы Пенсильвания штатының университетімен (АҚШ) бірлесіп "Тәжірибелі цифрлық жаһандық тарту" (EDGE) халықаралық жобасына қатысады. Жоба университеттер арасында интернет-технологиялар арқылы халықаралық тәжірибе алмасуға бағытталған.
Experiential Digital Global Engagement (тәжірибелі сандық жаһандық тарту) жобасы аясында Пенсильвания штатының университеті мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушылары мен студенттері арасында тығыз қарым-қатынастар орнатылуда.
EDGE бүкіл әлем бойынша студенттерге Интернет арқылы жобалар негізінде қарым-қатынас құралдарының көмегімен жоба аясында зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін коллаборативті онлайн-оқыту моделіне негізделеді.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ экология кафедрасы және Пенсильвания штаты университетінің ақпараттық технологиялар кафедрасы 2019 жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін халықаралық студенттік жоба аясында жүзеге асырылатын оқу курстарын біріктірді. Жобаның атауы: "Нұр-сұлтан қаласында (Ақмола облысы) өсімдіктердің экологиялық топтарының таралуы" қосымшасын әзірлеу. Жобаға қатысушылар: ҚазАТУ 2 курс студенттері "Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы" пәні аясында; Penn State University 4 курс студенттері "Қосымшаларды әзірлеу" пәні аясында.
Пенсильвания штаты университетімен (Beaver) бірлескен жоба қазақстандық университеттеріне халықаралық білім беру кеңістігінде жұмыс атқаруға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, біздің студенттер өздерінің білім саласын кеңейте отырып, пәнаралық жобаларға қатыса алады. EDGE жобасы Пенсильвания штатындағы және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттерінің студенттері өздерінің оқу салаларынан тыс оқу салдарын көріп қана қоймай, сонымен қатар XXI ғасырда бірлескен жобалармен жұмыс істеу, қашықтықтан жобаларды жүзеге асыру, технологияларды қолдана отырып өз тәжірибелерінен ерекшеленетін адамдармен жұмыс атқару арқылы көптеген дағдыларға ие болады.
|
|
|
"ҚР жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту" бағдарламасы аясында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің "Экология" кафедрасына Түрік Ғылым Академиясының PhD докторы (Анкара қ., Түркия) Гүлзада Кахвечи шақырылды. Профессор Гүлзада Кавечи Түркия Ғылым академиясының Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің директоры 2018 ж. қараша айының 5-23 аралығында 5В060800-Экология мамандығының 2 курс студенттеріне "Қоршаған орта туралы ілім" және "Биологиялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану" пәндері аясында экологияның өзекті мәселелері, биоресурстарды тиімді пайдалану және басқа да маңызды мәселелер бойынша дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізді.
Кафедра «Тұрақты ауыл шаруашылығы технологияларын жетілдіру және қолдану арқылы қоршаған ортаны қорғау» тақырыбы бойынша халықаралық жобаға қатысады.
Шетел ғалымдары кафедра оқытушыларын үшін экологиялық пәндерді заманауи әдістермен оқытуға арналған семинар-тренингтер өткізген. Пловдив аграрлық университетінің (Болгария) профессоры В. Попов «Экология» кафедрасының оқытушыларына жоғары импакт-факторлы шет ел баспаларында жариялымдар деңгейін көтеру аясында дөңгелек үстел өткізді. «Солтүстік Қазақстанның өсімдіктер биоалуандылығына жоғары антропогендік жүктеменің әсерін зерттеу» тақырыбында Пловдив Университеті және С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ «Экология» және «Орман қоры және орман шаруашылығы» кафедрасымен бірігіп ғылыми жоба жасау жоспарланып отыр. Пловдив Аграрлық университетінің профессоры PhD, Владислав Попов С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ 5В060800 – «Экология» мамандығы студенттеріне "Экологиялық егіншілік және топырақ қорғау" мамандандырылған пәнінен дәрістер курсын өткізді.
Сыртқы академиялық ұтқырлық аясында, студенттер жыл сайын бір академиялық кезеңге шетел ЖОО оқуға жіберіледі. 2013-2014 оқу жылында 2-курс студенті Тәліп Әйгерім Шығыс Финляндия университетінде білім алды . 2014-2015 оқу жылында 2 курс студенті Манақбаева Сабина Польшада Варшава технология университетінде оқып келді.
|
|
|
«Экология» мамандығының студенттері университет өміріне, университет және қала деңгейіндегі түрлі іс-шараларға белсенді қатысады. Сонымен қатар кафедрада экологиялық сипаттағы түрлі іс-шаралар өткізіледі, олардың негізгі мақсаты студенттерді ақпараттандыру және жаһандық сипатқа ие және бүкіл адамзатқа әсер ететін экологиялық мәселелерді шешуге тарту.
Кафедра жанында «Экоlife» және «АСБК» клубтары жұмыс істейді, олар адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуге қатысу – экологиялық сананың экоцентрлік типі бар экологиялық тұлғаны тәрбиелеу арқылы қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру, экологиялық жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін оқытушылар мен студенттердің бірлестігі. Түрлі табиғат қорғау іс-шараларын өткізу және оларға қатысу арқылы студенттер біртіндеп осы мақсатқа ұмтылады.
Жыл сайын «Экология» мамандығының студенттері мен «Эkolife» клубының мүшелері «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсы ұйымдастырған акцияларға белсене қатысады. 2019 жылдың күзінде «Экология» кафедрасының 1-3 курс студенттері кураторлармен бірге «Әрбір қазақстандыққа бір ағаштан – 18 миллион ағаш отырғызу» экологиялық іс-шараларына белсенді қатысты. Осы іс-шаралардың нәтижесінде студенттер қаланы көгалдандыруға және қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосты.
|
|
|
Сондай-ақ, жыл сайын «Эkolife» клубының мүшелері «Экология» мамандығы студенттерінің қатысуымен «Жаһандық экологиялық мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізеді.
|
|
|
Жыл сайын «АСБК» клубының студенттері «саябақ аймағының экожүйесін зерттеу» сабақ-экскурсиясына қатысады. Ашық сабақ табиғатта, саябақта экскурсия түрінде өткізілді. Орман (саябақ) экожүйелерін зерттеу оңай, өйткені олар ең көп таралған жүйелер және олардың құрылымында әр түрлі. Сабақтың мақсаты: оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту, оқушыларды орман (саябақ) экожүйесінің құрылымымен таныстыру; өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты анықтау. Сабақ басталар алдында оқушылар экскурсия өткізу жоспарымен танысады және экскурсия кезінде және табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіреді. Өз бақылаулары, табылған өсімдіктер мен жануарлардың атаулары, оқушылар дәптерге жазылады. Өткізілген сабақ мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық білім алуына негіз болады.
|
|
|
Экология кафедрасы студенттерінің «Дүниежүзілік құстарды бақылау күні» акциясына қатысуы дәстүрге айналды. Экологиялық акция аясында Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы 2019 жылдың күзінде экология кафедрасының «АСБК» клубының студент-мүшелері Талдыкөл көліне барды. Бақылау күндерінің басты міндеті – белгілі бір уақыт аралығында кездескен барлық құстарды қайта жазу және нәтижелерін ұлттық үйлестіру орталықтарына жіберу. Құстарды балалар мен ересектер, орнитологтар-кәсіпқойлар және әртүрлі кәсіптердің табиғатын сүйетіндер санайды.
|
|
|
Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау жөніндегі қазақстандық қауымдастық жыл сайын «Жылу дәні» акциясын өткізеді. Құстарды қоректендіруге арналған акцияның басты мақсаты - қыстайтын құстарға қоғамның назарын аудару, сонымен бірге құстарды қоректендіруді ұйымдастыруды ынталандыру. Біздің факультеттің студенттері акцияға қуана қатысып, шеберлік сабақтарын өткізіп, оларды қоректендіретін заттарды іледі, оқушылар арасында экологиялық ағарту үшін семинарлар өткізеді.
2019 жылғы 27 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсының «Қазақстанның су проблемаларының қазіргі жағдайы және шешу жолдары» тақырыбында III Халықаралық экологиялық конгресі өтті. «Экология» кафедрасының оқытушылары мен студенттері конгресс жұмысына белсенді қатысты. Конгреске ҚР Су ресурстары комитетінің, Үкіметтік, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бизнес-құрылымдардың өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты. «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсының құрметті президенті, ақын, саяси және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов құттықтау сөз сөйледі. Конгресс сессиялары барысында ҚР Су ресурстарының қазіргі жағдайы, Арал теңізін, Балқаш көлін құтқару жолдары және т.б. мәселелер талқыланды. Өсімдік шаруашылығының экожүйелерді қалпына келтіру топинамбур көмегімен шешу, жер асты суларын пайдалану мәселелерін шешу және т.б.

Университет қабырғасында студенттердің мәдени өмірі белсенді және әр алуан. Студенттер түрлі мерекелік күндерге арналған концерттер мен қойылымдар өткізеді: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, 8 наурыз және т.б.
|
|
|
2020 жылдың наурыз айынан бастап COVID-19 коронавирус пандемиясы жағдайында біздің университет онлайн оқытуға көшті. Жаңа форматта біздің студенттер түрлі вебинарларға, конференцияларға, семинарларға, акцияларға қатыса бастады. Кафедраның кураторлары мен профессорлық-оқытушылық құрамымен бірге студенттер дебаттар, интеллектуалды ойындар, әдеби-поэзиялық кештер, мерекелік концерттер, еңбек ардагерлерімен кездесулер және т.б. іс-шаралар университеттік, қалалық, республикалық және халықаралық деңгейлерде өткізіледі.
2020 жылдың 5 қарашасында республикалық деңгейдегі іс-шара аясында «Экология» кафедрасының 2 курс студенттері, «Эkolife» клубының мүшелері және «Биология және экология» кафедрасының 3 курс студенттерінің қатысуымен «Қазақстандағы экотуризмнің даму болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысы барысында студенттер, магистранттар, оқытушылар Қазақстандағы туризмнің осы бағытын дамытудың өзекті мәселелері бойынша ұсынылған баяндамалар мен пікірталастарға белсенді қатысты. Ортақ пікір мен шешім біздің республикада экологиялық туризмді тиімді дамыту үшін барлық жағдай жасау, озық елдердің тәжірибесін қолдану және осы салада өз әзірлемелері мен технологияларын енгізу қажеттігі туралы тілектер мен ұсыныстар болды.
|
|
|
«Covid-19» пандемиясына байланысты 2020-2021 оқу жылында «Экоlife» клубы аясындағы барлық іс-шаралар да онлайн форматта өткізілді. Instagram әлеуметтік желісінде «Экоlife» экологиялық клубының бетін аштық. https://www.instagram.com/p/CGIgf73g8MN/?igshid=eplwkgyam271
Бүгінгі таңда клуб мүшелері Instagram парақшасын белсенді түрде жүргізеді, онда клуб аясында ғана емес, сонымен қатар кафедрада өткізілген іс-шаралар да орналастырылады. Экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында студенттерде экочеллендждер өткізіледі. 2020 жылдың қазан айында университеттің барлық факультеттерінің студенттері қатысқан «Туған өлке экологиясы» атты фотоконкурс өтті. Байқау қорытындысы бойынша Агрономия факультетінің «Орман ресурстары» мамандығының студенті Назымбекова Нурмадина Абзаловна жеңіске жетті.

2020 жылдың 11 қарашасында «Экоlife» клубы мен «Болашақ» академиясының (Қарағанды қ.) мүшелерінің қатысуымен «Қазақстандағы экологиялық таза дәрілік шөптер мәселесі» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізілді.
2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың ақпанына дейін клубтың инстаграм парақшасында «Помощь братьям меньшим в зимнее время» экочелленджі өткізілді, оған біздің университеттің басқа факультеттерінің студенттері де белсенді қатысты. Клуб мүшелерінің көмегімен үйсіз жануарларына арналған паналау орындарына жорық ұйымдастырылды.
2023 жылдың 3 шілдесінде «Болашақтың экологиясы» Ұлттық жобалау институты ұйымдастырған «Қазақстанның экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы мақалалар байқауы аяқталды.
Байқау жеңімпазы «Қоршаған орта» мамандығының 3 курс студенті Тургумбаева Аружан Нурлановна (ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Шынбергенова Қарлығаш Тақанқызы). Оның «Қазақстандағы климаттың өзгеруі және жаңа жағдайларға бейімделу» тақырыбындағы мақаласы дауыс беруде сөзсіз көшбасшы болды және ол бас жүлде – 30 000 теңге иегері атанды.
С.Сейфуллин атындағы ҚАТИУ экология кафедрасының барлық қатысушылар мен ғылыми жетекшілері «Болашақтың экологиясы» Ұлттық жобалау институты атынан мақтау кағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Барлық қатысушылардың жұмыстарымен осы сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://vk.com/fpieco?w=wall-203386287_162
Ұйымдастырушылардың сайты: https://npieco.kz/
|
|
|
|
Тургумбаева Аружан Нұрланқызы «Қоршаған орта» дайындық бағыты бойынша 3 курс студенті |
Шынбергенова Карлыгаш Такановна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент |

2022 жылғы 20-21 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ онлайн форматта ZOOM платформасында ұйымдастырған XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға "Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта" факультетінің 3 курс студенттері Болатова София, Жамантаева Камила, Марчук Екатерина, Алиева Айжарқын, Серікбай Мадияр, Айжарикова Үмітжан қатысты. Жетекшілері - б.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Ш. Утарбаева, аға оқытушы Г.Б. Ботабекова.
Студенттер біздің университетіміздің намысын лайықты қорғап, жалпы есепте 2 - орынды, жоба бойынша 1- орынды және жеке есепте 2 және 3 орындарды Болатова София мен Жамантаева Камила иеленді.
|
Кафедра атауы |
Мамандықтың атауы |
Студенттің аты-жөні |
Алған орны |
Өткізу орны |
|
2021-2022 |
||||
|
Экология |
6В05201- "Табиғатты пайдалану" ББ |
Болатова С., Жамантаева К., Марчук Е. |
2 |
XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ |
|
2018-2019 |
||||
|
Экология |
5В060800-«Экология» |
А. Ануарбекова, Н. Зайникызы, Ж. Абилда |
2 |
XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ |
|
2017-2018 |
||||
|
Экология |
5В060800-«Экология» |
М. Абилхаирова, М. Айтмұрза, А. Олжаева |
3 |
X Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ |
|
2016-2017 |
||||
|
Экология |
5В060800-«Экология» |
Н. Жанабай, А. Женис, Б. Орынбасарова |
3 |
IX Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ |
|
2015-2016 |
||||
|
Экология |
5В060800-«Экология» |
С. Манакбаева, М. Койшан, А. Узакбай |
2 |
VIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ |
|
2014-2015 |
||||
|
Экология |
5В060800-«Экология» |
А. Солтангулова, А. Талип, Р. Александрович М. Жумагулова |
2 3 |
VII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ |



|
Лауазымы |
ТӘЖ |
Телефон |
|
|
БББТ меңгерушісі |
Боранбай Жумағұл Таңатқанұлы |
+77714706565 |
|
|
Эдвайзер |
Жанабергенов Аскар Оразович |
+77021269001 |
|
|
Эдвайзер |
Нургожаева Назгуль Макенбаевна |
+77026413097 |
|
|
Аға куратор |
Ботабекова Гульнар Турсунхановна |
+77078635403 |
|
|
Бағдар үшін жауаптылар |
Жанабергенов Аскар Оразович |
+77021269001 |
|
|
Шупшибаев Казбек Камалиевич |
+77777040643 |
||
|
Рахманов Сеилхан Султанбекович |
+77015611040 |
||
|
|
Астана қаласы, Жеңіс даңғылығы 62 А, корпус №7 (Әскери кафедра), 4 қабат тел.: 8(7172) 31-02-14
|
||
6B052 Қоршаған орта
6B083 Орман шаруашылығы
6В08301 "Аңшылықтану және аң шаруашылығы"
7M083 Орман шаруашылығы