Басты бет / Факультеты и кафедры / «Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламалары тобы
«Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламалары тобы

«Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламалары тобы

 

«Жылу энергетикасы»БББТ штаттық құрамы – 20 адам (техника ғылымдарының докторы- 4, PhD докторлары – 2, ғылым кандитаттары– 7, магистрлер - 7), ғылыми дәрежелілігі – 60%.

 

 

«Жылу энергетикасы» БББТ жетекшісі PhD докторы Саракешова Нурбуби Нуркеновна +7 700 968 5814

Эдвайзер: Исатаева Акмарал Кияловна, аға оқытушы «Жылу энергетикасы» БББТ 39-76-08, 8 775 315 31 65.

 

«Жылу энергетикасы» БББТ білім берудің үш деңгейі бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде және ақылы-шарттық негізде дайындықты жүзеге асырады:

  • Бакалавриат

БББТ B062 Электр техникасы және энергетика

ББТ 6B07101 Жылу энергетикалық инженерия

БББТ B162 Жылу энергетикасы

ББТ 6B07112 Энергетикалық жүйелер мен кешендер

6B07110 Жылу энергетикалық инженерия

  • Магистратура

БББТ М098 Жылу энергетикасы

ББТ 7M07101 Термиялық инженерия

7M07102 АӨК жылу мен газбен жабдықтау және желдету

  • Докторантура

БББТ D098 Жылу энергетикасы

ББТ 8D07101 Жаңартылатын энергетика

8D07102 Ауылшаруашылығында жылу мен газбен жабдықтау және желдету

 

 

«Жылу энергетикасы» БББТ-да көптілді топтарда оқуға мүмкіндік бар, онда сабақтар үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Сондай-ақ, «Жылу энергетикасы» БББТ-да ағылшын тілінде оқытумен 7M07101 "Thermal engineering" магистратурасының білім беру бағдарламасына қабылдау жүзеге асырылады.

Соңғы жылдары В062 – Электротехника және энергетика бағыты бойынша "Жылу энергетикасы" БББТ ұлттық және салалық рейтингтерде тұрақты жоғары нәтижелер көрсетті.

6B07107 Ауылшаруашылығында экоинженерия және жылу газбен жабдықтау, желдету " білім беру бағдарламасы "Атамекен" ҰКП рейтингінде 2023 жылы 5-орынға ие болды, 2024 жылы позицияны 4-орынға дейін жақсартты, ал 2025 жылы 3-орынға көтерілді.

6B07101 "Жылу энергетикалық инженерия" білім беру бағдарламасы "Атамекен" рейтингінде 2023 жылы 7-орынды, 2024 жылы 11-орынды және 2025 жылы 10-орынды иеленді.Сонымен қатар, бұл бағдарлама 2023-2024 жылдары 2 орын алып, 2025 жылы 1 орынға көтеріліп, арта Ұлттық рейтингінтте АжРТА оң динамиканы көрсетті.

Алынған нәтижелер "Жылу энергетикасы" білім беру бағдарламалар тобының бәсекеге қабілеттілігін және жоғары сапасын растайды.

2024 жылы білім берудің үш деңгейі бойынша білім беру бағдарламалары 5 жыл мерзімге "Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде" аккредиттеуден өтті, атап айтқанда:

6B07101 Жылу энергетикалық инженерия

7M07101 Термиялық инженерия

8D07101 Жаңартылатын энергетика

 

2025 жылы білім берудің екі деңгейі бойынша білім беру бағдарламалары Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығында (САААЕ)  аккредиттеуден өтті, онда магистратура деңгейінде EUR-ACE® Label халықаралық сапа белгісі берілді:

7М07102 АӨК те жылумен газбен жабдықтау

8D07102 Ауылшаруашылығында жылу мен газбен жабдықтау және желдету

 

Білім беру бағдарламаларының тобы

Білім беру бағдарламасының атауы

2023 ж.

2024 ж.

2025 ж.

1

B062 Электр техникасы және энергетика

6B07107 Ауылшаруашылығында экоинженерия және жылу газбен жабдықтау, желдету

"Атамекен" рейтингінде – 5 орын

"Атамекен" рейтингінде -  4 орын

"Атамекен" рейтингінде – 3 орын

2

B062 Электр техникасы және энергетика

6B07101 Жылу энергетикалық инженерия

"Атамекен" рейтингінде – 7 орын

"Атамекен" рейтингінде – 11 орын

"Атамекен" рейтингінде – 10 орын

3

B062 Электр техникасы және энергетика

6B07101 Жылу энергетикалық инженерия

АжРТА ұлттық рейтингінде – 2 орын

АжРТА

ұлттық рейтингінде –

 2 орын

АжРТА ұлттық рейтингінде – 1 орын

 

"Жылу энергетикасы" БББТ іске асыру шеңберінде білім беру процесі қажетті оқу, зертханалық және қызметтік кабинеттермен қамтамасыз етілген. "Жылу энергетикасы" БББТ қарамағында келесі аудиториялар бар:

  • №1124 аудитория-  "Жылу энергетикасы" БББТ жетекшісінің кабинеті;
  • №1103 және №1325 аудиториялар - оқу аудиториялары;
  • аудитория №1125 —"Жылутехника және жану теориясы"зертханасы
  • №1201 аудитория — "Сұйықтық және газ механикасы"зертханасы;
  • №1123а аудитория - "Жылу энергетикасы" БББТ зертханасы "Жоғары температуралық процестер мен қондырғылар";
  • №1123 және №1242 аудиториялар-оқытушылар бөлмесі;
  • №1243 аудитория-компьютерлік сынып (атаулы аудитория).

    

    

    

 

«Жылу энергетикасы» БББТ профессор-оқытушылар құрамы жоғары білікті мамандардан тұрады. Үш оқытушы «ЖОО-ның ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» атағына ие болып, төсбелгімен марапатталған:

т.ғ.к., доцент Қабулов Б.Б. (2010 ж.),

т.ғ.д., профессор Достияров А.М. (2016 ж.),

PhD, Мерғалимова А.К. (2020 ж.).

 

ППрофессор-оқытушылар құрамының жетістіктері мен марапаттары:

- э.ғ.к., аға оқытушы Маханова М. А. «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 790 бұйрыққа сәйкес, Энергетиктер күніне орай Қызылорда облысының Энергетика басқармасы тарапынан табысталды.

- Республикалық байқау нәтижесі бойынша Мергалимова А.К. «ЖОО-ның ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2020» атағына ие болып, төсбелгімен марапатталды.

- т.ғ.д., қауымдастырылған профессор Баубеков К.Т. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған медальмен марапатталды.

- т.ғ.д., қауымдастырылған профессор Диханбаев Б.И. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген энергетигі атағына және төсбелгісіне ие болды.

- т.ғ.д., қауымдастырылған профессор Диханбаев Б.И. Қазақстан Республикасы БҒМ-нің қауымдастырылған профессоры ғылыми атағын алды.

- т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Тютебаева Г.М. Қазақстан Республикасы БҒМ-нің қауымдастырылған профессоры ғылыми атағын алды.

- PhD, қауымдастырылған профессор Мергалимова А.К. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қауымдастырылған профессоры ғылыми атағын алды.

- э.ғ. к., аға оқытушы Маханова М. А. "ҚР Еңбек сіңірген қызметкері-2022" төс белгісімен және бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды, оның өмірбаяны мен жетістіктері республикалық байқау материалдарының жинағына енгізілді.

- э.ғ.к., аға оқытушы Маханова М. А. "Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі" медалімен марапатталды, №025 куәлік, 2022 ж., I дәрежелі Диплом, өмірбаяны "Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі" энциклопедияға енгізілді.

- т.ғ.м., аға оқытушы Умирзаков Р.А.. аграрлық ғылым мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

- т.ғ.д., қауымдастырылған профессор Баубеков К.Т. С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-дың С. Сейфуллин атындағы медалімен (2023 ж.) марапатталды.

- т.ғ.д., қауымдастырылған профессор Диханбаев Б.И. С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-дың С. Сейфуллин атындағы медалімен (2023 ж.) марапатталды.

- т.ғ.д., қауымдастырылған профессор Диханбаев Б.И. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен (2023 ж.) марапатталды.

- э.ғ.к., аға оқытушы Маханова М.А. «Жаңа Қазақстанның жыл адамы» орденімен (куәлік №042, 2023 ж.) марапатталды.

- э.ғ.к., аға оқытушы Маханова М.А. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен 2024 жылғы 22 тамызда наградталды.

- ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 13 маусымдағы № 918 бұйрығымен Саракешова Нурбуби Нуркенқызына 8D07101 – «Жаңартылатын энергетика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

- ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 462 бұйрығымен Ануарбеков Максат Арғанатұлына 8D07101 – «Жаңартылатын энергетика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

- э.ғ.к., аға оқытушы Маханова М.А. С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-дың С. Сейфуллин атындағы медалімен (2025 ж.) марапатталды.

- т.ғ.к., аға оқытушы Уәлиев Е.Б. С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ -дың С. Сейфуллин атындағы медалімен (2025 ж.) марапатталды.

- т.ғ. к., доцент Атякшева А. В. С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ -дың С. Сейфуллин атындағы медалімен (2025 ж.) марапатталды.

-т.ғ.м., аға оқытушы Исатаева А. К. «Үздік ғылыми қызметкер» ғылыми-білім беру мекемелері арасындағы халықаралық конкурстың жеңімпазы атанды және I дәрежелі медальмен және дипломмен марапатталды, 2025 ж.

- PhD, "Жылу энергетикасы" БББТ жетекшісі Саракешова Н.Н. Энергетиктер күніне орай құрмет грамотасымен марапатталды, 2025 ж.

- х.ғ.д., профессор Рожкова О.В. Энергетиктер күніне орай құрмет грамотасымен марапатталды, 2025 ж.

-т.ғ.м., аға оқытушы Жақсылық А.М. 2025 жылы Энергетиктер күніне орай құрмет грамотасымен марапатталды.

- т. ғ. к., қауымдастырылған профессор м.а. Сеитова Ж. А Энергетиктер күніне орай құрмет грамотасымен марапатталды, 2025 ж.

 

Мергалимова А.К. «ЖОО-ның ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2020» атағына ие болып, төсбелгімен марапатталды Ануарбеков М.А. 8D07101 – «Жаңартылатын энергетика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді Саракешова Н.Н. 8D07101 – «Жаңартылатын энергетика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

 

т.ғ.д., қауым.профессор Баубеков К.Т С. Сейфуллин медальмен марапатталды т.ғ.д., қауым.профессор Диханбаев Б. С. Сейфуллин медальмен марапатталды

к.э.э.ғ.к., аға оқытушы Маханова М.А. С. Сейфуллин медальмен марапатталды

т.ғ.к., аға оқытушы Уалиев Е.Б 

С. Сейфуллин медальмен марапатталды

 

э.ғ.к., аға оқытушы Маханова М.А. «Жаңа Қазақстанның жыл адамы» орденімен марапатталды э.ғ.к., аға оқытушы Маханова М. А. "Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі" медалімен марапатталды э.ғ.к., аға оқытушы Маханова М. А. «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды э.ғ.к., аға оқытушы Маханова М. А «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен наградталды

 

т.ғ.д., қауым.профессор Баубеков К.Т. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған медальмен марапатталды т.ғ.д., қауым. профессор Диханбаев Б.И. Қазақстан Республикасы АШМ «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды т.ғ.м, аға оқытушы Исатаева А.К
«Үздік ғылыми қызметкер» медалімен марапатталды
т.ғ. к., доцент Атякшева А. В. С. Сейфуллин медальмен марапатталды

    



«ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКАСЫ» БББТ ТАРИХЫ

«Жылу энергетикасы» БББТ 2002 жылы "Жылу электр станциялары" кафедрасы ретінде "Электр жабдықтарын пайдалану"кафедрасының негізінде құрылды.

Кафедраның алғашқы меңгерушісі техника ғылымдарының докторы, профессор Ганжара Владимир Иванович (2002–2005 жж.) болып тағайындалды. Ол кафедраның материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға және кадрлық әлеуетін дамытуға зор үлес қосты.

Техника ғылымдарының докторы, профессор Ганжара В.И. – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Жылу электр станциялары» кафедрасының алғашқы жетекшісі және ұйымдастырушысы.

Ганжара В.И.-нің 180-нен астам ғылыми еңбегі бар, оның ішінде Ресейдің авторлық куәліктері, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, ГДР, Швеция, Үндістан және т.б. елдердің патенттері бар. Профессор Ганжара В.И. 3 ғылым кандидатын даярлады, кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі мамандандырылған диссертациялық кеңестің мүшесі болды. КСРО ХШЖК-нің 2 күміс медалімен, бірқатар дипломдарымен, «КСРО-ның өнертапқышы», «Еңбектегі үздік жетістіктері үшін» төсбелгілерімен марапатталған.

Қазақстан Республикасы мамандықтар классификаторының өзгеруіне байланысты, 2008 жылы «Жылу электр станциялары» кафедрасы «Жылу энергетикасы» кафедрасы болып аталды.

   

«Жылу энергетикасы» БББТ 5В071700 – «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша бітіруші кафедра болып табылады және мемлекеттік тапсырыс негізінде және ақылы келісімшарттық күндізгі оқу түрі бойынша мамандар даярлайды. 2013–2014 оқу жылынан бастап 6M071700 – «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау жүзеге асырылуда.

2025 жылғы 30 маусымда «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-да «Жылу энергетикасы» кафедрасының ұйымдастырушысы әрі алғашқы басшысы, техника ғылымдарының докторы, профессор Ганжара Владимир Ивановичтің құрметіне аталған атаулы аудиторияның салтанатты ашылуы өтті.

Университет құрылымының өзгеруіне байланысты жылу энергетикасы кафедрасы 2025 жылғы 2 қыркүйектегі "Жылу энергетикасы" БББТ болып өзгертілді.

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

«Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламалары тобы (БББТ) жетекші профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) білімді тарату және болашақ ұрпақ үшін зияткерлік модельдерді қалыптастыру үдерісіне белсенді қатысады.Бекітілген ғылыми семинарлар жоспарына сәйкес, «Жылу энергетикасы» БББТ аясында оқытушылардың студенттермен, магистранттармен және докторанттармен бірлескен оқыту, ғылыми және тәжірибелік семинарлары тұрақты түрде өткізіледі.2025 жылы келесі тақырыптар бойынша семинарлар ұйымдастырылды:

  1. «Қазандық қондырғылар мен жылу тораптарын автоматтандыру: мәселелерді шешу ме, әлде жаңа қиындықтар ма»(аға оқытушы Айтмагамбетова М.Б.)

   

 

   

2. «Жаңартылатын энергетика»(т.ғ.д., аға оқытушы Кошумбаев М.Б.)

   

3. «ЖЭС техникалық сумен жабдықтау жүйелері» (т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Тютебаева Г.М.)

 

4. (Development of Hydrogen decarbonization technology for boiler gases)» (т.ғ.д., қауымдастырылған профессор Диханбаев Б.И.)

  

 

Ғылыми-өндірістік проблематика

«Жылу энергетикасы БББТ жетекші ғалымдарының тарапынан энергия үнемдеуші және ресурсты тиімді пайдаланатын бірегей тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғыларды әзірлеу және сынақтан өткізу бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

– Техногендік қалдықтарды қайта өңдеуге арналған, шлак бойынша өнімділігі 1,5 т/сағ болатын жаңа буын тәжірибелік-өнеркәсіптік балқыту реакторы (т.ғ.д. Б.И. Диханбаев);

– Ағынды шоғырландырғышы бар тәжірибелік жел энергетикалық қондырғысы (ЖЭҚ) (т.ғ.д. М.Б. Кошумбаев);

– Шағын су электр станциясына арналған тәжірибелік төмен арынды гидротурбина және гидроциклондық торап (т.ғ.д. М.Б. Кошумбаев).

 

Сонымен қатар, 2024–2026 жылдарға арналған «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің күл және шлак үйінділерін энергия тиімді кәдеге жаратуға арналған балқыту реакторын жасау» ғылыми жобасын іске асыру аясында (ғылыми жетекшісі – т.ғ.д. Б. Диханбаев) ғылыми зертхана құрылып, күл-қож қалдықтарын қайта өңдеуге арналған қондырғылар жасалды.

 

    

 

ГҚ және БНҚ конкурстары бойынша әлеуетті ғылыми жетекшілердің Хирш индексі (WoS және Scopus).

Т.А.Ә

индекс Хирша WoS

индекс Хирша Scopus

1

Мергалимова А.К

3

3

2

Баубеков К.Т

1

1

3

Диханбаев Б.И.

2

3

4

Рожкова О.В

3

5

5

Атякшева А.В.

2

3

6

Кошумбаев М.Б.

0

1

7

Cаракешова Н.Н.

0

1

8

Ануарбеков М.А.

1

2

9

Сеитова Ж.А.

0

1

 

ҒЗЖ интернационалдандыру деңгейі, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, БББТ ПОҚ-ның ұлттық және халықаралық қауымдастықтар мен іс-шараларға қатысуы

 

«Жылу энергетикасы» БББТ ғалымдары ұлттық және халықаралық қауымдастықтарға сарапшы ретінде қатысады. Мысалы, т.ғ.д. К.Т. Баубеков Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің  №127 «Отын-энергетикалық кешеннің зияткерлік энергетикалық жүйелері және кибер-физикалық жүйелер» техникалық комитетінің мүшесі болып табылады.Халықаралық ғылыми қызмет аясында «Жылу энергетикасы» БББТ ПОҚ халықаралық семинарлар мен конференцияларға белсенді түрде қатысады, кең ауқымды ғылыми басылымдарда мақалалар жариялайды.Аға оқытушы Ыбрай Сұлтан энергетика саласындағы өзекті және проблемалық мәселелерді жария түрде талқылап, теледидарда тұрақты түрде сөз сөйлейді.

ПӘНДІК ОЛИМПИАДАЛАР БОЙЫНША АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен XVI Республикалық пәндік олимпиада.

Өткен оқу жылында Алматы энергетика және байланыс университеті базасында Қазақстан Республикасы ЖОО студенттері арасында XVI Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиада «Жылу энергетикасы» бағыты бойынша келесі пәндерден ұйымдастырылды: «Техникалық термодинамика», «Газ және сұйық механикасы», «Жылу және масса алмасу», «Қазандық қондырғылар және бу генераторлары».Республикалық пәндік олимпиадаға еліміздің тоғыз жоғары оқу орнынан тоғыз команда қатысты.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті «Жылу энергетикасы» БББТ атынан 3-курс студенттері Хамитова Елдана, Яновский Сергей, Ряснов Дмитрий қатысты. Ғылыми жетекшісі – т.ғ.м., аға оқытушы Ануарбеков Максат Арганатович.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Жылу энергетикасы» БББТ командасы І орынды иеленді.Жеке есепте:– Хамитова Елдана – ІІ орын; – Яновский Сергей – ІІІ орын.

Ағымдағы оқу жылында «Жылу энергетикасы» БББТ студенттері Coursera платформасында қосымша курстардан өтіп, оқуын жалғастыруда. Білім алушылардың 98%-ы сертификаттарға ие болды.

 

Халықаралық ынтымақтастық

Жылу энергетикасы саласында мамандарды сапалы даярлау және академиялық ұтқырлық географиясын кеңейту мақсатында «Жылу энергетикасы» БББТ бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда «Жылу энергетикасы» БББТ келесі шетелдік жоғары оқу орындарымен табысты ынтымақтастық орнатқан: А.А. Ежевский атындағы Иркутск мемлекеттік аграрлық университеті; Петрозаводск мемлекеттік университеті; Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университеті; Ангел Кънчев атындағы Русенс университеті.Аталған жоғары оқу орындарында «Жылу энергетикасы» БББТ докторанттары жыл сайын келесі ЖОО-лардан ғылыми тағылымдамадан өтеді.

1. Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университеті (РФ) № 10-0-02/124, 2021 жылғы 5 шілде;

2. И. Кәрімов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті (Өзбекстан Республикасы), 25.02.2022 ж.;

3. А.А. Ежевский атындағы Иркутск мемлекеттік аграрлық университеті (РФ) № 221/411, 2020 жылғы 3 желтоқсан;

4. Ангел Кынчев атындағы Русенс университеті (Болгария) № 395, 2020 жылғы 11 ақпан;

5. Nazarbayev University Research and Innovation System (ҚР) № 27926-3110782, 2021 жылғы 17 қараша.

Келісімдер білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі салаларындағы ынтымақтастықты қамтиды. Бұл қазіргі заманғы және перспективалы энергетикалық технологиялар, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану технологиялары саласында сұранысқа ие жоғары білікті мамандар мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын тиімді даярлауға, сондай-ақ кәсіптік білім мен ғылымды ықпалдастыруға бағытталған.Академиялық ұтқырлық, зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми тағылымдамалар, қос дипломды білім беру бағдарламаларын ашуға дайындық жұмыстары, семинарлар мен конференцияларға қатысу мәселелері қарастырылған.

Сондай-ақ Nazarbayev University Research and Innovation System ұйымымен ынтымақтастық туралы келісім жасалған. Келісімнің мақсаты:

  • энергетика және өнеркәсіп салалары үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау тиімділігін арттыру мақсатында ҚАТЗУ-дың ғылыми және кәсіби әлеуетін, сондай-ақ NURIS-тің ғылыми-зерттеу және өндірістік базасын біріктіру;
  • жылу энергетикасы және жаңартылатын энергетика саласында практикалық және ғылыми-техникалық міндеттерді шеше алатын, заманауи талаптарға сай мамандар даярлау.

 

Академиялық ұтқырлық

2026 жылы Jeonbuk National University (Корея Республикасы) мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті арасында білім беру және ғылыми-академиялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум оқытушылар мен білім алушылар алмасуын, қос және бірлескен диплом бағдарламаларын қоса алғанда, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыруды, сондай-ақ оқу және ғылыми материалдармен алмасуды көздейді. Келісімге сәйкес, алмасу бағдарламасы бойынша қабылдаушы университетте оқу ақысы алынбайды.

2026 жылы Меморандум аясында «Жылу энергетикасы» БББТ-ның 7 бакалавриат білім алушысына Корея Республикасындағы Чонбук ұлттық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу жоспарланған.

Сондай-ақ А.А. Ежевский атындағы Иркутск мемлекеттік аграрлық университеті мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті арасындағы ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде біздің «Жылу энергетикасы» БББТ білім алушылары "Инженерлік және компьютерлік графика"пәні бойынша виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысты.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ПРАКТИКАҒА БАҒЫТТАЛУЫ

Астана-Теплотранзит АҚ-мен дуалды оқытуды жүзеге асыру туралы келісім негізінде жыл сайын екінші семестрде 3-курс студенттері үшін «Жылу желілері және жылумен жабдықтау жүйелері» пәні бойынша қазақ және орыс тілдерінде практикалық сабақтар өткізіледі.

Жылу, сумен жабдықтау және кәріз жабдықтарын өндіретін көптеген еуропалық компаниялардың ресми дистрибьюторы «Энергетическая компания» ЖШС-мен жасалған келісім аясында 4-курс студенттері екінші семестрде «Жылу желілері мен жылыту жүйелерінің энергетикалық аудиті» пәні бойынша білім алады. Компания Қазақстанның барлық өңірлерінде өнім жеткізеді, қызмет көрсетеді, сорғы станцияларын, жылу пункттерін және басқа да жабдықтарды шағын әрі ірі нысандар үшін жинақтайды және өндіреді.

Магистранттардың 1 және 2 курстары үшін Kyrulus Group Company ЖШС базасында «Инженерлік эксперимент» пәні бойынша дуалды оқыту ұйымдастырылған.

Білім алушылардың кәсіби практикасы

Қазақстан Республикасы бойынша жылу энергетикасы саласындағы мамандандырылған кәсіпорындарды қамтитын кең көлемді практика базасы қалыптастырылған.Астана қаласындағы негізгі базалық кәсіпорындар – Астана-Энергия АҚ және Астана-Теплотранзит АҚ. Қол қойылған келісімшарттар негізінде дуалды оқыту жүйесі жүзеге асырылады.

Практика және жұмысқа орналастыру базалары

  • «Астана‑Теплотранзит» АҚ
  • «Астана Энергия»АҚ
  • «Энергетикалық Компания» ЖШС
  • «Қызмет Сервис 01» ЖШС
  • «Қызылорда жылыту‑электроорталығы» МКК
  • «Өзен жылу» МКК
  • «Каспий жылу және су арнасы» МКК (Ақтау қ.)
  • «Теплокоммуэнерго» МКК(Семей қ.)
  • «Трансэнерго» (Ақтөбе қ.)
  • «BAZIS‑A» корпорациясы
  • «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС
  • «Екібастұз ГРЭС‑2» акционерлік қоғамы
  •  «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ
  • BI Group
  • BAZIS‑A
  • AIBYN Construction Group
  • Orda Invest
  • «НИПИ Астанагенплан» ЖШС
  • «Kyrulus Group Company» ЖШС
  • «Орталық жылу тарату компаниясы» ЖШС

   

   

   

Студенттік өмір

«Жылу энергетикасы» БББТ студенттерінің өмірі жоғары белсенділікпен, жан-жақты даму мен өзін-өзі танытуға ұмтылысымен сипатталады. Студенттер мен профессор‑оқытушылар құрамы университеттің спорттық, мәдени және қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысып, жағымды білім беру ортасын қалыптастырады және студент жастардың бастамаларын қолдайды.

Белсенді студент жастардың жарқын мысалы – 6B07101 «Жылу энергетикасы инженериясы» білім беру бағдарламасы 3-курс білім алушысы Исабаев Мирас, дзюдо және қазақша күрес бойынша республикалық және халықаралық турнирлердің чемпионы. Оның спорттық жетістіктері тәртіптілік, мақсаттылық және көшбасшылық қасиеттердің жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға және университеттің беделін республикалық және халықаралық ареналарда арттыруға ықпал етеді.

Университеттің мәдени‑шығармашылық саласына белсене қатысып, Қазақстандағы ең танымал жастардың әзіл-сықақ және шығармашылық ойындарының сайысы Жайдарманда жүрген бірқатар жастарымыз да бар. 2025 жылғы түлек Сапарғали Диас Түгелұлы және 6B07107 «Ауыл шаруашылығында жылу мен газбен жабдықтау және желдету, экоинженерия» білім беру бағдарламасы 3-курс білім алушысы Әміржан Еркебұлан Сейілбекұлы SEIFULLIN командасының құрамында «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ атынан Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі «Қазақстандық КВН одағында» өнер көрсетеді. Команда республикалық және халықаралық ойындардың чемпиондары атанып, студенттердің шығармашылық потенциалын дамытуға, командалық рухты нығайтуға және университеттің жағымды имиджін қалыптастыруға үлес қосады.

 

4 курс, 6B07101 Жылу энергетикалық инженерия

Елдашбоева Тамара

«Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық конкурсының жеңімпазы атанып, I дәрежелі диплом мен арнайы төсбелгінің иегері атанды.

3 курс, Гүңшебайұлы Ерен С. Сейфуллин атындағы медалімен

3 курс, Гүңшебайұлы Ерен Обладатель гран-при конкурса " Алтын домбыра»

 

 

2025 жылы университетте Наурыз мерекесі аясында факультеттер арасындағы жарыстар ұйымдастырылып, онда «Жылу энергетикасы» БББТ оқытушылары мен студенттері белсенді қатысқан. Іс-шара барысында оқытушылар мен студенттер бірлесіп шығармашылық қойылым дайындап, жоғары деңгейдегі бірлік, бастамашылдық, креативтілік және ұлттық дәстүрлерге құрмет көрсеткендерін көрсете білді.

   

Байланыстар

010000,  Қазақстан Республикасы, 

Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62

Бас ғимарат

тел.: +7 (7172) 397608

e-mail:  n.sarakeshova@kazatu.edu.kz

Құжаттар
5B071700 «Жылуэнергетика» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаның даму жаспары (бакалавриат)
2025-2026 оқу жылына арналған пән оқушыларының презентациялар кестесі (магистратура)
2025-2026 оқу жылына арналған пән оқушыларының презентациялар кестесі (бакалавриат)
Білім беру бағдарламасы "6B07110 Жылу энергетикалық инженерия"
6М071700 «Жылуэнергетика» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаның даму жаспары (магистратура)
"6B07107 Ауылшаруашылығында экоинженерия жылу газбен жабдықтау, желдету" білім беру бағдарламасы
«Жылу энергетика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының спецификасы (докторантура)
«Жылу энергетика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының спецификасы (магистратура)
«Жылу энергетика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының спецификасы (бакалавриат)
8D07102-Ауыл шаруашылығындағы жылумен, газбен жабдықтау және желдету білім беру бағдарламасының аккредиттеу туралы куәлік
8D07101-Жаңартылатын энергетика білім беру бағдарламасының аккредиттеу туралы куәлік
7M07102-АӨК-дегі жылумен, газбен жабдықтау және желдету білім беру бағдарламасының аккредиттеу туралы куәлік
7M07101-Термиялық инженерлік білім беру бағдарламасының аккредиттеу туралы куәлік
6B07107-Ауыл шаруашылығында жылу және газбен жабдықтау, желдетумен экоинженерлік білім беру бағдарламасының аккредиттеу туралы куәлік
6B07101-Жылу энергетикалық инженерия білім беру бағдарламасының аккредиттеу туралы куәлік
8D07102 "Ауылшаруашылығында жылу мен газбен жабдықтау және желдету" білім беру бағдарламасы
8D07101 "Жаңартылатын энергетика" білім беру бағдарламасы
7M07101 "Термиялық инженерия" білім беру бағдарламасы (2 ж.)
7M07102 "АӨК жылу мен газбен жабдықтау және желдету" білім беру бағдарламасы (2 ж.)
"6B07101 Жылу энергетикалық инженерия" білім беру бағдарламасы