Басты бет / Факультеттер және кафедралар / Көлік техникасы және технологиялар кафедрасы
Көлік техникасы және технологиялар кафедрасы

Көлік техникасы және технологиялар кафедрасы

 

 «Көлік техникасы және технологиялар» кафедрасы 2015 жылы «Техникалық сервис» кафедрасының негізінде ұйымдастырылған.
«Техникалық сервис» кафедрасы «Тракторлар және автомобильдер» және «Ауылшаруашылық техникасын пайдалану» кафедраларын біріктіру арқылы 2000 ж. құрылған, олар факультеттің ашылу кезіне сәйкес 1961 - 1962 жылдары құрылған.

Кафедра қызметінің негізгі бағыты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және көлік, көлік техникасы саласы бойынша сабақ өткізу, сонымен қатар көлік қозғалысын пайдалану мен тасымалдау саласы болып табылады. Кафедра келесі оқу бағдарламалары бойынша жас мамандарды даярлап шығаруда: 6В071 - «Көлік, көлік техникасы мен технологиялар»; 6В113 - «Көліктегі логистика»; 6В113 – «Жол қозғалысы қауіпсіздігі және ұйымдастыру»; магистратура 7М071 - «Көлік, көлік техникасы мен технологиялар»; және докторантура 8D071 - «Көлік, көлік техникасы мен технологиялар».
Қазіргі уақытта «Көлік техникасы және технологиялар» кафедрасының оқытушыларының ғылыми дәрежесі – 72 % құрайды, оның ішінде: 3 – PhD докторы; 6 – техника ғылымының кандидаты, доцент; 5 – техника ғылымының кандидаты, аға оқытушы, 5 – магистр. Соңғы 5 жылда кафедраның бірнеше оқытушылары Чехия, Словакия, Польшаның ЖОО-да, сонымен қатар Беларусь Республикасының Минск қаласындағы «МТЗ» ААҚ-да ғылыми біліктілікті арттырудан өтті.
 «Көлік техникасы және технологиялар» кафедрасында мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына сәйкес мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін 15 оқу аудиториясы, сонымен қатар 6 арнайыландырылған зертхана, 2 компьютерлік класстан тұратын оқу-материалдық негіздері бар.
Кафедраның материалды-техникалық негізі келесіден тұрады: гидравлика және гидравликалық машина зертханасы; көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету; жол жүру ережесі классы; ІЖҚ, автокөлік, трактор, көлік құралдары, олардың жүйелері, тораптар мен бөлшектердің құрылысы бойынша кешенді кафедрааралық зертхана; ІЖҚ, жұмыс үрдісінің теориясы мен сынау зертханасы; көлік құралдарының отын-майлау материалдар зертханасы.

Көлік құралдарының отын-майлау материалдар зертханасы

 

Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету зертханасы

ІЖҚ, автокөлік, трактор, көлік құралдары, олардың жүйелері, тораптар мен бөлшектердің құрылысы бойынша кешенді кафедрааралық зертхана

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы ауылшаруашылық өндірісінің қажеттіліктерімен байланысты. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы университеттің, факультет пен кафедраның ҒЗЖ мен СҒЗЖ жылдық жоспарына сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы жылда оқу құралын, монография шығарады.
2016 жылы кафедра Астана қаласының «Zertec» ЖШС-мен «Таспалы конвейердің жұмыс істеу кезіндегі таспадағы динамикалық салмақты анықтау» ЭВМ үшін қолданбалы бағдарламаны әзірлеу» тақырыбы бойынша жалпы құны 1000000 теңгені құрайтын ғылыми-зерттеу жұмысын орындау мақсатында шаруашылық келісімшартқа отырды.
Кафедра келесі университеттермен ынтымақтастық бойынша келісім – шарт пен меморандумға сәйкес байланыс ұстайды: Челябинск мемлекеттік агроинженерлік академия, Т.С. Мальцев атындағы Қорган мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы, Россельхозакадемияның Сібір аграрлы мәселелерінің физико-техникалық институты, Россельхозакадемияның Сібір механизация мен электрификация институты, Новосібір мемлекеттік аграрлық университеті, Сібір мемлекеттік автокөлік жол академиясы және т.б.
Кафедра бітірушілерінің қызмет ету өрісі: көлік бөлімшесі мен кәсіпорыны; жергілікті көлікпен басқару органы мен мемлекеттік көлік инспекциясы; көлікті – экспедициялық кәсіпорын мен ұйымдар; көлік техникасын тасымалдауды жүргізетін кәсіпорындар мен ұйымдар; құрастыру, жобалау мен технологиялық ұйымдар; машина жасау мен жөндеу зауытының фирмалық және дилерлік орталығы; көлікті басқару қызмету.
Кафедра меңгерушісі – PhD доктор, аға оқытушы Рустембаев Арман Базарханович.



кафедрасының тарихы

«Көлік техникасы және технологиялар» кафедрасы 2015 жылы «Техникалық сервис» кафедрасының негізінде ұйымдастырылған.

«Техникалық сервис» кафедрасы «Тракторлар және автомобильдер» және «Ауыл шаруашылық техникасын пайдалану» кафедраларын біріктіру арқылы 2000 ж. құрылған, олар факультеттің ашылу кезіне сәйкес 1961 - 1962 жылдары құрылған. 

Кафедраның негізін Целиноград ауыл шаруашылығы институтына келгенге дейін Новосібір қаласындағы Новосібір ауыл шаруашылығы институтында МТПП кафедрасын басқарған Иван Павлович Ворожцов қалады.

«Тракторлар жəне автомобильдер» кафедрасы (1961) 

Əр жылдары кафедрада жұмыс істегендер:
•    техникалық ғылымдар кандидаттары, доценттер: И.П. Ворожцов, Н.Г.Завацкий, Р.А. Качканьян, Ю.Т.Чекемес, Н.А. Фабрицкий, И.Ф.Яковенко, В.И. Вебер, В.А. Любарец, А.В. Гаар, С.Ф.Чинжаров жəне т.б.;
•    оқытушылар: А.Л. Траксель, Н.К. Хлыстун, С. Хохлов, А. Осадчий, Л.П. Медведь, Р.Н. Сагадеев, А.Б. Бейсекеев, Е.Ж. Камбаров, Кафедрада басқада жоғарғы оқу орындарының түлектері доцент А.Т. Пинчук, оқытушылар А.А. Траксель, Э.А. Плисученко, Н.Ф. Кулакова, Л.И.Новикова, А.А. Разуваева жұмыс істеді, қазірде жұмыс істеп жүргендер Т.Ж. Сағындық, А.А. Несветеев жəне т.б.;
•    оқыту шеберлері жəне лаборант болып жұмыс істегендер: Н.Е.Кувшиников, Е.Н.Близнюк, М.Г.Железнов, В.С.Оноприенко, А.А.Фринкель, А.П.Шереметьев, В.К.Юденко, В.М.Булгаков, В.С.Климковская, А.Е.Окс, В.Мельниченко, В.Большаков, В.С.Коробков, С.Адильбеков, С.Попов, А.Стоян, Н.Лейхт жəне т.б.;
Əр жылдары кафедраны басқарғандар: доцент Н.Г.Завацкий (1961- 1962, 1963-1970 ж.) т.ғ.к., доцент И.П.Ворожцов (1962 ж.), т.ғ.к. доцент Р.А.Качканьян (1970-1978 ж.) т.ғ.к., доцент Ю.Т.Чекемес (1978-1982 ж.) т.ғ.к., доцент В.А.Любарец (1682-1985 ж.), (1994-1997 ж.), т.ғ.к., доцент В.И.Вебер (1985-1991 ж.), т.ғ.к., доцент И.Ф.Яковенко (1991-1994 ж.).

«Машина-трактор паркін пайдалану» кафедрасы (1962)

Əр жылдары кафедрада жұмыс істегендер:
•    т.ғ.к., доценттер: И.П. Ворожцов, В.Д. Костин, В.М. Доценко, В.Е.Егорушкин, М.А. Дегтярев, В.В. Свешников, А.К. Хижинский, Н.И.Тимошкин, В.И. Бондаренко;
•    доценттер: Д.Б. Ким, Д.Г. Киясов, В.И. Могильченко, А.Е. Приходько;
•    оқытушылар: Л.А. Дукшта, А.А. Траксель, П. Турсунов, Б. Жумкин, Л.А. Рубан , М.К. Биктемиров, Ф.Ф. Шульмейстр, В.И. Путилин, А.Н.Гришин, О.Ф. Кусаинов, П.П. Лысов, Б.Ш. Едресов, М.М. Носуль, В.В.Белоус, А.В. Горовой, М. Ильясов, Е. Кұттыбаев, Л.И. Разуваева, А.Е.Приходько, К.С. Несіпжан, Ж.А. Нурко, С.Ю. Такеева;
•    оқыту шеберлері жəне лаборант болып жұмыс істегендер: Н.М.Ладошко, В.Д. Лакисов, Л.Н. Белоусова, Ф.Ф. Гузенко, И.И. Воронцов, В.И. Веремеенко, А.И. Веремеенко, С.К. Медьянов, Т.Н. Бейсембаев, А.Б. Кушумбаев, Б.Н. Абдраманов, Е. Хайбулаев, С.А. Кезенбаева, Г.К.Кальбекова, К.Н. Бильчаревич, Р.Ф. Югай, Л.Г. Мазур.
Кафедраны басқарғандар: т.ғ.к., доцент И.П. Ворожцов (1962-1967 ж.), т.ғ.к., доцент В.Д. Костин (1967-1969ж.), (1973-1975ж.), т.ғ.к., доцент В.С. Егорушкин (1969-1970ж.), т.ғ.к., доцент В.М. Доценко (1970-1973 ж.), т.ғ.к., доцент А.А. Разуваев (1975-1985 ж.), т.ғ.к., доцент О.С. Сапаров. (1985-2000 ж.), т.ғ.д., профессор Н.В. Костюченков (2000-2014 жылдар аралығында).

Кафедраның қалыптасуына ЧАШМЭИ-нің (ЧМАУ) Челябинск қ. «Тракторлар жəне автомобильдер» кафедрасының ықпалы өте зор болды. Одан аспирантурадан өтіп жəне техникалық ғылымдар кандидаты дəрежесіне сəтті диссертация қорғап, артынан кафедрада жұмыс істегендер: В.Ф.Дзиговский, Р.А. Качканьян, А.А. Разуваев, А.А. Фабрицкий, А.Д. Окунев, И.Ф. Яковенко, В.В. Гаар, В.А. Любарец, В.И. Вебер, О.С. Сапаров, Н.В. Костюченков, С.Ф. Чинжаров, О.Н. Костюченкова, А.А. Гуляренко.

«Техникалық сервис» кафедрасы (2000) 

Əр жылдары кафедрада жұмыс істегендер:
•    т.ғ.д., профессорлар: Н.В. Костюченков, Г.С. Гумаров;
•    т.ғ.к., доценттер: О.С. Сапаров, И.Ф. Яковенко, Р.А. Качканьян, Т.Ж. Сагындык, А.Б. Абдрахманов, Б.Т. Оразалиев, А.И. Чернявский, М.Д. Бейсеков, К.Б. Мурзабекова, К.К.Абишев;
•    т.ғ.к.: О.Н. Костюченкова;
•    оқытушылар: В.Н. Хлынов, Н.К. Аскаров, В.В. Сапожникова, В.А.Гаар, Н.Ж. Иржанов, Н.Р. Рахимов, Р.В. Россыльная, Р.Ф. Халилев, В.Ж. Исмагулова, М.Ж. Олжатай, Д.Т. Оспанов, К.М. Шырдаева, А.Б. Баянов.
•    оқыту шеберлері жəне лаборант: А.П. Заика, А.Амуртаева, А.Молдагалиева, А.Балгожин, К.Е. Каиркенов, А. Сарсенқызы.
Əр жылдары кафедраны басқарғандар: т.ғ.д., профессор Н.В.Костюченков (2000-2014жж.); т.ғ.к. Қ.Қ. Абишев (2014 -2015жж.).
2002-2004жж. жылдары т.ғ.д., профессор Н.В. Костюченков университеттің бірінші проректоры болып қызмет етті, ал 2002-2004 жылдары  кафедра меңгерушісі қызметін  доцент В.И. Могильченко атқарды.

«Көлік техникасы және технологиялары» кафедрасы (2015)

 "Көлік техникасы және технологиялары" кафедрасында 2015-2023 жылдар аралығында жұмыс істеді:

кафедра меңгерушісі, т. ғ. к., доцент: Балғабеков т. к. (2015-2022 оқу жылы)
кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы, Т.ғ. к., аға оқытушы: Каленов Ғ.К. (2022-2023 оқу жылы)
мамандықтың эдвайзері: Россыльная Р. В.
т.ғ.д., доцент: Мұхаметжанова А. В.
т.ғ.к., доцент: Әбдірахманов А. Б., Оразалиев Б. Т., Ибилдаев Б. К.
PhD докторы, аға оқытушы: Костюченкова О.Н.
т.ғ.к., аға оқытушылар: Айдарбек Ә.О., Шонтаев Д. С., Жандарбекова А. М., Тулендиев Е. Е., Забиева А. Б., Аруов Б. Б., Забиева А. Б.,
аға оқытушылар: Гаар В. А., Хлынов В. Н., Ермұханова А. С., Сәрсенқызы А., Сағатбекова А. Б.
ассистенттер: Конкыбаева А. Н., Байгужина г. Н., Бекмуратова Ж. Р.,
оқу шебері және зертханашы: Әбілғазиев Д. К., Жанділдина р. с., Абдихаликов С. С.
 

«Көлік техникасы және технологиялар» кафедрасы (2023)

 «Көлік техникасы және технологиялар» кафедрасы келесі құрамда жұмыс істейді:

кафедра меңгерушісі, PhD докторы, аға оқытушы Рустембаев Арман Базарханович
білім беру бағдарламаларының эдвайзері: Россльная Р. В.
т. ғ. к., доцент: Абдрахманов А.Б., Оразалиев Б. Т., Ибилдаев Б.К., Балгабеков Т.К., Тоганбаев М.Т., Хамитова Г.Ж.;
PhD докторы, аға оқытушылар: Костюченкова О. Н., Елшібеков А. М..
т. ғ. к., аға оқытушылар: Жандарбекова А. М., Кәрібаев Н. К., Тулендиев Е. Е., Нүсіпбек Ж. Т., Жүнісов Д. И.
аға оқытушылар: Сәрсенқызы А., Сағатбекова А.Б., Қара Ғ.С.
оқытушылар: Сайдалин Е. Н., Мұхаметжанова А. С.
оқу шеберлері және зертханашы-іс жүргізуші: Абдыхаликов С.С., Беккалиев А.О., Жандильдина Р.С.
 

халықаралық ынтымақтастық

"Көлік техникасы және технологиялары" кафедрасында Сібір мемлекеттік автокөлік-жол университеті (СибАДИ), Острава техникалық университеті (Чехия), Познань политехникалық университеті (Польша), София химия- технологиялық және металлургия, ғылым және технологиялар университеті (Болгария), Тадеуш Костюшко атындағы Краков политехникалық институты (Польша), AGH-UST Краков ғылым және технологиялар университеті (Польша) және т. б. жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде.

2018 жылдың 25-ші қарашасы және 7-ші желтоқсан аралығында кафедраға София химия-технологиялықжәне металлургия ғылым және технология университетінің (Болгария) техника ғылымдарының докторы, профессор Димитар Караиванов келіп, "Көлік, көлік техникасы және технологиялары", "Көліктегі Логистика" және "жол жүрісін ұйымдастыру және қауіпсіздік" білім беру бағдарламаларының бакалаврлары үшін практикалық сабақтар өткізіп, "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" білім беру бағдарламаларының магистранттары мен докторанттарына кеңестер берді.

"С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КЕАҚ мен В.Р. Филиппов атындағы Бурят Мемлекеттік Ауыл шаруашылығы академиясы (Ресей) арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында білім беру қызметтерін көрсету бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында бакалаврлар мен магистранттардың академиялық ұтқырлығын іске асыру мақсатында 2020-2021 оқу жылының күзгі триместрінде қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, 6В065-"Көлік, көлік техникасы және технологиялары" білім беру бағдарламасының 3 курс бакалаврлары оқытудан өтеді.

2023 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында кафедраға техникалық ғылымдар докторы, Краков қаласының (Польша) ғылыми-техникалық университетінің AGH механикалық инженерия және робототехника факультетінің өндірістік жүйелер кафедрасының профессоры Михал Бембенек келіп, дәрістер оқыды, білім беру бағдарламалары бойынша семинарлар өткізді: бакалаврлар, магистранттар және докторанттар үшін.
Кафедра көптеген жылдар бойы Челябинск мемлекеттік агроинженерлік университетімен тығыз ынтымақтастықта. Аталған оқу орнында кафедраның оқытушыларының басым көпшілігі аспиранттық дайындықтан өтті. Ізденушілер конференцияларға барып ғылыми тақырыптарына байланысты баяндамалар жасайды.

Германия Харзевинкель қ. «CLAAS» фирмасымен ынтымақтастық орнатылған университет білімгерлерімен біліктілікті көтеру факультетінің тыңдаушыларының ауыл шаруашылығына арналған машиналарды оқыту бойынша бірге жұмыс орындау туралы келісімге қол қойылды.

Фирма есебінен шетел техникасын оқып меңгеруге сынып жабдықталып, оқу əдістемелік əдебиетпен жабдықталды. Факультеттің 10 түлегі аталған фирмада жұмыс істейді, ал 1989 жылы оқу бітірген С.В.Бутов «CLAAS Academy»-да жетекшілерінің бірі болып табылады.
Санкт-Петербург, Днепропетровск мемлекеттік аграрлық университеттерімен шығармашылық жəне кітап алмасу бойынша келісімдер жасалған.

2014 жылы т.ғ.д., профессор Н.В.Костюченков, к.т.н., доцент Б.Т. Оразалиев, аға оқытушы В.Н. Хлынов, магистр А.Б. Баянов Беларусь Республикасының Минск қаласындағы «МТЗ» ААҚ-да біліктілігін арттырды.

2014 жылы кафедра меңгерушісі Қ.Қ. Абишев Польшадағы Люблинский техникалық университетінде «Application of fiber technology and digital data analysis automation» оқыту курсын өтті. Тағылымдамадан өту ҚР ұлт көсбасшысы – Бірінші Президент қорынан өтелді.

2016 жылы кафедра оқытушысы Е. Н. Сайдалин Минск қаласындағы Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университетінде басшы қызметкерлер мен мамандардың тағылымдамасынан өтті.  

2021 жылы кафедра меңгерушісі А. Б.Рүстембаев және кафедра оқытушысы Е. Н. Сайдалин Германиямен, Ресеймен және Қазақстанмен бірлесіп Еуропалық халықаралық ынтымақтастық Erasmus шеңберінде 1 Модуль Sagris бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті.  

2021 жылы кафедра доценті Т. К. Балғабеков Брасов Трансильвания университеті, Румыния, Брасов қ. ұйымдастырған 3D принтерлермен жұмыс жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты.

2022 жылы кафедраның аға оқытушысы А. Б. Сағатбекова Германия, Гамбург қ. Еуропалық ғылым және зерттеулер академиясы ұйымдастырған ғылыми зерттеулер әдістемелерін игеру курсынан өтті.

2022 жылы кафедра меңгерушісі А.Б. Рүстембаев Германия, Ресей және Қазақстанмен бірлесіп, Еуропалық халықаралық ынтымақтастық Erasmus шеңберінде 2 Модуль Sagris бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті.  

2022 жылы кафедра оқытушысы Сайдалин Е. Н. Челябинск қ., Ресей, Оңтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

2022 жылы аға оқытушы Е. Сәрсенқызы, оқытушылар Қара Ғ.С. және Беккалиев А.О. Еуропалық халықаралық ынтымақтастық Erasmus+ бағдарламасы бойынша курстан өтті, Германия, Дрезден қаласы.

2022 жылы кафедра меңгерушісі А. Б. Рүстембаев Флорида университетінде, АҚШ, Гриффин қаласында симуляциялық модельдерде Климаттық тәуекелдер мен қоршаған ортаның ластануын болжау бойынша халықаралық оқыту бағдарламасынан өтті.

2024 жылдың қаңтар айының басынан бастап кафедраның аға оқытушысы А.М. Жандарбекова "Болашақ" бағдарламасы бойынша Краков университетінде, Польша, Краков қаласында ғылыми тағылымдамадан өтуде.

2024 жылдың наурыз айының басынан бастап кафедра доценті Г.Ж. Хамитова және аға оқытушы А. М. Елшібеков "Болашақ" бағдарламасы аясында, Бремен университетінде, Германияда, Бремен қаласында ғылыми тағылымдамадан өтуге қабылданды.

Студенттік өмір

«Көлік техникасы және технологиялар» кафедрасындағы тәрбиелік жұмыстар білім беру қызметінің құраушысы болып табылады және «Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде тәрбие жұмысын жүргізу мен ұйымдастыру бойынша ережелер мен нормативтік құжаттар жинағы» сәкес жүргізіледі, және келесі бағыттардан тұрады: ұйымдастыру, студент жастарының куратормен бірлесіп құқықтық, патриоттық, адамгершілік, эстетикалық және физикалық тәрбие беруді ұйымдастыру.
Кафедрадағы тәрбиелік жұмыстар 6В071 - «Көлік, көлік техникасы мен технологиялар»; 6В113 - «Көліктегі логистика»; мамандығы бойынша 1 және 4 курс аралығында 19 топта жүргізіледі. Тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында әр жылдың басында тәрбиелік жұмыстардың жоспары әзірленіп, бекітіледі (кафедралы, жеке, жетекшілік). Оқу жылында студенттер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мен құқықтық тәрбие беру жоспарлы түрде жүргізіледі. Әр апта сайын топ жетекшілері «жетекшілік сағаттың күнтүзбелік жоспары» мен кестеге сәйкес жетекшілік сағатты өткізеді.
Топ жетекшілері қоғамдық ұйымдармен бірлесіп студенттер арқылы жоғары білікті және жоғары білімі бар жан-жақты дамыған мамандарды дайындау мен оларда белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру мақсатында топта ынтымақты, ұжымның ұйымдасушылығын сақтай отырып қоғамдық және мәдени өмірді ұйымдастырады.
Тәрбиелік және оқу талаптарын шешу мақсатында топ жетекшілері студенттермен жұмыс істеудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолданады, олардың ең негізгісі: студенттерді қоғамдық өмірдің жұмыстарына, талқылау, диспут, тарихи жерлер бойынша экскурсияға және т.б. қатыстыру, мысалы:
- 2015 жылдың қыркүйек айында 5В090100 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының 119 топ студенттерінің университет психологы Букеева Мадина Ғалымқызымен кездесуі өтті.
- 2015 жылдың қазан айында студенттердің қала имамымен «Қазіргі қоғамдағы азаматтық-құқықтық және діни тәрбие» тақырыбындағы кездесуі өтті.
- 2015 жылдың қарашасында орталық концерттік залда 1-курс студенттерінің студенттер қатарына қабылдану мерекесі өтті. Ректор студенттерді құттықтап, белсенділік көрсеткен студенттерге грамота ұсынды.
- 2015 жылдың 3-6 қарашасында 1-курс студенттері бекітілген кестеге сәйкес университеттің тарихымен танысу мақсатында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің көрмесінде болды.
- 23.11.2015жылы «Көлік, көлік техникасы мен технологиялар» мамандығының 115 топ студенттері топ жетекшісі Б.С. Сагинаева - мен Қ.Қуанышбаев атындағы театрда өткен «Ақын және өлім» спектакліне барды.
- 30.11.2015 жылы 5В071300 – «Көлік, көлік техникасы мен технологиялар» мамандығының 115 топ студенттері мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Медициналық орталығының меңгерушісі Салика Актуреевнамен «Біз анашаға қарсымыз» тақырыбында кездесу өтті.
- 2015 жылдың 14 желтоқсанында студенттер Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында Астана қаласында «Ұлттық студенттік лига-2015» аясында өткен әйелдер мен еркектер командалары арасында болған баскетбол ойынының соңғы турнирына қатысты. Аталған ойын республикалық «Сарыарқа» велотрегінде болды.
Осылайша, студенттердің тәрбиелік үрдісі білім беру үрдісінен ажыратылмайды. Бізге қойылатын талап тек жоғары сапалы мамандарды даярлау ғана емес, сонымен қатар қоғамның үлгі тұтар азаматын шығару.
2016 жылдың қыркүйек айында 5В90100 – "Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану" мамандығының 124 топ студенттері университет психологы Букеева Мадина Галымовнамен кездесті.

2016 жылдың қазан айында 5В071300 – "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" мамандығының 118 және 119 топтарының студенттері ЖИТС орталығының өкілдері А.У. Ахметова, А. Е. Денебаева, Р. А. Тезекбаевпен кездесті.

2016 жылдың 15-18 қараша аралығында кестеге сәйкес 1 курс студенттері университет мұражайына барды, онда студенттер университет тарихымен танысты.

09.12.2016 жылы 5В071300 – "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" мамандығы бойынша 116 топ студенттері куратор А.Сәрсенқызымен бірге "Жастар" театрына "Алғашқы махаббат" комедиялық қойылымын тамашалады.

2017 жылдың 12 желтоқсанында "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" және "тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану" мамандығының 06-713-16-18, 06-713-16-19 және 06-901-16-24 топ студенттері Тәуелсіздік күніне орай "Мың жаса, Тәуелсіз Қазақтан"атты ашық кураторлық сағат өткізді.

15.03.2017 жылы "Көлік, көлік техникасы және технологиясы" мамандығының 06-713-16-18 топ студенттері "НАУРЫЗ – жыл басы және береке"атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

28.09.2017 жылы "Көлік, көлік техникасы және технологиясы" мамандығының 06-713-17-16 топ студенттері "Қайырымдылық – қоғамды сақтайтын күш" атты кезектен тыс кураторлық сағатын өткізді.

2017 жылдың қараша айында "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" және "тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану" мамандықтары бойынша студенттер арасында «Кім алғыр?» байқауы өткізілді.

2017 жылдың 22 желтоқсанында 5В071300 - "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" мамандығы бойынша оқитын 17-15 топ студенттерінің университет ардагері Абдрахманов Андеш Бақытжанұлымен кездесуі өтті.

2017 жылдың 8 наурызында 5В071300 - "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" мамандығы бойынша 17-14 және 17-15 студенттері Астана қаласының "Қарттар үйіне" барды.

2018 жылғы 9 қыркүйекте топ кураторы Г. Н. Байгужина Қазақстан Республикасы Грэпплинг қауымдастығы ұйымдастырған және Астана қаласы "Нұр Отан" партиясының қолдауымен "Дәулет" теннис орталығында грэпплингтен 06-901-18-19, 06-901-18-30 әлем чемпионатына қатысты.

2018 жылдың қазан айында кестеге сәйкес «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандықтары бойынша 1 курс тобының 18-14, 18-15 және 18-185 студенттері университет тарихымен танысып, С.Сейфуллин атындағы университет мұражайын аралады.

2018 жылдың қараша айында "Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану" мамандығы бойынша 1 курстың 18-19 топ студенттері ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мұражайына барып қайтты.

2018 жылғы 7 желтоқсанда Г. Н. Байгужина "Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану" мамандығы бойынша 06-901-18-19, 06-901-18-30 топтарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайында болды.

2019 жылдың 1 қыркүйегінде Білім күні "автокөлік құралдары" мамандығы бойынша 065-19-14 және 065-19-28 топтарының кураторы О. Н.Костюченкова университет тарихы туралы тұсаукесер (презентация) өткізіп, корпустармен таныстырды.

2019 жылдың қыркүйек айында кестеге сәйкес 6В095 – "Көлік қызметтері" мамандығы бойынша 1 курстың 19-22 топ студенттері С. Сейфуллин университеті мұражайына барды, онда студенттер университет тарихымен танысты.

2019 жылдың қазан айында "Қазақстан" ОКЗ 1 курс студенттеріне арнау өтті. Ректор барлық студенттерді құттықтап, университеттің белсенді студенттеріне грамоталар тапсырды.

2019 жылдың қараша айында 1 курс кураторлары В065- "Автокөлік құралдары" және В095-"Көліктегі логистика" мамандықтары бойынша"Студенттердің субардиативтік мәдениеті" және "Қоғамдық ортада өзін ұстайбілу" тақырыптарында іс-шара өткізді.

2019 жылдың желтоқсан айында 713-17-14 және 901-17-21 топ студенттері Орталық концерт залында Тұңғыш Президент күніне арналған "Тарихи таңдау" салтанатты іс-шарасына қатысты.

2020 жылдың қаңтар айында "Қол ұшыңды бер" челленджіне 713-18-13 топ студенттері қатысты.

10.02.2020 "Көлік қызметтері" мамандығы бойынша 19-22 және 19-23 топ кураторлары А.Г. Гаппасова, А. М. Жандарбекова ұлы Абайдың туғанына 175 жылтолуына орай "Абай дана, Абай дара қазақта" атты зияткерлік ойын өткізді.

2020 жылдың 7 қыркүйегінде техникалық факультеттің В065-"Автокөлік құралдары" мамандығы бойынша 20-14 тобының студенттері мен кураторы Қоскеева Әсемгүл Мұратқызы студенттермен ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда, әрекет ету кезеңінде"атты Жолдауын түсіндіру бойынша дәріс өткізді.

2020 жылғы 13 қазан, сағат 12.00. С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған музыкалық-әдеби кеш өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар – техникалық факультеттің "Көлік қызметтері" мамандығы бойынша 20-24 тобының студенттері және куратор Жұман Г.

2020 жылдың желтоқсан айында В065-"Автокөлік құралдары", В095-"Көлік қызметтері", 5В071300 –"Көлік, көлік техникасы және технологиялары", 5В090100 – "Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану" мамандықтары бойынша білім алатын 1-3 курс студенттері "Тәуелсіздіктің 7 қыры" атты көркем фильмді онлайн (ЗУМ платформасы арқылы) тамашалады.

 

2021 жылдың 3 наурызында "Автокөлік құралдары" мамандығының 20-14 топ студенттері мен кураторы Қоскеева Әсемгүл Мұратқызы "Тарихыңды білесің бе?» атты факультетаралық интеллектуалдық байқау өткізді.

2023 жылғы 2-3 желтоқсанда "Шабыт: 6 жыл" дебаттық турнирі Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық университетінде өтті. 06-065-23-12 тобының бірінші курс студенті Серік Фархад қатысып, I дәрежелі дипломды жеңіп алды.

2023 жылдың 4 қаңтарында Астана қаласының әйелдер зорлық-зомбылығын қорғау тобының қызметкерлері полиция капитаны А. М. Даркембаева, полиция капитаны Д. Ф. Тайғожин және ҚР Қоғамдық даму институтының қызметкері А. Дүйсенова "Зорлық-зомбылыққа қарсы қызметтің 16 күні" Республикалық акциясы аясында университетіміздің техникалық факультетінің 4 курс, 06-065-2016 және 06-065-20-17 топтарының студенттері үшін профилактикалық әңгіме өткізді. Әңгіме барысында студенттер өздерін мазалаған сұрақтар қойып, жауап ала алды. 

2023 жылдың 27 мен 29 қарашасы күні техникалық факультеттің 1 курс 06-183-23-01, 06-183-23-02, 06-065-23-11, 06-065-23-12, 06-065-23-13, 06-095-23-24, 06-068-23-15, 06-068-23-16, 06-068-23-17, 06-068-23-18, 06-068-23-19, 06-068-23-20, 06-068-23-21, 06-068-23-22 қазақ тобының студенттеріне Басқарма мүшесі - студенттік істер жөніндегі проректор Ж.А. Құсайынова және Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің аға менеджері Т.З. Канафин "Құқықбұзушылықтың алдын алу" бойынша студентерге жалпы университет ережесі жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді. Кездесуде барлық 1 курс студенттері толық қамтылды. Өткізген іс-шараны студенттер толық тыңдап танысып, аға менеджері Т.З. Канафин мен проректор Ж.А. Құсайыноваға рақметтерін айтып тарқасты.

27 ноября 2023 года заместитель директора Департамента по культурно-массовой работе Байдалина Гүлден Ерболқызы техникалық факультеттің 3 курс студенттері үшін "Құқық бұзушылықтың алдын алуы" тақырыбында түсіндіру кездесуін өткізді. Г.Е. Байдалина студенттерді ҚР Заңдарымен және олардың әрекеттерімен таныстырды. Кездесуге орыс тілінде білім алатын 3 курс студенттері қатысты топ бойынша: 06-183-21-03, 06-076-21-11, 06-065-21-14, 06-068-21-18, 06-064-21-08, 06-095-21-20.

2023 жылдың 28 қрашасы күні "ASTANA не простая история" деп аталатын Қазақстандық туынды кино режиссерларымен кездесу өтті. Кинода басты рөлді техникалық факультеттің 6В07106 - "Көлік, көлік техникасы және т ехнологиялары" БББ-ның 06-065-22-13 топ 2 курс студенті ВАРОЛ ЯСИН сомдады. Кездесуде кино түсірілімі қалай басталды, қалай болды, кастинг қалай өтті барлығы толығымыен атап өтілді. Кино түсіруші команда Варол Ясинге алғыстарын білдіріп, бірден кастингтен өткенін айтты. Аталған туынды 7 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілтін болады.

 

2023 жылдың 24 қарашасы күні Астана қаласы жолаушылар тасымалы орталығының директоры болған, қазіргі уақытта зейнетке шығып отырған Техникалық факультеттің түлегі Б.Ертаевпен кездесу өтті. Кездесуге Техникалық факультеттің 6В07106 - "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" БББ-ның 4 курс білім алушылары қатысты. Б.Ертаев жастарға өзінің еңбек жолының қалай басталғанын, қандай қызмет атқарғанын толық баяндап берді. Сонымен бітіруші түлектерге мамандық бойынша жұмысқа оранласуға және жастардың қолында еліміздің болашағы тұрғанында атап өтті. Білім алушылар Б.Ертаевқа алғыстарын айтып шығарып салды..


 

2023 жылдың 20 қарашасы күні техникалық факультеттің 6В07106 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» БББ-ның 1 курс, 06-065-23-11 тобымен және топ кураторы А. Сәрсенқызымен университетіміздің Комплаенс қызметінің жетекшісі К.А. Токушев «Адалдық, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуде К.А. Токушев студенттерге қазіргі уақытта елімізде сыбайлас жемқолықтың әліде белең алып тұрғаны жайында жалпы түсіндіріп, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шараларды айтып берді. Сонымен қатар ұлтымыздың салт дәстүрі әдет ғұрпы жөнінде де атап өтті. Ел болашағы жастардың қолында екендігін түсіндіріп, қазіргі уақыт нағыз білім мен ғылымды меңгеретін уақыт екенін, соның ішінде шет тілдерін терең меңгеріп, шетелмен білім алмасу жөнінде де студенттергі біраз ақпарат берді.
Кездесу барысында К.А. Токушев студенттер арасында өзара пікір алмасты, сұрақ-жауап болып жақсы диалог құрылды. Жастардың жемқорлыққа қарсы ойлары мен болашаққа деген мақсаттары тыңдалды.
Кездесу соңында студенттер Комплаенс қызметінің жетекшісіне ықыластарын білдірді.
 


2023 жылдың 15-16 қарашасы күні техникалық факультеттің 2 курс 06-065-22-12, 06-065-2213, 06-095-22-21, 06-068-22-15, 06-068-22-16, 06-068-22-17, 06-068-22-19, 06-076-22-09, 06-076-22-10, 06-183-22-01, 06-183-22-02, 06-064-22-04, 06-064-22-05, 06-064-22-06, 06-064-22-07 қазақ тобының студенттеріне Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің аға менеджері Т.З. Канафин "Құқықбұзушылықтың алдын алу" және факультет деканы Е.С. Ахметов студентерге жалпы университет ережесі бойынша, сабаққа қатысу жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді. Кездесуде барлық 2 курс студенттері толқы қамтылды. Өткізген іс-шараны студенттер толық тыңдап танысып, аға менеджері Т.З. Канафин мен акультет деканы Е.С. Ахметовқа рақметтерін айтып тарқасты.

2023 жылдың 19 қазан мен 4 қараша арлығында Чханвон (Оңтүстік Корея) қаласында өткен, пневматикалық қаруды көздеп ату бойынша Азия чемпионатына техникалық факультеттің 6В11301- «Көліктегі логистика» БББ бағыты бойынша білім алушы, 06-095-21-19 топ, 3 курс студенті Базаров Ерден Рустемович қатысып, командалық құрам бойынша Air Rifle 10м қашықтықтан көздеп атудан-ІІІ орын, Position Standart 50м қашықтықтан көздеп атудан-ІІІ орын және командалық Prone 50м қашықтықтан көздеп атудан жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Ерден үлкен чемпионаттарға қатысып, университеттің және факультеттің атын шығарып жүлдері орындарды иеленіп келіп жатқанына ұжымның атынан үлкен алғысымызды білдіреміз және жарқын болашақ тілейміз!

 

2023 жылдың 2 қазанында 6В07106 БББ 06-065-23-11 топ студенттері университеттің Психолог маманы Аружан Дарханқызымен кездесу өткізді. Кездесуде психолог маман студенттерге әртүрі ойындар ұйымдастырып, студенттердің мінез-құлықтарын анықтап, әртүрлі тақырыптарда қысқаша мәліметтер атап өтті. Яғни адамның мінез құлқы ортасына қарай өзгеретінін, болмаса қоршаған орта әсер етуіне байланысты өзгеруін т.с.с түсіндірді. Студенттерге ойын ерекше ұанап, болашақта тағы осындай психологиялық ойындар ойнатып тұруды сұрады. Аружан дарханқызына топ студенттері ерекше алғыс білдірді.

 

Ағымдағы жылдың 1 қараша күні 16-183-23-03, 06-076-23-10, 06-065-23-14, 06-068-23-23, 06-095-23-25 топтарына орыс тілінде "Профилактика религиозного экстремизма" тақырыбында дәріс өтті. Дәріс оқыған Астана қаласының "Центра изучения религий " орталығының эксперт-религиоведі Олег Синяков. Дәрістің мақсаты қазіргі кездегі діни ағымдардың қоғамға, жастарға және отбасына әртүрлі қатер төндіріп жатқанын түсіндіру. Сонымен қатар студенттерге әртүрлі діни ағымдардан сақ болуды ескертті және абайлап жүруге шақырды.


 

4.10.2023 - 6.10.2023 күндері Астана қаласында «NEW SILK WAY» Халықаралық көлік-логистикалық Бизнес-форумы ұйымдастырылды. «Kazlogistics» Қазақстан көлікшілер одағының 12.09.2023 ж жолдаған №855 хатына байланысты 4.10.2023 ж «NEW SILK WAY» Халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумына Техникалық факультет бойынша «Көліктегі логистика» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 4 курстың 06-095-20-23 және 06-095-20-24 топтарының білім алушылары және «Көлік техникасы және технологиялар» кафедрасының аға оқытышылары т.ғ.к., А.М. Жандарбекова, магистр А. Сәрсенқызы, магистр А.Б. Сагатбекова қатысты.
Бизнес-форумның панельдік сессиясы «Көліктегі ғылым және кадрлар» тақырыбында аталды. Форумға «Kazlogistics», «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ, «Союз Рейл Транс», «Logbox» тәрізді ірі компаниялар және көлік саласында білім беретін «Логистика және көлік академиясы», «Азаматтық авиация академиясы», «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті», «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ», «С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университеті» сияқты беделді университеттер, сонымен қатар «Көлік және коммуникациялар ғылыми-зерттеу және жобалау институты» ЖШС қатысқан болатын. Оқытушылар мен білім алушылардың қатысуы, оларға осы саладағы жетекші мамандармен тәжірибе және білім алмасудың бірегей мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, оларға индустрия өкілдерімен байланыс орнатуға және кәсіби білімдерін байытуға жағдай жасайды.
Бизнес-форум Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің және «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ қолдауымен өткізілді. Іс-шараның негізгі тақырыбы: «Жаңа Жібек жолындағы мультимодальды тасымалдау трендтері».
Сарапшылар мен қатысушылар көлік жүйелерінің ынтымақтастығы мен интеграциясы, орта дәліз бағытын дамыту, сондай-ақ мультимодальды тасымалдау саласындағы жаңа технологиялар мен инновациялар, жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру және жеткізу жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылады.


2023 жылдың 8 кыркүйегінде Техникалық факультеттің 06-076-21-10, 06-065-20-12, 06-065-20-14 топ студенттерімен Астана қалалық "AMANAT" партиясы филиалының саяси жұмыс бөлімінің консультанты Әбдіғани Бәзілханұлының, "AMANAT" партиясы Сарыарқа аудандық филиалының консультанты Гүлайна Зейнелқызының, Басқарма мүшесі-ситуденттер ісі жөніндегі проректор Ж.А. Құсайынованың ЖІДД бас менеджері Талағат Зекенұлының қатысуымен кездесу өтті. Өткен кездесуде консультант мамандар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде өткенПрезидент Қ.К. Тоқаевтің жолдауын талқылап түсіндірді. Жолдауда аграрлық сала бойынша даму мәселесі, жаңадан құрылған 5 министрлік бойынша, жарық және су мәселелері бойынша қарастырылған барлық сұрақтарды талқылап ашық атап өтті. Сонымен қатар студенттерді қоғамдық өмірге белсене араласуға шақырды. Студенттер келген қонақтарға алғыстарын білдіріп шығарып салды.

 

2023 жылғы 12 желтоқсанда техникалық факультеттің 06-095-21-19 тобының студенттерімен Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция өкілінің қатысуымен кездесу өтті. Студенттерге ықтимал құқық бұзушылықтар туралы ақпарат берілген жерде студенттер де өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.


БАЙЛАНЫС

010000, Қазақстан Республикасы, 
Астана қ., бас корпус-Жеңіс даңғылы, 62,  
Техникалық факультет, №4 корпус
Байланыс деректері:
телефон: 8(7172)-39-73-09
факс: 8(7172)-31-60-72
E-mail: rustem.arman88@gmail.com
 

«Көлік техникасы және технологиялар» кафедрасы бойынша пәндік олимпиада жайында ақпарат

Олимпиада болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін дамытуды анықтау мақсатында Республикалық студенттік олимпиадалар шеңберінде өткізіледі және талантты студент жастарды қолдау, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін команда қалыптастыру факторларының бірі болып табылады.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1) студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру;

2) студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін, олардың өзіндік сана-сезімін, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі таныту және өзін-өзі растау үшін жағдай жасау;

3) студенттердің азаматтық ұстанымдарын тәрбиелеу;

4) ең дарынды және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;

5) білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби қатынасты қалыптастыру.

Республикалық олимпиаданы өткізу тәртібі.

Республикалық олимпиада 2 кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең - ЖОО ішіндегі;

2) екінші кезең - базалық жоғары оқу орындарында;

Олимпиаданың I кезеңіне жоғары білім беру мамандықтары мен дайындықтарының басым бағыттары бойынша жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.

ЖОО ректоры (проректоры) құрамына жетекші ғылыми ұйымдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, жергілікті билік органдарының өкілдерін қоса алғанда, конкурстың тиісті бөлімдері бойынша конкурстық комиссиялар ұйымдастырады.

Олимпиаданың I кезеңінің қорытындысы бойынша (ЖОО ішіндегі) ректордың бұйрығымен бекітілетін ЖОО-ның конкурстық комиссиясы конкурстың II кезеңіне қатысу үшін ЖОО-ның үздік студенттерін конкурстық негізде іріктейді және базалық ЖОО-ға жібереді.

Олимпиаданың II кезеңіне қатысу үшін студенттерді ұсынған кезде жоғары оқу орны базалық ЖОО-ға мынадай құжаттарды жолдайды:

- олимпиаданың бірінші кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімі, ол хаттамамен ресімделеді.

I кезеңді (ЖОО ішіндегі) өткізу мерзімі ЖОО ректорының бұйрығымен 1 қазаннан 1 қаңтарға дейін, II кезеңді (базалық ЖОО-да ) ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 1 сәуірге дейін айқындалады.

Республикалық олимпиаданың қорытындыларын шығару тәртібі.

Базалық ЖОО-ның конкурстық комиссиясы жүлдегерлерді мынадай тәртіппен марапаттауға ұсынады:

1 орын үшін - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломымен (бір студенттен артық емес);

2 орын үшін - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломдарымен (екі студенттен артық емес);

3 - орын үшін-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломдарымен (үш студенттен артық емес).

Олимпиаданың II кезеңінің жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі оның барлық мүшелерінің қолы қойылған тиісті хаттамамен ресімделеді.

Мамандық бойынша келесі олимпиада ЖОО базасында өткізіледі, студент тиісті мамандық бойынша бірінші орынға ие болды.

Республикалық олимпиада жеңімпаздарын марапаттау тәртібі.

1,2,3 орын алған республикалық олимпиада жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Жоғары оқу орнының басшылығына университет қаражаты есебінен олимпиаданың жеңімпаз студенттерін ынталандыру ұсынылады.

Конкурсты қаржыландыру.

Конкурстың I кезеңін қаржыландыруды тиісті жоғары оқу орындары жүзеге асырады.

Конкурстың II кезеңінің шығыстары тізбесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекітетін базалық жоғары оқу орындары көтереді.

24.04.-28.04.2023 аралығында Алматы қаласына «Логистика және көлік академиясында» өткен Республикалық пәндік олимпиадаға «Көлік құралдарының энергетикалық қондырғылары» пәнінен, 4 курс студенттері Амангельдинов Тимур (19-12 топ), Тоқшылықов А. (19-14 топ) қатысты. Жетекшілері т.ғ.к, доценттер Ибилдаев Б,Қ., Тоғанбаев М.Т., Оразалиев Б.Т. Студент Амангельдинов Т. – 50 балл, Тоқшылықов А. – 70 балл жинады. Өкінішке орай, жинаған баллдар саны жүлделі орын алуға жетпей қалды.
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің» КеАҚ базасында 2023 жылдың 26 сәуірінде өткізілген «Көлік техникасын пайдалану негіздері» пәні бойынша кәсіби шеберлік Олимпиада-2023, 06-065-19-13 тобының студенттері Тұрарбек Ақниет Залматқызы, Тулеубаев Нурхан Акпарович  қатысты. Тұрарбек Ақниет 3 орын иегері атанды.
Жетекшілері т.ғ.к. Шонтаев Ж.С., т.ғ.к., Хамитова Г.Ж.
2023 жылдың 18 сәуір күні В095 - «Көлік қызметтері» мамандық бағыты бойынша «Жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру» пәнінен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті өткізген XV  республикалық студенттік пәндік олимпиадасының II турында 6В11301 –«Көліктегі логистика»  білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 06-095-20-23 тобының 3 курс студенті Имяржанов Рамиль Сухратжанович жүлделі екінші орынға  ие болды.
Жетекшілері т.ғ.к. А.М. Жандарбекова, магистр А.Сәрсенқызы 
2023 жылдың 25  сәуір күні В095 - «Көлік қызметтері» мамандық бағыты бойынша «Көлік логистикасы» пәнінен Логистика және көлік академиясы өткізген XV  республикалық студенттік пәндік олимпиадасының II турында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 6В11301 –«Көліктегі логистика»  білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 06-095-19-24 тобының 4 курс студенті Рахимжанова Ника Канатовна  жүлделі екінші орынға  ие болды. 
Жетекшілері т.ғ.к. А.М. Жандарбекова, магистр А.Б.Сагатбекова

Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу туралы мәліметтер

ФИО студента

Республиканская олимпиада

 

Сроки участия (месяц, год)

Научный руководитель

Награды

Тұрарбек Ақниет Залматқызы

Олимпиаде-2023 профессионального мастерства по дисциплине «Основы эксплуатации транспортной техники»

2023 год

26 апрель

к.т.н., Ж.С. Шонтаев

к.т.н., Г.Ж. Хамитова

 

диплом

IIІ-степени

Имяржанов Рамиль Сухратжанович

XV Республиканская студенческая предметная олимпиада имени Л.Н. Гумилева по дисциплине «Организация грузовых и коммерческих работ»

2023 год

18 апрель

к.т.н., А.М. Жандарбекова, магистр А.Сәрсенқызы

диплом

II-степени

Рахимжанова Ника Канатовна 

XV Республиканская студенческая предметная олимпиада по дисциплине «Транспортная логистика» проводимая «Аакадемия логистики и транспорта»

2023 год

25  апрель

к.т.н., А.М. Жандарбекова, магистр А.Б.Сагатбекова

диплом

IІ-степени

 

Құжаттар
Білім беру бағдарламасы «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» (бакалавр)
8D07106 - "Көлік, көлік техникасы және технологиялары"білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы Сертификат
7М07107 - "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы Сертификат (2г)
6В07106 - "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы Сертификат
6В11302- "Жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздік" білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы Сертификат
6В11301- "Көліктегі логистика" білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы Сертификат
Білім беру бағдарламасы «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» (докторантура)
Білім беру бағдарламасы «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» (магистратура 1,5 жыл)
Білім беру бағдарламасы «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» (магистратура 2 жыл)
«Жол қозғалысы қауіпсіздігі және ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы (бакалавр)
Білім беру бағдарламасы «Жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздігі» (бакалавр)
Білім беру бағдарламасы «Көліктегі логистика» (бакалавр)
«Автокөлік құралдары» және «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» 2020-2025 жылдарға дамыту жоспары
5В090100-«Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы
5В071300-«Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы
«Көлік, көлік техникасы және технологиялар» білім беру бағдарламасы (бакалавр)
«Көліктегі логистика» білім беру бағдарламасы (бакалавр)