Басты бет / Факультеттер және кафедралар / Жоғары математика кафедрасы
Жоғары математика кафедрасы

Жоғары математика кафедрасы

 

Жоғары математика кафедрасының миссиясы көпсалалы классикалық білім өрісінде инженер, экономист, геодезист, ауыл шаруашылығы т.б. мамандарды дайындауда сапалы білім беру, математиканың өнеркәсіпте, халық шаруашылығында, өндірісте қолданысын көрсету.

Жоғары математика кафедрасының мақсаты мен міндеттері нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату мақсатында профессионалды - практикалық әрекеттер мен ғылымды жүзеге асыру үшін математиканы қолдану аясын кеңейтуден, студенттердің үлгерімдерін арттыруда инновациялық білім енгізу, мамандарды дайындау үшін қазіргі заманғы компьютер технологияларын қолдану негізінде оқу жүйесін сапалы біліммен қамтамасыз ету.

 

Жоғары математика кафедрасы 1958 жылы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі физика-математика ғылымдарының кандидаты В.В. Дресвянников болды.

Одан кейін кафедра меңгерушілері болып доцент Владимир Иррадионович Федоров (1960-1963), Владлен Григорьевич Каменев (1963-1970), Алла Викторовна Зинченко (1970-1976), Валентина Карловна Шляк (1976-1982), Геннадий Михайлович Морозов (1982-1984), аға оқытушы Ғайнеш Қайырұлы Даулетов (1984-1986), доцент Қазис Қампайұлы Тақабаев (1986-2001), Асқарова Альфия Жанбекқызы (2004-2006), Ерболат Әжімұлы Ақжігітов (2006-2018), Аруова Әлия Боранбайқызы (2018-2021) қызмет атқарды. Қазіргі уақытта кафедраны Берікханова Гүлсара Еженханқызы басқарады.

Кафедрада 23 ұстаз қызмет атқарады. Олардың ішінде 7 ғылым кандидаты бар, атап айтқанда: Ә.Ж. Асқарова, Г.Е. Берікханова, Г.Г. Бегаришева, М.А. Серімбетов, М.Ш. Тілепиев, Э.Ұ. Уразмағамбетова, К.Ш. Шураханова, 2 Phd докторы: К.Қ. Садықова, Ж.А. Кеулимжаева.

Кафедрадағы аға оқытушылар - Е.А. Грипп, Л.Қ. Дюсембаева, Г.Ә. Әбдікәрімова, К.Ж. Нұрмұханова, А.Б. Жақсыбекова, Д.К.Койкелова, А.Б.Серикбаева, Ә.Е. Көксеген, Г.Ж. Кұттаякова, А.Ж. Молдабекова, А.А.Танирбергенова және магистрлер Н.А. Оразалиева, А.С. Айдабулова, О. Мекеш.

Кафедра оқытушылары университеттің барлық мамандықтарына сабақ жүргізеді. Кафедра бойынша он пәннен сабақ жүргізіледі, олар: ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика, математика 1, математика 2, экономистерге арналған математика, жоғары математика, қолданбалы математика, комплекстік талдау, мал шаруашылығындағы математикалық модельдеу, жоғары инженерлік математика, дискреттік математика және сандық әдістерді қолдану, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, мәліметтерді өндіру, Python тілі және деректерді талдау, инжиниргтегі цифровизациясы, статистикалық талдау және визуализация, сандық әдістер

2015 жылдан бастап кафедра оқытушылары Ә.Ж.Асқарова,  Г.Е.Берікханова және Н.А.Оразалиева, Ж.А.Кеулимжаева, А.Е.Көксеген көптілді мамандықтарда оқитын студенттерге сабақ жүргізеді.

Аға оқытушы Е.А. Грипп, Г.Р. Елеусізова төсбелгі медальдарымен марапатталды. Университет құрмет грамотасымен ф.-м.ғ.к., доцент М.Ш. Тилепиев, аға оқытушы Л.Қ. Дюсембаева марапатталды.

Сондай-ақ 2017 жылы ф.-м.ғ.к., доцент М.Ш. Тiлепиев «Нәтижелі автор» номинациясына ие болды, Л.Қ. Дюсембаева "Үздік куратор" номинациясы бойынша 1-орынға ие болды.

2017-2018 жылғы университет мұғалімдер арасындағы «Сергектік және денсаулық» спартакиадасының нәтижелері бойынша «Шаңғы тебу» жарысынан аға оқытушы Л.Қ. Дюсембаева 3 - орынға ие болды.

2018 жылы аға оқытушы Е.А. Грипп Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімінің алғыс хатымен, аға оқытушы М.Ә. Серимбетов ҚР БжҒМ-нің алғыс хатымен марапатталды.

2021 жылы кафедра доценті А.Ж. Асқарова Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен және аға оқытушы Л.Қ. Дюсембаева «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ басқарма төрағасының алғыс хатымен марапатталды.

2022 жылы аға оқытушы М.А.Серимбетов С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ректорының 65 жылдық мерейтойына орай «Оқу ғылыми, тәрбие қызметінде, оқу процесін ұйымдастыру мен басқаруда, жоғары білім беруді дамытуда қосқан ерекше еңбегі және жүктелген міндеттерді кәсіптік деңгейде атқарғаны үшін» құрмет мақтау қағазымен марапатталды.

 



Жоғары математика кафедрасының тарихы

1958 ж. - Жоғары математика кафедрасы құрылды.

2001 ж. - жоғары математика кафедрасының негізінде компьютерлік жүйелер және қолданбалы математика кафедрасы ашылды.

2005 ж. - кафедра - жоғары математика және компьютерлік жүйелер кафедралары болып екіге бөлінді. Жоғары математика кафедрасын доцент  Ә.Ж. Асқарова ал, екінші кафедраны доцент, техника ғылымдарының кандидаты С.Г. Еслямов басқарды.

Кафедраның дамуына зор үлес қосқан адамның бірі - доцент, физика-математика ғылымдарының кандидаты Қ.Қ.Тақабаев кафедраны 1986 жылдан 2001 жылдар аралығында барлығы 16 жыл басқарды. Осы жылдары кафедра жаңа мамандармен толықты. Кафедраның жас мамандары: А.Б. Жаркенов, Г.О. Байғожина өздерінің кандидаттық диссертацияларын М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде, Б.Х. Жанбосынова өз кандидаттық диссертациясын Киев мемлекеттік университетінде, Г.У. Кариева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде, Ә.Ж. Асқарова мен Д.С. Кәрімов кандидаттық диссертацияларын Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде қорғап шықты. 2006 жылдары М.Н. Оспанов Ғылым академиясының Математика институтында, А.М. Абылаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде, ал 2016 жылы ассистент Г.Қ. Мұсабаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде PhD философия докторы атағын алу үшін докторлық диссертациясын қорғады. 2019 жылы кафедраның аға оқытушылары Е.А. Грипп, Г.Р. Елеусізова Тольят мемлекеттік университетінде магистрлік диссертацияларын қорғады, ал 2021 жылы кафедраның ассистенті Ж.А. Кеулимжаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде PhD философия докторы атағын алу үшін докторлық диссертациясын қорғады.

Кафедра оқытушылары ғылыми, әдістемелік және тәрбиелік жұмыстарды атқарып, университеттің қоғамдық жұмыстарына екпінді түрде қатысады. Әр жылда барлық мамандықтардың бірінші және екінші курс студенттерінің арасында математикалық олимпиада өткізіледі. Жеңімпаздар университеттің мақтау қағаздарымен марапатталады. Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен студенттер ғылыми конференцияларға қатысады.

Жоғары математика  кафедрасының оқытушылары Ә.Е. Көксеген, Ж.М. Ташкенбаева «TOM: Kazakhstan» жобасына қатысып, «БЦП ауруы бар адамдарға арналған жаңғыртылған үш дөңгелекті велосипедтің» прототипін жасап, оның тиімділігін дәлелдеді. «ҚазАТУ» командасының қатысушылары сертификаттар алды, сондай-ақ жобаның бас жүлдесі - бизнес серіктестікке оқыту.

Кредиттік технология бойынша оқу процесіне жаңа инновациялық және информациялық оқу түрлері енгізілуде – оқу процесін компьютеризациялау СӨЖ, СҒЗЖ, аралық және қорытынды білімін бағалауда енгізілген, сонымен қоса дәрістік, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды интерактивтік тақтада, мультимедиялық видеопроектор арқылы оқу материалын экранда көрсетуде қолдану, «Математика» курсы бойынша видеодәрістерді сырттай және іштей оқу формасында қолдану және слайд-дәрістер қолдану.

Студенттерді дайындауда, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын орындауда Matlab, Matcad бағдарламалық комплекстер кеңінен қолданылады. Олар қойылған есептерді үлкен диапазонда әртүрлі параметрлердің, факторлардың, бастапқы шарттардың өзгеруін шешуге қолданылады.

Жоғары математика кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстары

Қазіргі уақытта кафедрада 7 ғылым кандидаты жұмыс атқарады. Кафедраның ПОҚ (профессор-оқытушылық құрамы) соңғы үш жылда 17 мақаланы Web of Science (Clarivate Analytics) және Scopus (Elsevier) халықаралық ғылыми басылым базасында, 23 мақаланы БжҒСБК басылымдары тізіміне енетін алдыңғы қатарлы рецензияланатын журналдар мен басылымдарда өз ғылыми енбектерін жариялады.

Ғылыми-әдістемелік зерттеулерінің нәтижелері әртүрлі республикалық және халықаралық конференцияларда, республика симпозиумында және шетелде баяндалып, басылымнан шығарылды.

Кафедрада ғылыми-әдістемелік семинарлар жүргізіледі. Кафедра еліміздің алдыңғы қатарлы ірі оқу орындарының ғалымдарымен: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетімен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен тығыз байланыста.

«Жоғары математика» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы 2022-2023 оқу жылында агротехникалық бағыттағы ЖОО мамандықтары үшін «Математиканы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» атты бастамашыл тақырыппен жұмыс жасауда.

ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары:

  • Ә.Ж. Асқарова «Әртүрлі кеңістікте көп айнымалы функция үшін Фурье қатарының тригонометрикалық коэффициенттерінің қасиеттері»;
  • М.Ш. Тилепиев «Сүзгілеу теориясындағы тәуелсіз шекаралы сызықты емес есептерді зерттеу»;
  • Э.Ұ. Уразмағамбетова «Магниттік гидродинамика мен сүзгілеу теориясы есептері үшін жай жуықтау әдісін қолдану»;
  • Д.К. Койкелова «Сығылатын орта арқылы үшөлшемді сығылмайтын ортаны асимптотикалық моделдеу»;
  • А.Б. Серикбаева «Инклюзивті білім берудегі машиналық оқыту әдістері»;
  • М.Ә. Серімбетов «Күрделі пішінді элементті саптамалы скрубберлердің гидродинамикасы және шаңұстауы»;
  • Ж.А. Кеулимжаева «Мультисалмақты туындылы кеңістіктерді енгізу және олардың қолданыстары».
  • Г.Е. Берікханова «Математиканы оқытудағы ғылыми әдістемелік негіздер»;
  • A.А. Танирбергенова «Көптілділік құзыреттілігін дамыту мақсатында «АКТ» сабақтарында  СLIL, TBLT және  BOPPPS моделін қолдану»;
  • Г.А. Абдикаримова, A.Б. Жаксыбекова, Г.Ж. Құттаяқова «Компьютерлік технологиялар, модельдеу, экономикалық процестерді болжау, эконометриялық әдістер»;
  • A.E. Көксеген, Нұрмұханова Қ.Ж. «Аграрлық профильді зерттеу университетінде қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері»;
  • O. Мекеш «Ақпараттық технологиялар, программалау тілдері»;
  • A.Ж. Молдабекова «Қазіргі әлемнің негізгі секторларындағы цифрлық технологиялардың рөлі»;
  • Қ.Ш. Шураханова «Университеттің оқу процесіне пәнаралық енгізу мәселелері»;
  • K.Қ. Садықова «Тегіс функциялар кеңістіктеріндегі үйірткі операторы».
Жоғары математика кафедрасының халықаралық байланысы

Кафедра шетелдік және еліміздің алдыңғы қатарлы ірі оқу орындарының ғалымдарымен тығыз байланыста. Олар: Малайзиядағы Путра университетінің профессоры А. Ахмедпен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, т.б. жоғары оқу орындарымен. Кафедра ғалымдарының ғылыми-әдістемелік жұмыстарының нәтижелері отандық және халықаралық конференцияларда баяндалып, беделді ғылыми басылымдарда жарияланып жүр.

2016 жылы еліміздің төрт университеті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ және біздің университеттің "Жоғары математика" кафедраларының арасында "G-Global" алаңында Жоғары математиканы заманауи технология әдістерімен оқыту" тақырыбында ашық конференция болды.

2019 жылы кафедра Париж қаласының Фенелон (Lucee Fenelon, France) лицейінің профессоры Франсис Дорраның (Francis Dorra) семинарларына қатысып, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ - да математиканы оқыту үрдісін және мал шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, топырақтану атты үш басым бағыт бойынша екідипломды білім берудің оқу бағдарламасын талқылады.

 

2019 жылдың маусымының 24 -28 аралығында кафедра доценті А.Ж. Асқарова

Масариков университетінінің (Masaryk University) ғылыми факультетінің (Faculty of Science) «Математика және статистика» кафедрасында (Department of Mathematics and Statistics) «Erasmus+ Staff Training Mobility»  бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті.

 

2020 жылдың 2 наурызы мен 13 наурызы аралығында математика профессоры Франсис Дорра (Francis Dorra) жоғары математика кафедрасымен бірлесіп агрономия факультеті және биология ғылымдары кафедрасы студенттерінің бірлескен халықаралық білім беру бағдарламалары үшін «Жоғары математика*» пәнін оқыту үдерісіне талдау жасады.

 

2020 жылдың 11 қарашасы мен 14 желтоқсаны аралығында жоғары математика кафедрасының оқытушыларына математика профессоры Франсис Дорраның 1 курстың силлабус бағдарламасы (2-ші (нақты айнымалының функциясы) кредиті) бойынша дәріс курсы өтті). Сондай-ақ 1 курс бакалавриат студенттеріне арналған математикадан 2 және 3 триместр силлабустарының мазмұны талқыланып, шағын түзетулер енгізілді. Сабақтар ZOOM жүйесінде өтті.

 

2021 жылдың 15 наурызы мен 19 наурызы аралығында жоғары математика кафедрасының оқытушыларына математика профессоры Франсис Дорраның дәріс курсы өтті. Негізінен 3-ші триместрге жоспарланған «Жоғары математика*» пәнінің 4-ші (Интегралдау) кредитінің тақырыптары талқыланды.

 

2021 жылғы 7 маусым мен 18 маусым аралығында Жоғары математика кафедрасында Францияның Lycée Fénelon оқу орнының профессорларымен семинарлар өтті. Семинарлар барысында өзекті мәселелер талқыланып, екінші курс студенттерінің силлабустарының мазмұны қарастырылды. Сонымен қатар, математика профессоры Франсис Дорра 6 кредит (математикалық талдаудың кейбір тараулары), ал математика профессоры Мартин Жинесте 5 кредит (ықтималдықтар теориясы курсының бөлімдері) бойынша дәрістер курсын оқыды.

 

 

2021 жылдың 29 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында жоғары математика кафедрасының оқытушыларына математика профессорлары Франсис Дорра мен Мартин Жинесте «Қатарлар», «Дифференциалдық теңдеулер», «Ықтималдықтар теориясы» тараулары бойынша дәрістер курсын оқыды.

 

 

2022 жылғы 1 мамырдан 14 мамырға дейінгі кезеңде ҚАТУ Жол картасына сәйкес AgroParisTech, Agreenium (Франция) 2020-2024 жж. жоспарланған семинарлар OFFLINE өткізілді.

LYCÉE FÉNELON (Франция) жоғары оқу орнының профессорлары Francis Dorroy және Martin Ginesta математикадан дискретті ықтималдық және дәрежелік қатарлар бойынша курстар өткізді.

LYCÉE NUMÉRIQUE (Франция) математика және информатика кафедрасының профессоры Denis Monassa информатика мамандығы бойынша «Статистикалық талдау және деректерді визуализациялау» курсын өткізді.

Агрономия факультетінің, Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы, Орман шаруашылығы, Жануарлар дүниесі факультеттерінің жаңа білім беру бағдарламалары үшін математика және информатика пәндерінің мазмұнын үйлестіру мақсатында оқытушыларға француз профессорлары дәрістер оқып, практикалық жаттығулар жасады. және Қоршаған орта және информатика және математика саласындағы тәжірибе алмасу.

Француз профессорларының сапары барысында олар сонымен қатар жоғары деңгейлі топтарға арналған AgroParisTech компаниясымен жобаға қатысатын білім беру бағдарламаларының 3-4 курсының жаңа пәндерінің шамамен мазмұнына келісті.

 

2022 жылдың 28-ші қараша мен 9 желтоқсан аралығында ҚАТУ Жол картасына сәйкес AgroParisTech, Agreenium (Франция) 2020-2024 жж. КЖжКББ факультетінде жоспарлы семинарлар өткізілді.

LYCÉE FÉNELON (Франция) жоғары оқу орнының профессорлары FRANCIS DORROY және MARTIN GINESTE математикадан ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика және сызықтық алгебра бойынша курстар оқыды.

Сонымен бірге, LYCÉE NUMÉRIQUE (Франция) математика және информатика кафедрасының профессоры DENIS MONASSA информатикадан Python тіліндегі бағдарламалық жасақтама кітапханасы бойынша курс өткізді.

Агрономия факультетінің «Биология», «Агрономия», «Топырақтану және агрохимия», «Селекция» және Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің «Мал шаруашылығы» жаңа оқу бағдарламалары бойынша математика және информатика пәндерінің мазмұнын үйлестіру мақсатында оқытушыларға француз профессорларымен дәрістер оқылып, тәжірибелік және зертханалық сабақтар өткізіліп, тәжірибе алмасу жүргізілді.

Француз профессорларының сапары барысында AgroParisTech жобасына қатысатын жоғары деңгейлі топтарға арналған білім беру бағдарламаларының 3-4 курс студенттеріне арналған жаңа пәндерінің жоспарланатын мазмұны қарастырылды.

   

 

  

2023 жылдың 24 сәуірінен 5 мамырына дейінгі кезеңінде КЖжКББ факультетінде ҚАТУ Жол картасына сәйкес AgroParisTech, Agreenium (Франция) 2020-2024 жж. жоспарланған семинарлар өткізілді.

LYCÉE FÉNELON (Франция) жоғары оқу орнының профессорлары ФРАНСИС ДОРРА мен МАРТИН ЖИНЕСТЕ және LYCÉE NUMÉRIQUE (Франция) математика және компьютерлік ғылымдарының профессоры ДЕНИС МОНАССА 3 жылдан бері кафедра оқытушыларына семинарлар өткізуде. Бұл жолы тоғызыншы семинар өткізіліп, онда да өткен кезеңдегі студенттердің дайындық нәтижелері талқыланды.

Агрономия факультетінің, ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы, орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеттерінің оқу бағдарламалары үшін математика және компьютерлік ғылымдары пәндерінің мазмұнын үйлестіру мақсатында оқытушыларға француз профессорлары тарапынан дәрістер оқылып, тәжірибелік және зертханалық сабақтар өткізілді, математика және компьютерлік ғылымдар саласындағы тәжірибе алмасу жүргізілді.

Математика пәнінің мұғалімдеріне сызықтық дифференциалдық теңдеулер және евклидтік құрылымдар бойынша курс өтті. Сабақтар Мартин Жинестемен сыныпта және Франсис Доррамен ZOOM арқылы өтті. Курс теориялық бөлімді де, үлкен тәжірибелік бөлімді де қамтыды.

Ақпараттық технология пәнінің мұғалімдеріне арналған «Python тілінде объектіге бағытталған бағдарламалау: тұжырымдамалар, мысалдар және іске асыру принциптері» курсы өтті. Бұл курс деректерді өңдеу және талдаумен айналысады. Сондай-ақ, тәжірибелік мәселелерді шешуге назар аударылды. Барлық материалдар мен тәжірибелік тапсырмалар Jupyter Notebook бағдарламалық құралы арқылы жіберілді. Денис Монассамен жүргізілетін сабақтар кафедраның компьютерлік сыныбында өткізілді.

Сонымен қатар, профессорлардың агрономия факультетінің «Жетілдірілген агрономиялық ғылым» білім беру бағдарламасы бойынша оқытылатын 3-курс студенттерімен кездесуі өтті.

 

     


LYCÉE FÉNELON (Франция) жоғарыоқуорнының профессоры FRANCIS DORROY 2023 жылдың 16-21 қазанаралығында "Жоғары математика" кафедрасыныңоқытушыларына "Дифференциалдықсызықтықтеңдеу", "Математикалық статистика" тақырыптарына жоспарланған семинар өткізді. Семинар барысында өзекті мәселелер талқыланып, дәрістер, зертханалық сабақтар өткізіліп, тәжірибе алмасу жүргізілді. Семинар өтежоғары деңгейде әрі нәтижелі өтті.

 

Жоғары математика кафедрасының студенттік өмірі

Кафедрада тәрбиелік жұмыс оқу үрдісімен байланысты және ректорат университет жетекшілігінің куратор жұмыстары жоспары негізінде жүргізіледі (куратор сағаттары, мерекелі жиындар, митингі және демонстрациялар), олардың мақсаты:

  • жоғарғы профессионалды және кең көзқарасқа ие, ұжымда жұмыс жасай алатын, қарым-қатынасы жақсы мамандарды дайындаудағы шарттарды құру;
  • студенттердің патриоттық, рухани және өнегелі қасиеттерін құру;
  • салауатты өмір салты және дене шынықтыруды ендіру және насихаттау;
«Заманауи математика әдістері» атты математикалық үйірме

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің “Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру” факультетіне қарасты “Жоғары математика” кафедрасында “Заманауи математика әдістері” атты үйірме жұмыс атқарады.

Үйірме кафедра профессор-оқытушылар құрамы тәлім-тәрбие беретін мамандықтар бағытына сай студенттермен жұмыс жасайды.

Кафедра оқытушылары жоғары математиканың белгілі тарауларының, ақпараттық жүйелер, агрономиялық, техникалық, экономикалық, энергетикалық және т.б. бағытына сәйкес қолданбаларын қарастырып, теориялық бағытта баяндама жасалып және практикада қолданылуын талдайды.

Сонымен қатар, студенттерге ғылыми жобалар мен мақала, тезистер жазуға және жариялауға бағыт беріледі.

“Заманауи математика әдістері” атты үйірме жұмысы агротехникалық бағытта студенттердің терең білім алып таңдаған маман иесі болына маңызы зор.

«Жоғары математика» кафедрасының пәндік олимпиадасы туралы ақпарат

Кафедраның аты

Мамандық

Студенттің А.Ж.Т.

Алған орны

Өткен жері

2022 – 2023 оқу жылы

Жоғары математика

Астана қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицей, 11 - сынып оқушысы

Шамұрат Мейірхан Меңдоллаұлы

 

1

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ

Жоғары математика

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ,  агрономиялық факультеті, «Агрономия» білім беру бағдарламасының 2 - курс студенті

Скрипник Николай Михайлович

 

1

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ

Жоғары математика

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ,  компьютерлік жүйе және кәсіптік білім беру факультеті, «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 1 - курс студенті

Белгібай Жақсылық Ерболұлы

2

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ

Жоғары математика

Астана Халықаралық университеті, Информатика факультеті, 2 - курс студенті

Әубәкір

Бекзат Ерғанатұлы

2

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ

Жоғары математика

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ,  компьютерлік жүйе және кәсіптік білім беру факультеті, «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 1 - курс студенті

Сейіт

Сұлтан Мұханбетқалиұлы

3

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ

Жоғары математика

Астана Халықаралық университеті, Информатика факультеті, 2 - курс студенті

Закиров Ербол Канатұлы

3

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ

Жоғары математика

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ, компьютерлік жүйе және кәсіптік білім беру факультеті, «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 1 - курс студенті

Иманғазиева Мөлдір Бейбітқызы

3

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ

Олимпиаданы ұйымдастырушылар: педагогика ғылымының магистрлері, жоғары математика кафедрасының аға оқытушылары: Грипп Е.А., Елеусізова Г.Р.

  

2018 жылдан бастап Көксеген А.Е. университетте информатика пәнінен 10-11 сынып түлектері арасында республикалық олимпиаданы өткізуге жауапты және АКТ мұғалімдері жыл сайын республикалық деңгейде мектептер арасында олимпиада өткізеді.

Жоғары математика кафедрасының мекенжайы

010000, Қазақстан Республикасы

Астана қаласы,

Ы. Алтынсарин көшесі, 2

№2 ғимарат

тел.: +7 (7172) 388-772

e-mail: mathematics@kazatu.kz