Басты бет / Жаңалықтар / Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Просмотров: 630

Жақында, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің кітапханасында, Гуманитарлық факультеті  жанынан құрылған «Толық адам тағылымы» орталығы мен Шетел тілдері кафедрасы оқытушылары бірігіп «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты студенттер арасында мәнерлеп оқу кеші өтті. Шараның басты мақсаты: университетіміздің  студенттеріне Абайдың «Толық адам» ілімін насихаттау арқылы,  ойшылдың шығармалары қоғамдық сананың өрелі істеріне темірқазық боларын және қоғамда жастарды тәрбиелеудің дара жолы екендігін ұғындыру. Аталған шараға келген қонақтармен қатар, студенттер белсене қатысып, әртүрлі аталым бойынша марапатқа ие болды. 05-57-23-03  тобынан Құралова Асылай «Шабытты жеткізу шеберлігін», 01-077-23-07 тобынан Қалкеш Ерсұлтан «Үздік орындау» аталымына ие болса, 06-068-23-16 тобынан Мұстафин Дарын “Үздік қолданылған дауыс ырғағы” аталымына ие болса, Талантқызы Нұрай мен Мұстафин Дарын кешті мәнді етіп жүргізе алды.