Басты бет / Жаңалықтар / Балаларға сыйлаған игі шара
Балаларға сыйлаған игі шара

Просмотров: 677

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Мәдени-бұқаралық жұмыс жөніндегі департаменті мен Астана қаласы, Сарыарқа аудандық «Аманат» партиясының бастауымен Астана қаласы әкімдігі жанындағы Арнайы мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлау еді.

Университет ұжымын Мәдени-бұқаралық жұмыс жөніндегі депараменттің басшысы Б.Т.Байсағатов бастап барды. Концертке шығармашылық орталықтың әншілері мен еріктілер қатысып, әсем әндерімен тыңдармандарды тәнті етті. Игі шара барысында небір қызықты ойындар ұйымдастырылды. Бұл күн балалар үшін жанға жылу сыйлаған ерекше күн болып қалатыны сөзсіз.

Концертті мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері мен ұстаздары, тәрбиешілері және қызметкерлері тамашалады. Кеш соңында мектеп-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлия Балғабайқызы сөз алып, университет ұжымына алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.