Басты бет / Жаңалықтар / Бірлігіміз - жарасты
Бірлігіміз - жарасты

Просмотров: 867

«Бірлігіміз жарасқан, тірегіміз – Қазақстан» атты 1-ші мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған поэзия кеші 2024 жылдың 30 сәуірінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Гуманитарлық факультеті, философия кафедрасы «Достық» клубының ұйымдастыруымен «Бірлігіміз жарасқан, тірегіміз – Қазақстан» атты 1-ші мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өзге ұлт өкілдері арасында өтетін поэзия кеші өтті. Шараның мақсаты – университетіміздегі студенттер арасында қазақстандық патриотизмді дамыту, ұлтаралық татулық пен келісімді жетілдіру, этникааралық келісімді, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени тұтастығын нығайту, азаматтық біртектілік пен толеранттылық түсінікті қалыптастыру. «Бірлікті ел озады, бірліксіз ел тозады» деген даналы сөздің өзінен бәрін ұғуға болады. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз.

Аталған шараға гуманитарлық факультет деканы, философия кафедрасының меңгерушісі, оқытушылары мен университет студенттері қатысты. Әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған студент-жастар ұлттық би, ән және өздері сүйіп оқитын ақындарының өлеңдерін жатқа оқып, өнерлерін көрсетті.

Бүгінгі кеш Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз бен құрметіміздің айғағы.