Басты бет / Жаңалықтар / Ғалымдар ұлықталған Ректорат отырысы
Ғалымдар ұлықталған Ректорат отырысы

Просмотров: 174

Кеше Ректораттың кеңейтілген отырысы өтіп, 2023-2024 оқу жылының қорытындысы шығарылды. Кеңейтілген мәжілісте ғылыми, академиялық және тәрбие бағыттары бойынша жоғары жетістіктерді көрсеткен қызметкерлердің еңбегі атап өтілді

Нақтылай айтсақ, биылғы оқу жылында аграрлық саланы дамытуға бағытталған ғылыми жобаларды ұтып алған ғалымдардың жетістігі айтарлықтай. Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен біріздендірілген білім беру бағдарламалары енгізілді. Кәсіпорындар базасында практикалық дайындық күшейтілді. Факультет, кафедра ұжымының, оның ішінде, белсенді кафедра меңгерушілерінің еңбегімен түлектермен ынтымақтастық дамытылып, оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті заманауи ғылыми зертханалар, орталықтар ашылды. Жыл сайын біздің бағдарламаларды саналы түрде таңдайтын білім алушылар контингенті артып келеді. Халықаралық қатынастар және университетті цифрландыру бағыты басымдықпен дамытылуда.

Оқу жылы бойында талмай еңбек етіп, жоғары жетістіктерге ие болған оқытушы-қызметкерлерге Басқарма төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Маратұлы Тіреуов алғысын жеткізіп, «Сейфуллин» медалімен марапаттады.

Университеттің жоғары марапатына ие болғандар: тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы кафедрасының оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты Оспанкулова Гүлназым Хамитқызы,  егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі Байтеленова Әлия Әскерқызы, биотехнология кафедрасының меңгерушісі Бигенова Айнагүл Байбосынқызы, электр құралдарын қолдану кафедрасының меңгерушісі Сарсекеев Ермек Жасұланұлы, тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы кафедрасының меңгерушісі Какимов Мұхтарбек Мұқанұлы, әкімшілік департаменті директорының орынбасары Жұпаева Гүлзира Құрманғалиқызы.   

Марапат иелері ҚР ҰҒА академигі, Басқарма төрағасы-Ректор Қанат Маратұлы Тіреуов бастаған университет басшылығына ризашылықтарын білдірді. Өз кезегінде Басқарма төрағасы-Ректор Қанат Маратұлы ұжымның бірлігі мен ұйымшылдығының арқасында еңбектің нәтижелі де, табысты жеміс беретіндігін атап, мамандар дайындаудағы игілікті істе үлкен жетістіктер мен табыстар тіледі.