Басты бет / Жаңалықтар / ҚазАТЗУ түлегі, бизнес-трекер Болат Сұлтанғазин: «Адамға керекті дүние ойлап табыңыз»
ҚазАТЗУ түлегі, бизнес-трекер Болат Сұлтанғазин: «Адамға керекті дүние ойлап табыңыз»

Просмотров: 756

         С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің түлегі, Agritech Startup Ideas жобалар байқауының модераторы, отандық бизнес-трекер Болат Сұлтанғазин өз альма-матерінде өткізілген Agritech Startup Ideas жобалар байқауы туралы толығырық таныстырып, Қазақстандағы стартап жобалардың болашағы туралы сұхбат берді.

 

  • Мен ҚазАТЗУ-ға 1995 жылы ата-анамның ұсынысы бойынша оқуға түстім. Ол кезде елордамыз – Ақмола, ҚазАТЗУ – ауыл шаруашылығы институты деп аталатын. 5 жыл ішінде қала Астана, институтуниверситетке айналды, ал мен менеджмент және экономика маманы атандым. Студенттік қызығы мол сол 5 жыл ішінде мен айналама көптеген достар мен пікірлес замандастар жинадым. Біз бәріміз бірге (2Б) жатақханада тұрып, оқу залында емтиханға дайындалдық және қосымша ақша табудың көзін іздедік. Студенттік кездегі сол достармен 30 жылға жуық уақыт өтсе де отбасы болып әлі де араласып, бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеміз.

 

  • Стартап әлеміне қалай келдіңіз?
  • ҚазАТЗУ-да агрономия саласы жақсы дамыған, Қазақстан бойынша көптеген ауыл шаруашылығы компанияларымен тығыз байланыс орнатылған. Студенттер де Энактус халықаралық жобасына белсенді түрде қатысады. Бірақ қолда бар барлық жағдайларға, ресурстар мен таланттарға қарамастан университетте инновациялық компаниялар, стартаптар құру тетігі болған жоқ. Agritech Startup Ideas байқауы – бұл бағыттағы алғашқы қадам.

 

  • Agritech Startup Ideas жобалар байқауы қалай өтті? Сізге байқауда не ұнады?
  • Байқауда маған көбіне әртүрлі идеялар өте ұнады. Жобалар ауыл шаруашылығының қосылған құн тізбегі бойынша ұсынылды, яғни мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, қайта өңдеу, өткізу және т.б. салаларды қамтыды. Тіпті ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобалар да болды. Бұл идеялар сайысы болғанына қарамастан, кейбір қатысушылар финалға бір аптадан аз уақыт қалғанда өз шешімдерінің прототиптерін жасай алғанын атап өткім келеді.

 

  • Бұл байқау студенттерге не береді?
  • Конкурстың бас демеушісі «Астана-Өнім» АҚ мен қазылар алқасы мүшелерінің арқасында студенттердің әрқайсысы өндірістегі инновациялық идеяларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибеге ие, бірегей кері байланыс пен көптеген практикалық ұсыныстар алды. Қазылар алқасы мүшелеріне ұнаған кейбір жеке жобалар тікелей ынтымақтастық жасауға шақырту алды.

 

  • Байқауға қатысушылардың арасында атап көрсетерлік жобалар бар ма? Сіз қандай жобаға инвестиция салғыңыз келер еді?
  • Ең есте қалғаны, әрине, жеңімпаз жобалар. Мысалы, «Swale» жобасы өзінің құзыретті командасымен және өзектілігімен есте қалды (ол бірнеше мың жыл бұрын белгілі технологияларға негізделген суды үнемдеуді IT саласы арқылы шешеді). Ал «Астық анализаторы» жобасы автордың зертханада тәжірибеші ретінде жұмыс барысында басынан өткен мәселесінен туды және ұсынылған шешім талдау уақытын бірнеше есе қысқартып, олардың сапасын арттыруы керек. Бұл жобалардың барлығында үлкен ғылыми-техникалық негіз бар және ең бастысы, оларды жүзеге асыруға дайын команда бар.

 

  • Уақыт бөлгеніңіз үшін көп рахмет! Стартап әлеміндегі жемісті жұмысыңызға пайдалы тәжірибе мен толағай табыс тілеймін!

 

Сұхбатты жүргізген Ясмина Найзақұл