Просмотров: 1330
Көрнекті қолбасшы, генерал С.К. Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ерлік дәстүрлері сабақтастығының тарихы ретінде С.К.Нұрмағамбетовтың өмір жолы» тақырыбындағы дәріс өтті
5 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Астана қаласы Жоғары оқу орындарының қатысуымен дәріс ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтылған іс-шараларды іске асыру мақсатында көрнекті қолбасшы, генерал С.К.Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойына орай, «Ерлік дәстүрлері сабақтастығының тарихы ретінде С.К.Нұрмағамбетовтың өмір жолы» атты дәріс өтті.
Дәрістің мақсаты: жастардың бойында патриотизмнің, азаматтықтың дұрыс өмірлік бағдарларын, Қазақстан тарихы мен баға жетпес мұрасына қатысты сезімдерін насихаттау және қалыптастыру. Дәрісті Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері полковник Асанбай Арман Жансейітұлы, подполковник Сәрсен Мұса-Ахмет Темірханұлы және подполковник Аташев Айдын Асқарбекұлы өткізді.
Сонымен қатар, кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Басқарма мүшесі – студенттермен жұмыс жөніндегі проректор Ж.А. Құсайынова, мәдени-бұқаралық жұмыс департаменті директорының орынбасары Г.Е.Байдалина мен ҚДМ аға менеджері Ш.Ж.Рақымберді Алғыс хатпен марапатталды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.