Басты бет / Жаңалықтар / Денсаулық – сенің байлығың!
Денсаулық – сенің байлығың!

Просмотров: 535

2024 жылдың 22 - 26 сәуірі аралығында «Денсаулық – сенің байлығың!» профилактикалық акциясы  өтті.

Аталған апталықтың мақсаты студенттер мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салтына деген құштарлықты қалыптастыру.

Іс-шара барысында «Astana Clinic» ЖШС қызметкерлері, оның ішінде:  бас дәрігер А.Е. Баркулова, бас дәрігердің орынбасары Қ.Б. Бауыржан, терапевтік бөлімше меңгеруші С.М.Жәкен, терапевт дәрігерлер У.А. Асанова, А.А. Оңалбаева, гастроэнтеролог Л.Х. Жолдаспаева, гинеколог А.М. Оңдашева, уролог Х.С. Закария, окулист А.А. Кажиев, кардиолог А.Б. Бакаева, ЗОЖ дәрігері А.С. Мендибаева, әлеуметтік қызметкер А. Жүсіпбекова, психологтар Т.Е. Қайынбекова, Т.Е. Макенова, Ж.Қ. Искакова, фельдшер А. Хуанышбек, медбике Н.Қ. Нұртазиева лекциядан бастап шеберлік сабақтары мен тренингтерге дейін түрлі іс-шаралар өткізді.

Іс-шараларда «Алғашқы медициналық көмек», «Дұрыс тамақтану мәдениеті», «Салауатты өмір салты», «Әйел денсаулығы – ұлт денсаулығы», «Ерлер денсаулығы», «Жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабетінің алдын алу, сезім мүшелерінің аурулары», «Жұқпалы аурулар», «Психологиялық көмектің маңызы» сынды семинар-дәрістер оқытылды.

Салауатты өмір салты ұстану дәрістері мен медициналық іс-шараларға студенттер мен қызметкерлер белсенді қатысып, көптеген пайдалы кеңестер алды.

Сонымен қатар, мамандар күн сайын медициналық тексеру (қан қысымын, қанықтылығын, жүрек соғу жиілігін, қандағы қантты өлшеу) өткізіп, бақылап отырды.

Барлық факультеттен 900-ден астам білім алушы, 400-ден астам оқытушылары мен ЖОО қызметкерлері өз денсаулықтарын тексеруден өткізді.