Басты бет / Жаңалықтар / Дәстүрлі «Жігіт сұлтаны-2024» сайысы өтті
Дәстүрлі «Жігіт сұлтаны-2024» сайысы өтті

Просмотров: 347

14 наурыз күні  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Жігіт сұлтаны-2024» сайысы болып өтті.

Халқымыз өз әдет-ғұрпында ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. Ата салтын сақтай сақтай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерді насихаттау сайыстың негізгі мақсаты болатын.

Сайыс «Тегімді менің сұрасаң...», «Жігітке жеті өнер де аз», «Қол күрес» сияқты сынақтардан тұрды. Сайыста жігіттер өздерінің өнерлерін көрсетіп қана қоймай, күштеріміен де сынасып, өз шеберліктерін көрсете білді. Кешке жиналған қалың көрермен сайыскерлерге қол соғып, қошемет көрсетті.

Әділ қазы алқасында Әбіш А.Р.-ардагер ұстаз, С.Сейфуллиннің нағашысы; М. Мыса – ақын, Республикалық бірқатар мүшәйралардың бас жүлдегер иегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медальдарінің иегері; Ә.Болатов –ҚР мәдениет қайраткері; А.О.Ағымбай-Тәрбие-әлеуметтік дератаментінің директоры болды.

Әділ қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындардан бөлек «Алғыр» және «Өнерлі» номинациялары белгіленіп, «Алғыр» номинациясын ЖРБСД факультетінің 2-курс студенті Алдияр Айтпаев, «Өнерлі» номинациясын ВжМШТ 1-курс студенті Даниал Данышпан иеленді.

Сайыстың қортындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бас жүлдені экономикалық факультетінің 4-курс студенті Шыңғыс Қозыев, 1-орынды агрономия факультетінің 1- курс студенті Даниял Ергеш, 2-орынды ОШЖТҚО факультетінің 4-студенті Мейіржан Алданазар, 3-орынды КЖжКББ факультетінің 1-курс студенті Айдын Марат иеленді.

Сайысқа қатысқан сұлтандарымызға әрқашан сыналған сыннан сүрінбей, мерейлерің үстем болсын дейміз!