Басты бет / Жаңалықтар / Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция жетістіктері
Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция жетістіктері

Просмотров: 3378

2024 жылғы 15 сәуірде Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде өткен «Жаңа қоғамдағы жастардың әлеуеті: білім мен ғылымның сапасы» атты XIX халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясынына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің оқытушыларымен студенттері қатысып, баяндама жасады.

Аталмыш конференцияда жұмысында бірнеше бағыттарға бөлінген секциялар жұмыс жасап, бүгінгі қоғамдағы жастардың тәрбиесі мен білімдеріне байланысты өзекті мәселелер көтерілді. Сонымен қатар ел болашағына алаңдайтын әрбір азамат, білім алушылар үшін түрлі танымдық-тәрбиелік сұрақтар шешімін тапты.

Конференция қорытындысы бойынша Техникалық факультеті 1 курс, 23-18 тобының студенті Жукешева Томирис 1-орынды, ғылыми жетекшісі п.ғ.к., қауымд. профессор Тлеулесова Ардақ Шайкенқызы, Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті 1 курс, 23-11 тобының студенті Амирова Айжан 2-орынды иеленіп, Энергетикалық факультеті 1 курс, 23-11 тобының студенті Какимова Жансая 3-орынмен марапатталды, ғылыми жетекшісі ф.ғ,к., доцент Тоқсанбаева Тілектес Жаңабергенқызы.

Отандық ғылымды дамытуға, ғылым мен өндірісті ұштастыру, озық тәжірибелермен алмасу, жоғары оқу орындарының ынтымақтастығын кеңейту, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау туралы ой-пікірлер, тың тақырыптар аясында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері өздеріне пайдалы танымдық дүниелерді алды деген ойдамыз.