Басты бет / Жаңалықтар / «IQ-DODO» интеллектуалдық ойыны өтті
«IQ-DODO» интеллектуалдық ойыны өтті

Просмотров: 882

Таяуда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті «Алтын белгі» қауымдастығы клубының мүшелері және «AMANAT» партиясымен бірлікте Астана қаласындағы Жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен «IQ-DODA» зияткерлік ойынын ұйымдастырды. Зияткерлік ойынның мақсаты: студенттердің интеллектуалдық әлеуетін дамыту, ой-өрісін кеңейту, интеллектуалдық мәдениетін арттыру және білімге деген құштарлықтары мен ізденімпаздық, тапқырлық дағдыларын дамыту.

Интеллектуалдық ойын келесі кезеңдерден тұрды:  

1. «Get lucky»

2. «Logika»

3. «Hardcore»

Бірінші кезеңде студенттерге сұрақтар сурет арқылы берілді және ойын талабы бойынша қатысушылар суретке қарап жауап берулері қажет болды. Екінші кезеңде студенттерге логикалық сұрақтар қойылды.Үшінші кезең аралас сұрақтардан тұрды.

Интеллектуалдық ойынның нәтижесі төмендегідей:

І орын – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты – «ЕАГИ» командасы иеленді;

ІІ орын – Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті – «Passionar» командасы иеленді;

ІІІ орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – «SEIFULLIN» командасы иеленді.

Ойын қортындысы бойынша қатысушылар кубок және дипломдармен марапатталды.