Басты бет / Жаңалықтар / «KazATZU OPEN X» атты Ректор кубогіне республикалық пікірсайыс өтті
«KazATZU OPEN X» атты Ректор кубогіне республикалық пікірсайыс өтті

Просмотров: 402

2024 жылдың 5-6  мамыры аралығында университетімізде «Шырақ» интеллектуалды пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «KazATZU OPEN -X»   атты Ректор кубогіне республикалық пікірсайыс өткізілді.

Сөз додасында 68 спикер 20 фракцияға бөлініп, «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» тақырыбында және  бүгінгі күннің өзекті мәселелері туралы пікір алмасып, ой бөлісті.

Нәтижесінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Astana International university, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Maqsut Narikbayev university және де Қостанай, Астана қалаларының мектеп оқушылары ой ұшқырлығы, тапқырлығы және ұтымды сөзімен көзге түскен үздіктер қатырынан көрініп, алға шығып, жеңімпаз атанды.

Пікірсайыс нәтижесі:

«KazATZU OPEN -X»  ректор кубыгының жеңімпазы:

1. Әділжанұлы Бекзат (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)

2. Танатов Бағдәулет ( Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті).

«KazATZU OPEN -X»   ректор кубыгының Жастар финалы жеңімпаздары:

1. Кабиденқызы Ақбота (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)

2. Балганиров Мирас (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті).

«KazATZU OPEN - X» турнирінің ең  үздік спикері-Танатов Бағдәулет (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті).

«KazATZU OPEN - X»  турнирінің ең үздік жас  спикері-Мырзабек Шұғыла (Аstana International university).

«KazATZU OPEN - X» турнирінің ең үздік төрешісі-Ануарбеков Сағыныш (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті).