Басты бет / Жаңалықтар / Кітап-сарқылмайтын рухани байлық
Кітап-сарқылмайтын рухани байлық

Просмотров: 68

     28 наурыз күні «Көшбасшы клубының» кезекті отырысы болып өтті.  Клуб мүшелері өздерінің оқыған қазақ және әлем әдебиеті өкілдерінің шығармалары туралы ойларын ортаға салды. Студенттер - М.Дулатовтың, М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, С.Торайғыровтың, Т.Кәкішевтің, В.Гюгоның, А.Дюманың, У.Шекспирдің шығармалары туралы өз ойларымен бөлісіп, қазіргі заман әдебиеті өкілдеріне де тоқталып өтті.

     Клуб мүшелері арасында ең көп кітап оқыған оқырман ретінде Техникалық факультеттің 1 курс студенті Мейрамбаева Жанель танылды.

Отырыстың модераторы Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің аға менеджері Т. Канафин студенттерді әдеби шығармаларды көптеп оқуға шақырып, сәттілік тіледі.