Басты бет / Жаңалықтар / Ұлттық киім күні
Ұлттық киім күні

Просмотров: 882

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ұжымы мен студенттері Наурызнамада белгіленген ұлттық киім күніне орай, айрықша үн қосып, жан-жақты насихаттап  жатыр.

Ұлттық киім - ұлттың сәні, ұлттық құндылықты дәріптеудің озық үлгісі. Оны бүгінгі ұрпақ  аманатқа адалдық танытып, жан-жақты дәріптеп, насихаттау керек. Ұлттық киім күні –киім үлгісі арқылы әр қазақстандық өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдениетінің әралуандығын танытуға мүмкіндік алады.  Осы мерекеге орай,  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің  ұжымы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің ұжымына челлендж жолдады.

Қазақ аналары-Дәстүрге жол» жобасының негізін қалаушы, актриса Айнұр Жүгінісованың  қатысуымен  130 қыздан құралған студенттер тобы  «Ұлттық киім кию» челленджін  Астана қаласының Жоғары оқу орындарының студенттеріне жолдады.