Басты бет / Жаңалықтар / Ұлттық спорт күні
Ұлттық спорт күні

Просмотров: 615

 

20 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Наурыз мейрамына арналған Ұлттық спорт күнін  атап өтті. Университеттің Бас ғимаратында»Таяқ тарту», Техникалық факультеттің ғимараты мен Агрономиялық факультеттің акт залы алаңында «Асық ату», Биологиялық ғимаратта және ЖРБСД факультетінде «Ләңгі» ойынынан, Бас ғимаратта «Тоғызқұмалақ» ойындары ұйымдастырылып, мерекелік салтанатты сезінуге мүмкіндік берді.