Басты бет / Жаңалықтар / Омбы облысы ҚАТУ-мен ынтымақтастық орнатады
Омбы облысы ҚАТУ-мен ынтымақтастық орнатады

Просмотров: 1435

Омбы облысының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Николай Дрофа,  С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-да арнайы болып, университеттің ғылыми-зерттеу базасымен танысты.

Ресейлік делегацияға ауылшаруашылық биотехнологиясы бойынша ғылыми-зерттеу платформасы, агроэкологиялық сынақ орталығы, биологиялық өнімдерді өндіру зертханасы, жасанды интеллект зертханасы және техникалық факультетінде орналасқан Big data орталығының жұмыстары таныстырылды.

ҚАТУ Басқарма Төрағасы Қайрат Айтуғанов қонақтарды университеттің даму хронологиясымен, университетінің негізі болып табылатын  ғылыми жобалары мен ғылыми-зерттеу бағытынарнайы таныстырып шықты.

- Ғылым мен білім қай уақытта да өндірістің дамуының қозғаушы күші болды, ғылыми жаңалықсыз кез келген экономикалық процесті алға жылжыту қиын, - деп Н.Дрофа.

Қонағымыз өз сапарының негізгі мақсаты, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыру екенін атап өтті.

А.И. Бараева атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының басқарма төрағасы Нұрлан Серекпаев өз сөзінде  омбылықтармен болашақта, атап айтқанда тұқым шаруашылығы саласы бойынша, оның ішінде  қатты бидай бойынша ынтымақтастықтың нақты жоспарымен таныстырды.

Шара барысында ынтымақтастық жалғасып, екі жақты жұмыс жоспарлар талқыланды.

- Біз ҚАТУ-мен ынтымақтастық бойынша ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз, - деп атап өтті Омбылық министр.