Басты бет / Жаңалықтар / Бір шаңырақ астында
Бір шаңырақ астында

Просмотров: 271

            1 мамыр – Ұлттық бірлік күні, Қазақстандағы барлық этностардың достығы мен келісім мерекесі, қазақстандық патриотизмнің, елімізге, халқымызға адалдықтың мерекесі.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет, елімізде 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұрады. Осы жылдар ішінде мереке барша қазақстандықтарды біріктіретін игі дәстүрге айналды.

Мереке қарсаңында университетімізде «Бір шаңырақ астында» атты факультетаралық байқау өтті, оған кураторлар мен студенттер қатысты. Әр факультеттен байқауға қатысушылар Қазақстан Республикасында тұратын, өздері таңдаған ұлыстардың мәдениеті мен салт-дәстүрімен таныстырды.

Байқау 4 кезеңнен тұрды: «Танысу», «Асханадағы шебер» кураторлар байқауы, «ДАРТС» және этностардың қазақ әндері мен өлеңдері бойынша білімдерін көрсеткен шығармашылық сайысы.

Қазылар алқасының құрамында ҚАТЗУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Комплаенс қызметкері Қ.О. Оспанов,  Дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы А.Ж. Елемесов және мәдени-бұқаралық департаментінің  аға менеджері Т.З Қанафин болды.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

1 орын – «Грузия» КЖжКББ факультеті;

2 орын – «Әзербайжан» ВжМШТ  факультеті;

3 орын – «Украина» этникалық тобын ұсынған техникалық факультет иеленді.

Кураторлар мен студенттер бағалы сыйлықтармен марапатталды! Құттықтаймыз!