Басты бет / Жаңалықтар / «Шаңырақ» күні мерекесі атап өтілді
«Шаңырақ» күні мерекесі атап өтілді

Просмотров: 1211

17 наурыз «С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ»-да «Шаңырақ» күні мерекесіне орай, университеттің отбасылы студенттерінің қатысуымен «Тұсау кесер» рәсімі өтті. Аталған іс-шарада университеттің белгілі профессорлары мен ғалымдары бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, ақ баталарын берді.

 Іс-шараның мақсаты: ұлттық мұраларымызды əспеттей отырып, жас ұрпақтың көңіліне ой салып, жүрегіне қазақы рең беру.

Қатысушылар мерекенің құрметіне тігілген киіз үйді тамашалап, ұлттық нақыштағы игілікті іс-шараның куәсі болды.