Басты бет / Жаңалықтар / Сейфуллин университетіндегі салауатты өмір салты
Сейфуллин университетіндегі салауатты өмір салты

Просмотров: 1045

Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменті мен дене шынықтыру кафедарсының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы және Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Сарыарқа» спорт залында волейболдан  ардагерлер арасындағы жарыс өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын. «Бұқаралық спорт - ұлт денсаулығының кепілі» - деп халықтың дене шынықтырумен, спортпен жүйелі түрде айналысуын үнемі қамтамасыз етіп отырудың маңыздылығын атап өтті.

Бүгінгі жарысты өткізу арқылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменті мен дене шынықтыру кафедарсы -  ардагерлер арасында бұқаралық спортты насихаттап, аға буын ардагерлердің үлгісімен студенттерді салауатты өмір салты құндылықтарына баулуды  басты мақсат тұтқан.

 

 Жарысқа 45 жастан асқан ойыншылар қатысты. Әр топтың құрамында он адамнан болды. Жарысқа Ішкі істер министрлігінің ардагерлер құрамасы, Ауған соғысы ардагерлері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ардагерлер құрамасы және С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-дың ардагерлер құрама командасы қатыстып, өзара мықтыларды анықтады.

Бүгінгі спорттық шараның ашылу салтанатында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-ректоры ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

 Жарысты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, генерал – Р.А.Ибраимов,  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары – Т.Ж.Төрегелдин, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары  - М.А.Сүлейменов, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары -  С.Е.Шунеев,  Қазақстан Республикасы "Генералдар кеңесі" Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі генерал – А.Б.Тасбулатов келіп, тамашалады.

 

Сондай-ақ, Ауған соғысының ардагерлері А.Қ.Күзербаев, Қ.Қ.Омаров, Б.Қ.Нұғыманов, И.М.Аллахяров, Ж.Қ.Байжұманов, А.А.Елжасов, А.К.Исмаилов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Ә.Исмаилов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Н.М.Пішенбаев қатысты.

 

Тартысты бәсекеде командалар бір деммен өз командалары үшін аянбай тер төкті. Топтық ереже бойынша бақ сынаған командалар ішінде бірінші орынды  жеңіске деген зор құлшынысымен әдемі ойын көрсеткен Ауған соғысы және Сыбайлас жемқорлық агенттігінің ардагерлер құрамасы жеңіп алса, екінші орынды ҚР ІІМ "Динамо"  спорт командасы қанжығалады. Ойыншылардың бірлігімен, шапшаңдығымен көзге түскен  С. Сейфуллина атындағы ҚазАТЗУ командасы үшінші орынға тұрақтады. Жалпы, бүгінгі ойында әскери қызметкерлер өздерінің спортта осал емес екендерін көрсетті.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ басқарма төрағасы-ректоры ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов ортаға шығып, Жеңіске жеткен командаларды марапаттады.

Биылғы барша қазақ елі, оның ішінде униерситетіміз үшін айырықша даталы жыл. Соған орай, Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы аясында Басқарма төрағасы-ректорымыз Қ.М.Тіреуовтың бастамасымен оқу орнымыздың тарихында алғаш рет «Сәкен Сейфуллин» төсбелгісі жасатылды. Бүгін осы мәртебелі марапатты ардагерлердің алдыңғы толқыны, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, генерал Р.А.Ибраимов, Қазақстан Республикасы "Генералдар кеңесі" Республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі, генерал А.Б.Тасбулатов пен Ауған соғысының ардагері, Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.А.Осанов Сейфуллин униерситетінің ректоры Қ.М.Тіреуовтың қолынан алды.  

Сонымен қатар, Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы аясында Басқарма төрағасы-ректорымыз Қ.М.Тіреуовтің атынан Алғыс хатпен   Төлеген Жақсыбайұлы, Мұхамедғалым Ахметұлы, Салімбай Егембердіұлы, Айтуған Құлмаханбетұлы, Қанат Қалиасқарұлы, Бекет Қауасханұлы, Мехтиоғлы  Аллахяров, Жанат Кабдрахимұлы, Амангелді Аралбайұлы, Ануар Көптілұлы, Мұхтар Әбішұлы, Н.Пішенбаев марапатталды.

Әскери қызметкерлер өз кезектерінде Ардагерлер қоғамына қосқан үлесі үшін  «Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына  орай» естелік төсбелгісімен Сейфуллин университетінің ректоры Қ.М.Тіреуовті марапаттап, Алғыс хат тапсырды.

Сондай-ақ, бүгінгі жарыста мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан үздік шабуылшы,үздік байланыстырушы мен үздік ойыншы марапатталды.

          Командылық жүлделер Ішкі істер министрлігінің ардагерлер құрамасына, Ауған соғысы ардагерлері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ардагерлер құрамасына және С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-дың ардагерлер құрама командасына табыс етілді.

Қалай дегенімен де бүгінгі сенбілік демалыста өткен волейбол жарысынан жарысқа қатысушылар да, жанкүйерлер де позитивті энергия мен көңіл-күй алғаны сөзсіз.

                                                Мақпал Орынбетова